Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тұлға құрылымы
Кез-келген құбылыс сияқты жеке тұлғаның психикалық өмірі белгілі құрылымнан тұрады. Адамның дара психологиялық ерекшеліктеріне байланысты және жеке тұлғаның өзіне тән құрылымының бірінші бөлігі оның бағыттылығын сипаттайды. Бағыттылық әртүрлі қасиеттердің өзара байланысты қажеттікте мен қызығулардың, идеялар мен тәжірибелік ұстанымдардың жүйесін қамтиды. Жеке тұлға психологиялық құрылымының екінші бөлігі жеке тұлғаның мүмкіншілігін айқындайды және белгілі бір іс-әрекетт нәтижелі қамтамасыз ету үшін қабілеттіктерді қамтиды. Қабілеттіктер өзара байланысты және бір-бірімен өзара әрекет етеді. Тәртіп бойынша қабілеттіктердің бірі үстемдік жасап, жетекшілік етеді, басқалары оған бағынады. Мысалы, А.С.Пушкинде ақындық өнер үстемдік етті, бірақ ол өзін тарихшы және талантты суретші ретінде де таныта білді. Қабілеттіктердің арақатынасының сипатына бағыттылықтың кұрылымы әсер етеді. Өз кезегімен қабілеттіктерді даралау жеке тұлғаның шындыққа қатынасының таңдамалығына әсер етеді. Жеке тұлғаның құрылымының үшінші бөлігі мінез болып табылады немесе әлеуметтік ортадағы адамның мінез-құлық стилі. Мінез күрделі синтетикалық құрылым, ол адамның рухани өмірінде мазмұн мен түр бірлігінде аңғарылады. Мінез жеке тұлганы тұтас көрсете алмағанымен, оның қасиеттерінің, бағыттылығы мен ерік-жігерінің, интеллектуалдық және эмоциялық сапаларының, темпераментте байқалатын типологиялық ерекшеліктерінің күрделі жүйесін білдіреді. Төртінші бөлігі басқару жүйесі болып табылады, ол көп жағдайда «мен» деген ұғымды білдіреді. «Мен» - жеке тұлғаның өзіндік сапа құрылымы, ол өзін-өзі реттеп отыруды іске асырады: іс-әрекетті күшейту немесе бәсеңдету, өзін-өзі бақылау және іс-әрекет пен қылықты басқару, іс-әрекетті жоспарлап отыру. Сонымен өзін-өзі басқарудың жеке тұлғаның мақсатты ұйымдасқан өмірі мен қызметінде ерекше маңызы зор. Жеке тұлғаның ұйымдасқан бағыттылығы қабылдаудың және оған байланысты эмоциялық реакцияның таңдауына әкеледі. Демек, жеке тұлғаның құрылымы өте күрделі, жан-жақты және сан-қырлы. Оның барлық компоненттері өзара байланысты және өзара тәуелді. Жеке тұлғаның дамуымен оның құрылымы да өзгеріп отырады. Сонымен қатар әрбір жеке тұлғаның құрылымы салыстырмалы түрде тұрақты. Әрбір адам тұрақтылық пен өзгермеліктің бірлігі, тек қана сондай құрылым адамға өзімен өзі болуға, икемділік көрсетуге, өмір салтын сол жағдайларға сай жүргізуге көмектеседі.
Date: 2015-09-24; view: 5509; Нарушение авторских прав |