Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Психологиядағы тұлға ұғымы





Адам - бұл бір жағынан биологиялық құбылыс, қоршаған дүниені тануға және оны белсенді өзгертуге қабілетті, саналы тіршілік иесі. Жоғары ұйымдасқан тіршілік иесі ретінде адамға денесімен тік жүру, дүниені тану және өзгерту құралы ретінде қолдың дамуы, ми сияқты ерекше дамыған дене ерекшеліктері тән.

Екінші жағынан адам - қоғамдық құбылыс. Бұл оның негізгі сипаты, себебі қоғамдық өмір мен қоғамдық қатынастар, ұжымдық еңбек адамның биологиялық дене құрылымын өзгертіп және өзіне бағындырды. Психология және философия ғылымдары адам туралы айтқанда «жеке тұлға» ұғымымен түсіндіреді.

Жеке тұлға адамға қарағанда тар мағынада қолданылады. Жеке тұлға - бұл сол адам, бірақ тек қана қоғамдық, әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылады. Бұл жағдайда зерттеушілер оның биологиялық, табиғи жағын ескермей, адамды қоғамдық қатынастардың нәтижесі, қоғамдық дамудың белсенді қайраткері ретінде қарастырады.

Психологияда «адам» және «жеке тұлға» ұғымдарымен қатар «даралық» ұғымы да қолданылады. Даралық дегеніміз жеке тұлғаның психологиялық ерекшеліктерінің қайталанбас қиысуы түрінде байқалатын нақты өзгешілігі.

Жеке тұлға тек тарих, философия, әлеуметтану, этика, эстетика, психология, педагогика және т.б. сондай сияқты қоғамдық ғылымдардың зерттеу нысаны болып табылады.

Жеке адам - қоғамдық дамудың қайраткері, қоғамда белгілі жағдайда тұратын саналы индивид және ол белгілі қоғамдық рөлді атқарады.

Жеке тұлғаның 3 ерекшеліктерін атап өткен жөн:

Біріншіден, жеке тұлға қасиеттерінің тұрақтылығы. Жеке тұлғаның психикалық көріністерінің

өзгермелілігіне қарамастан, оның психикалық келбетінің салыстырмалы тұрақтылығы анық байқалады.

Екіншіден, бұл-жеке тұлғаның бірлігі, жеке тұлғаның психикалық үрдістерінің, психикалық қалыптың және психикалық қасиеттердің тығыз байланысы мен өзара тәуелділігі.
Жеке тұлға біртұтас бірлікті білдіреді, әрбір қасиет басқалармен тығыз байланысты. Мысалы, табандылық мақсатқа жету ептілігі ретінде қиындықтар мен кедергілерді жеңе отырып, жоғар
моралдық сезімдермен, дамыған ұжымдық сезімдермен бірлікте ғана жағымды мәнге ие болады. Сондықтан да жеке тұлға «жеке бөліктерге» бөлініп қалыптаспайды, әруақытта да жеке тұлға
тұтас, бірлікте қалыптасады, тәрбиеленеді.

Үшіншіден, бұл жеке тұлғаның белсенділігі, қоршаған дүние өзгертуге, түрлендіруге бағытталған көптеген және жан-жақты іс- әрекетте бейнеленеді.

Психологияның басқа ғылымдардан ерекшелігі жеке тұлғаны рухани бейнесін, оның қылықтары мен мінез-құлқын, яғни жеке тұлғаның қалыптасуы мен даму үрдісін зерттейді.

 







Date: 2015-09-24; view: 1990; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию