Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып. Қазіргі қазақ әдебиетінің даму кезеңдері





1. 1917-1940жж. ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ елінің тәуелсіздігі мен азаттығы үшін күрес. Оның көркем әдебиетке тигізген ықпалы. Осыған орай қазақ әдебиетінде азатшылдық,ағартушы-демократтық және ұлттық қасиеттің өріс алуы. Олардың қатарында А.Байтұрсынов, М.Дулатов,М.Дулатов, М.Жұмабаев,Ж.Аймауытов,С.Торайғыров,т.б. болуы.

Азатшылдық идеясын насихаттағандар: М.Дулатов («Оян,қазақ»), А.Байтұрсынов («Тілек батам», «Жұбату»), М.Жұмабаев («Бостандық»), С.Торайғыров («Алаш ұраны»).

Қазақ әдебиеті үшін тың тақырып - өндіріске арналған Ғ.Мұстафиннің «Өмір не өлім», С.Ерубаевтың «Менің құрдастарым», Ғ.Слановтың «Арман ағысы» романдарының жазылуы.

Проза жанрында өмірбаяндық шығармалардың жазыла бастауы: «Тар жол, тайғақ кешу» (С.Сейфуллин), «Менің мектептерім» (С.Мұқанов).

Б.Майлиннің «Азамат Азаматыч» романында кеңес өкіметі зиялыларының сипатталуы.

Жазушы Сабыр Шәріповтің Иран өмірі негізінде «Рузы Иран» (1935), «Ләйлә» (1936) повестерін жазуы. «Бекболат» (1937) повесінде 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысты сипаттауы.

Ғ.Мүсіреповтің әңгіме жанрындағы сәтті қадамдары. «Талпақ танау», «Күсен», «Шұғыла».

Отызыншы жылдары драматургиялық шығармалардың жазылуы, олардың халықтың 1916 жылғы ұлт-азаттық күресі тарихына, ауыз әдебиеті сюжетіне құрылуы. М.Әуезовтің «Түнгі сарыны», Б.Майлиннің «Жалбыр, «Дұға», Ғ.Мүсіреповтің «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» пьесалары.

Осы жылдары әдебиет тарихын зерттеу менсын жанрының өрістеуі. С.Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» (1932), С.Мұқановтың «ХХ ғ. қазақ әдебиеті» (1932), М.Әуезов, Ә.Қоңыратбаев, М.Жолдыбаевтардың «ХІХ ғ мен ХХ ғ. басындағы қазақ әдебиетінің оқу кітабы».

Сыншы Ғ.Тоғжановтың Абай туралы қарама-қайшы пікірі.

2. Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті (1941-1945)

Қазақ жазушыларының майданға аттануы. Б.Бұлқышев, А.Жұмағалиевтердің майданда қаза болуы.

Осы кезеңде қазақ поэзиясының басты тақырыбы – Ұлы Отанды қатыгез, зұлым жаудан қорғау.

Ж.Жабаевтың «Ленинградтық өрендерім», «Алынбас қамал», Ә.Тәжібаевтың «Ленинград», Ж.Сайнның «Айтылмай кеткен аманат», «Партизандар», «Жаралы партизан жырлары», «Қ.Аманжоловтың «Байкал»,

«Ақын өлімі туралы аңыз», Ә.Сәрсенбаевтың Балқан, Балатон, Вена жырлары.

Халық роэзиясының дәстүрлі жанры – айтыстың қайта жандануы. 1943 жылы Алматы, Қарағанды қалаларында өткен ақындар айтысында Ш.Қошқарбаев, К.Әзірбаев, Н.Баймұратов, Н.Бекежанов сияқты ақындардың қатысуы.

Осы жылдары туған бірсыпыра пэмалардың Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырлар өмірінен алынып жазылуы. Жаңа герой жасауға талпыныс. Н.Баймұратов («Ер Төлеген»), Н.Байғанин («Ер туралы жыр»), М.Хакімжанова (Мәншүк), Қ. Сатыбалдин («Мәншүк»).

Осы тақырыпқа жазылған өлең-жырлардың елде қалып, тылда еңбек еткендердің ерлігіне арналуы. Ж.Жабаевтың «Темір тұлпар мінген қыз», А.Тоқмағамбетовтің «Мұнай бер», Ә.Тәжібаевтың «Қарағанды шахтерлеріне», Ғ.Ормановтың «Жар жалауы», «Жылқышы»атты шығармалары.


Сол сияқты қазақтың жауынгер жазушысы Баубек Бұлқышевтің (1917-1943) өмірге деген махаббат, отаншылдық, ерлік сезімдерінің «Өмір мен өлім туралы», «Шығыс ұлына хат», «Тыңда, Кавказ», «Мен өмір сүргім келеді», т.б. мақала-очерктерінде көрініс табуы.

Ғ.Мүсіреповтің Ұлы Отан соғысы тақырыбына арнап «Ер Ана», «Ақлима», «Ту да, намыс та біздің қолда» атты әңгіме, очерктер және «Қазақ батыры» (1945) повесін жазуы. Повестің «Қазақ солдаты» атты романға айналуы.

Ғ.Мұстафиннің «Шығанақ» романының жазылуы. Шығармада 30-жылдардағы және соғыс кезіндегі елеулі қоғамдық құбылыстардың қамтылуы. Автордың коммунистік идеологияның әсерімен жалған тартысқа бой ұруы.

1942 жылы М.Әуезовтің «Абай» романының бірінші кітабының басылып шығуы.

Соғыс жылдарында дрматургияның дамуы: «Сын сағатта»(М.Әуезов), «Намыс гвардиясы» (М.Әуезов,Ә.Әбішев), «Қынаптағы қылыш» (М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов), «Мәншүк» (Ә.Тәжібаев, Ш.Құсайынов).

Осы кезеңдегі әдебиет сыны мен әдебиеттану ғылымының дамуы. Академик Орлов пен Маловтың қазақтың батырлық эпосы, ауыз әдебиеті хақында көлемді зерттеулері.

С.Мұқановтың «18-19 ғасырдағы қазақ әдебиетінің очеркі» атты еңбегінің басылуы.







Date: 2015-09-26; view: 2910; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию