Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып. Ілияс Есенберлин





Ақын, жазушы, публицист, қоғам қайраткері. Абай атындағы Қазақ ССр мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Өскен ортасы, білім алған мектептері. Ақындық, жазушылық өнерге бой ұруы. Поэзия, проза, драматургия, кинодраматургия саласында еңбек еткені. Алғашында ақын ретінде танлып, қырықтан аса әннің мәтінінң жазып, «Сұлтан», «Айша» (1945), «Біржан сал трагедиясы» (1959)дастандары мен большевиктер туралы поэмаларын тудыруы. «Адамгершілік туралы жыр» өлеңдер жинағының (1949), «Жұлдыздар» атты поэмалар кітабының жарық көруі.

І.Есенберлин қазақ прозасының көрнекті өкілі. Оның «Адам туралы ән». (1957) повесі, «Айқас» (1966), «Қатерлі өткел» (1967), «Ғашықтар» (1968), «Қаһар» (1969), «Алмас қылыш» (1971), «Алтын құс» (1972), «Жанталас» (1973), «Көлеңкеңмен қорғай жүр» (1974), «Маңғыстау майданы» (1978), «Аманат» (1978), «Махаббат мейрамы», «Алыстағы арпалыс», «Аққу құстың қуанышы» (1984), «Мұхиттан өткен қайық» («Жұлдыз», №1,2, 1991) романдары мен «Көшпенділер» (1976), «Алтын орда» (1982-83) трилогиялары.

І.Есенберлиннің «Көлеңкеңмен қорғай жүр», «Аманат» романдарында бүгінгі жұмысшылар мен тың игерушілердің өмірі мен күресінің жан-жақты пайымдалатыны. Тың игерудің жақсы жақтармен бірге жерді тоздырған науқаншылдықты, шолақ белсенділікті ашық суреттегені.

І.Есенберлин прозасының әлем тілдеріне аударылуы. Шығармаларының үнемі пікірталастар тудырғаны.

Шығармаларының зерттелу жайы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [20],[22], [28] ],[26], [49]

23-тақырып. Тахауи Ахтанов (1923-1998)

Ақын, жазушы, драматург, аудармашы, қоғам қайраткері. Мемлекеттік сыйлық лауреаты. Қазақстанның халық жазушысы.

Туған ортасы, білім алған мектептері. Шығармашылық жолы, қоғамдық қызметі. Оның шығармашылық қайратының артуына Ұлы Отан соғысының тікелей әсер еткені. Соғысқа дейін өлең, кішігірім сын мақала, рецензиялар жазуы. Соғыстан кейінгі өлеңдері, «Жастар даусы» атты ұжымдық жинақта жарияланғаны.

Майдан шындығы негізінде «Қаһарлы күндер» (1956) романын жазуы. Романның басты табысы жан диалектикасымен қоса тән сезімінің нәзік сырларын образ бояуымен үйлестіруі. Ержан, Кусков, Дәурен, Добрушкин, зеленин, Көжек, Раушан, Мұрат характерлері.

«Дала сыры» (1963) повесінің кейіннен «Боран» (1966) романына айналғаны. Онда малшылар өмірінің батыл көтерліуі. Шығармада Қоспан сияқты қарапйым еңбек адамының бар болмысының терең де жан-жақты ашылатындығы. «Боранның» басты кейіпкерлері. Қоспан мен Қасболат. Боранның повесте тек символдық қызмет атқарып тұрғаны. Қоспанды табиғат стихиясына құрбан ете отырып, автор социалистік құрылыстың, оның ортақ меншікке негізделген тұғырының осалдығын меңзегендігі. Соңғы туындысы «Шырағың сөнбесін» (1980) роман-дилогиясында қаламгердің соғыс тақырыбына қайта қайырылғаны. Дилогияның басты қаһарманы: ана мен бала образдары. Соғыс шындығының Ана көзімен пайымдалатыны.

 

«Махаббат мұңы» повесі. «Алғашқы ән», «Қызғаныш», «Күй аңызы», «Көкқұтан» әңгімелері.

Т.Ахтановтың драматургиясы. «Сәуле», «Боран», «Күтпеген кездесу», «Махаббат мұңы», «Әже мен бала», «Ант». «Жоғалған дос» драмалары, «Күшік күйеу» комедиясы.


Т.Ахтановтың «Ғабит Мүсірепов» (1956) атты әдеби-сын очеркі, «Керуен» (1969), «Көкейтесті» (1980) сын-мақалалар жинақтары

Аударма саласындағы А.Пушкиннің «Алтын әтеш туралы ертегісін», А.Толстойдың «Азапты сапарда» трилогиясын, С.Бабаевскийдің «Алтын жұлдызды жігіт» романын, И.Тургеневтің, А.Горькийдің әңгімелерін қазақ оқырмандарына жеткізуі.

Шығармашылығының зерттелу жайы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [16],[22], [28] ],[26], [59]

24-тақырып. Қадыр Мырзалиев (1935)

Ақын, драматург, әдебиет сыншысы, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақстан Ленин сыйлығының, Абай атындағы мемелекеттік сыйлықтың лауреаты. Халық жазушысы.

Өскен ортасы, білім алған мектептері. Еңбек жолы, қоғамдық қызметі. «Көктем», «Жаңғалақтар», «Кішкене Қожанасырлар», «Ноян-Қоян», «Алуан-палуан», «Күміс қоңырау» жинақтары.

Қазақ поэзиясына әлем әдебиетінің озық үлгілерін дарыта отырып, бұрынна қазақ қанына сіңісті философиялық –дидактикалық дәстүрді жаңғырта дамыта еңбек еткені. Өзіндік өрнегі, стилі. Оның кейінгі жылдары жазған «Аққу», «Махаббат жырларынан», «Адамдар және олардың иттері», «Алмас жерде қалмас», «Қырық буын қазақпыз», «Ойда жүрген орамдар», «Екі дос екі анадан туған егіз», «Ақында болмайды ешкім ешкімнен соң», «Қыз», «Атамекен», «Қаратау қалың дәптер», «Ұлы махаббат», «Әйтеке бидің өсиеті» жырлары. Халық өмірін тақырып етіп, циклді кітаптар жазуы. «Ой орманы», «Дала дидары», «Бұлбұл бағы», «Ақ отау», екі кітаптан тұратын «Домбыра», «Жерұйық», «Қорамсақ», «Көкпар», «Қызыл кітап», «Көш», «Мәңгі майдан», «Биік баспалдақ», «Ғибратнама», «Қылыш пен қанжар», «Жұмыр жер» т.б. жинақтарының тақырыптары мен идеялары. Циклді өлеңдеріндегі ақынның өмір құбылыстары жөніндегі жан-жақты толғамдары.

Лирикасының ойлы, сыршыл, образды бояуы, ғибраты.

Қ.Мырзалиевтің «Сақал саудасы», «Қасқыр қақпан» атты сатиралық комедиялар, «Жаралы жолбарыс» атты драмалық дастан, «Заман-ай», «Өкінішті өткелдер», «Парламент» дастандары мен «Төле би» атты үш бөлімді опера либреттосын жазғаны. «Әзәзілдің әлегі» атты тарихи-көркем эссесі. «Заман-ай» деген атпен поэмаларының жеке кітап болып шыққаны.

Қазіргі әдеби процестің көкейкесті проблемалары мен балалар әдебиеті туралы «Сөз сиқыры» атты сын мақалалар жинағы.


Ақынның 200-ден астам жырына ән жазылғаны.

Ақынның аударма саласындағы еңбектері. М.Овидий, Руми, Гюго, Петефи, Лермонтов, Есенин, Райнис, Родари, Р,Ғамзатов, Межелайтис, К.Кулиев жырларын, О.Сүлейменовтың «Атамекен», «Әр күн арайлы таң» атты таңдамалы өлеңдер жинағын қазақ тіліне тәржімалағаны.

Ақын шығармашылығының зерттелу жайы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [5],[22], 22], [25]

25-тақырып. Мұқағали Мақатаев (1931-1976)

Ақын, жазушы, аудармашы, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Өскен ортасы, білім алған мектептері. Еңбек жолы, қызметі.Балалық, жасөспірімдік шағының соғыс жылдарымен, тылдағы ауыр еңбекпен тұспа-тұс келуі. «1945 жыл ақпан», «Қайран жеңгем», «Соғыстың соңғы көктемі», «Абысындар», «Әке», «Қырқыншы жылдардың бесік жырынан», «Біздер жеңдік», «Әке аманаты», «Масақ» өлеңдері мен «Өмір-дастан» поэмасында ақынның сол уақыттың реалистік картинасын жасағаны. Оның өмірге жіті үңіліп, толғана жырлағаны. Әкелік махаббаты «Бесік басында», «Менің кішкен күнім» «Ұлыма», «Қызымыа», «Майгүлге», «Біздің үйге көктем келді»; үлкенді қадірлей білуге шақыратын «Алпысқа келдіңіздер», «Мен қарапайым қарттарды сүйемін», «Әбділдаға», «Бауыржан Момышұлына», «Ғабаңа», «Қариялар азайып бара жатыр», «Тоқта балам, атаң келед, артыңда»; халқын сүюге үндейтін «Елім барда», «Қазақстан», «Үш бақытым», «Оралыңдар» «Толғау», «Халқым барда», «Халқыма хат», «Қазақ жері»; Туған жер табиғатының келбеті «Сап-сары жапырақтар», «Сәуір айы», «Алматының аспаны», «Сарыжайлау», «Тау өзені тентек қой тасып жатыр», «Көктемде», «Қайран Қарасазым-ай», «Түнгі Алматы», «Хан Тәңірі»; парасат пен танымға бойлататын философиялық «Сәби болғым келеді», «Қар жауып тұр», «Алтын адам», «Бақыт деген», «Мен қайың бола бастаймын», «Қызық өмір», «Тауға келмсем», «Ақиқаттың ауылы», «Таудай болғым келеді», «Ей, өмір»; мәңгілік өмір сыйлайтын,өнерді қастерлететін «Қара өлең», «Арыз жазып кетейін», «Жазылар естеліктер», «Дариға домбырамды берші маған», «Өлең керек», «Ақынның ауылы», «Бибігүлге», «Сыр», «Төлегенге», «Фаризаға»; махаббат күйін әлдилеген «Бір келіншек», «Сен», «Есіңе мені алғайсың», «Сенің көзің түпсіз терең тұңғиықтан жаралған», «Махаббат диалогы», «Әйелдер-ай», «Махаббат моласы», «Иек артқан теңізге мүйістейін», «Алдынан терезеңнің жүріп өттім», Мен сені сағынғанда» т.б. шығармалары.


«Аппоссионата», «Мавр», «Ильич», «Большевиктер», «Чили, шуағым менің», «Алтай, Атырау», «Райымбек, Райымбек», «Бала шақтан болашаққа», «Аққулар ұйықтағанда», «Моцарт. Жан азасы», «Жанары неткен тұңғиық», «Атамекен» поэмалары.

«Қарлығашым, келдің бе?» (1968), «Дариға-жүрек» (1972), «Аққулар ұйықтағанда» (1974), «Шуағым менің» (1975), «Өмір-дастан» (1976), «Өмір өзен» (1978), «Бәсіре» (1981), «Соғады жүрек» (1982), «Шолпан» (1984), «Қош, махаббат» (1988), «Аманат» (2000) жинақтары.

Прозасы. «Қош, махаббат» атты повестер мен әңгімелер жинағы, «Махаббаттан парасатқа» атты күнделіктер жинағы.

Ақын өлеңдеріне ән саздарының көптеп жазылғаны.

Аудармалары. У.Уитменнің «Шөп жапырақтарын», В.Шекспирдің «Сонеттерін», Дантенің «Құдіретті комедиясын» қазақ тіліне аударуы.

М.Мақатаев шығармаларының зерттелу жайы.

 







Date: 2015-09-26; view: 1536; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию