Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жылдардағы қазақ әдебиеті. 4 page





«Шындық шырқайды» жинағына енген әңгіме, очерк, публицистикалық мақалалары арқылы мазасыз уақыттың көкейкесті мәселелеріне үн қосып отыруы. «Ғұмырнама» кітабында өз заманы мен замандастары туралы сыр шертетіні.

Х.Ерғалиевтің әлем әдебиетінің көрнекті өкілдері Дж.Байрон, Ә.Науаи, Низами, Софокл, Назым Хикмет, Пабло Неруда, М.Лермонтов, А.Пүшкин, У.Шекспир шығармаларын аударғаны. Соның ішінде Шекспирдің сонеттері мен «Гамлет», Ричард «III» трагедиялары, «Дуалы күнгі думан» комедиясы, Қырғыз эпосы «Манас» (4 кітап), қарақалпақ эпосы «Қырық қыз» аудармаларының әдебиетімізге қосылған елеулі үлес екендігі.

Х.Ерғалиевтің шығармашылығының зерттелуі.

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [5],[22], [25]

 

20-тақырып. Әбдіжәміл Нұрпейісов(1924)

Жазушы, драматург, публицист, әдебиет-сыншысы, аудармашы, қоғам қайраткері, СССР және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы.

Өскен ортасы, білім алған мектепетрі. Шығармашылық жолы. Қоғамдық күрескерлік тұлғасы.

«Курляндия» (1950) романына 1942-45 ж.ж. Курляндия плацдармындағы

қырғын соғыс шайқастарының арқау етілетіндігі. Есей бейнесінің көп белгілері. Курляндия операциясының бел ортасында жүрген жауынгер Нұрпейісовке ортақтығы. Романдағы көркемдік шындықтың майдан шындығымен біте қайнасып кетуі. Тәжірибесі аз қаламгердің алғашқы туындысы екендігіне қарамастан оның республикалық сыйлыққа ие болғандығы. Кейінірек оны жазушыныың «Күткен күн» деген атпен жариялатуы. Отанын жаудан қорғап жүрген, мақсат-мүддесін тоғыстырған халықтардың достығы, адамгершілік, моральдық тұлғасының терең ашылатындығы.

«Қан мен тер» трилогиясындағы рухани қайсарлық пен суреткерлік кемлділіктің тоғысы. 1913-1920 жылдардағы Арал өңірінде өткен тарихи оқиғалардың күллі қазақ сахарасына ортақ шындығын толғап, ескі қоғамдық формацияның аласапыран күрес нәтижесінде шұғыл төңкеріс екпінімен жаңа формацияға орын беруінің адам рухы арқылы көрінуі. Төңкерістің қазақ сахарасына емес, сахараның төңкеріске келуін реалистік шындық негізінде шеберлікпен бейнелегені. Еламан, Кәлен, Сүйеу, Ақбала, Мөңке, Әли, Қара қатын, Судырақмет, Тәңірберген, Қалау, Құдайменде, Тентек Шодыр, Колчак, т.б. бейнелері. Композиция құрудағы жаңашылдық, сюжет пен характер, психологиялық талдау, портрет жасау жолындағы ізденістер. Жазушының трилогия негізінде драмалық туынды, киносценарий жазуы.

«Сең» (1983) романы. «Сеңнің» Еуропалық көркем романдардың үздік жетістіктерін шығармашылықпен игеріп, сезім сергелдеңі мен ар арпалысын, ірі қоғамдық-әлеуметтік мәселелерді жеріне жеткізе бейнелеу талабынан «Соңғы парыз» (1999) дилогиясына айналуы. Шығарманың ішкі динамизімінің қуаттылығы, тақырыбының өзектілігі. Өзімшіл саясаттың экологиялық проблемалар төңірегіндегі қасіретке тап қылуы. Жәдігер мен Әзімнің ар алдындағы жауапкершілігін, азаматтық боыршын сезінудегі кереғарлықтың үстемдігі. Әзім мен Жәдігер арасындағы Арал теңізінің болашағы жайлы тартыс, реалистік көзқарас пен консервативтік көзқарастың бітіспес болымыс. Ә.Нұрпейісовтің табиғат трагедиясы мен адам трагедиясын параллель өрістетуі, романды адамзаттық трагедия дәрежесіне көтеруі. Жазушының дилогияда тоқырау кезеңін суреттей отырып, социалистік қоғамның күйреуіне әкеп соққан саяси-әлеуметтік мәселелерді ашық көрсеткені. «Сең» мен «Соңғы парыз» романдарының жанры, поэтикасы.


Ә.Нұрпейісовтің очерктері мен әдеби-сын мақалалары. «Толғау», «Жүрегі толы жыр еді», «Ақ бидай туралы аңыз» атты жинақтарында Л.Толстой, Ф.Достоевский, И.Тургенев, Ж.Жабаев, М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мұстафин, Ш.Айтматов шығармашылығы туралы ой айтқаны. М.Әуезов, Ф.Достоевский, И.Тургенев, М.Горький, Жамбылдардың әдеби портреттерін сомдауы. «Алыптар халықтан» атты және «АннаКаренинаның» аудармасы туралы эстетикалық, публицистикалық, танымдық мақалалары.

Ә.Нұрпейісовтің Чеховтің, Горькийдің, Н.Хикметтің, испан жазушысы Кэсонның пьесаларын аударғаны.

Шығармашылығының зерттелу жайы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [20],[22], [28] ],[26], [49]

21-тақырып. Жұбан Молдағалиев (1920-1988)

Ақын, публицист, сыншы, қоғам қайраткері. КСРО және Қазақстан мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты. Қазақстанның халық жазушысы.

Өскен ортасы, білім алған мектептері, еңбек жолы, қоғамдық қызметтері. Ақын қаламынынң соғыс жағдайында шыңдалуы. Тұңғыш кітабы «Жеңіс жырларының» (1949) жарық көруі. Жинақтың мазмұны мен идеялық қуаты. Ерлік пен ізгілік сезімді суреттеу жолындағы ізденістері. Ол ізденістердің кейінгі туындылары «Мен қазақ әйеліне қайран қаламын», «Аққу», «Еділ мен Жайық», «Қызыл кітап», «Сусыны сусағанның табылғандай», «Ана туралы баллада», «Дала дастаны», «Қарқаралы көріністері», «Әйелдерге мадақ», «Хатшыға хат», «Менің халқым» жырларында жалғасын тауып, азаматтық пафостың, асқақ сезімнің, тақырып кеңдігінің айқын көрінуі. Ақын поэзиясындағы азаматтық әуен мен нәзік лиризмнің үндестігі.

Жұбан - эпик ақын. «Жеңіс жыры» (1949), «Нұрлы жол» (1951), «Жыр туралы жыр» (1958), «Жесір тағдыры» (1961), «Ғашық көзбен» (1965), «Замана тынысы» (1962), «Айттым сәлем» (1966), «Кісен ашқан», «Қыран дала» (1964), «Сел» (1975), «Байқоңыр баспалдақтары» (1979), «Ақ жауын» (1985) және өмірінің соңғы жағында туған «Кек» тарихи поэмасы.

Ж.Молдағалиевтің поэзияны тақырыптық, мазмұндық, түрлік, образдық көркемдік келісімімен байытқаны. Реалистік қуат, романтикалық леп, тақырып алуандығы, ақынның өзіндік стилі.

Ж.Молдағалиев – орыс әдебиетінің озық үлгілерін аударғаны, көркем публицистика саласында да жемісті еңбек еткен қаламгер.

Шығармашылық мұрасының зерттелу жайы.

Ұсынылатын әдебиет: [1], [2], [5],[22], [25],[29]

 







Date: 2015-09-26; view: 1143; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию