Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Моциялардың бұзылуы туралы жалпы ақпарат: селқостық, эйфория, дисфория, депрессия және желікпе





Ауру адамның эмоциялық жағдайын анықтауда дәрігерлік тәжірибенің маңызы зор. Тексерген кезінде ауырған адамның мимикасына, кейпіне, дене қимылына, сөзіне, тәртібіне көңіл аудару керек.

Эмоцияналды бұзылу симптомдары сан алуан және өте көп. Эмоцияның бұзылуы симптомдардың эмоцианалды әсер ету ме көңіл күйдің бұзылуы симптомдары сияқты түрлері бар. Көңіл - күйдің бұзылуының екі түрі бар: күшейтілген және әлсіз эмоциялар. Күшейтілген түріне гипертимия, эйфория, экстаз жатады.

Эйфория дегеніміз көңілді, жылжымалы, сөйлегіш, күлкілі патологиялық көтеріңкі күй. Мұндай жағдай ішімдіке не есірткіден масайғанда, токсиманиялық заттарды (дәрілерді, тұрмыстағы химиялық заттарды, бензинді, толуолды және т.б.) қолданғанда, ауыр соматикалық (мидың ісігі, мерез ауруы) және психикалық ауру кезінде болады.

Депрессия дегеніміз зарығу, мазасыздану, абыржу, қорқу сияқты сезімдер ере жүретін патологиялық түрде көңілдің төмендеуі. Депрессияның ауыр түрінде суицидтік (өмір сүргісі келмейтін) ойлар мен әрекеттер болады.

Дисфория дегеніміз көңілдің зарығуы мен ызалануы. Мұндай жағдай церебральды атеросклерозда, мидың зақымдануында, эпилепсияда болады.

Апатия (селқостық, енжарлық) сезімдердің жоғалуы, психикалық қызметтің ауыр зақымдануы. Мұндай жағдай шизофренияда болады.

Ынжықтық эмоциялардың жылдам ауысуы. Қалыпты жағдайда балаларда, қартайған адамдарда церебралды атеросклероз кезінде болады.

Патологиялық аффект өзінің әрекетімен айналаға қауіпті, сананың терең тұнжырауы. Осы өзгерісті анықтаудың сот-психиатрдың тәжірибеде маңызы бар.

Желікпе - сарыуайымшыл психозды дербес ауру ретінде Крепелин 1896 жылы анықтаган болатын. Бұл аурудың бітімдік ерекшеліктері тұрғысында мыналар байқалады: желікпе-сарыуайымшыл психоздың мезі қылатын талмалары көбіне үнемі жоғары көңіл-күймен ерекшеленетін немесе көңіл-күйдің ауытқуына бейімділік айқын білінетін жандарда жиі пайда болады.

 







Date: 2015-09-24; view: 1657; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию