Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кәмелетке толмағандардың алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізудегі ерекшеліктер
Кәмелетке толмағандардың ісін жүргізуде және алдын ала тергеу жұмыстарын жүргізуде мынадай ерекшеліктер бар: а)кәмелетке толмағандардың алдын ала тергеу ісін жүргізу міндетті; б)кәмелетке толмағандардың істері бойынша жариялылықты шектеу. Сезікті, айыпталушы кәмелетке толмағанның құпиялылыққа құқығы қылмыстық сот ісін жүргізудің барлық кезеңдерінде сақталуы тиіс (ҚР ҚІЖК 482-бап); в)ересектермен бірге қылмыс жасауға қатысқан кәмелетке толмағанға қатысты іс алдын ала тергеу сатысында жеке іс жүргізуде бөлінеді; г)кәмелетке толмағанға қатысты жеке іс жүргізуге бөлу істің жағдайын жан-жақты және объективті зерттеу үшін айтарлықтай кедергі жасауы мүмкін болатын жағдайларда ересектермен қоса бір іс бойынша жауапқа тартылған кәмелетке толмаған айыпталушыға ҚР ҚІЖК-дегі 52-тараудың ережелері қолданылады (ҚР ҚІЖК 483-бап). Кәмелетке толмаған сезіктіні, айыпталушыны шақырудың тәртібі (ҚР ҚІЖК 484-бап). Кәмелетке толмаған сезікті, айыпталушы тергеушіге немесе сотқа оның ата-аналары немесе басқа занды өкілдері арқылы, олар болмаған жағдайда қорғаншы және қамқоршы органдар арқылы шақырылады, ал арнаулы балалар мекемесінде немесе қамауда ұсталатын кәмелетке толмаған адам сол жердің әкімшілігі арқылы шақырылады. Кәмелетке толмағандарды ұстау және оларға шара қолданудың кейбір ерекшеліктері бар. Кәмелетке толмағандарға, сезіктілерге, айыпталушыларға ҚР ҚІЖК-нің 140-бабында қарастырылған шаралар қолданылуы мүмкін. Кәмелетке толмағанды, сезіктіні, айыпталушынының ата-анасының, қамқоршыларының, қорғаншыларының немесе басқа да сенімге ие адамдардың біреуінің кәмелетке толмағанның тиісті мінез-құлқы мен оның қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуін қамтамасыз етуін өзіне қабылдайтынын тергеу органы немесе тергеуші айтуы міндетті (ҚР ҚІЖК 147-бап) Кәмелетке толмағандарды бұлтартпау шарасы ретіңде қамауда ұстау тек ҚР ҚІЖК-дегі 132 және 150-баптар көрсетілген негіздер болса, ауыр немесе аса ауыр қылмыс жасаған кезде ғана қолданылуы мүмкін. Кәмелетке толмағанды алдын ала тергеу сатысында қамауда ұстаудың мерзімі ҚР ҚІЖК-нің 153-бабында көзделгендей тек алты айға дейін ғана созылуы мүмкін (ересектерге - тоғыз ай, ерекше жағдайларда он екі ай) Кәмелетке толмағандар ересектерден бөлек ұсталады. Тұтқыңдау, қамау немесе қамауда ұстау мерзімін ұзарту туралы кәмелетке толмағанның ата-аналары немесе оның басқа да занды өкіддлері, ал олар болмаған жағдайда жақын туыстары дереу хабардар етіледі (ҚР ҚІЖК 491-бап). Кәмелетке толмаған сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу (ҚР ҚІЖК 485-бап). Кәмелетке толмаған айыпталушыдан, сезіктіден жауап алу (ҚР ҚІЖК 216, 217-баптарында көзделген тәртіппен қорғаушысының, заңды өкілінің, ал қажет болған жағдайда психологтің, педагогтің қатысуымен жүргізіледі. Қорғаушы жауап алушыға сұрақтар қоюға, ал жауап алу аяқталғаннан кейін хаттамамен танысуға және айғақтар жазбасының дұрыстығы мен толықтығы туралы ескертулер жасауға құқылы. ҚР ҚІЖК-нің 485-бабының 2-бөлігіне сәйкес кәмелетке толмаған сезіктіден, айыпталушыдан жауап алу төәуліктің күндізгі уақытында жүргізіледі және үзіліссіз екі сағаттан артық, ал жалпы алғанда күніне төрт сағаттан артық жалғастырылуға тиіс емес. Кәмелетке толмаған анық шаршаған жағдайда жауап алу осы уақыт аяқталмай-ақ тоқтатылуы тиіс. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы істер бойынша қорғаушының қатысуы міндетті және кәмелетке толмаған сезікті, айыпталушы не олардың занды өкілдері қорғаушымен келісім жасаспаса, тергеуші, прокурор, сот ісі бойынша қорғаушының қатысуын қамтамасыз етуі тиіс (ҚР ҚІЖК 486-бап). Кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпталушының заңды өкілінің алдын ала тергеуге қатысуында маңызды ерекшеліктері бар. Кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпталушының ата-анасы немесе басқа да занды өкілдері болған кезде олардың іске қатысуы міндетті. Олар болмаған жағдайда қорғаушы және қамқоршы орган өкілінің қатысуы міндетті. Заңды өкілге, ал ол болмаған жағдайда қорғаншы және қамқоршы органның өкіліне іске қатысуға тергеушінің қаулысымен кәмелетке толмағаннан сезікті немесе айыпталушы ретінде алғашқы жауап алынған кезден бастап рұқсат етіледі. Бұндайда қорғаушы немесе қамқоршы орган құқылы: а)өз құқықтарына түсінік алу; б)кәмелетке толмағанға не жөнінде күдік келтіріліп немесе айып тағылып отырғанын білуге; в)айып тағу кезінде қатысуға, кәмелетке толмағаннан жауап алуға, сондай- ақ тергеушінің рұқсатымен, кәмелетке толмаған айыпталушының, сезіктінің және оның қорғаушысының қатысуымен жүргізілетін өзге де тергеу іс-әрекеттеріне қатысуға; г)өзі қатысқан тергеу іс-әрекетгерінің хаттамаларымен танысуға және ондағы жазбалардың дұрыстығы мен толықтығы туралы жазбаша ескерту жасауға; д)өтінімдер мен қарсылықтарды мәлімдеуге, тергеуші мен прокурордың іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасауға; ж)дәлелдемелер ұсынуға; з)тергеу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан кез келген көлемде кез келген мәліметті көшіріп алуға құқығы бар. Занды өкілдің іс-әрекеттері кәмелетке толмағанның мүдделеріне залал келтіреді немесе істі объективті тергеуге кедергі келтіруге бағытталған деп сынауға негіз болса, занды өкіл ісі қатысудан шеттетілуі мүмкін. Ол туралы тергеуші дәлелді қаул шығарады. Іске қатысуға кәмелетке толмағанның басқа заңды өкілі жіберілуі мүмкін. Тергеуші алдын ала тергеу аяқталғаннан кейін кәмелетке толмағанға танысу үшін оған кері әсер етуі мүмкін материалдарды көрсетпеу, бұл материалдармен занды өкілді таныстыр туралы қаулы шығаруға құқылы (ҚР ҚІЖК 487-бап). Он алты жасқа толмаған, сондай-ақ осы жасқа толған, бір психикалық дамуында мешеулік белгілері бар кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпталушының қатысуымен іс жүргізу; әрекеті кезінде педагогтің немесе психологтің қатысуы міндетті. Он алты жасқа толған кәмелетке толмағандар туралы іс бойынша педагог немесе психолог іске қатысуға тергеушінің, соттың ұйғаруы бойынша не қорғаушының, занды өкілдің өтініші бойынша жіберіледі. Педагог, психолог тергеушінің, соттың рұқсатымен мынадай жағдайларға құқылы: а) кәмелетке толмаған сезіктіге, айыпталушыға сұрақ қоюға; б)іс жүргізу аяқталғаннан кейін тергеу қимылының хаттамасымен (соттың талқылануына олардың қатысуын көрсететі бөлігінде сот отырысының хаттамасымен) танысуға; в)ондағы жазбалардын дұрыстығы мен толықтығы турал жазбаша ескерту жасауға; г)тергеушінің, соттың ұйғаруы бойынша кәмелетке толмағанның жеке басын сипаттайтын іс материалдарымен танысуға және бұл жөнінде тергеуші педагогке, психологке іс жүргі; әрекеті басталар алдында түсіндіріп, тергеу қимылының хаттамасында, сот отырысының хаттамасында белгі жасалады (К ҚІЖК 488-бап). Кәмелетке толмаған сезіктіде, айыпталушыда жүйке ауруының немесе дамуында ауытқушылықтардың бар екені және оның өз әрекеттеріне толық немесе ішінара есеп беру және нақты жағдайда іс-әрекетін игеру қабілеті туралы мәселені шешу үшін кешенді психология-психатриялық сараптама тағайынду міндетті. Бұндай жағдайда кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпталушының интеллектуалдық ерік-жігер, психикалық дамуын, және басының өзге де әлеуметтік-психологиялық қырларын анықтау үшін психологиялық сараптама тағайындалуы мүмкін (ҚР ҚІЖК 489-бап). Кәмелетке толмаған айыпталушы өмір сүру және тәрбие жағдайы бойынша бұрынғы тұратын жерінде қалдырыла алмайтын жағдайларда ол прокурор санкция берген тергеушінің қаулысы бойынша немесе соттың қаулысы бойынша арнаулы балалар мекемесіне орналастырылуы мүмкін. Бұл жағдайларда кәмелетке толмаған айыпталушылар аталған балалар мекемесіне баска негіздер бойынша орналастырылған кәмелетке толмағандардан бөлек ұсталады (ҚР ҚІЖК 490-бап). Date: 2015-09-19; view: 1627; Нарушение авторских прав |