Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Транспорттық қымет нарығы





Әлемдік транспорттық қызмет нарығы транспорт түріне байланысты бөлінеді, бірақ транспорттық қызмет нарығы негізгі белгілері бойынша жүк тасымалының тұрақтылығы және жүктің көлемдеріне байланысты болып екі үлкен топқа бөлінеді. Осы белгілерге бай ланысты бүкіл әлемдегі тауар қозғалысын үздіксіз жүк тасымалы немесе жолаушы тасымалы. Жүктерді контейнеризациялау енгізілгеннен бастап, бір контейнерге тиелген жүктер, жүк тасымалында жиі кездесе бастады.

Транспорттың қандай түрі болмасын екі нарықтың да өздерінің даму үрдісі бар, бастысы бақылау және тәртіп. Үздіксіз жүк тасымалы нарығы, белгілі бір ережелермен, мемлекет немесе мемлекетаралық органдармен, қадағаланады және бағалар транспорттық өнімге ең төмен және ең көп шектерді бар ілгері жариялар тарифттері арқылы бекітіледі. Үздікті жүк тасымалының нарығында транспорттық қызмет атқаруларына баға еркін арадағы үдерісте шарт жасасу арқылы белгіленеді, бірақ нарықтың конъюнктурасына тәуелді болады.

Құқықтық есептер үшін негізінен теміржол тасымалдары халықаралық хабарламада - КОТИФ конвенциясының қатысушылары үшін Халықаралық транзиттік теміржол тарифы(МТТ) қолданылады, ол тарифта ұсақ жүк тасымалының есептік кестелері, вагонаралық аттанулармен контейнерлік аттанулардың кестесі берілген. Әрбір елде мекмлекеттің аумыға бойынша тиелген вагонадар мен контейнерлерге өздерінің белгіленген тарифы әрекет етеді. Осы белгіленген тарифтердің ішінде үлкен көлемдегі жүк тасымалына жеңілдіктер де белгіленген. СМГС келісімшартына отырған мемлекеттер үшін ішкі экономикалық жүк тасымалдарына тарифтік саясаттар жүргізіліп, Тарифтік конференцияда теміржолмен жүк тасуға байланысты жаңа тарифтер қабылданады. Транзиттік тасымалдарға және экспорт мен импорт жүктеріне байланысты тарифтер МТТ базасында қабылданады, және қазіргі уақытта экспедиторлық қызметке, жүк тасымалындағы есептеулерге швейцариялық франкпен есеп айырысатын біріңғай жүйе қабылдануда.

Автомобильдік жүк тасымалының қызметі 1 тоннаға шаққандағы құнмен, тасымалданатын тауардың түріне байланысты және жүкті тасымалдау арақашықтығына байланысты есептелінеді. Автомобильдік жүк тасымалына байланысты жасалған келісімшартты бұзғаны үшін, жалпы ереженің бұзылуына алып келетін іс-әрекеттердің болуына байланысты қазіргі уақытты айып пұлдар тағайындалуда. Тауарды Россияның шекарасында тасымалдауда келісімшарт құнына халықаралық жүк тасымалына пайдаланылатын тарифтер қоса есептелінеді. Өйткені жүкті шет елдердің шекарасы арқылы тасымалдағанда келісімшарттың бастапқы құнына халықаралық тарифтер әсер етеді.

Әуе жүк тасымалында да көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу жүкті тасымалдау қашықтығына және ережеге сейкес жүктің салмағына байланысты халықаралық келісімшарттар бойынша іске асырылады. Егер жүктің көлемі салмағынан 6 есе артық болатын болса, онда көрсетілген қызметтің ақшасы жүктің көлеміне қарай есептелінеді.

Жүктерді контейнерлерде тасымалдауда бөлек тарифтер қолданылады. Ережеге сәйкес, тарифтер контейнердегі жүкке байланысты құрылады, бірақ қазіргі кезде біріңғай тарфиті қолдану етек жайып келе жатыр. Соның ішінде жүк тасымалдауға қатысушы компанияның қызметі бар. Сондықтан да тасымал шартындағы есекпе-есік, бірінші порттан екінші портқа, порттан есікке деген түрлеріне байланысты қызмет үшін төленетін ақша көлемі өзгереді. Мысалы, бір контейнердік интермодальдық тасымалы Иокогама-Москва маршруты бойынша 4000 АҚШ доллорын құрайды, Иокогама- Хабаровск 2900 доллор, Иокогама- Владивосток 2500 доллор.

Барлық транспорттық нарықтың ішіндегі ең күрделісі – мұхиттық тоннаж. Бұл нарықтың күрделіліг туралы төменде айтылады.

Жүкті жіберуші мен оны қабылдап алушының арасындағы есеп айырысу кез-келген нарықтағы есеп айырысу сияқты: жүкті жіберуші - жүкті жіберушінің банкі – тасымалдаушы банкі – тасымалдаушы схемасы бойынша жүзеге асады. Әлемдегі көптеген жүк тасымалы қызметі үшін есеп айырысу түрлерәнәң ішіндегі ең оңтайлылары: аккредитивтық, инкассалық, жедел есеп айырысу, банктіқ аударымдыр. Бұл есеп айырысу жолдарының қайсыбірінің өолдануының алғышарты - серіктестің сенімді болуы. Есеп айырысудың формасы екі жақты келісімшартпен қабылданады.

Фрахт нарығы

Фрахт негізінен тасымалдаушыға тасымалданатын жүктің қауіпсіз тасымалы мен жеткізілуіне берілетін сыйақыны білдіреді. Ол жүк тек қауіпсіз жағдайда жеткізілген уақытта ғана төленеді. Халықаралық заңнамаға сәйкес, егер жүк мақсатты жерге жеткізілмесе, ешқандай да жағдай, оның ішінде,тасымалдаушының кесірінен болған кеменің немесе жүктің батуы да, басқарушыға фрахт алуға құқық бермейді.

Әлемдік фрахт нарығы немесе «тоннаж нарығы» астарында теңіз транспорт өнімдерінің нарығы немесе тауарларды теңізбен тасу қызметі ұғымы жатыр.

Фрахт нарығының қиындықтары келесідей болып табылады. Бір жағынан, фрахт нарығының ауқымы өте үлкен болып табылады, яғни ол түгелімен дерлік теңіздер мен мұхиттарды алып жатыр, ал басқа тұрғыдан – тасымалдың объектісі ретінде барлық халықаралық маңызы бар тауарлар түседі, яғни теңіз жолымен халықаралық тасымалдың 80%-ы жүргізіледі.

Жалпы әлемдік фрахт нарығы, жүк тасымалдайтын кеме нарығы мен танкер тоннажында тасымалданатын жүктерге байланысты жіктеледі. Сонымен қатар, әлемдік нарықтағы мұндай структураны, оның жалпы конъюкатурасының көрсеткішіне байланысты ұстанады.

Негізгі жіктелімнен кейін бұл екі нарық,, кеменің түрі мен көлеміне байланысты тағы келіп жіктеледі.Сәйкесінше, кеменің түріне байланысты фрахт нарығының дәстүрлі түрі құрғақ жүкті кемелерін, қарапайым танкер нарығы, балкер нарығы және т.с.с жіктейді. Кеменің көлеміне байланысты нарықты жіктеу күрделірек, сондықтын оны қарапайым түрде ұсақ тоннаж нарығы, кеменің орты тоннаж нарығы және үлкен тоннаж нарығы деп жіктейді.

Кемені жекелеуге және бәсекелестік шарттарына байланысты фрахт нарығы ашық және жабық болып бөлінеді.Жабық нарықта кеме әдетте мемлекеттің өз қажеттілігі үшін қолданылады, және фрахтандыру процесі бәсекелес басқа мемлекеттер үшін жабық болып, берілген шекарадан шықпайды.Ашық нарық басқа мемлекеттермен мәмілеге келеді және барлығы үшін қолданысы ашық болып табылады. Ашық нарықта көбіне монопольдың кемелері және мемлекеттердің кемелері,жеке мемлекеттің қажеттілігі болмағанда фрахтыланады, сол себепті де ол ашық және жабық болып бөлінеді.

Фрахт наоығының келесі аспектісінің бірі – географиялық. Географиялық фрахт нарығы 9-ға бөлінеді: Солтүстікеуропалық, Жерорта теңіздік, Солтүстікамерикалық, Оңтүстікамерикалық, Тынықмұхиттық, Үндістандық, Қиыршығыстық, Австралиялық және Африкалық. Әртүрлі жерлерде ставка деңгейі, сол жерге әсер ететін факторларға байланысты түрліше болып келуі мүмкін.

Жалпы факторларға жүйедегі импорт түрлілігін, аумақтар мен елдердің халықаралық сауда орталығынан қашықтықта орналасуын жатқызуға болады. Дамыған елдердегі сатылымдағы тауарлардың бағасының жоғарылығына, жүк тасымалының ыңғайлығына және қазіргі заманғы жүк тасу организацияларына байланысты, дамушы елдерге қарағанда фрахт бөлігі арзанырақ болып келеді. Осылайша, фрахтқа кететін шығындар және әлеинің әр түрлі елдеріндегі оның импорттағы үлесі келесідей көрініс табады:

 

 

  1980 ж. 1990 ж. 1995 ж. 1996 ж.
СИФ импорты (млрд долл.)        
Фрахтқа кеткен шығындар        
Импорт бағасындағы фрахт бөлігі (%) 6,64 5,22 5,27 5,25
Аумақтар бойынша дамыған елдер 5,49 4,40 4,20 4,19
Дамушы елдер 10,44 8,60 8,30 8,06
Латын Америкасы 8,85 8,17 7,89 7,08
Азия 10,41 8,19 8,03 7,97
Африка 13,42 11,05 11,44 11,41

 

Нарық жүйесіндегі келесі және негізгі аспектілірдің бірі жүктердің массалық стабильділігімен байланысты және фрахт түрлерін бөлумен байланысты жүзеге асырылады.

Линаядағы тоннаж нарығында үлкен жайылымға, линиядағы коференция атағын алған, картель үлгісіндегі кемелер бірлестігі ие. Олар өз кезегінде, жүкті белгіленген аумаққа жеткізу шарттары мен жұмыстың координациясына келісімге тұрған, ерікті түрде біріккен тасымалдаушылардың көрінісін көрсетеді. Конференция бұдан 100 жыл бұрын құрыла бастап, бүгінгі күгде олардың саны 400-ге жетіп отыр. Линиядағы конференциямен параллель, линиялық кеме басқарушылары,ол ұйымға кірмейтіндер қызмет атқарады. Мұндай линиялар – аутсайдер линиялары деп аталады.

БҰҰ-ның сауда және даму конференциясы, 1983 жылдың қазан айында күшіне енген және халықаралық кеме басқару монополиясын реттеген, алғашқы халықаралық нормативтік құжат- линиялы конференцияны жүргізудің Кодексын жасады. Кодексте егжей- тегжейлі түрде линиялық тариф қоюдың мөлшерлемесі, олардың классификациясы, тариф деңгейінің өзгеру реті, ставканың валюта курсының өзгерісіне байланысты өзгерулері көрсетілген.

Линиялы конференцифның ставкалық мөлшерлемесі жүктің бірлік массасы немесе көлеміне байланысты орнатылады және базалық есептуде жүктің көлемі мен салмағы жазылады. Аса бағалы жүктерді тасымалдаған сәтте, ақысын төлеу, белгіліенген мөлшерлеменің процентімен жүргізіледі. Чартерл3 тасымалдаудағы кеме басқарушысының негізгі табыс табу көзі – тасымалдауды фрахт түрінде жүргізген фрахттаушыдан алған сыйақы. Чартердегі фрахт шарты екі реквизит бойынша іске асады: фрахт ставкасы және фрахт көлемі. Фрахттың соммасы бірлік жүкті тасымалдау бойынша келісімде белгіленген баға бойынша есептеледі. Фрахттың ставка деңгейінің негізгі құрылымына кеме басқарушысының шығындары жатады, алайда ол көптеген себептерге, соның ішінде фрахт нарығындағы сұраныс деңгейіне байланысты.

Кейбір келісімдер фрахт ставкасы бойынша емес, тасымалдаудың соммарлық «люмпсум шарты негізінде құралған» төлем бойынша жүргізіледі. Бұл келісімнің мағынасы, кеме басқарушы жүктің бірнеше түрін тасымалдай алады, ал фрахттаушы белгіленген фрахтты төлейді.

Фрахттың көлемін келіскеннен кейін, екі жақ фрахт төлеу мерзімін келіседі. Қолайлы болып, тасымалдау үдерісімен байланысты төлем тәртібі есептеледі: жүк тиеу портында жүк басқарушысының талабымен, рейстің басталуының куәсі болып табылатын аванс беріледі немесе консаментке қол қойғаннан кейін төлемнің бір бөлігі жүргізіледі.

Фрахт нарығының негізгі ерекшелігі, бөлек түрде қарастырылған жоғарыдағы аспектілердің нарығының бөлінуі, оның негізгі жүйесін көрсетпейді, себебі фрахт нарығы күрделі және осы барлық белгілерінің жиыны болып табылады. Осылай, кеме тек құймалы тоннаж нарығында фрахтталмайды. Ол сонымен бірге мұнай өнімдері нарығында, чартер уақыт нарығында, Солтүстік еуропалық бөлікте және т.с.с жерлерде фрахтыланады.

Фрахт нарығының коньюкатурасын зерттеудің қиын сұрақтарының бірі, үнемі нарықта болатын және оның маңызды параметрлеріне әсер ететін өзгерістерді зерттеу болып табылады: сұраныс пен ұсыныс, ұстап қалу, бағалар және т.с.с. Фрахт нарығының коньюктурасының негізгі көрсеткіші теңіз тасымалындағы бағалар қозғалысы болғандықтан, жалпылама көрсеткіштер ішіндегі үлкен жайылымды, әр түрлі елдерде жарияланатын және есептелетін фрахт индексі алады. Фрахт индексі жалпылама теңіз тасымалындағы белгілі бір уақытпен салыстырып есептелетін баға өзгерісін көрсететін, экономикалық көрсеткіштердің көрінісі болып табылады. Мысалы, құрғақ кеме нарығындағы фрахт ставкалары (индексте) келесідей:

 

(1991 ж. = 100) 1995 ж. 1996 ж. 1997 ж.
Тайм-чартерлер      
Генералды жүктер      
Контейнеровоздар      

 

Фрахт индексі орташа аумақты береді, яғни «нарықтың идеясын», алайда олар белгілі бір ұзақ уақыт аралығындағы фрахт нарығындағы жалпы жағдайын зерттеуге мүмкіндік береді. Фрахт индекстері үлкен сауда флоттары бар көптеген шет елдерде қолданылады. Индекстерді қайта санауды БҰҰ-ның статистика бөлімі жүргізеді. Аса танымал фрахт индекстері келесідей болып табылады: Италияның сауда флоты министрлігі, Британның кемежолы палатасының индексі, және т.с.с

Date: 2015-10-21; view: 788; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию