Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жылдардағы қазақ әдебиеті. 1 page





Халық шаруашылығын қалпына келтіру. Ұлы Отан соғысы аяқталған соң қазақ әдебиетінің дамудың жаңа жолға түсуі.

Осы жылдары поэзияға бір топ талантты жастардың келуі. Олар: Ғ.Қайырбеков, А.Шамкенов, Ә.Ахметов, І.Мәмбетов, Т.Бердияров, Қ.Шаңғытбаев, З.Шүкіров.

Еңбек адамын жырлаудың бұл кезеңде ерекше орын алғаны. Шығармашылық іздену мен жаңа образдар табуда біраз жемісті нәтижелердің байқалуы. Тың игеру саяси-әлеуметтік, қоғамдық –экономикалық бетбұрыс ретінде танылып, оған С.Мұқанов, М,Әуезов,Ғ.Мүсірепов сынды қаламгерлердің, М.Иманжанов, Б.Соқпақбаев,С.Шаймерденов,Ә.Нұршайықов секілді талантты жазушылардың атсалысып, очерк,әңгіме,пьеса жазуы.Майданнан оралғандардың бастан кешкен ерлік хикаяларын суреттеудің жаңа кезеңінің басталуы. Қазақ поэзиясын идеялық-көркемдік жағынан Қ.Аманжолов, Ж.Сайн, Ж.Молдағалиев, Ә.Сәрсенбаев,Д.Әбілев, С.Мәуленов,Т.Бердияровтардың жаңа белестерге көтеруі.

Осы кезеңде жазылған эпикалық туындылар: Х.Ерғалиевтің «Құрманғазы», Ж.Молдағалиевтің «Нұрлы жол», Ә.Сәрсенбаевтың «Ұлым туралы ой», Т.Бердияровтың «Мен өмір сүремін», Т.Жароковтың «Жапанды орман жаңғыртты», Ә.Тәжібаевтың «Адам», Қ.Аманжоловтың «Біздің дастан», Қ.Бекқожиннің «Мәриям Жагорқызы» поэмаларының тақырыбы әрқилы болғанымен, олардың кезеңдік туынды саналуы.

Баллада жанры туып, жандана бастауы. Қ.Жармағамбетов,С.Мәуленов, А.Шамкенов, Қ.Бекқожиндердің балладаларының адам құдіретін табиғатпен қарым-қатынаста бейнелеуімен ерекшеленетіні.

Ақындар табиғат лирикасын көп жазып, олардың көркемдік бояуы ажарын таба бастауы.Сатиралық поэзияның дамуы, оған А.Тоқмағамбетовтің елеулі үлес қосуы, сатира жанрының тұрақты авторына айналуы.

Қазақ прозасының бұл кездегі елеулі туындылары С.Мұқановтың «Сырдария» (1948),Ғ.Мұстафиннің «Миллионер» (1948), «Қарағанды» (1952), Ғ.Мүсіреповтің «Оянған өлке» (1953) романдарының жанрдың сапасын көтерудегі табыстары. Осы тұста прозаға С.Шаймерденов,З.Қабдолов, Б.Соқпақбаев,Ә.Нұрпейісов, Т.Ахтанов, т.б. жас жазушылардың келіп, өздерінің әңгіме, повесть, очерк, романдарымен сапалық өзгерістер әкелуі.

М.Әуезовтің «Абай жолы» романының жазылып бітуі, 1959 жылы Лениндік сыйлық алуы. Тарихи жанрды терең меңгеру С.Мұқановтың «Өмір мектебі», Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романдарына қатыстылығы.

Деректі прозаның көптеп жазылуы.Әскери өмірді жетік білетін Б.Момышұлы, Ә.Шәріпов, Қ.Қайсеновтердің «жорық естеліктерін» қағазға түсіре бастауы.

Соғыстан кейінгі жазылған пьесаларда соғыс пен бейбіт құрылыстың негізгі өзекті тақырыпқа айналуы. М.Әуезовтің батырлыққа, патриотизмге үндейтін «Қарақыпшақ Қобыланды» пьесасының уақыт талабынан туғаны.

Қазақ драматургтерінің соғыстан кейінгі жылдарда тарихи тақырыпты игеруде сәтті қадам жасауы. М.Әуезовтің «Қарақыпшақ Қобыланды», Ғ.Мүсіреповтің «Амангелді», С.Мұқановтың «ШУәлиханов» пьесаларында қазақ халқының ардагер ұлдарының бейнеленуі.Соғыстан кейінгі жылдарда жазылған пьесаларда «тартыссыздық теориясының», «тігісін жатқыза» баяндау салқынының сезілетіні.


Соғыстан кейінгі он төрт жыл ішінде әдебиеттану ғылымы мен сынын өркендетуге М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов,Қ.Жұмалиев, Б.Кенжебаев,Қ.Мұхаметханов, Е.Ысмайылов,М.Ғабдуллин, т.б. ғалымдардың қосқан үлесі.

3. 1960-90 жылдардағы қазақ әдебиеті.

Дәстүр мен жаңашылдық.Түр мен жанрдағы ізденістер. Әдебиеттегі саннан сапаға мән беріле бастауы. Халқымыздың Ұлы Отан соғысындағы жанқиярлық ерлігін көркемдік жағынан зерттеп, қаһармандық жасау психологиясын, философиясын ашуға ұмтылыс.Ұлы Отан соғысы тақырыбы сол соғысты басынан кешкен М.Ғабдуллиннің «Менің майдандас достарым»(1947),Б.Момышұлының «Төлеген Тоқтаров», «Біздің генерал» (1963), Ә.Шәріповтің «Ормандағы от», ҚҚайсеновтің «Жау тылында» (1967) атты публицистикалық толғау,роман,повесть,әңгіме, партизан ақын Ж.Сайнның «Жорық жолдары» (1970), Т.Ахтановтың «Шырағың сөнбесін»(1973),Ә.Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар»(1970), «Ақиқат пен аңыз»(1976), Т.Бердияровтың «Оқ пен гүл»(1967), т.б. алуан жанрдағы туындылардың көбеюі. Б.Соқпақбаевтың «Өлгендер қайтып келмейді»(1967), Н.Ғабдуллинің «Жігер»(1983), М.Мағауиннің «Бір атаның балалары», Д.Исабековтің «Біз соғысты көргеміз жоқ»,С.Мұратбековтың «Жабайы алма» повесть-романдарында, Е.Ибраһимнің «Өмір өлмейді» (1963), Ө.Нұрғалиевтің «Соғыстың соңғы жазы»(1978-1984),т.б. поэмалары мен өлең кітаптарында көрініс табуы.

Бұл жылдарда жарияланған экология мәселелерінің жалпы адамзаттық мәніне көңіл аударыла бастауы.Экологиялық күйзеліске ұшыраған ауылдың экономикалық, әлеуметтік, философиялық тұжырымы Т.Ахтановтың «Дала сыры»(1968),»Боран»(1968), Қ.Жұмаділовтің «Саржайлау»(1978), «Сәйгүліктер»(1984), С.Жүнісовтің «Жапандағы жалғыз үй», Д.Исабековтің «Гауһартас», С.Шаймерденовтің «Селдің екпіні»(1977),З.Шашкиннің «Сенім», І.Есенберлиннің «Көлеңкеңмен қорғай жүр», т.б. шығармаларындағы көрінісі. 1960-90 жылдары жарық көрген Т.Әлімқұловтың «Ақбозат»(1962),»Кертолғау»(1973),»Тұлпарлар тағдыры»(1975) жинақтарында өнер адамдары мен тарландар тағдырының арқау етілуі.

Қазіргі прозада лирика мен эпиканың,реалистік, романтикалық әдістердің үйлесуі,дерек пен ойдан шығарудың түйіндесіп жатуы. Ә.Әлімжановтың «Отырардан келген сыйлық»(1964), «Махамбеттің жебесі»(1960),О.Бөкеевтің «Қамшыгер»(1970), «Ән салады шағылдар»(1978), Т.Әбдіковтің «Ақиқат»(1978),С.Елубаевтың «Ойсылқара»(1972), Т.Жармағамбетовтің «Соңғы хат» (1974),Д.Исабековтің «Қарғын»(1980), «Тіршілік»(1975), Ә.Кекілбаевтің «Дала балладалары»()1967, «Шыңырау»(1982), М.Мағауиннің «Көкмұнар»(1972) жинақтарында жанрлық, стильдік соны ізденістердің байқалуы.


Ұлттық поэзия арсеналының жаңа көркемдік бояумен молыға түсуі: Ә.Тәжіьаев, «Таныс дауыстар»(1984), О.Сүлейменов «Әр күн – арайлы таң»(1986), С.Мәуленов «Жапырақтар жанады»(1964),Т.Айбергшенов «Арман сапары»(1963), «Аманат»(1975),Ә.Ахметов «Тырау-тырау тырналар»(1974), К.Салықов «Жезкиік»(1973),Ж.Нәжімеденов

«Темірқазық»(1982), К.Ахметова «Жапырақ-жаздың жүрегі» (1974), С.Жиенбаев «Іңкәр дүние»(1981),Ж.Жақыпбаев «Саратан»(1979),т.б.

Бұл жылдарда сюжетсіз лирикалық-философиялық поэмалар көптеп жазыла бастауы.Қ.Бекқожиннің «Сұңқар туралы жыр», Х.Ерғалиевтің «Аңыз ата», «Жылдар,жылдар», Т.Молдағалиевтің «Жер», Ж.Молдағалиевтің «Мен -қазақпын», Ә.Тәжібаевтың «Портреттер», М.Әлімбаевтың «Менің Қзақстаным»,Т.Бердияровтың «Жер мен адам», Қ.Мырзалиевтің «Данышпан», М.Мақатаевтың «Өмір дастан», «Аққулар ұйықтағанда», ТАйбергеновтің «Жүрекке айтылған өлеңдер», т.б. шығармалар жататындығы.

Баллада жанрындағы Қ.Жармағамбетовтің үрдісін М.Шахановтың дамытуы. Оның «Сейхундария», «Махаббатты қорғау», «Сенім патшалығы», «Жеңілген жеңімпаз хақындағы дастан», т.б. балладаларының жанрдың ішкі қуатының молдығын байқататыны.

Қазіргі прозада әлеуметтік, саяси, моральдық, психологиялық, философиялық жайларды жазушылардың бірегей шешуге ұмтылыстары. Оған Т.Ахтановтың «Боран»,Ә.Әлімжановтың «Көгілдір таулар»(1982),О.Бөкеевтің «Мұзтау»(1975), «Ән салады шағылдар» (1973) жататыны.


Колхоздастыру, кулактарды тап ретінде жою драмасы.1932-33 жылдардағы ашаршылық трагедиясының, сталиндік репрессияның Ж.Сыздықовтың «Әли қарттың әңгімесі», Ғ.Мүсіреповтің «Сөз жоқ, соның іздері», Х.Есенжановтың «Ағайынды Жүнісовтер» шығармаларында реалистікпен бейнеленуі. Ш.Мұртазаның «Сталинге хат», «Бесеудің хаты», Қ.Мұхаметжановтың «Біз періштеміз бе?» атты сахналық туындыларында тереңдетілуі.

Қазақ прозасының тарихи тақырыпты кең құлашпен игере бастағаны. Ғ.Мүсіреповтің «Жат қолында»(1984), Ғ.Мұстафиннің «Көз көрген»(1983), І.Есенберлиннің «Қаһар»(1969), «Алмас қылыш»(1971), «Жанталас»(1973), «Алтын орда», Х.Есенжановтың «Көп жылдар өткен соң» (1963), «Тар кезең»(1965), «Жүнісовтер хикаясы»(1972), Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер»(1971), Ә.Кекілбаевтің «Үркер»(1981), «Елең-алаң» (1984),Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш»(1974), «Тағдыр»(1989), Д.Досжановтың «Жібек жолы» т.б. шешімін табуы.

Қазақ драматургиясының тақырыптық, көркемдік жағынан байып, жетіле түсуі. Қ.Мұхаметжановтың Ш.Айтматовпен бірігіп жазған «Көктөбедегі кездесу»(1972), Ә.Нұрпейісовтің «Қан мен тер»Т.Ахтановтың «Ант», С.Жүнісовтің, Д.Исабековтің пьесаларының сахна мәдениетін көтеруге қосқан

үлесі.

Бұл дәуірдегі әдебиеттану ғылымы мен сынының дами түсуі. Ғ.Мүсіреповтің «Суреткер парызы»(1970), Ғ.Мұстафин «Ой әуендері», С.Қирабаев «Шындық және шығарма»(1981), «Талантқа құрмет»(1988), Ә.Нұрпейісов «Жүрегі тола жыр еді»(1978), т.б. жинақтар.

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2] [5], [7], [14], [22],[23], [24],[25], [61]

 

2-тақырып. Сәкен Сейфуллин(1894-1938)

Сәкен Сейфуллиннің қазақ кеңес әдебиетінің іргесін қаласқан көшбасшы екендігі. Өмірбаянынан қысқаша мәлімет.

Ақынның «Өткен күндер» (1914)жинағы. Алғашқы өлеңдеріндегі демократтық, ағартушылық сарындар және оның Абай дәстүрімен жалғастығы.

«Асау тұлпар» (1922) атты екінші жинағы. Оның жаңа заман, зымыран уақыт тынысын асау тұлпар арқылы бейнелеуі. Өзіне тән ақындық стилінің қалыптаса бастауы.

С.Сейфуллиннің төңкеріске белсене атсалысуы, оның «Асығып тез аттандық», «Кел,жігіттер», «Жас қазақ марсельезасы», «Кім де кімнің тасқын судай қайраты», «Біз» және т.б. өлеңдерінде көрініс табуы.

Сәкен поэзиясының тақырып, жанр жағынан байи түсуі. Өз туындыларында еңбек адамының бейнесін «Жұмыскерлерге», «Қара айғыр», «Маржан», «Бұлшық ет», «Біздің Сәуле» өлеңдерінде жасауы.

Ақын поэзиясында махаббат, табиғат,көңіл-күй лирикасының айрықша орын алуы. Осы тақырыптың «Күз», «Жазғытұры», «Жазғы дала», «Қарлы аязда», «Тау ішінде», «Сағындым», «Шәйіт болған досыма», «Сыр сандық» сияқты көптеген өлеңдерінде сипатталуы.

Ақын поэмаларында өршіл романтикалы махаббат сарыны. «Аққудың айрылуы», «Лашын әңгімесі».

«Советстан» поэмасында ақынның өмір құбылыстарына таптық, социалистік идеология тұрғысынан қарап, жалаң үгіт-насихатқа ұрынуы.

«Қызыл ат» поэмасында Қазақстандағы «кіші октябрьдің» авторы Голощекиннің қазақ халқын ашаршылыққа, босқындыққа ұшыратқан қанқұйлы саясатын символдық образдар арқылы ишарамен білдіруі. Поэмадағы Қызыл аттың еңбекші шаруаның образы екендігі. Дастандағы ақын бейнесі. Атты сипаттаудағы ақынның өзіндік жаңалығы.

«Көкшетау»(1929) поэмасы. Шығарма оқиғасының ел аузындағы аңыз-әңгімелермен сабақтастығы. Автордың Абылай хан образын сомдауда тек таптық тұрғыдан келіп, оны қатыгез, жексұрын етіп суреттеуі. Тұтқындағы қалмақ қызының, Адақ батырдың бейнелері.

Сәкеннің «Бақыт жолында»(1917), «Қызыл сұңқарлар» (1920) пьесалары және олардың қазақ драматургиясының туып, қалыптасуына ықпалы.Бұл пьесаларда таптық, топтық күрес пен әйел теңдігі мәселелерін көтеруі. Тартыстың нанымды шықпауыцндағы олқылықтар.

«Тар жол,тайғақ кешу» романы(1927). Шығарманың шежірелік, өмірбаяндық, публицистикалық сипаттары. Автордың сол кездегі «Үш жүз», «Алаш» партияларының көсемдеріне деген біржақты көзқарасы. Сәкен образы. Романдағы автор тұлғасы мен орта, заман, уақыт құбылыстарының диалектикалық бірлігі.

«Айша» повесі. Шығармада махаббат, ар-ұждан бостандығы мәселелерінің қозғалуы. Айша бейнесі. Оның басқа әйелдер образынан айырмашылығы.

«Жер қазғандар» повесі. Идеялық, көркемдік маңызы.Хикаядағы Гүлия-Бұзаубақ- Әзімхан сюжеттік линиясы арқылы жазушының адамгершілік мәселесін көтеруі.

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [22],[25], [61]

3-тақырып. Бейімбет Майлин (1894-1938)

Қазақ әдебиетінен Бейімбет Майлиннің алатын орны. Өмірбаянынан қысқаша мәлімет.

Қаламгердің жас кезінде жазған «Байлыққа», «Мал», «Жазғы қалып» өлеңдерінде кедей бұқараның мұң-мұқтажын жырлауы.

Ақынның жиырмасыншы жылдардың бас кезінде жазған «Рәзия қыы» (1920), «Зәйгүл» (1921), «Жігіт пен қыз», «Қашқын келіншек» өлеңдерінде әйел зарын паш етуі.

Бейімбет поэзиясындағы ауыл кедейінің бейнесі. Мырқымбай образы арқылы автордың кедейлердің басынан кешкен бүкіл өмір тарихын, олардың сана-сезіміндегі жаңа өзгерістерді сипаттауы. Бұл құбылыстардың «Мырқымбай», «Қазақ туралы кім не дейді», «Кедейдің кейістігі», «Әйт,шу,ала атым», «Қара сор» өлеңдерінде көрініс табуы. Осы жүйелі ойдың «Мырқымбай» атты пэмаға ұласуы.

Бейімбеттің лирикалық поэмалары. Олардың көлемінің шағын, оқиғасының тартымды келетіні.

«Сағындық»(1927), «маржан»(1923), «Кемпірдің ертегісі»(1927), «Қанай»(1928) поэмаларында әйел теңдігін, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысты, азамат соғысы жылдарының кейбір оқиғаларын суреттеуі.

«Шұғаның белгісі»(1915) повесінің Бейімбеттің проза жанрындағы алғашқы шығармасы екндігі. Повестің тақырыбы,идеясы. Шұға, Әбдірахман бейнелері.Кейбір ұнамсыз типтер.

«Талақ», «Естай ауылы», «Киелі сұлу» әңгімелерінде салт-сананың көрінісі.

Бейімбеттің қазақ аулын колхоздастыруға көзқарасы. «Күлтай болыс», «Қар шелек», «Көктеректің баурайында», «Қызыл әскердің семьясы» әңгімелерінде кедейлерді қоғамдық жұмысқа ұйымдастыру айтылса, «Арыстанбайдың Мұқышы», «онбес үй», «Қырманда» әңгіме, новеллаларында колхозға қарсы адамдарды сипаттауы.

«Раушан-коммунист» (1920) повесі. Раушан образы. Раушанның қоғамдық істерге араласуы.

«Азамат Азаматыч» (1934)романы. Романда қазақтығ оқыған зиялыларының суреттелуі.Реалист қаламгердің Азамат Азаматыч бейнесінен адам баласына кемшілік пен қателесу тән екендігін көрсетуі. Романдағы айнымалы, азғын әйел Мәриямның, Бұрынғы ақтың офицері Жүністің және Рахым Шегіров образдарының өмір шындығына сай суреттелуі. Романның толық аяқталмай қалғандығы.

Б.Майлиннің драматургиялық жанрда өнімді еңбек етуі. «Жалбыр»1916 жылғы қозғалыстың, «Амангелді» (Ғ.Мүсіреповпен бірге жазған), «Біздің жігіттер» туындыларында азамат соғысын суреттеуі.

«Майдан», «Талтаңбайдың тәртібі» драмалық шығармаларында колхоздастыру мәселесін көтеруі. Бұл шығармалар өткір тартысқа, сатираға құрылуы.

Б.Майлиннің «Ауыл мектебі», «Шаншар молда», «Неке қияр», «Көзілдірік», «Жасырын жиылыс», «Келін мен шешей» комедияларында ескілікті сынауы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [22],[25], [61]

 

4-тақырып. Ілияс Жансүгіров(1894-1938)

І.Жансүгіровтің әдебиеттің әртүрлі жанрына қалам тартып, барлық талант қырларының жарқырап көрінуі. Әсіресе поэзия саласындағы жетістігі.

Өмірбаяны туралы қысқаша мәлімет.

Шығармашылық жолының басында әлеуметтік мәселені көтеруі. «Не күйде», «Ел шетінде», «Жау бетінде», «Арыным» өлеңдері.

Қазақ поэзиясында Абай дәстүрін ілгері дамытып, табиғат көріністерін «Күз», «Жазғытұрым», «Жазғы шілде» өлеңдерінд суреттеуі.

Өндіріс туралы «Алтын қазан», «Заводта», «Жаңа дала» жырларын шығаруы.

«Қазақстан», «Мәскеу», «Ресей жері» өлеңдері арқылы достыққа үндеуі. Күншығыс халқының саяси-әлеуметтік санасын суреттейтін «Гималай» өлеңінің қысқа лирикалық өлеңнің озық үлгісі екендігі.

Өнер тақырыбына арналған өлеңдері: «Ән», «Әншіге».

І.Жансүгіровтің қазақ әдебиетінде поэма жанрының дамуына үлес қосып, «Байкал», «Рүстем қырғыны», «Жаңа туған», «Кәмпеске», «Дала», «Күй», «Күйші», «Құлагер» туындыларын жазуы.

«Күй»(1929), «Күйші» (1935) поэмаларында күй құдыретін, өнердің эстетикалық мәнін, сыры мен сипатын шабытпен өрнектеуі. Қобызшы Молықбай образы. Күйші үйсін жігіті мен Қарашаш бейнелері.

«Құлагер» поэмасында Ақан сері образын сомдауы.

Проза жанрындағы алғашқы қадамдары. «Құқ» атты фельетондар жинағы.

«Жолдастар» романы (1935).Онда төңкеріс қарсаңындағы қазақ кедейлерінің аянышты өмірі. Сатан, Мардан, Шалматай, Нәзипалардың кесек образ дәрежесіне жетпей қалуы. Сюжет құрудағы кемшіліктер.

«Кек»(1931), «Түрксиб»(1934), «Исатай-Махамбет»(1936) пьесалары. Махамбет бейнесін поэзия тілімен драмалық образ дәрежесіне көтерудегі шеберлігі. Исатай бейнесі.

Аудармалары. Пушкиннің «Гаврилиада», «Евгений Онегин» шығармаларын аударуы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [22],[25], [61]

 

5-тақырып. Жамбыл Жабаев(1846-1945)

Өмірбаяны туралы қысқаша мәлімет.

Қазақтың халық поэзиясындағы дәстүрлерді дамытудағы Жамбылдың орны. Қазан төңкерісінен кейіңн Жамбыл шығармашылығының қайта гүлденуі. Соған байланысты «Менің өмірім», «Менің бақытым» дастандары.

Жамбылдың жас кезінде қайым айтысқа түсіп, өнерін шыңдауы. «Кәмшат қызға», «Жаныс ақынға» және Айкүміспен, Бөлектің қызымен сөз қағыстырулары.

Жамбылдың Құлмамбетпен (1881), Сарыбаспен(1895),Досмағанбетпен (1904), Шашубаймен (1909) айтыстары.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің «Зілді бұйрық», «Патша әмірі тарылды» өлеңдерінде көрінісі.

Жамбыл шығармашылығындағы қайта өрлеу. Ақынның 1936 жылы Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысуы. Мәскеу сапарының әсерімен жазылған «Ленин мавзолейінде», «Туған еліме», «Халықтар сәлемі», т.б. өлеңдерінде халықтар арасындағы достықты жырлауы.

1938 жылы тойланған Жамбылдың 75 жылдық мерейтойы. Осы ұлан-асыр тойдың тұсында ақынның өткен өмірі мен қазіргі қуанышын салыстыра отырып «Тағы да бітті жаңа күн», «Қайта келген жастық», «Мәстек пен тұлпар», т.б. өлеңдерін шығаруы.

Ұлы Отан соғысы жылдарында Жамбылдың «Ата жаумен айқастық», «Ленинградтық өрендерім», «Отан әмірі», «Алынбас қамал», «Балама хат» өлеңдерін шығаруы.

«Өтеген батыр» дастаны. Тақырыбы мен идеясы. Өтеген батырдың малға өріс, халыққа жаңа қоныс, бақытты өмір іздеуінің қоғамдық мәні.Дастандағы ауыз әдебиетіне тән мифтік көріністер мен сюжеттер. Поэманың көркемдік ерекшеліктері.

«Сұраншы батыр» поэмасы. Шығармадағы Сұраншы Хакімбеков бейнесінің ХІХ ғасырдағы тарихи шындықпен тонның ішкі бауындай байланысып жатуы. Поэмадағы ел қорғау проблемасы мен халықтар достығының сипаты.Тарихи деректің көркемдік шындықпен жалғасып жатқандығы..

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [5], [18] [22],[25], [61]

 

6-тақырып. Иса Байзақов(1900-1946)

Иса Байзақовтың шығармашылық өмір жолы. Ақындық өнері.Өлеңді суырып салып та, жазбаша да шығаратыны. Яғни, Исаның талант қырлары мол екендігі.

Исаның «Қарталы», «Киров каналы», «Мақтандым бүгін, мақтандым», «Біздің еңбек», «Неге Алатау шаттанды», «Аэроплан» өлеңдерінде ауыз әдебиетінде орныққан бейнелеу құралдарын қолдана отырып, кеңес заманының әр түрлі жаңалықтарын көпшілікке паш етуі.

«Қордайдан өткенде», «Киров каналы», «Қарталы», «Горький» және т.б. өлең-толғауларында Түркістан-Сібір теміржолының іске қосылуына байланысты өндіріс, шаруашылық, мәдениет саласындағы жетістіктерге қатысы бар елеулі оқиғаларға ден қоюы.

Исаның әншілік,сазгерлік, термешілік өнері. Оның «Жастар маршы», «Ақайша», «Жаңа өмір», «Ұлы заң», «Сұр желгенше» ән-өлеңдері.

«Құралай сұлу» (1925) поэмасы. Поэма сюжетінің ауыз әдебиеті үлгісінде құрылғандығы. Ел қорғау, отаншылдық идеясын көтеруі. Жастар махаббаты. Құралай мен Келден бейнелері. Поэманың көркемдігі.

«Алтай аясында»(1925-34) поэмасындағы Еркежан мен Балағаз бейнелері. Қалмақтың шонжарлары Кәпін мен Кәбіктерінің жағымсыз іс-әрекеттері.

«Ақбөпе»(1941) поэмасы. Поэмадағы тартыстың Ақбөпе мен Әміржан сезімдеріне құрылуы. Поэмадағы Ақажан, Әбіш, Құдияр образдары арқылы таптық қарама-қайшылықтың ашылуы. Оларға қарсы тұрған Ақбөпе, Әмірхан сияқты жасьар бейнелері.Поэманың қазақ поэзиясынан елеулі орын алатыны жәнекөркемдік ерекшеліктері, тілдік өрнектері.

«Он бір күн, он бір түн» (1938) поэмасының суырыпсалмалық талантының жарқын көрінісі екендігі. Дастанда Мәскеуден Қиыр Шығысқа дейін еш жерге қонбай ұшуға талаптанған Марина Раскова ерлігінің мадақталуы. Ұшағы апатқа ұшыраған М.Раскованың қалың тайгада адасып жүріп көрген қиындықтары. Ұшқыш қыздың табандылығы мен ержүректілігі. Поэманың сюжеттік желісі мен тіл көркемдігі.

Иса Байзақов шығармаларының қазақ поэзиясынан алатын орны мен көркемдік ерекшеліктері.







Date: 2015-09-26; view: 5294; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.032 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию