Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Еңбек нарығының мәнін ашыңыз. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік шарттарды графикте көрсетіңіз





Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату — сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.

Еңбек нарығына тән қасиеттер:

жұмыс орындарын ұсынатын кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);

әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің ұсынысы);

еңбек нарығында бірде — бір кәсіпорын және бірде — бір еңбекккердің күш ықпалының жүрмеуі;

жұмыс күшінің жалақының мөлшерімен бағалануы.

Қазіргі экономикалық теорияда жалақыны кең және тар мағынада түсіндіруге болады. Кең мағынада жалақы әртүрлі мамандықтағы еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына еңбекақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық ақылары кіреді. Тар мағынада, жалақы – пайдаланған еңбек бірлігінің бағасы.

Жалақы номиналды және нақты түрінде ажыратылады.

Номинальды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша санасы.

Нақты жалақы еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға болатынын көрсетеді.

Нақты жалақы екі факторға тәуелді:

1.Номиналды жалақыға.

2.Еңбеккердің тұтыну және әл-ауқат тұрмыс дәрежесін сипаттайтын тауарлар бағасының деңгейіне.

Еңбектің бағасы ретінде жалақының жалпы дәрежесі графикте сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысқаны арқылы көрініс табады. Еңбекке деген сұраныстың қисығы тауарға деген сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс күшінің ұсыныс қисығы – тауар ұсынысының қисығымен ұқсас болады.

Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейіне және жалақыны өсіруге әкеледі, ал сұраныстың азаюы — жұмыспен қамту жағдайына жалақыны төмендетуге әкеледі. Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысуы жалақының теңдік деңгейіне (Ре) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі.

11.1. график. Еңбек нарығы.  
Р   S     Е Ре P0 D   Qе Q Егерде жалақы Ре-ден төмен болса сұраныс ұсыныстан артады, яғни еңбеккерлердің саны кем болады. Егерде жалақы Ре-ден жоғары болса, ұсыныс сұраныстан артады, яғни жұмыс күші саны артық болады. Р - жалақының мөлшері; Q - жұмыс орнының саны.  

П.Самуэльсонның теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

- халықтың жалпы саны;

- жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;

- белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);

- халықтың сапалық құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес.

Date: 2015-10-22; view: 1321; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию