Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Айдана Оралбекова





 

1.3 Сыртқы саудадағы транспорттық операциялар

 

«Транспорттық операциялар» түсінігі «жүкті транспорттау» ұғымымен салыстырғанда кеңірек мазмұнға ие екенін атап өткеніміз жөн. Халықаралық саудада әр түрлі транспорттың түрін пайдаланған жүктің иесіне шартта көрсетілгендей, тауарды жеткізу мен транспорттық шарттар қатарын орындауы қажет. Транспорттық операциялар халықаралық тасымалдардың сипаты негізінде белгіленеді. Олар мына тәуелділікке байланысты бөлінеді:

Транспорттық операциялардың түріне (жүк, жолаушы)

Транспорттың түрлеріне (теңіздегі, құрлықтағы, әуедегі)

Транспорттық тауардың сипаттамасына (жаппай, жаппай құрғақ жүк, негізгі, бұқаралық, құйылмалы, газ тәрізді жүк)

Тасымал кезеңділігіне (ұдайы, реттелген, су және әуе тасымалдары, уақытылы әуедегі хабарлама, чартерлік)

Шекараны өтудегі тәртіпке (шамадан артық жүк тиеу, транзиттік жүк)

Транспорттық-технологиялық жүйеге (жүк тасуға арналған жабдық, жүкті немесе адамдарды судан өткізетін тасымал, пакетті, контейнерлі, паромды,баржалы, өзен-теңіз бойынша жүзу)

Хабарлаудың түрлеріне (тікелей, жүйелі тасымалдау)

Тасымалданатын жүктердің ерекше шарттарына (тез құртылатын, қауіпті, ауыр салмақты)

Транспорттық операциялар әдетте келесідей жіктеледі: сыртқы сауда мәмілесіне дейінгі операциялар, жүзеге асыру үдерісінде туындайтын операциялар, мәмілені жүзеге асырғаннан кейінгі операциялар. Келіссөз жүргізер алдында транспорттық қызметтерге, тарифтерге, тауарды тасымалдау шарттарына, тауардың құнына, транспорттық шығындардың алдын ала болжау мен есептеуге, транспорттық шарттарды анықтауға талдау жасау қажет.

Мәмілеге қол қойғаннан кейін және оны орындау үдерісі кезінде мына іс-әрекеттерді жүзеге асыру қажет: тауарды тасымалдау кезіндегі қажеттіліктерді ойластыру, келісім жасау, соған сәйкес құжат жасау, тауарды дайындау - тауарды буу, таңба қалдыру, қажетті транспорттық, техникалық құжатты дайындау, жүкті сақтандыру, сақтандыру полисін рәсімдеу, кедендік декларацияны дайындау, шығындарды төлеу.

Сатып алу-сату келісімшартын орындағаннан кейін тауарды қабылдаушы және тасымалдаушы, сатушылар мен сатып алушылар арасындағы мәселелерді шешу қажет.

Транспорттық қызмет көрсету ұйымдастырылуы тиіс, тіпті тасымалданатын жүктің түгелділігіне, жеткізу жылдамдылығына, жүйелілігіне дейін ұйымдастырылуы керек. Транспорттық қызмет көрсету кезінде жүктің иесіне қосымша қызметтер артылады: жүкті жинақтау, жүкті сақтау, жүкті таңбалау. Басқа да делдалдық қызметтер пайда болуы мүмкін: жүкті сақтандыру, лизинг, брокерлік,транспорттық-экспедиторлық қызметтер. Тауарды жіберу пункті, бір транспорттан екінші транспортқа аудару пункті транспорттық операциялардың жүзеге асыру орны болуы мүмкін. Транспорттық операциялар мемлекеттің ішінде (тауарларды белгілі бір жерге жеткізілуі, сақтау, жүкті шет елге жіберу), сонымен қатар шет елде (жаңа тасымалдау шартын жасау, транспорттық-экспедиторлық, агенттік, брокерлік қызметтер, сақтандыру) жүзеге асырылуы мүмкін.

 

Date: 2015-10-21; view: 548; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию