Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырып. Қылмыстық істердін жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктері
Дәріс мақсаты: Қылмыстық істердін жекелеген санаттары бойынша іс жүргізудің ерекшеліктерін ашу. Қысқаша мазмұны: 1. Жеке тәртіппен қылмыстық ізге түсудің жүзеге асырылуының түсінігі, мәні. Қылмыстық ізге түсу жеке тұрде асырылуы мүмкін қылмыстардың тізбегі. Жеке айыптау істері бойынша судьяның іс әрекеті. Жеке айыптау істері бойынша шагымды қарау бойынша судьяның іс әрекеттері. Жеке айыптау істері бойынша тараптардың ынтасымен дәлелдемелерді ұсыну мен жинау. Сот отырысында жеке айыптау істерін қарау тәртіптері. Сот талқылауын тағайындаудың мерзімдері. 2. Кәмелетке толмағандарға катысты қылмыстық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асырудын халықаралық стандартты және тәртіптері. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары бойынша іс жүргізуді бөлектеу. Кәмелетке толмағандардың қылмыстарды туралы істер бойынша іс жүргізу тәртібі. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істері бойынша іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалау. Қазақстан Республикасының Конституциясы - барлығының заң және сот алдындагы теңдігі туралы. 3. Қазакстан Республикасының депутатына қатысты қылмыстық істі козғау, қамауға алу, күштеп әкелудің іс жүргізушілік тәртіптері. 4. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесінің төрағасы мен мүшелеріне қатысты қылмыстық іс қозғау, алдын ала тергеу жүргізудің, қылмыстық жауапқа тартудың, камауға алудың, күштеп алудың іс жүргізушілік тәртіптері.Судьяға қатысты алдын ала тергеуді жүргізудің ерекшеліктері. Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты алдын ала тергеу жүргізудің ерекшеліктері. Қазакстан Республикасының Бас прокурорына қатысты қылмыстық ісі бойынша алдын ала тергеудің заңдылығына кадағалау. Қазақстан Республикасы Парламент депутаттарына, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы мен мүшелеріне, судьяларына, Қазақстан Республикасының Бас прокурорына қатысты сот талқылауын жүргізудің ерекшеліктері. 5. Қылмыстық ізге түсуден дипломатиялық иммунитеттері бар тұлғалар.Дипломатиялық иммунитеттері бар тұлғаларға қатысты қылмыстық іс қозғау және оларды қылмыстық жауапқа тарту ерекшеліктері. Дипломатиялық иммунитеттері бар тулғаларды ұстау мен камауға алу. Жауап беруден дипломатиялық иммунитет. Мекен-жайлар мен құжаттардың дипломатиялық иммунитеттері. 1. Жеке айыптау істері бойынша өндіріс — жасағаны үшін жазалау шарасы үш жылдан аспайтын қылмыстық істерге қылмыстық жазаны қолданудан, сотталушының кінәсі бар не жоқ екендігін сот төрешілерінің жеке дара анықтауынан тұратын бірінші сатыдағы соттағы қылмыстық істі соттық талқылаудың бір нысаны. Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 33 және 390-баптарына сәйкес сотқа берілуге жататындар болып Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 105, 111, 123, 129, 130, 136, 140, 142-баптарымен, 144-баптың 1 және 2-бөліктерімен, 145-баптың 1-бөлігімен, 189-баптың 1-бөлігімен, 300-бабымен көзделген қылмыстар бойынша жеке айыптау істері табылады. Жеке айыптау істері бойынша өндірістің ерекшелігі мынадан көрінеді: - олар бойынша іс материалдарының сотқа дейінгі дайындығы жүргізілмейді; - сот төрешісінің қылмыстық істерді қозғауға құқығы жоқ; - осы істер бойынша өндіріс жәбірленушінің айыпталушымен немесе сотталушымен татуласуына байланысты істі тоқтату мүмкіндігін көрсетеді. Қазақстан Республикасы ҚІЖК 390-бабына сәйкес жеке айыптау қылмыстық ісі жәбірленуші немесе оның занды өкілі сотқа адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту туралы шағым беру арқылы қозғалады. Жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты жеке айыптау ісі оның жақын туыстарының сотқа шағым беруімен қозғалады. Жәбірленуші анықтау органына, тергеушіге немесе прокурорға шағым берген кезде ол шешім кабылдау үшін сотқа жіберілу керек. Шағымда ол берілген соттың атауы, қылмыстық оқиғаның сипаттамасы, дәлелдері көрсетіле отырып, оның жасалған орны мен уакыты, істі іс жүргізуге қабылдау туралы сотқа өтініш, қылмыстық жауаптылыққа тартылған адам туралы мәліметтер, сотқа шақырылуы кажетті куәлердің тізімі қамтылуы қажет. Егер жәбірленуші өзінің дәрменсіздігі немесе өзге де себептер бойынша өзінің құқықтары мен занды мүдделерін қорғай алмаса, онда қылмыстық істі прокурор қозғайды және ол алдын ала тергеуге жіберіледі. Іске прокурордың араласуы тараптардың татуласуына кедергі келтірмейді. Соттың өз өндірісіне шағымды қабылдаған сәтінен бастап шағым берген адам жеке айыптаушы болып саналады, оған жәбірленушіге тиесілі құқықтар мен міндеттер толығымен түсіндіріледі (ҚР ҚІЖК 76-бабы). Жәбірленуші сот төрешісіне шағыммен бірге іс үшін дәлелдемелік маңызы бар барлық заттар мен құжаттарды бере алады. Жеке айыптаушынын өтінішімен сот төрешісінің оған жеке айыптаушымен дербес түрде алынбайтын, жеке айыптау ісі бойынша қажетті дәлелдемелерді жинауда жәрдем беруі қажет (ҚР ҚІЖК 392-бабының 4, 6-бөліктері). Аталмыш рәсімдерді орындағаннан кейін шағым берген немесе оны ауыстырушы тұлғамен және сот төрешісімен қол қойылатын хаттама жасалады. Жеке айыптау ісі бойынша шағымда көрсетілуі қажет: 1) шағым берілген соттың атауы; 2) қылмыстық оқиғаның сипатгамасы, жасалған орны мен уақыты, және өзге де жасалу жағдайлары; 3) істі өз өндірісіне алу, істі қарау туралы сотқа өтініш; 4) қылмыс жасағанға айыпты тұлға туралы мәліметтер; 5) жәбірленушінің өтініші бойынша сотқа шақырылуға жататын куәлар мен өзге де тұлғалардың тізімі. Шағым берген тұлға шағымға қол қояды және жеке айыптау ісі қозғалып жатқан тұлғаларға қатысты тұлғалардың санына байланысты көшірмелерімен бірге сотқа жіберіледі. Домалақ арыздардың қабылданбайтынын естен шығармау қажет. Сот төрешісі шағым ала отырып және қылмыстық іс бойынша өндірісті болдырмайтын жағдайлардың жоқтығын анықтай отырып үш тәулік ішінде шағымды өз өндірісіне қабылдау туралы қаулы шығарады. Бұл қаулының құқықтық маңызы болып ол осы сәттен бастап шағым берген тұлға жеке айыптаушы, ал өзіне қатысты шағым берілген тұлға айыпталушы болып табылады (ҚР ҚІЖК 390-бабының 5-бөлігі). ҚР ҚІЖК 391-бабына сәйкес егер берілген шағым белгілі талаптарға сәйкес келмесе, сот төрешісі оны берген адамға шағымды сол талаптарға сәйкес келтіруді ұсынады және сол үшін мерзім белгілейді. Егер нұсқау орындалмаса сот төрешісі өзінің қаулысымен шағымды іс жүргізуге қабылдаудан бас тартады және оны берген адамды бұл туралы хабардар етеді. Сот мәжілісін тағайындау үшін негіздер болған ретте сот төрешісі шағымның сотқа келіп түскен күнінен бастап жеті тәулікке дейін мерзімде: — үстінен шағым берілген адамды шақыруға; — оны іс материалдарымен таныстыруға; — берілген шағымның көшірмесін тапсыруға; — сот отырысындағы сотталушының құқықтарын түсіндіруге және осы адамның пікірі бойынша сотқа қорғаудың куәгерлері ретінде кімді шақыру қажет екендігін анықтауға міндетті. Төрешісі тараптарға ымыраға келу мүмкіндігін түсіндіруге міндетті. Егер олардан ымыраға (бітімгершілікке) келу туралы арыз түскен ретте іс бойынша сот өндірісі Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 37-бабының 6-бөлігіне сәйкес тоқтатыдады (жеке айыптаушының айыптаудан бас тартуы). Тараптар арасында бітімгершілікке қол жеткізілмесе, онда төрешісі ҚР ҚІЖК 391-бабының 4 және 5-бөліктерінің талаптарын орындағаннан кейін ҚР ҚІЖК 302-бабына ережелеріне сәйкес сот отырысында істі қарауды тағайындайды (бас сот отырысын тағайындау). Тараптардың бастамашылығы бойынша дәледдемелерді табыс ету және жинау. Ол жөнінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінін 392-бабында айтылып өткен. Жәбірленуші, қылмыстың жасалғаны туралы шағым берген өзге адам, қылмыстық мән-жайлар және оны жасауға күдік келтірілген адамның кінәлілігі сотта қандай дәлелдемелермен расталуы мүмкін екендігін шағымда көрсету қажет. Азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер өзі немесе өкілі арқылы қандай адамдардың (тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері) куәлік етумен, құжаттармен, өзге де дәлелдемелермен өздерінің мүддесін қорғауы үшін мәні бар мән-жайларды белгілеуге болатынын іс қаралғанға дейін төрешісіне хабарлайды. Егер шағым анықтау органына, анықтаушыға, прокурорға, тергеушіге берілсе, бұл мәліметтер шағым берілген лауазымды адамға лауазымды адамға немесе органға іс сотқа жіберілгенге дейін хабарланады. Күдікті, оның заңды өкілі, қорғаушы күдіктінің пайдасына кім (тегі, аты, әкесінің аты, тұрғылықты жері) куәлік бере алатынын, қандай кұжаттар мен өзге де дәлелдемелер бұл мақсатқа қызмет ете алатынын іс қаралғанға дейін төрешісіне хабарлауға құқылы. Заттар мен құжатгар, мүмкін болғанынша, төрешісіне немесе шағым берілген өзге адамға (органға) беріледі. Күдікті, оның қорғаушысы, занды өкілі, сондай-ақ жәбірленуші, азаматтық талапкер мен азаматтық жауапкер, олардың өкілдері барлық жағдайларда дәлелдемелерді тікелей сотқа беруге және дәлелдемелер жинауға қызмет етуі мүмкін мәліметтерді төрешісіне хабарлауға құқылы. Date: 2015-09-19; view: 1105; Нарушение авторских прав |