Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдардың істері бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері мен тәртібі
Қылмыстық ізге түсуден иммуниетгері бар адамдарға қатысты қылмыстық істі мемлекеттік органының рұқсатымен ғана жүзеге асады. Сонымен Парламент депутатын, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы мен мүшесін жауапқа тартуға, қамауға алуға, мәжбүрлеп келтіруге келісім алу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Парламентінің Сенатына немесе Мәжілісіне ұсыныс енгізеді. Ұсыныс депутатқа айып тағу, қамауға алуға санкция беру, депутатты қылмыстық ізге түсу органына мәжбүрлеп жеткізу қажеттігі туралы мәселені шешу алдында енгізіледі ( ҚР ҚІЖК496-497-баптар). Егер Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палатасы депутатты қылмыстық жауапқа тартуға келісім берсе, бұдан кейінгі тергеу осы Кодексте белгіленген 496-бапқа сәйкес белгіленген тәртіппен осы бапта кезделген ерекшеліктер ескеріле отырып жүргізіледі. Егер Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палатасы қамауға алуға, мәжбүрлеп келтіруге келісім берсе, депутатқа осы бұлтартпау шараларын, іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы мәселе осы Кодексте белгіленген тәртіппен шешіледі. Егер Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палатасы депутатты қылмыстық жауапқа тартуға келісім бермеген жағдайда қылмыстық іс қысқартылуға жатады. (ҚР ҚІЖК-нің 37-бап негізінде емес). Егер Қазақстан Республикасы Парламентінің тиісті Палатасы қамауға алуға, мәжбүрлеп келтіруге келісім бермеген жағдайда, депутатқа ҚР ҚІЖК-нің белгіленген тәртіппен өзге бұлтартпау, іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары қолданылуы мүмкін. Қылмыс жасаған деп айыпталушы Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатын қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді (496-бап, 3—1-бөлік). Қылмыс жасаған деп айыпталушы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасын немесе мүшесін қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді (ҚР ҚІЖК-нің 497-бап 3-бөлігі). Тергеу жұмыстарын жүргізуге тиіс санкцияны, қамау мерзімін ұзартуды ҚР ҚІЖК-нің 153-бабында көзделген тәртіппен судья жүргізеді. Іс жүргізілу аяқталғаннан кейін істі айыптау қорытындысымен бірге тергеуші ҚР ҚІЖК-де белгіленген тәртіппен сотқа жіберу үшін Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына береді. Судьяға қатысты алдын ала тергеу ісін жүргізу. (ҚР ҚІЖК 498-бап). Сот терешісіне Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Кеңесінің қорытындысына негізделген келісімінсіз не Конституцияның 55- бабының 3) тармақшасында көзделген жағдайда қылмыс үстінде қолға түсу немесе аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімінсіз қамауға алынбайды, мәжбүрлеп келтірілмейді, қылмыстық жауапқа тартылмайды. Қылмыс жасаған деп айыпталушы судьяны қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді (ҚР ҚІЖК 498-бап, 3-1-бөлігі). Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының шешімін алған соң іс бойынша әрі қарай іс жүргізу осы Кодекстің 496-бабының бөліктерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорьгаа қатысты алдын ала тергеу ісін жүргізу (ҚР ҚІЖК 499-бап). Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты қылмыстық істі оның бірінші орынбасары ғана қозғауы мүмкін. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорын өзіне қатысты іс қозғалған кезден бастап Бас Прокурордың бірінші орынбасарының ұсынысы бойынша тергеу аякталғанға дейін өзінің қызметтерін атқарудан Қазақстан Республикасының Президенті шеттетеді. Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры өзінің өкілеттіктерінің мерзімі ішінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келісімінсіз, қылмыс үстінде қолға түскен немесе ауыр немесе аса ауыр қылмыстар жасау жағдайларын қоспағанда, қамауға алынбайды, мәжбүрлеп келтірілмейді, қылмыстық жауапқа тартылмайды. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорын қылмыстық жауапқа тартуға, қамауға алуға, мәжбүрлеп келтіруге келісім алу үшін Бас Прокурордың бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына ұсыныс енгізеді. Ұсыныс Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына айып тағудың, қамауға алуға санкция берудің, оны қылмыстық ізге түсу органына мәжбүрлеп жеткізудің қажет екені туралы мәселені шешудің алдында енгізіледі. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатынан шешім алған соң іс бойынша одан әрі іс жүргізу ҚР ҚІЖК-нің 496-бабының бірінші төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші беліктерінде белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Қылмыс жасаған деп айыпталушы Қазақстан Республикасы Бас Прокурорын қамауға алу немесе үйде қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция беру туралы мәселені алдын ала тергеуді жүзеге асыратын адамның Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары қолдаған қаулысының негізінде Астана қаласының аудандық соты шешеді (ҚР ҚІЖК 499-бап, 3-1-бөлігі). Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты қылмыстық істі тексерудің заңдылығын қадағалауды оның бірінші орынбасары жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты тергеу қимылын жүргізуге санкцияны оның бірінші орынбасары береді. Айыптау қорытындысымен бірге аяқталған істі тергеуші ҚР ҚІЖК-де белгіленген тәртіппен сотқа жіберу үшін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасарына тапсырады. Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты қылмыстық істі тексерудің зандылығын қадағалауды оның бірінші орынбасары жүзеге асырады. Қылмыстық ізге түсуден иммунитеттері бар адамдарға қатысты қылмыстық істі соттың талқылауы. Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатына, Конституциялық Кеңесінің Төрағасына немесе мүшесіне, сот төрешісіне, Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына қатысты қылмыстық істі соттың талқылауы ҚР ҚІЖК-нің 500-бабын ескере отырып, сотта талқылаудың жалпы ережелер бойынша жүргізіледі. Иммунитеті бар, жеке басына қол сұғылмайтын адамдар қоғамда біркелкі болып танылмайды. Шексіз қол сұқпаушылық жазасыздық заң алдындағы және адам алдындағы ерекшелікке әкеледі. Әр адам заң алдында тең. Депутаттық, соттық иммунитетті алып тастау жазалауды, бюрократизмді және жемқорлықты шектейді. Бұл пікірмен келісуге тура келеді. 5. Жынысына, ұлтына, жасына қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында қылмыс жасаған адам қылмыстық жазаға тартылады. Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының барлық зандары мен бостаңдықтарымен қолданып, сонымен қоса Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты заң бұзғаны үшін жауапқа тартылады. Бұл қылмыстық заң алдында шетел азаматы мен Қазақстан азаматының арасындағы тең кұқықтық принципі. Шетел азаматтары - бұл Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын, тек қолында шетел азаматы деген төлқұжаты бар адамдар. Шетел азаматтарының құқықтық жайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заң органдарымен, халықаралық келісімшартпен, және жалпы халықаралық құқықпен анықталады. Шетел азаматтарына қылмыстық іс жүргізуді мынадай категорияларға бөлуден тұрады: а) Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратындар; в) дипломатиялық иммунитеті бар адамдар; г) қашқындар. Қазақстан Республикасының зандарына және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес қылмыстық ізіне түсуден иммунитетті мынадай шетел азаматтары пайдаланады (ҚР ҚІЖК 501-бап): 1)шет мемлекеттің дипломатиялық өкілдерінің дипломатиялық қызметкерлері және, егер олармен бірге тұрса және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса, олардың отбасыларының мүшелері; 2)өзара негізде дипломатиялық өкілдердің қызмет көрсету қызметкерлерімен, егер осы қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса; 3)өзара негізде дипломатиялық өкілдердің әкімшілік-техникалық қызметтерінің қызметкерлері және, егер бұл қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелері Қазақстан Республикасынын азаматтары болып табылмаса немесе Қазақстанда тұрақты тұрмаса, олармен бірге тұратын олардың отбасыларының мүшелері; 4)дипломатиялық курьерлер; 5)консулдықтардың басшылары мен олардың қызмет міндеттерін атқару кезінде жасаған әрекеттеріне қатысты, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, басқа да консулдық лауазымды адамдар; 6) шет мемлекетгердің басшылары мен қызметкерлері; 7) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтуші шет мемлекеттердің үшінші бір елдегі дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары, өкілдіктерінің қызметкерлері және ол адамдардың қасына еріп жүретін немесе оларға қосылу немесе өзінің еліне оралу үшін жеке келе жатқан олардың отбасыларының мүшелері; 8)шет мемлекеттердің басшылары мен өкілдері, делегациялардың мүшелері және өзара негізде халықаралық келіссөздерге, конференциялар мен кеңестерге қатысу үшін немесе басқа ресми тапсырмалармен келетін не соңдай мақсаттармен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жол шеккендер; 9) дипломатиялық иммунитетпен сонымен қоса отбасы мүшелері және олардың жолсеріктері бола алады; 10) халықаралык ұйымдардағы шет мемлекетгер өкілдерінің басшылары, мүшелері мен қызметкерлері, халықаралык шарттардың немесе жалпы жұрттарының халықаралық салт-дәстүрлер негізінде; 11)Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін осы ұйымдардың лауазымды адамдары; 12) Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес басқа да адамдар. ҚР ҚІЖК-нің 501-бабына сәйкее дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, консулдар, дипломатаялық курьерлер және Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес өзге де адамдар қылмыстық ізіне түсушілікке шет мемлекет қылмыстық ізіне түсушілік иммунитетінен үзілді-кесілді бас тарту жасаған жағдайда қылмыстық ізіне түсушілікке ұшырауы мүмкін. Мұндай бас тарту туралы мәселе Бас Прокурордың ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы дипломатиялық жолмен шешіледі. Тиісті шет мемлекеттің аталған адамдар жөнінде қылмыстық ізіне түсушілік иммунитетінен бас тарту болмаған жағдайда оларға қатысты қылмыстық іс қозғалмайды, ал қозғалған іс тоқтатылуға тиіс. Әкімшілік-техникалық қызметтерінің қызметкерлері және, егер бұл қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелері және олармен бірге тұратын адамдар, дипломатиялық қызметкерлердің жасаған қылмысы өздерінің қызмет міндеттерін атқаруға байланысты болған және Қазақстан Республикасының мүдделеріне қарсы бағытталмаған жағдайларды қоспағанда, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе қолданылмайды (КР КДЖК 501-бап). Халықаралық құқықта былай ажыратады: а) дипломатиялық иммунитеттер және өкілдің айрықша құқығы; 6) жеке иммунитеттер мен ерекше құқықтар. Дипломатиялық иммунитетке мынадай маңызы бар ерекше құқықтар жатады: үйге қол сұқпаушылық (мекеме және жер учаскесі), заттары мен жүріп тұру құралдарына, корресповденті мен мұрағатына қол сұғылмайды, өз елінің қызметкерімен еркін сөйлесуге, кеден жарналарынан босату және т.б. Дпломатиялық поштаны басуға және ұстауға болмайды. ҚР ҚІЖК-нің 502-бабына сәйкес дипломатиялық өкілдік басшысының резиденциясы, дипломатиялық өкілдік орналасқан үй-жайлар, дипломатиялық қызметкерлер мен олардың отбасылары мүшелерінің тұрғын үй-жайлары, олардағы мүлік пен жүріп-тұру құралдары қол сұғылмайтын болып табылады. Осы үй-жайларға кіру, сондай-ақ тінту, сұрыптап алу, мүлікке тыйым салу дипломатиялық өкілдік басшысының немесе оны алмастыратын адамның келісімімен ғана жүргізіледі. Дипломатиялық өкілдіктің қызмет көрсетуші қызметкерлер және олармен, егер бұл қызметкерлер мен олардың отбасыларының мүшелері Қазақстан Республикасының азаматтары болмаса, олармен бірге тұратын олардың отбасыларының мүшелері орналасқан тұрғын үй-жайларға қолданылады. Дипломатиялық өкілдіктер мен консулдықтардың қол сұғуға болмайтын үй-жайларға кіруге, оларға тінту жүргізуге, мұрағаттары мен ресми жазысқан хаттарын тінту, дипломатиялық өкілдіктер мен консулдықтар басшыларының келісімін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы прокурор сұратады. Аталған жағдайларда тінту, сұрыптап алу, қарау прокурордың және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің қатысуымен жүргізіледі (ҚР ҚІЖК 504-бап). Жеке иммунитетке мыналар жатады: дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, осы өкілдіктердің қызметкерлері мен отбасы мүшелері және де дипломатиялық курьерлер, басшылары мен өкілдері, парламент мүшелері, БҰҰ-ның қызметкерлері, сондай-ақ өзге де адамдар жеке басына тиіспеушілік құқығын пайдаланады. Оларға қатысты занды күшіне енген үкімді орындау үшін қажет жағдайларды қоспағанда, оларды ұстауға және қамауға алуға болмайды. Дипломатиялық қызмет көрсету қызметкерлері және олардың отбасы мүшелерімен қоса әкімшілік-техникалық қызметтерінің қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері (ҚР ҚІЖК-нің 501-бабының 1,2,3-бөлімдеріне) сәйкес егер Қазақстан Республикасының халықаралық шартында өзгеше көзделмесе, олар ауыр, аса ауыр қылмыс жасағаны үшін ізіне түскен жағдайда не соттың занды күшіне енген үкімін орындау кезінде ғана ұсталуы немесе қамауға алынуы мүмкін (ҚР ҚІЖК 502-бабы). Дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, осы өкілдіктердің қызметкерлері мен отбасы мүшелері және де дипломатиялық курьерлер, басшылары мен өкілдері, парламент мүшелері, БҰҰ-ның қызметкерлері, сондай-ақ өзге де адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес куәгер, жәбірленуші ретінде айғақтар бермеуіне болады. Ал мұндай айғақтарды беруге келіскен жағдайда бұл үшін қылмыстық процесті жүргізуші органға келуі міндетті емес. Аталған адамдарға тапсырылған жауап алуға шақыру қағазында олардьщ қылмыстық процесті жүргізуші органға келмегені үшін мәжбүрлеу шараларымен қоқан-лоққы жасалмауы тиіс. Егер осы адамдар алдын ала тергеуде жәбірленуші, куәгер ретінде айғақтар берген, ал сот отырысына келмеген жағдайда, сот олардың айғақтарын оқып бере алады. Дипломатиялық өкілдіктердің басшылары, осы өкілдіктердің қызметкерлері мен отбасы мүшелері өздерінің қызмет міндетгерін атқаруына байланысты мәселелер бойынша берген айғақтарды қоспағанда, куәгерлер мен жәбірленушілер ретінде айғақтар беруден бас тарта алмайды. Консулдық лауазымды адамдар куәгерлік айғақтар беруден бас тартқан жағдайда оларға іс жүргізушілік мәжбүрлеу шаралары қолданыла алмайды. Дипломатиялық иммунитетті пайдаланушы адамдар қылмыстық процесті жүргізуші органға хат-хабар мен өздерінің қызметтік міндетін атқаруға қатысты басқа да құжаттарды табыс етуге міндетті емес (ҚР ҚІЖК 503-бап). Сонымен, иммунитеті бар шетел азаматы Қазақстан Республикасының халықаралық шартына сәйкес қамауға алынуы, ұсталуы, тергеу органына мәжбүрлеп келтірілуі, қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін емес. Егер сот айыптау қаулысын шығарған жағдайда да іс қаралмайды. Кез келген жағдайда тергеу органдары мен сот дипломатиялық қол сұқпаушылыққа байланысты қылмыстық істі тоқтатқаны жайлы қаулы шығарады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Жеке тәртіппен қылмыстық ізге түсудің жүзеге асырылуының түсінігі, мәні. Қылмыстық ізге түсу жеке тұрде асырылуы мүмкін қылмыстардың тізбегі. 2. Жеке айыптау істері бойынша судьяның іс әрекеті. 3. Жеке айыптау істері бойынша шагымды қарау бойынша судьяның іс әрекеттері. 4. Жеке айыптау істері бойынша тараптардың ынтасымен дәлелдемелерді ұсыну мен жинау. 5. Сот отырысында жеке айыптау істерін қарау тәртіптері. Сот талқылауын тағайындаудың мерзімдері. 6. Кәмелетке толмағандарға катысты қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудын халықаралық стандартты және тәртіптері. 7. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша іс жүргізуді бөлектеу. Кәмелетке толмағандардың қылмыстарды туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі. 8. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істері бойынша іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалау. 9. Қазакстан Республикасының депутатына қатысты қылмыстық істі козғау, қамауға алу, күштеп әкелудің іс жүргізушілік тәртіптері. 10. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің төрағасы мен мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қозғау, алдын ала тергеу жүргізудің, қылмыстық жауапқа тартудың, камауға алудың, күштеп алудың іс жүргізушілік тәртіптері. 11. Судьяға қатысты алдын ала тергеуді жүргізудің ерекшеліктері. 12. Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты алдын ала тергеу жүргізудің ерекшеліктері. Бас прокурорына қатысты қылмыстық ісі бойынша алдын ала тергеудің заңдылығына кадағалау. Қазақстан Республикасы Парламент депутаттарына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы мен мүшелеріне, судьяларына, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты сот талқылауын жүргізудің ерекшеліктері. 13. Қылмыстық ізге түсуден дипломатиялық иммунитеттері бар тұлғалар. 14. Дипломатиялық иммунитеттері бар тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғау және оларды қылмыстық жауапқа тарту ерекшеліктері. 15. Дипломатиялық иммунитеттері бар тулғаларды ұстау мен камауға алу. 16. Жауап беруден дипломатиялық иммунитет. Мекен-жайлар мен құжаттардың дипломатиялық иммунитеттері. Date: 2015-09-19; view: 1232; Нарушение авторских прав |