Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ылмыстық iс бойынша дәлелдемеде жедел iздестiру қызметiнiң нәтижелерiн пайдаланады⇐ ПредыдущаяСтр 21 из 21
Заң талаптарының сақталуы жағдайында алынған жедел iздестiру қызметiнiң нәтижелерi дәлелдемелердi жинауды, зерттеудi және бағалауды реттейтiн осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес осы Кодекстің 53-бабында және 21-тарауында, сондай-ақ "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы", "Жедел–іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген талаптар сақтала отырып, қылмыстық iстер бойынша дәлелдеуге пайдаланыла алады. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның қызметкері жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде тікелей қабылдаған нақты деректер аталған қызметкерден куә ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органдарға жасырын негізде көмек көрсетуші адам тікелей қабылдаған нақты деректер оның келісімімен аталған адамнан куә, жәбірленуші, сезікті (айыпталушы) ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Ұйымдасқан топқа, қылмыстық қоғамдастыққа (қылмыстық ұйымға), трансұлттық ұйымдасқан топқа, трансұлттық қылмыстық қоғамдастыққа (трансұлттық қылмыстық ұйымға) немесе тұрақты қарулы топқа (бандаға) ендірілген адамдар тікелей қабылдаған нақты деректер осы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жедел-іздестіру қызметін жүзеге асыратын органның лауазымды адамынан куә ретінде жауап алынғаннан кейін дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Жедел-іздестіру іс-шаралары нәтижесінде анықталған істің мән-жайларын қылмыстық процесті жүргізуші адам тікелей қабылдауы қажет және мүмкін болған кезде істің бұл мән-жайлары осы Кодексте көзделген ережелер бойынша жүргізілетін тергеу не сот іс-әрекеттерінің хаттамаларында көрсетіледі. Жедел-іздестіру қызметі барысында алынған заттар мен құжаттарды заттай айғақтар және құжаттар ретінде пайдалану тиісінше осы Кодекстің 121 және 123-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Жедел-іздестіру қызметі материалдарын заттай айғақтар мен құжаттар ретінде іске қосу олардың пайда болуы туралы анық деректер болған ретте ғана осы Кодекстің 53 және 100-баптарының талаптары сақтала отырып жүргізіледі. Анықтау органының бастығы қылмыстық процесті жүргізуші органның талап етуі бойынша не өз бастамасы бойынша жедел-іздестіру қызметі материалдарын табыс ету туралы шешім қабылдай отырып, осы Кодекстің 202-бабының ережелеріне сәйкес тиісті қаулы шығарады. Қаулыда: талап етуі бойынша жедел-іздестіру қызметінің нәтижелері табыс етіліп отырған, қылмыстық процесті жүргізуші орган; қандай жедел-іздестіру шарасының қандай нәтижелері және қандай көлемде табыс етілетіні; аталған нәтижелерді алу үшін пайдаланылған техникалық құралдар; қылмыстық іс материалдарына қосу үшін жіберілетін заттар мен құжаттар; қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ұсынылатын шаралар көрсетіледі. Анықтау органының бастығы қылмыстық процесті жүргізуші органға жедел-іздестіру материалдарын өз бастамасымен табыс еткен жағдайда, қаулыда жедел-іздестіру қызметі нәтижелерін қылмыстық іс бойынша дәлелдеуде пайдалану қажеттігіне негіздеме де келтіріледі. Жедел-іздестіру қызметінің материалдары олардағы нақты деректерді олардың тергеліп (қаралып) жатқан қылмысты іске қатыстылығы, пайдалануға болатындығы және дұрыстығы тұрғысынан бағалауға мүмкіндік беретін көлем мен нысанда табыс етілуге тиіс. Жедел-іздестіру қызметінің осы бапта баяндалған талаптарға сай келмейтін нәтижелері осы материалдарды ұсынған органға қайтарылады, бұл туралы дәлелді қаулы жасалады. Қаулыда жедел-іздестіру қызметінің нәтижелерін қылмыстық іске қоса тіркеуден бас тартудың себептері көрсетілуге тиіс. Соттың азаматтық iс бойынша заңды күшiне енген шешiмi оқиғаның немесе әрекеттiң орын алған-алмағандығы туралы мәселе жөнiнде ғана қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде қылмыстық процестi жүргiзушi орган үшiн мiндеттi және сотталушының кiнәлi немесе кiнәлi еместiгi туралы қорытындыларды күнi бұрын шешуге тиiс емес. Соттың талап-арызды қанағаттандыруға құқықты танитын заңды күшiне енген үкiмi сот үшiн осы бөлiгiнде оның азаматтық iс қарауы кезiнде мiндеттi. 3. Куәнің жауабы деп алдын ала тергеу (анықтау) жүргізу кезінде немесе сот отырысында қылмыстық істің өзіне белгілі мән-жайлары туралы бұл адам хабарлаған және хаттамаға түсірілген мәліметтерді айтамыз. ҚІЖК 119-бабының 6-бөлігіне көрсетілгендей, куәдан іске қатысты мән-жайлар туралы, оның ішінде айыпталушының, жәбірленушінің жеке басы туралы, өзінің олармен және басқа да куәлармен өзара қатысы туралы жауап алынуы мүмкін. Куә жауабының пәнін негізінен қылмыстық іс бойынша дәлелденуге тиісті мән-жайлар құрайды. Сонымен қатар, куәдан өзінің айыпталушымен, жәбірленушімен және басқа да куәлармен қарым-қатынасы туралы жауап алудың олардың жауаптарын бағалап қолдану үшін маңызы бар. Куәдан жауап алатын тергеуші немесе анықтаушы, прокурор, судья кімдерден куә ретінде жауап алуға жатпайтындығын ескеруге тиіс (судьядан — қылмыстық істі жүргізуге қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы, қорғаушыдан—өз қызметін атқаруына байланысты осы қылмыстық іс бойын-ша өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы және т.б.). Сонымен қатар, жауап алудың басында куәға өзінің немесе жұбайының (зайыбының) немесе жақын туысының қылмысқа қатыстылығы туралы жауап беруден бас тартуға құқылы екендігі ескертіледі. Бұдан басқа жағдайларда куә жауап беруге міндетті және жауап беруден бас тартқаны немесе көрінеу жалған жауап бергені үшін ҚК-тің 352-бабы бойынша жауаптылыққа тартуға жатады. Куәнің жауабы дәлелдемелердің жиі қолданылатын түрі болып табылады. Яғни, әрбір қылмыстық іс бойынша тергеу (анықтау) жүргізу кезінде және басты сот талқылауында куәлардан жауап алу және олардың жауабын дәлелдеме ретінде қолдану қажет болады. Куә жауабының негізін тікелей оның өзі көрген не естіген жағдайлар немесе басқа адамнан естіген немесе құжаттардан білген мәліметтер мен фактілер құрайды. Егер куә істің мән-жайлары жөнінде басқа адамнан хабардар болса, онда ол адам туралы мәліметтерді хабарлауы тиіс. Өйткені, мұндай жағдайда куәнің жауабы туынды дәлелдемеге жататын болғандықтан, оған сүйене отырып алғашқы дәлелдеменің өзін табу қажет. Егер куә өзінің хабардарлығының көзін көрсете алмаса, ол хабарлаған мәлімет дәлелдеме бола алмайды (ҚІЖК 119-бабынын, 6-бөлігі). Куә жауабын тексеріп бағалағанда қылмыстык іс жүргізу органы куәнің жеке басын сипаттайтын деректерді және оның іске мүдделі болуы мүмкіндігін ескеруі керек. Мәселен, куәнің айыпталушымен немесе жәбірленушімен туысқандық не достық қарым-қатынастарда болуы, немесе жұмыс орны жағынан куә оларға бағынышты болуы мүмкін. Осындай жағдайларға байланысты куә жауабының шындық болмауы қылмыстық іс жүргізу тәжірибесінде кездеспейді емес. Сонымен қатар, іске мүдделі адам-дардың куәға әр түрлі қысымшылық жасауы арқылы оны жалған жауап беруге көндіретін жағдайлардың да болатындығы жоққа шығарылмайды. Куә жауабын бағалап қолданғанда жоғарыда айтылған жағдайлармен қатар оның жауабының қалыптасу психологиясын да ескеру қажет. Психологиялық тұрғыдан алғанда, куә жауабының қалыптасуы мына кезендерден тұрады деп қарастырылады: —болған оқиғаны, фактілерді, мән-жайларды куәнің өзі көріп, естіп қабылдауы; —өзі көріп, естіп қабылдаған жағдайларды куәнің есінде сақтауы; —ол жағдайлар мен фактілер туралы мәліметтерді куәнің жауап бергенде айтып жеткізуі. Осы кезеңдердің барысында әр түрлі объективтік және субъективтік себептер болып, олар куә жауабының қалыптасуына және сапасына әсерін тигізеді. Мәселен, болған оқиғаны куәнің қабылдау сапасына мынадай жағдайлардын әсер етуі мүмкін: куәнің жеке басының қасиеттері (оның байқағыштығы немесе немқұрайдылығы, көзінің өткірлігі немесе кемістігі және т.б.), оқиғаның қандай табиғи жағдайда болғандығы (уақыт мезгілі: күндізгі немесе кешкі не түнгі уақытга; ауа райының құбылыстары: ашық күні, жаңбыр немесе қар жауу болған кезде), болған оқиға мен оны көрген адамның бір-бірінен ара қашықтығы. Осындай және басқа да әр түрлі жағдайларға байланысты болған оқиға туралы бірнеше куәлардың жауаптарынын, арасында айырмашылықтардың болуы ықтимал. Сонымен бірге, куә ретінде жауап беретін адамдардың есте сақтау қабілеттері де бірдей болмайды. Болған жағдайларды куәнің есінде сақтауы — ол жағдайлар болған кезден жауап алуға дейін қанша уақыт өткеніне де байланысты болып келеді. Бұл уақыттың ұзақтығы ұлғайған сайын куә білетін фактілер мен істің мән-жайларының оның есінде сақталуы біртіндеп көмескілене береді. Сонымен қатар, куә ретінде жауап беретін адам өзі білетін іске маңызы бар фактілер мен мән-жайларды әр түрлі себептерге байланысты сөзбен толық және дәл жеткізе алмауы да мүмкін. Сондықтан мұндай куәлардан жауап алу кезінде тергеуші немесе сотга тараптар қосымша сұрақтар қою арқылы куә білетін мән-жайларды дәлірек анықтау қажет болады.
4. Жәбірленушіден қылмыстық іс бойынша дәлелденуге жататын мән-жайлартуралы, сондай-ақ өзінің сезіктімен, айыпталушымен, басқа да жәбірленушілермен, куәлармен қарым-қатынасы туралы жауап алынуға жатады (ҚІЖК-нің 119-бабының 5-бөлігі). Жәбірленушіден тергеу (анықтау) жүргізу және сотта істі қарау көзінде жауап алынады. Ол жауап беруге міндетті және жауап беруден бас тартқаны немесе көрінеу жалған жауап бергені үшін ҚК-тің 352-бабы бойынша жауаптылыққа тартылады. Сонымен бірге, іске мүдделі тұлға ретінде жәбірленушінің жауап беруге құқығы бар. Сондықтан жәбірленуші жауап беруге тілек білдірген жағдайда қылмыстық іс жүргізу органы одан жауап алудан бас тарта алмайды. Жәбірленушінің айыптау тарабына жататын мүдделі тұлға болуы оның жауабының мәнісі мен мазмұнына әсерін тигізеді. Ол іске маңызы бар мән-жайлар туралы жауап бере отырып, айыпталушының қылмыс жасаудағы кінәлілігін дәлелдейді, сондай-ақ өзінің айыпталушыға қойған талаптарын дәлелдеуді де көздейді. Сондықтан жәбірленушінің жауабының (бұрын айтылған сезіктінің және айыпталушының жауаптары сияқты) қылмыстық іс бойынша дәлелдемелердін түрі болуымен қатар, өз мүдделерін қорғау құралы ретінде маңызы бар. Жәбірленуші жауабының дәлелдеме ретінде маңызы куә жауабының маңыздығына тендес болып келеді (куә жауабын қараңыз). Оның жауабының негізін тікелей өзімен байланысты, өзі көрген немесе өзі естіп білген істің мән-жайлары женінде деректер құрайды. Сондықтан жәбірленушінің жауабын дәлелдемелердің басқа түрімен ауыстыру мүмкін емес. Әсіресе, жәбірленушінің жеке басына қарсы жасалған қылмыстар бойынша оның жауабын колданудың зор маңызы болады. Соның ішінде, куәлар болмаған жағдайда жасалған қылмыстар бойынша (мәселен, зорлау) тек жәбірленушінің жауабының негізінде ғана сезікті адам жөнінде алғашқы деректер анықталып, қажетті тергеу әрекеттері жүзеге асырылады. Жәбірленушінің іске мүдделі болуы оның жауабының шындығына әсерін тигізуі мүмкін. Мұны кылмыстық іс жүргізу тәжірибесінде кездесетін жағдайлар көрсетеді: жәбірленушінің айыпталушыға ызалы немесе өшпенді болуына байланысты өзінің жауабында істің мән-жайлары туралы мәліметтері өзгертіп айтуы, айыпталушы немесе оның жақын туыстары жағынан болған қысымшылықтын салдарынан жәбірленушінің жалған жауап беруі және т.б. Осындай жағдайлардың болу мүмкіндігі жәбірленушінің жауабын бағалап қолданғанда ескерілуге тиіс.
5. ҚІЖК 119-бабының 2-бөлігінде көрсетілгендей, сезікті өзіне қарсы туып отырған сезік жөнінде, сондай-ақ іс бойынша маңызы бар өзіне белгілі басқа да мән-жайлар мен дәлелдемелер туралы айғақтар беруге құқылы. Сезікті жауап беруге міндетті емес, оның жауап беруден бас тартуға кұқығы бар. Дегенмен, тергеуші немесе анықтаушы сезіктіден жауап алғанда оның жауабының өзі үшін де маңызы болатындығын түсіндіруі тиіс. Яғни, сезіктінің жауабының екі жақты маңызы бар: 1) дәлелдемелердің түрі ретінде; 2)сезіктінің өз мүдделерін қорғауы үшін. қІЖК 68-бабының 2-бөлігінде көрсетілген тәртіп бойынша, сезікті ретінде ұсталған немесе айып тағылғанға дейін бұлтартпау шарасы қолданылған адамнан ол шаралардың қолданылуынан бастап жиырма терт сағаттан кешіктірмей жауап алынуы тиіс. Мұндай жағдайларда сезікті өзі тандаған немесе тағайындалған қорғаушымен жауап алғанға дейін жеке кездесуге құқылы. Сезіктіден жауап алудың мақсаты оныа қылмысқа қатыстылығын тексеру және оған байланысты дәлелдемелер жинау болып табылады. Ал сезікті өзінің қылмыс жасағандығын мойындап немесе мойындамай жауап беруі мүмкін. Егер сезікті өзінің қылмысқа қатыстылығын мойындамайтын болса, ол осы жөнінде түсініктеме беру арқылы өз мүдделерін қорғай алады. Мәселен, ол өзінің қылмыс жасамағандығын растайтын куәлерді көрсетуі мүмкін. Қалай болғандада тергеуші (анықтаушы) сезіктінің жауабын қылмыстық іс бойынша жиналған басқа дәлелдемелермен салыстыра отырып, оны айыпталушы ретінде жауапқа тарту үшін негіздін, бар-жоғын шешуге міндетті. ҚІЖК-нің 142-бабына сәйкес, сезіктіге бұлтартпау шарасы қолданылған жағдайда, он тәуліктен кешіктірмей оған айып тағылмаған болса, ол сезікті болудан қалады және бұлтартпау шарасын қолдану тоқтатылады. Егер сезіктінің қылмыс жасағандығын көрсететін жеткілікті дәлелдемелер жиналған болса, онда тергеуші оны айыпталушы ретінде жауапқа тартып, бұл туралы дәлелді қаулы шығарады. 6. Айыпталушы өзіне тағылған айыптау бойынша, сонымен бірге іске маңызы бар өзіне белгілі мән-жайлар мен дәлелдемелер жөнінде айғақтар беруге құқылы (ҚІЖК 119-бабының 3-бөлігі). Айыпталушының жауап беруден бас тартуға құқығы бар. Ол жауап беруден бас тартқаны немесе жалған айғақ бергені үшін жауаптылыққа тартылмайды. Айыпталушы өзінің жауабын тағылған айыптаудан қорғану үшін пайдалана алады. Сондықтан оның жауабыныңда, сезіктінің жауабы сияқты, екі жакты маңызы бар: біріншіден, қылмыстық іс бойынша қолданылатын дәлелдемелердін түрі ретінде; екіншіден тағылған айыптаудан қорғану құралы ретінде. Алдын ала тергеу жүргізу кезінде айыпталушыдан оған айып тағылғаннан соң, ал сотта істі қарау кезінде сотталушыдан оған тағылған айыптаудың мәнісі баяндалғаннан соң жауап алынады. Сондықтан айыпталушының жауабының пәні негізінен оған тағылған айыптаумен байланысты болып келеді. Бірақ, оның жауабының мазмұны айыптауға жататын істің мән-жайларымен шектелмейді. Ол өзінің жауабында айыптаудаи тыс істің өзіне белгілі мән-жайлары мен фактілері жөнінде мәліметтерді хабарлай алады. Мәселен, айыпталушы жауабында өзінің жеке басына байланысты деректерді (денсаулығы, отбасының жағдайы және т.б. жағдайлары жөнінде), қылмыс жасауының себептерін, өзінің жәбірленушімен немесе куәлармен қарым-қатынастары туралы, іс бойынша бар дәлелдемелер жөнінде де түсініктемесін айтуы мүмкін. Айыпталушының жауабы мәнісіне қарай екі түрге бөлінеді: 1) қылмыс жасаудағы өзінің кінәсін мойындайтын (толық немесе жартылай) айыпталушынын жауабы; 2) кінәсін мойындамайтын айыпталушының жауабы. Айыпталушы кінәсін мойындайтын жағдайда қылмысты қашан және қалай өзінің жасағандығын, қылмыс жасауға басқа қатысушылардың болғандығын немесе болмағандығын толық айтып беретін болса да, мұны ақиқатқа жетудің оңай жолы деп қарауға жатпайды. Өйткені, айыпталушының кінәсін мойындауы шындыққа жататын не жалған болуы да мүмкін (мысалы: жақын туысын қылмыстық жауаптылықтан құтқару мақсатына оның жасаған қылмысын айыпталушының жалған мойындауы немесе өзі жасаған ауыр қылмысты жасыру мақсатында ауыр емес қылмыс жасағандығын айыпталушының жалған мойындауы). Айыпталушының жауабы шындықта, жалған да болуы мүмкіндігіне байланысты, оның өз кінәсін мойындаған жауабын шындығы тексеріліп анықталған басқа дәлелдемелердің жиынтығымен растау талап етіледі (ҚІЖК-нің 119-бабының 4-бөлігінде көрсетілген). Осылай расталған жағдайда ғана айыпталушының өзінің кінәсін мойындауы оған тағылган айыптауға негіз бола алады. Айыпталушы кінәсін мойындаған жауабында қылмысты өзі қалай жасағандығын көрсететін нақты деректерді келтіруі қажет. Егер ол ондай нақты деректерді келтірмей кінәлілігін мойындайтын болса, ондай жалаң жауап дәлелдеме ретінде қарауға жатпайды. Өйткені, қылмыстық іс бойынша дәлелдеме ретінде айыпталушының өз кінәсін мойындауы емес, оның қылмыс жасағандығын көрсететін фактілі деректер ғана қолданылады. Яғни, қылмыстың жасалуына байланысты мән-жайларды оны жасаған адамның өзі білетін болғандықтан, ол мән-жайларды нақты түрде көрсетіп айта алмайтын айыпталушының жауабын дәлелдеме ретінде қолдану мүмкін емес. Ал, айыпталушы кінәсін мойындамай жауап беретін болса, мұндай жауапты да анықтап тексеру және бағалау қажет. Егер айыпталушы кінәсін мойындамайтын жауабында ешқандай нақты деректерді келтіріп айтпаған болса, мұндай жауапта фактілі деректердің жоқтығына байланысты оны ақтау дәлелдемесі ретінде қарауға жатпайды. Егер айыпталушы кінәсын мойындамай және оған байланысты қылмыстық іске маңызы бар мән-жайлар жөнінде нақты деректерді келтіретін болса, ол деректердің шындыққа жататын-жатпайтындыған айқындау — қылмыстық іс жүргізу органының міндеті болып табылады. Мұндай жағдайда айыпталушының кінәсын мойындамайтын жауабының шындыққа келмейтіндігі анықталып, оның қылмыс жасауға кінәлі екендігі басқа дәлелдемелердің жиынтығының негізінде шешілуі мүмкін. Айыпталушының кінәсін мойындамайтын жауабында оған байланысты фактілі деректерді келтірмеуін — оның өзіне қарсы айыптау дәлелдемесі ретінде қарауға болмайды. Өйткені, кінәсіздік презумпциясына сәйкес, айыпталушы өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес, бірақ тағылған айыптаудан қорғану мақсатында өз жауабында түсініктеме бере алады. Айыпталушының кінәсін мойындамаған жауабың сондай-ақ оның өз жауабында айтқан түсініктемелерін тексеру - қылмыстық іс жүргізу органының міндетіне жатады. Тергеу және басты сот талқылауы кезінде айыпталушының кінәсін мойындамаған жауабына алдын ала сенімсіздікпен қарауға және істі айыптау тұрғысынан біржақты жүргізуге жол берілмеуі тиіс.
7. Сарапшының қорытындысы - ҚІЖКтiң талаптарына сәйкес ресiмделген, сот-сараптамалық зерттеудiң барысы мен нәтижелерiн көрсететiн құжат. Сарапшының ауызша түсiнiктемесi ол бұрын берген қорытындыны түсiндiруi бөлiгiнде ғана дәлел болып табылады. Сарапшының қорытындысы қылмыстық процестi жүргiзушi орган үшiн мiндеттi болып табылмайды, алайда оның қорытындымен келiспеушiлiгi дәлелдi болуы тиiс.
8. Егер оларға қылмыс қаруы болды деп ойлауға негiз болса, немесе өзiнде қылмыстың iзi сақталып қалса, немесе қылмыстық әрекеттiң объектiсi болса, сондай-ақ ақша мен өзге де бағалы заттар, қылмысты анықтауға, iстiң iс жүзiндегi мән-жайын белгiлеуге, кiнәлiлердi табуға не айыпты жоққа шығаруға немесе жауаптылықты жеңiлдетуге құрал болуы мүмкiн басқа да заттар мен құжаттар заттай дәлелдемелер деп танылады. ҚІЖКтiң 223-бабының төртiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, заттай дәлелдемелер қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысымен iске қоса тiгiледi және үкiм немесе iстi тоқтату туралы қаулы заңды күшiне енгенге дейiн сонда болады. Заттай дәлелдемелердi қараудың және сақтаудың тәртiбi ҚІЖКтiң 223-бабымен белгiленедi. Үкiм шығару немесе iстi қысқарту кезiнде заттай дәлелдемелер туралы мәселе шешiлуi тиiс. Бұл ретте: 1) қылмыс қаруы тәркiленуге жатады немесе оны белгiлi бiр адам тиiстi мекемеге бередi немесе жойылады; 2) ұстауға тыйым салынған заттар тиiстi мекемеге беруге жатады немесе жойылады; 3) құндылығы жоқ және пайдалануға келмейтiн заттар жойылуға жатады, ал мүдделi адамдар немесе мекемелер өтiнген жағдайда оларға берiлуi мүмкiн; 4) қылмыстық жолмен жиналған ақша мен өзге де құндылықтар, сондай-ақ заңсыз кәсiпкерлiк және контрабандалық заттар соттың үкiмi бойынша мемлекеттiң кiрiсiне қаратылуға жатады; қалған заттар заңды иелерiне берiледi, ал соңғылары анықталмаған кезде мемлекеттiң меншiгiне көшедi. Бұл заттардың тиесiлiлiгi туралы дау туған жағдайда бұл дау азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен шешуге жатады; 5) заттай дәлелдеме болып табылатын құжаттар iстiң бүкiл сақталу мерзiмiнiң iшiнде онымен бiрге қалады не ҚІЖКтiң 123-бабының үшiншi бөлiгiнде көрсетiлген тәртiппен мүдделi ұйымдарға немесе азаматтарға берiледi. Соттың, прокуратура, алдын ала тергеу, анықтау және сот сараптамасы органдарының қылмыстық iстер бойынша заттай дәлелдемелердi, құжаттарды алу, есепке алу, сақтау, беру және жою тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Табиғи немесе кейін пайда болған қасиеттері мен белгілеріне байланысты қылмыстық іс үшін маңызы бар мән-жайларды анықтауға көмегі тиетін әр түрлі нәрселер заттай дәлелдемелер болып табылады. Бұл ұғым заттай дәлелдемелерге арналған К.ІЖК 121-бабының мазмұнына сәйкес келеді. Мұнда, мәні бойынша, былай деп көрсетілген: қылмыс жасау үшін қолданылған немесе үстінде кылмыстың іздері сақталған, немесе қылмыстық әрекеттің объектісі болған нәрселер, сондай-ақ қылмысты ашуға және істің фактілік жағдайларын анықтауға құрал бола алатын ақша және өзге де бағалы нәрселер, басқа нәрселер және құжаттар заттай дәлелдемелер ретінде танылады. Осы бапқа сәйкес, заттай дәлелдемелердің мынадай түрлерін ажырату қажет. 1.Қылмыс жасаудың құралы болған заттар (мысалы: адамның өміріне қастандық жасау үшін қолданылған қару, суық құрал немесе улы дәрі). Бұл топқа қылмыс жасағанда қолданылған автокөліктің әр түрі де жатады. 2.Қылмыстық әрекеттің объектісі болған заттар. Заттай дәлелдемелердің бұл түріне қылмыстық әрекеттің тікелей әсері тиген әртүрлі нәрселер жатады (мысалы: ұрланған немесе зиян-кестікпен қиратылған заттар). 3.Үстінде қылмыстың іздері сақталған заттар. Бұл топқа жататын заттай дәлелдемелердің маңыздылығы қылмыстың іздеріне байланысты болып табылады (қолдың, аяқтың, көліктің әр түрінің іздері, атыс құралының немесе бұзып ашу үшін қолданылған құралдардың және т.б.)- Осындай іздерді қолдану арқылы қылмыс жасаған адамдарды табу және қылмысты ашу мүмкін болатындықтан, ол іздердің сақталуын қамтамасыз ету үшін олардың көшірмелерін жасау қажет болады (ондай көшірмелер туынды дәлелдемелерге жатады). «Нәрсе» немесе «нәрселер» деген сөз заттай объектілерді білдіреді деп қараймыз. 4.Ақша және өзге де бағалы нәрселер. Заттай дәлелдемелердің бұл тобына қылмыстық жолмен пайда етілген ұлттық және шет елдік валюта, құнды қағаздар, алтын, күміс, платина немесе құнды тастардан жасалған бұйымдар, әшекейлер және өзге заттар да жатады. 5.Басқа заттар. Бұл топқа қылмысты ашу, оның мән-жайларын дәлелдеу үшін қолданылатын және бағалы болуы қажет етілмейтін дара заттар жатады. Мәселен, қылмыс жасалған жерде табылған айыпталушының заты оның сол жерде болғандығын көрсетеді. 6.Құжаттар. Егер құжаттар қылмыстық әрекеттің объектісі болған немесе қылмыс жасауға дайындалу, қылмыс жасау, қылмысты жасыру мақсатында қолданылған болса, ондай құжаттар заттай дәлелдемелер ретінде қаралады (мәселен, құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын ресми құжатты қолдан жасау). Кейбір жағдайда жеке затты дәлелдемелердін, бір түріне ғана емес, бірнеше түрлеріне жатқызуға болады. Мәселен, айыпталушы ұрлаған және одан кейін қылмыс жасау үшін қолданған қару әрі қылмыстың объектісі, әрі қылмыс жасаудың құралы болып табылады. Сол сияқты, қолдан жасалған ресми құжат әрі қылмыстық әрекеттің объектісі, әрі қылмыс жасаудың құралы, әрі онда қылмыстың ізі сақталған зат болады. Заттай дәлелдемелерді әр түрге бөлудің практикалық маңызы бар. Мәселен, жеке меншіктегі автокөлік қылмыс жасаудың құралы болған деп танылса, ол айыптау үкімі шығарылған жағдайда тәркіленуге жатады. Көпшілік жағдайларда заттай дәлелдемелерді қолдану сараптама жүргізу арқылы мүмкін болады. Мәселен, қылмыс жасалған жерде қолдың саусақтарының іздері табылған болса, сараптама жүргізу арқылы ол іздер сезіктінің немесе айыпталушының қолынікі екені анықталады. Немесе, сезіктіні ұстау кезінде табылған қару (пистолет) сараптамаға жіберіліп, өлген адамның денесінен алынған оқтың осы қарудан атылғандығы дәлелденеді. Ресми құжаттың қолдан жасалғандығы криминалистикалық сараптама жүргізу аркылы анықталады. Қылмыстық іс жүргізу органы заттай дәлелдемелерді олардың іске катыстылығы, қолдануға болатындығы, шындыққа жататындығы және маңыздылығы тұрғысынан бағалап қолданады. Заттай дәлелдемелерді қолданудын, басты шарты оларды ресімдеу болып табылады. Яғни, заттай дәлелдемелер ҚІЖК-де көрсетілген ережелерге сәйкес алынуы және бекітілуі тиіс. Ол ережелерді сақтау заттай дәлелдемелердің барлық түрлері үшін бірдей талап етіледі. Біріншіден, заттай дәлелдемелерді табылған (тергеу әрекеттерін жүргізу барысында) немесе тұлғалар (ұйымдар, азаматтар) тапсырған кезде қарап анықтау және хаттамада жазып көрсету қажет (ҚІЖК 223-бабының 1-бөлігі). Көбіне, заттай дәлелдемелер тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде табылатын болғандықтан (оқиға болған жерді қарау, тінту және т.б.), осы тергеу әрекетінің хаттамасында бұл заттың қай жерде табылғандығы, оның қандай зат екені көрсетіліп жазылады. Сот отырысында тапсырылған заттай дәлелдемелер болса, олар сот отырысының хаттамасында көрсетіледі. Егер заттай дәлелдемелерді іске мүдделі адамдар немесе басқа тұлғалар (ұйымдар, азаматтар) тергеу әрекетін жүргізу кезінен тыс жағдайда тапсырған болса немесе тергеу әрекетін жүргізу кезінде табылған заттай дәлелдемелерді құнттап қарауға ол жерде мүмкіндік болмаса (мысалы, түнгі уақыт болғандықтан), онда заттай дәлелдемелер жеке түрде қаралып, оларды қарау туралы хаттама жазылады. Заттай дәлелдемелерді қарау куәгерлердің қатысуымен жүргізіледі. Қарау хаттамасында бұл заттың кай жерде, қандай жағдайда табылғандығын, бұл заттың атауын, жалпы және ерекше белгілерін көрсетіп жазу қажет (сыртқы нысанын, түсін, қандай материалдан жасалғандығын, мөлшерін және т.б.)- Хаттама жазумен қатар, заттай дәлелдемелер мүмкіндігіне қарай фотосуретке түсіріліп, ол фотосурет хаттамаға тіркелуге тиіс. Екіншіден, қылмыстық іс жүргізу органы заттай дәлелдемені іске тіркеу туралы қаулы шығарады (ҚІЖК 121-бабыньщ 2-бөлігі). Мұндай қаулы болмай, заттай дәлелдемелерді қолдануға жол берілмейді. Осы айтылған тәртіппен рәсімделген заттай дәлелдемелер қылмыстық іспен бірге үкім немесе істі қысқарту туралы қаулы занды күшіне енгенге дейін сақталуы тиіс. Егер заттай дәлелдемені оның тым үлкендігіне немесе басқа себептерге байланысты іспен бірге сақтау мүмкін болмаса, онда ол қылмыстық іс жүргізу органы көрсеткен жерде сақтауға тапсырылады және бұл жағдайда фотосурет немесе бейнежазба құралымен оның бейнесі түсіріп алынады. Сонымен қатар, мүмкін болған жағдайда іске заттай дәлелдемелердің үлгілері алынып тіркеледі. Заттай дәлелдемелер қылмыстық істің материалдарынан бөлек сақтауға тапсырылған болса, істе олардың қай жерде екендігін көрсететін құжат болуы тиіс. Мәселен, ұлттық немесе шет елдік валюта және өте бағалы заттар (алтын, күміс, бриллиант және т.б.) банкіге тапсырылуға жатады. Мұндай жағдайда ол заттарды банкінің қабылдағаны туралы тиісті құжат (анықтама) қылмыстық істің материалдарына тіркеледі. Тез бұзылатын заттай дәлелдемелер (олар ҚІЖК-не сәйкес рәсімделгеннен соң) иесіне қайтарылады немесе, егер оларды иесіне қайтарып беру мүмкін болмаса, тиісті ұйымдарға мақсатына сай пайдалануға беріледі не сатуға өткізіледі және одан түскен ақша қылмыстық іс жүргізу органының депозитіне салынады. Сақталуы айтарлықтай материалдық шығын жұмсауды қажет ететін заттай дәлелдемелер, егер оларды иесіне қайтарып беру мүмкін болмаса, занда белгіленген тәртіппен сатылады және одан түскен ақша қылмыстық іс жүргізу органының депозитіне салынады. Мұндай жағдайларда, мүмкіндігіне қарай, заттай дәлелдемелердің үлгілерін алып іске тіркеу кажет. Заңды негіздер бар болған реттерде пайдаланылған немесе сатылған заттай дәлелдемелер сол секілді және сондай сападағы заттармен иесіне қайтарылып беріледі немесе оған олардың құны төленеді. Заттай дәлелдемелер иесіне қайтарылып берілген немесе пайдалануға берілген не сатуға өткізілген болса, ол жөнінде хаттама жазылады. Қылмыстық іс жүргізу аяқталған кезде заттай дәлелдемелердің тағдыры соттың үкімінде немесе қылмыстық істі қысқарту туралы қаулыда көрсетілуі тиіс. Бұл жөнінде ҚІЖК 121-бабынын 3-бөлігінде былай деп айтылған: 1)қылмыс жасаудың құралы тәркіленуге жатады немесе ол белгілі бір мекемеге, адамға беріледі немесе жойылады; 2)қолдануға тыйым салынған заттар тиісті мекемеге беріледі немесе жойылады; 3)құндылығы жоқ және пайдалануға келмейтін заттар жойылуға жатады, ал мүдделі адамдар немесе мекемелер өтініш жасаған жағдайда оларға берілуі мүмкін; 4)қылмыстық жолмен пайда етілген ақша немесе өзге де бағалы заттар, сондай-ақ заңсыз кәсіпкерлік және контрабандалық заттар соттың үкімі бойынша мемлекеттің кірісіне қаратылуға жатады; басқа заттар соттың үкімі бойынша заңды иелеріне беріледі, ал иелері анықталмаған жағдайда, ол заттар мемлекеттің меншігіне көшеді (бұл заттардың тиесілігі туралы дау туған жағдайда, мұндай дау азаматтық іс жүргізу тәртібімен шешуге жатады); 5)заттай дәлелдеме болып табылатын құжаттар қылмыстық істін бүкіл сақталу мерзімінің ішінде онда қалады немесе мүдделі азаматтарға, ұйымдарға беріледі. 9. ҚІЖК-нің 122-бабында көрсетілген бұл хаттамаларды үш топқа бөлуге болады: 1)тергеу әрекеттерінің хаттамалары; 2)сот отырысының хаттамасы; 3)басқа процессуальдық әрекеттердің хаттамалары. 122-баптың 1-бөлігіне сәйкес, мына аталған тергеу әрекеттерінің хаттамаларында бар фактілі деректер қылмыстық іс бойынша дәлелдемелер болып табылады: қарау, куәландіру, тінту, алу, сезіктіні ұстау, мүлікке тыйым салу, хат-хабарларға тыйым салу, хабарларды ұстап алу, телефонмен және басқа да сөйлесулерді тыңдау және жазып алу, тану үшін көрсету, зерттеу үшін үлгілер алу, мәйтті қазып алу, жауапты оқиға болған жерде тексеру, тергеу эксперименті. Бұл жерде (бапта) сезіктіден, айыпталушыдан, жәбірленушіден және куәлардан жауап алудың хаттамалары көрсетілмеген. Оның себебі: ол адамдардың жауаптарының қайнар көздері жауап берген адамдардың өздері болады да, ал хаттама жазу — олардың жауаптарын бекітудің амалы ретінде қаралады. Ал, алдында аталған тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде іске маңызы бар мән-жайларды негізінен тергеуші тікелей өзі көз жеткізу арқылы анықтайды. Тергеу әрекетері хаттамаларының дәлелдемелер ретінде маңызы әр тергеу әрекетінің ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Мәселен, оқиға болған жерді қарау хаттамасында ол жерде табылған қылмыстың іздері, заттай дәлелдемелер және сол жердің фактілік жағдайы көрсетіліп жазылады. Тінту жүргізудің хаттамасында, мысалы, ұрланған немесе қылмыс жасаудың құралы ретінде пайдаланылған заттардың табылғандығы көрсетіледі. Сот отырысының хаттамасында сот тергеуі кезінде зерттелген дәлелдемелер көрсетіліп жазылады. Сотталушыдан жауап алу, жәбірленушіден жауап алу, куәлерден жауап алу, сондай-ақ сотқа дейінгі өндіріс кезінде жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларын жариялап, олармен танысу арқылы қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелер зерттеледі және соның негізінде сот үкім шығарады. Сот отырысының хаттамасында соттың дәлелдемелерді зерттеуге байланысты барлық іс-әрекеттері жазылып көрсетіледі. Сондықтан осы хаттаманың негізінде сот шығарған үкімнід сот тергеуінде қаралып зерттелген істің материалдары мен дәлелдемелерге сәйкестігін анықтау мүмкін болады. Осыған орай, бірінші саты соты шығарған үкімдер мен қаулылардың дәлелділігін апелляциялық және қадағалау сатыларында тексергенде сот отырысы хаттамасының үлкен маңызы бар. Басқа процессуальдық әрекеттердің хаттамалары жөнінде ҚІЖК 122-бабының 2-бөлігінде былай деп айтылған: қылмыс туралы ауызша арызды қабылдау кезінде, тапсырылған заттар мен құжаттарды қабылдау, кінәсын мойындап келуі, іске қатысушыларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіру туралы жазылған хаттамаларда қамтылған фактілі деректер дәлелдемелер ретінде пайдаланылуы мүмкін. Бұл хаттамалардың тергеу әрекеттерінің хаттамалары мен сот отырысы хаттамасынан айырмашылығы басқа процессуальдық әрекеттердің дәлелдеу қызметі үшін қосымша роль атқаратындығына байланысты болып табылады. Мәселен, жәбірленушінің қылмыстық іс жүргізу органына ауызша арыз бергендігі бұл арызды қабылдау туралы жазылған хаттаманын негізінде расталады. Сол сияқты, қылмыс жасаған адамның кінәсін мойындап ерікті келуі оның өзі жазған мәлімдеменің немесе оның ауызша мәлімдемесін қабылдау туралы тергеуші жазған хаттаманың негізінде анықталады.
10. ҚІЖК-нің 123-бабында көрсетілгендей, егер құжаттарда жазылған немесе ұйымдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ азаматтар куәландырған ондағы мәліметтердің қылмыстық іс үшін маңызы болса, ол құжаттар дәлелдемелер болып табылады. 123-баптың негізінде өзге құжаттарды мынадай түрлерге бөлуге болады: 1)жалпы құжаттар; 2)компьютерлік мәліметтерді қамтитын материалдар, фото және киносуреттер, дыбыс және бейне жазбалар; 3)тергеу жүргізу басталғанға дейінгі тексерудің материалдары (түсініктемелер, тексеру актілері, анықтамалар). Бірінші топқа жататын құжаттар қолдан жазылған немесе теріліп (техникалық тәсілмен) жазылған болуы мүмкін. Бұл құжаттар ресми және бейресми болып бөлінеді. Ресми құжат тиісті талаптарға сәйкес жазылып, оған қол қойылған, мөр басылған болуы тиіс. Бейресми кұжаттарға жеке азаматтар жазған әр түрлі құжаттар жатады (колжазба, күнделік, конспекті, хат, қолхат және т.б.). Екінші топқа жататын құжаттардың жалпы сипаттамасы олардың техникалық құралдарды қолдану арқылы жасалатындығы болып табылады. Үшінші топқа кылмыстық істі қозғауға дейін болатын қылмыстар туралы арыздар мен хабарларды тексеруге байланысты жиналған материалдар жатады. Өзге құжаттардың қылмыстық іс жүргізу хаттамаларынан жалпы айырмашылықтары былайша сипатталады: Біріншіден, хаттамаларды қылмыстық іс жүргізу қызметін атқаратын лауазымды адамдар жазатын болса, өзге құжаттар бұл қызметті атқармайтын адамдардың (азаматтардың) қолынан шығады. Соған сәйкес, хаттамалар қылмыстық іс жүргізу қызметін атқару кезінде жазылатын болса, өзге кұжаттар бұл қызметтен тыс жағдайларда жасалады. Екіншіден, хаттамалардың құрылымы, мазмұны және олардың жазылу тәртібі КДЖК-мен көзделген болса, өзге құжаттардың құрылымын және мазмұнын, жасалу тәртібін ҚІЖК реттемейді. Қылмыстық іс жүргізу кезінде өзге құжаттарды жинаудың және алудың мынадай жолдары пайдаланылады: —олар әр түрлі тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде табылулары мүмкін (оқиға болған жерді қарау, тінту, сезіктіні ұстау және т.б.); —қажет болған жағдайларда қылмыстық іс жүргізу органы ол құжаттарды мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды адамдардан немесе азаматтардан талап етуге құқылы; —ондай құжаттарды қылмыстық процеске қатысушылар немесе өзге де тұлғалар (ұйымдар, лауазымды адамдар, азаматтар) өз еріктерімен қылмыстық іс жүргізу органына тапсырулары мүмкін. Өзге құжаттарды іске тіркеу қажет болған жағдайларда қылмыстық іс жүргізу органы бұл туралы қаулы шығаруы тиіс. Ал, тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде табылған құжаттардың іске алынғандығы осы тергеу әрекегінің хаттамасында көрсетіледі. Құжаттардың заттай дәлелдемелерге тән белгілері бар болған жағдайда, оларды заттай дәлелдемелер ретінде іске тіркеу кажет.
11. Дәлелдемелердi бекiту үшiн хаттамалар жасаумен қатар дыбыс жазу, бейнежазба, киноға түсiрiп алу, фотоға түсiру, құймалар, таңбалар, жоспарлар, кестелер дайындау және ақпаратты бейнелеудiң басқа да әдiстерi қолданылуы мүмкiн. Тергеу iс-әрекетiне немесе соттың талқылауына қатысушының дәлелдемелердi бекiтудiң көрсетiлген әдiстерiн қолданғандығы туралы тиiсiнше тергеу iс әрекетi хаттамасына немесе сот отырысының хаттамасына пайдаланылған ғылыми-техникалық құралдардың техникалық сипаттамасы келтiрiле отырып белгi соғылады. Фонограммалар, бейнежазбалар, кинофильмдер, фотосуреттер, құймалар, таңбалар, жоспарлар, кестелер тергеу немесе сот iс-әрекетiнiң барысы мен нәтижелерiн басқа да бейнелеулер хаттамаға қоса берiледi. Әрбiр қосымшада оған қатысты тергеу немесе сот iс-әрекетiнiң атауы, орны, күнi көрсетiлген түсiндiрме жазба болуға тиiс. Бұл жазбаны iс бойынша сотқа дейiнгi iс жүргiзу барысында анықтаушы немесе тергеушi және қажет болған жағдайларда, куәгерлер, ал сотта - сот отырысының төрағалық етушiсi мен хатшысы өз қолдарымен куәландырады. Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1. Дәлелдеу процесінде ғылыми-техникалық кұралдарды қолдану. 2. Дәлелдеудегі жедел іздестіру қызметерінің рөлі мен маңызы. 3. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеудегі аналогиялар мен преюдициялар. Дәлелдемелердің іс жүргізушілік кайнар көздерінің түрлері. 4. Куәнің жауаптары. 5. Куәнің жауаптарының түсінігі, пәні мен маңызы. 6. Куәлік жауаптарының субъектілері. 7. Куә ретінде жауап алуга жатпайтын тұлғалар. 8. Куәлік иммунитет. 9. Куәнің жауаптарының растығына әсер ететін факторлар. 10. Куәнің жауаптарын бағалау мен тексеру. Date: 2015-09-19; view: 2160; Нарушение авторских прав |