Главная Случайная страница

Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Байланыс ақпараты

Останай мемлекеттік педагогикалық институты

Психология және педагогика факультеті

Педагогика кафедрасы

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚҚА КІРІСПЕ

(SYLLABUS)

І кредит

Білім» тобының мамандықтарына

Қостанай

2014-2015

Байланыс ақпараты

* Курс атауы

* «Педагогикалық мамандыққа кіріспе»

* Курстың коды:

* Кредит саны-1

* Байланыс ақпараты

Аты-жөні Уақыты және өткізілу орны Байланыс телефон
Дәріс СОӨЖ Е-mail
Әбдіркенова Ақбидаш Қапанқызы Кесте бойынша Кесте бойынша 211, 215 аудит. 54-25-09 оқу залы (211) akbidashabdirkenova

Курсқа қысқаша сипаттама:

«Педагогикалық мамандыққа кіріспе»пәннің типтік бағдарламасы бакалавриаттың 5В010000 «Білім мамандықтар тобына арналған және 1,2 жылдық орта білім беру мұғалімдерін дайындауға бағытталған.

«Педагогикалық мамандыққа кіріспе» ең алғашқы кәсіпке бағдарлайтын педагогикалық пән болып табылады. Бұл пән педагогикалық психологиялық пәндер циклын аша отырып, негізі психология, педагогика теориялық курстарымен логикалық байланыста. Ұсынылып отырған бағдарламада педагогикалық фактілер, құбылыстар, ұғымдар білім берудің, педагогикалық іс-әрекеттің жалпы көрінісін ашу мақсатында педагогикалық білім мен педагоикалық іс-әрекетке деген студенттің құндылық қарым-қатынастарын қалыптастыру үшін қолданылады.

Курс материалдарының әр студент үшін білім алу үрдісінде тиімді тұлғалық дамуына, шығармашылық әлеуетін ашуларына үздіксіз кәсіби білім алуына даярлықтарын қалыптастыруға септігін тигізетіндігі оның айырықша ерекшілігі болып табылады.

Бағдарламаның нормативтік-құқықтық базасы болып жаңа формациядағы болашақ педагогтарды кәсіби дайындауға бағытталған «жаңа буынды» Мемлекеттік жоғары кәсіби білім беру стандарттары табылады. Осы құжаттың талаптарына сәйкес оқу пәні құрылымның мазмұнында төмендегідей бөлімдер анықталған: Үздіксіз білім беру контекстіндегі қазіргі білім беру және жеке тұлға, Педагогикалық мамандық және педагог тұлғасы, педагогтың үздіксіз кәсіби өсуінің факторлары.

Бағдарламаның бірінші бөлімінде қазіргі білім берудің негізгі бағыттарының, даму мәселелерінің мәні ашылады, сонымен қатар үздіксіз тұрғысында білім берудің әлеуметтік, тұлғалық маңызы өзектендіріледі. Білім берудің жалпы ерекшеліктері ретінде болашақ кәсіби іс-әрекет саласы және Қазақстанның қазіргі мектебі, олардың даму мәселелері мен перспективалары қарастырылған. Ерекше оқутудың құзіреттілік моделі атап көрсетілген.

Бағдарламаның екінші бөлімінің мазмұнында педагогикалық кәсіптің сипаттамасы, оның қалыптасуы мен дамуы, педагогикалық іс-әрекеттің мәні мен мазмұны, оған дайындау жүйесі қарастырылған; мемлекеттік стандартпен қарастырылған теориалық білімдер мен кәсіби-педагогикалық іскерліктер аясы ашылған. Білім берудің жаңа парадигмасы көлемінде кәсіби бейімділіктің бастапқы кезеңі ретінде педагогикалық практикалық қазіргі кездегі мәні және мұғалімнің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру негіздері ашылған.

Бағдарламаның үшінші бөліміндегі оқу материалы мұғалімнің педагогикалық шеберлігінің негіздерін ашады.педагогикалық іс-әрекеттің маңызды құрастырушы бөлігі ретінде мұғалімнің сөйлеу мәдениетіне баса назар аударылады. Мұғалім іс-әрекетінде педагогикалық жобалау мәселесі маңызды орынға ие. Болашақ мұғалімнің өмір бойы білім алуларына қажетті өздігінен білім алу, өзін-өзі тәрбиелеу технологияларының негізгілері алынған.

Дәрістік және семинар сабақтары. БӨЖ және БОӨЖ интерактивті оқыту әдістерін, мультимедиялық құралдар. Интернет-ресурстарын т.с.с қолдану арқылы жүргізіледі.

Пәннің оқыту мақсаты – болашақ педагогикалық іс-әрекетке, болашақ кәсіптің теориалық және практикалық негіздерін меңгеруге кәсіби пелагогикалық бағыттылықты қалыптастыру, оның жоғары әлеуметтік маңыздылығын түсіну.

Пәнді оқыту міндеттері:

- студентерді мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің мәні мен өзгешілігі туралы бастапқы білімдермен қаруландыру; мұғалім бейнесінің негізгі сипаттары жайлы көзқарастарын қалыптастыру;

- үздіксіз білім алуға, терең теориалық білім мен кәсіби педагогикалық құзіреттерді меңгеруге деген ұстанымдарын қалыптастыру;

- өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі жетілдіруге, педагогикалық шығармашылыққа деген қызығушылықты ояту.

Date: 2015-09-27; view: 1854; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию