Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Абілет пен табиғи нышандар және темперамент





 

Бір немесе бірнеше іс-әрекеттің түрін ойдағыдай орындаудың шарты болып табылатын жеке тұлғаның дара психологиялық қасиетін қабілеттіліктер деп айтамыз.

Кабілеттіліктер әруақытта да белгілі бір іс-әрекетті орындау тұрғысынан қарастырылады. Кез-келген қабілеттілік белгілі бір істі орындауға бағытталады: оқу пәндеріне, еңбектің түрлеріне қабілеттілік аңғартады. Мысалы, музыканттың қабілеттілігі тек жақсы музыкалық есту кабілетімен шектеліп қоймайды. Бір ғана-құрастырушылық қиялдың болуы қабілетті инжинер-конструктор болу мүмкіншілігін қамтамасыз ете алмайды. Кез-келген іс- әрекетті ойдағыдай орындау қабілеттіктердің қиысып келуіне байланысты. Мұғалімге оқу материалын қызықты түсіндіру үшін ұйымдастырушылық қабілеттілік, педагогикалық тәлім және көптеген басқа да қабілеттіліктер қажет. Қабілеттіліктер жалпы және арнаулы болып бөлінеді. Мысалы, ойдың сапасы неме естің сапасы сияқты психикалық қасиеттер көптеген іс-әрекетте кеңінен қолданылады.

Жалпы қабілеттіліктерге жеке тұлғаның қасиеті ретінде бақылағыштық жатады. Сонымен қатар жалпы қабілеттілік байқалған адамдар әртүрлі іс-әрекетпен ойдағыдай айналыса
алады. Мәселен, қабілеттілікті менгерген мектеп оқушылары көп жағдайда барлық пәндерден жақсы оқиды. Арнаулы қабілеттілік қандай да белгілі бір іс-әрекетті ойдағыдай орындауға мүмкіншілік жасайды. Математикалық, техникалық, әдеби, музыкалық, бейнелеу өнері саласында және тағы басқа қабілеттілік қалыптасу мүмкін. Қабілеттіктердің бұл екі негіз түрінен басқа үшінші түрін - практикалық іс-әрекетіке қабілеттілікті ерекше атауға болады. Бұл түріне құрастырушылық - техникалық, ұйымдастырушылық педагогикалық қабілеттіліктер жатады.

Қабілеттің дамуында табиғи, биологиялық факторлардың рөлі қандай? Көптеген шет ел ғалымдары адам қабілеттілігі тұқым арқылы берілетін, туа біткен қасиет деген көзқарасты жақтайды. Олардың дәлелдеуінше, қабілеттіліктің түрі және оның деңгейі туғаннан берілетіндігі алдын-ала анықталған. Ғылыми психология бұл қате көзқарасты сынай отырып, қабілеттің дамуының табиғи алғышарттары ретінде табиғи, биологиялы факторлардың белгілі дәрежедегі рөлін мойындайды, жоққа шығармайды. Осындай қабілеттіктер дамуының табиғи алғышарттары нышан деп аталады.

Демек туа біткен анатомиялық-физиологиялық ерекшелік, тек нышандар болып табылады, олар қабілеттіліктер дамуының негізіне жатады, қабілеттіліктердің өздері әруақытта да дамудың нэтижесі.

Нышандар - мидың, жүйке жүйесінің, анализаторлардың кейбір туа біткен анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Нышандар қабілеттіліктің табиғи алғышарттары болып табылады және оның қалыптасуы мен даму үрдісіне әсер етеді. Нышанның болуы қабілеттіліктің қалыптасуына ерекше қолайлы жағдай жасайды, оның дамуын жеңілдетеді. Нышандарға туа біткен көру және есту анализаторларының кейбір ерекшеліктері жатады. Жүйке жүйесінің типологиялық қасиеттері нышанның қызметі ретінде қатысады, оған уақытша жүйке байланыстарының құрылу ерекшеліктері, оның беріктігі шоғырланған зейіннің күші, жүйке жүйесінің шыдамдылығы, ақыл-ой қабілеттілігі байланысты. Нышандар - бұл тек қабілеттіктерді қалыптастыру шарттарының бірі. Егер табиғаттың берген нышанын әрі қарай дамытпаса, оған қолайлы жағдайлар жасалмаса, ол сөніп қалуы мүмкін.


Мысалы, шәкірттерде ерте байқалатын типологиялық ерекшеліктер нышандар немесе алғашқы табиғи қасиеттер болып табылады. Типологиялық ерекшеліктердің жан-жақты мәні зор. Олар қабілеттіктер мен мінездің табиғи алғышарттарын құрайды. Жалпы типтердің ерекшеліктері қабілеттіліктерді ұйымдастыруға әсер етеді.

Қабілеттілік адамға ерте де, кеш те берілуі мүмкін. Атақты
композиторлар Н.А.Римский-Корсаковтың музыкалық дарындылығы 2 жасында, М.И.Глинка мен С.Прокофьев қабілеттері 7 жаста, әйгілі суретшілер И.Е.Репин мен В.А.Серовтың қабілеттілігі 3 жаста байқалған. В.Моцарт 3 жасында музыка аспаптарында ойнап, 4 жасында музыкалық шығармаларды орындаған, ал 12 жасында опера жазған.

Нышандар - тек қабілеттіліктерді қалыптастыру шарттарының бірі. Егер табиғаттың берген нышаны, ғажайып дарындылық туралы мысал келтіретін болсақ, 1951 жылы Америкада кибернетиканың атасы, ұлы математик Ноберт Винердің ғүмырнамалық деректерінің I томы жарық көрді, кітап «Бұрынғы вундеркинд» деп аталды. «Вундеркинд» - неміс сөзі, wunder - ғажайып, kind - бала деген екі сөзінен құралған. Одан оның өмірінің таңғажайып деректерін көруге болады: 9 жасында кішкентай Норберт ерекше дарындылық байқатып, 8 жылдық мектепке бармай, орта мектепке оқуға түсті. 12 жасында университет студенті, 14 жасында бакалавр ғылыми дәрежесін, ал 18 жасында ол Гарвард университетінің филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алып шығады.

Қабілеттіліктердің негізгі көрсеткіштерінің бірі - ерте берілуімен қатар кеш те беріледі. Жас кезінде қабілеттіліктің байқалмауын болашақта дамыту мүмкін емес деген түсінік тумайды. Ерекше қабілеттіліктер мен таланттың өте кеш берілуі туралы көптеген мысалдар келтіруге болады.

Көрнекті жазушы В.Шишков мысалы, еңбектерін 40 жасында жариялай бастады. Белгілі шығармасы «Угрюм-реканы» 60 жасында жазды. «Емельян Пугачев» кітабын 72 жасында аяқтады. Мысалы, Симбирск губерниясының алыста орналасқан селосында дүниеге келген Е.И.Гусева жасы 40-қа келгенде сауатын ашқан. Одан кейін жұмысшы факультетіне оқуға түсіп, өзінің баласымен бірге жоғары оқу орнын бітірген, кейін ғылым кандидаты, ал 73 жасында докторлық диссертациясын ойдағыдай қорғады.

 







Date: 2015-09-24; view: 1894; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию