Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәлелдемелерді жіктеу және оның практикалық маңызы
Сипатына және қалыптасуына қарай дәлелдемелер бірнеше топтарға бөлініп жіктеледі. 1. (Қылмыстың оқиғасына қатыстылығы бойынша дәлелдемеле) тікелей және жанамалы болып бөлінеді. Тікелей дәлелдемелер деп қылмыстың оқиғасын, оның қалай болғандығын және кім жасағандығын көрсететін фактілідеректерді айтамыз. Мәселен, жәбірленушінің өзіне қарсы жасалған қылмыстың қалай болғандығы және оны кім жасағанды жөнінде жауабы тікелей дәлелдеме болып табылады. Сол сияқты, айыпталушының айыбын мойындап, қылмысты қалай жасағандығы жөнінде жауабы немесе қылмыстың қалай болғандығын өз көзімен көрген куәнің жауабы - бұлар тікелей дәлелдемелерге жатады. Жанамалы дәлелдемелер деп қылмыстың оқиғасын және қылмысты кім жасағандығын тікелей көрсетпейтін, бірақ іске маңызы бар басқа мән-жайлар жөнінде фактілі деректерді айтамыз. Мәселен, куәнің айыпталушыны қылмыстың оқиғасы болған жерде көргендігі туралы жауабы жанамалы дәлелдемелерге жатады. Немесе, тінту жүргізу кезінде ұрланған заттардың айыпталушының үйінен табылуы мүлікті ұрлау жөніндегі қылмыстық іс бойынша жанамалы дәлелдеме болып табылады. Өйткені, бұл дәлелдемелер қылмыстың қалай жасалғандығын және оны кім жасағандығын тікелей көрсетіп тұрған жоқ. Бірақ, мұндай дәлелдемелердін, жиынтығын қолдана отырып, қылмыстық іске маңызы бар мән-жайларды анықтау мүмкін болады. Дәлелдемелерді тікелей және жанамалы деп ажыратудын практикалық маңызы ол дәлелдемелерді қолданудың ерекшеліктеріне байланысты. Тікелей дәлелдемелерді қолданудың маңызды шарты алдымен олардың шындыққа сәйкестігін анықтау болып табылады. Мәселен, айыбын мойындаған айыпталушының қылмысты қашан, қай жерде және қалай жасағандығы туралы жауабы өтірік айтылмаған болса, бұл жауап оның кінәлілігін көрсететін тікелей дәлелдеме ретінде қолданылады. Жанамалы дәлелдемелерді де қолданғанда алдымен олардың шындығына көз жеткізу қажет. Бірақ, жанама дәлелдеме шындыққа жататын болса да, ол қылмыстын, қалай жасалғандығын және оны кім жасағандығын тікелей көрсетпейді. Дегенмен, жанамалы дәлелдемелердің жиынтығын қолдана отырып, дәлелдеу пәніне кіретін мән-жайларды анықтау мүмкін болады. Қорыта айтқанда, жанамалы дәлелдемелерді қылмыстық іске маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін қолдану бірнеше кезеңдерден өтеді: 1) алдымен олардың шындығына көз жеткізу; 2) оларды басқа дәлелдемелермен бірге қолдана отырып, іске маңызы бар мән-жайлардың дәлелденгендігі немесе дәлелден-бегендігі жөнінде нақты тұжырымға келу. 2.Айыптау пәніне қатысты дәлелдемелер айыптау және ақтау дәлелдемелері болып бөлінеді. Айыптау дәлелдемелеі дегеніміз қылмыстың оқиғасын, қылмысты кім жасағандығын, сондай-ақ айыпталушының кінәлілігін, оның жауаптылығын ауырлататын мән-жайларды»і көрсететін фактілі деректер болып табылады. Ақтау дәлелдемелеріне қылмыстың болмағандығын, іс қылмыстық жауапқа тартылған адамның айыпты емес екендігін, сондай-ақ оның жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларды көрсететін фактілі деректер жатады. Ақтау дәлелдемелерінің, ерекше түрі «алиби» деп аталады. Яғни, қылмыс жасалған кезде айыпталушының басқа жерде болуы — оны ақтауға негіз бола алады. Бірақ, айыпталушының алибиі болуы оны барлық жағдайларда да ақтауға соқтырмайды. Өйткені, алибі бар айыпталушы бұл қылмысқа ұйымдастырушы немесе айдап салушы немесе көмектесуші ретінде қатысқан болуы мүмкін. Дәлелдемелерді айыптайтын және ақтайтын деп бөлудің істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін маңызы бар. ҚІЖК 24-бабының 4-бөлігіне айтылғандай, қылмыстық істі жүргізу кезінде айыпталушыны әшкерелейтін де, ақтайтын да, сондай-ақ оның жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталуы тиіс. Осыған сәйкес, қылмыстық іс жүргізу органы сезіктімің және айыпталушының өзінің кінәсіздігі немесе кінәсінің аздығы, сондай-ақ өзін ақтайтын не жауаптылығын жеңілдететін дәлелдемелердің бар екендігі туралы барлық мәлімдемелерін тексеруге міндетті болып табылады. Дәлелдемелердің қалыптасуы ретіне қарай, олар алғашқы және туынды болып бөлінеді. Алғашқы дәлелдемелер деп іске маңызы бар мән-жайларды тікелей өздері қабылдаған қайнар көздерден алынған фактілі деректерді айтамыз. Мысалы, куәнің немесе жәбірленушінің өз көздерімен көрген немесе тікелей өздері естіген істің мән-жайлары туралы нақты жауаптары алғашқы дәлелдемелер болып табылады. Туынды дәлелдемелер деп тікелей өздері қабылдаудың негізінде емес, бірақ алғашқы қайнар көздер арқылы пайда болған фактілі деректерді айтамыз. Мысалы, куәнің басқа адамнан естен білген істің мән-жайлары туралы жауабы немесе құжаттың көзшірмесі,сондай-ақ қылмыстың оқиғасы болған жерде табылған істердің көшірмелері туынды дәлелдемелерге жатады. Дәлелдемелерді алғашқы және туынды деп бөлудің оларды қолдану үшін маңызы бар. Өйткені, туынды дәлелдемелер алғашқы дәлелдемелермен салыстырғанда оларға дәлме-дәл болмай, өзгерістерге ұшырауы мүмкін (объективтік және субъективтік себептерге байланысты). Мәселен, басқа адамнан естіп білген істің мән-жайлары туралы куә жауабының ол мән-жайларды өзі көрген адамның жауабынан айырмашылықтары болады. Сондықтан, қылмыстық іс жүргізу органы процессуалдық шешім шығарғанда негізінен алғашқы дәлелдемелерге сүйенуі тиіс. Осыған байланысты, туынды дәлелдемелер бар болған жағдайда бұл дәлелдемелерді қолдана отырып, алғашқы дәлелдемелердің өзін табуға шаралар қолдану талап етіледі. Қорыта айтқанда, қылмыстық іс бойынша туынды дәлелдемелерді қолдаудың мынадай жолдары бар: 1)туынды дәлелдемелер алғашқы дәлелдемелерді табу мақсатында қолдануға жатады; 2)туынды дәлелдемелер қажет болған жағдайда алғашқы дәлелдемелерді тексеру үшін қолданылады (мысалы, іске маңызы бар мән-жайларды өз көзімен көрген куә жауабыи өзгертіп айтқан болса, бұл куә мен одан естіген куәнің арасында беттестіру жүргізу арқылы); 3)алғашқы дәлелдеме жойылып кеткен жағдайда, туынды дәлелдеме оның орнына қолданылады (мәселен, ауыр дене жарақаттарын алған жәбірленуші қайтыс болған жағдайда, оның айтқанын естіген адамның куә ретінде берген жауабын қолдану). Мұндай жағдайда туынды дәлелдемені мұқият тексеріп, оның шындыққа жататындығына басқа дәлелдемелер арқылы көз жеткізу қажет болады. Дәлелдеменің қасиеті — бұл мәліметтерден өзгеше дәлелдемелердің ерекшелігін құрайтын белгілер. Олардың мазмұны мен нысаны іс жүргізу заңымен анықталады. Дәлелдеменің қасиетіне жататындар: қатыстылық мүмкіндік және шынайылық. Қылмыстық заң қылмыстық іс бойынша олардың қатыстылығы тұрғысынан алғанда дәлелдемелерді ба-ғалау кезіндегі негізгі шарт болып табылады. Дәлелдемелердің қатыстьшығы дәлелдемелердің мазмүнын сипатгайды жөне іске маңызы бар мөн-жайлардың бар екендігі туралы қорытындыға күмән келтіретін немесе растайтын болмаса теріске шығаратын нақты мәліметтермен іске қатыстылығы танылады (ҚР ҚІЖК 128-бап). Дәлелдемелердің қатыстылығы — бұл оның іс бойынша сәйкесті іс жүргізу шешімдерін негізге қоятын және мәні бойынша бағалайтын, істің материалдық құқықтық мән-жайлары мен дәлелдемелер арасындағы себептік байланысты объективті түрде керсететін фактілерді анықтаудағы жарамдылығы. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу затына енетін қандай да болмасын мән-жайдың бар не жоқ екенін анықтау үшін қолданғанда ғана тек сонда ғана дәлелдеме бұл іске қатысты болып табылады. Дәлелдеменің қатыстылығын анықтау іс бойынша дәлелдеу процесі кезінде жүргізіледі, дәлелдеме жинаудан бастап мәселе шешіліп жатқанда қандай да бір тергеу әрекетін жүргізгенде және істің мән-жай тұрғысынан алғанда қандай нәтиже күтуге болады. Дәлелдеменің қатыстылығын бағалау мен тергеуді жоспарлау тергеу мәліметтерін тергеу тәртібі, дәлелдемелерді жинау және оларды іске тігу жөніндегі процеске қатысушылардың ұсынысын шешу байланыстырылады. Нақты іс бойынша дәлелдеу затына енетін мән-жайларды анықтау үшін маңызы бар мән-жайлар шегін алдын ала анықтау мүмкін бола бермейді. Бұндай мән-жайлар шегін ең алдымен тергеуші болған оқиғаны қарап, мәліметтер тексере отырып анықтайды, белгілейді. Олар процеске қатысушылардың ұсынысы бойынша да анықталуы мүмкін. Дәлелдемелердің қатыстығы негізінен осы дәлелдеменің көмегімен іс бойынша дәлелдеу затына мән-жайлардың енетіндігі мүмкін болғанда, сондай-ақ бұл мән-жайды анықтауға өзінің мазмұны бойынша дәлелдеме қабілетті болғанда анықталады. Дәлелдеменің мүмкіндігі деп дәлелдеме көзінің заңдылығын, алыну тәсілдерін және нақты мәліметтерді анықтау түсініледі. Бұл оның дәлелдеменің бекітілуі, зерттелуі, табылу тәртібі, шығу көзімен салыстырғанда заң талаптарына жауап беретін, іске маңызы бар мән-жайларды анықтау кезіңде пайдалану үшін жарамдылығы. Дәлелдеменің мүмкіндігі — бұл дәлелдемелердің шығу көздерінің, әдістері мен тәсілдерінің олардың алынуына көмектескеннің заң тұрғысынан алғанда толыкқтылығы. Заң бойынша дәлелдеудің міндеті айыптаушыға, анықтаушыға, тергеушіге, прокурорға және сотқа жүктелген (ҚР ҚІЖК 124-бап). Заңда көзделгендей дәлелдеменің шығу көзі іс жүргізу кодексінің 115-бабының 2-бөліміне сәйкес күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәнің жауаптарымен, сарапшының қорытындысымен, заттай дәлелдемелермен, іс жүргізу әрекеттерінің хаттамаларымен және басқа құжаттармен анықталады. Дәлелдемелердің мүмкіндігінің келесі белгісі тергеу, өндірісінің және сот әрекетінің нәтижесінде олардың алынуының заңды тәсілі болып табылады. Дәлелдемелердің мүмкін еместік ұғымы заңды түрде бірнеше құқықтық актілерде бекітілген. Бұл ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясында, оның 77-бабының 9-тармағында «заңсыз тәсілмен алынған дәлелдемелердің ешқандай занды күші болмайды» делінген. Қазақстан Республикасы Конституциясының ережелерін Қылмыстық іс жүргізу кодексі қайталайды, оның 116-бабында былай деп нақтыланған: «Дәлелдемелер ретінде нақты деректер мүмкін емес деп танылады, егер олар Қылмыстық іс жүргізу кодексі талаптарын бұзу жолымен алынған болса». Олар: 1) қинау, күш қолдану, қорқыту, алдау, сондай-ақ өзге де заңсыз іс-әрекеттер арқылы; 2) оларға түсіндірмеудің толық немесе дұрыс түсіндірмеудің салдарынан туындаған қылмыстық процеске қатысушы адамдардың өз құқықтары міндеттеріне қатысты жаңылуын пайдалану арқылы; 3) іс жүргізу туындаған әрекетін осы қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге құқығы жоқ адамның жүргізуіне байланысты; 4) іс жүргізу туындаған әрекетіне қарсылық білдіруіне жататын адамның қатысуына байланысты; 5) іс жүргізу іс-әрекетін жүргізудің тәртібін айтарлықтай бұзу арқылы; 6) белгісіз көзден немесе сот отырысында анықтала алмайтын кезден; 7) дәлелдеу барысында осы заманғы ғылыми білімге қайшы келетін әдістерді қолдану арқылы. Қылмыстық іс жүгізу кодексінің 116-бабында тізілгендер дәлелдеме алудың тиісті көздері дәлелдеме мүмкіндігінің критерийлері болып табылады. Бұлар: 1) күдіктінің, айыпталушының жауаптары; 2) жәбірленушінің, куәнің жауаптары; 3) сарапшының жауабы мен қорытындысы; 4) заттай айғақтар; 5) тергеудің және сот әрекетінің хаттамалары; 6) басқа да құжаттар. Дәлелдеменің шынайылығы. Бұл олардың сипаттамасы сондай тексеру нәтижесінде анықталғандай, ондағы мәліметтер шынайы ақиқатқа, өмір шындығына сай келеді. Ақиқаттығы ешқандай күмән келтірмейтін, негізделген, дәлелденген білім шынайы болып табылады. Сонымен, кез келген шынайы білім ақиқат болып табылады, алайда кез келген ақиқат шынайы болып табылмауы мүмкін. Жеткілікті деп тиісті іс жүргізу шешімін қабылдау үшін, іс бойынша ақиқатты анықтайтын, мүмкін болатын және шынайы дәлелдемелердің жеткілікті көлемде және бір жинаққа түгел жиналуын атайды. Дәлелдеменің қатыстылық, мүмкіндік, шынайылык, және жеткіліктілік сияқты қасиеттерін зерттей отырып іс бойынша ақиқат анықталуы мүмкін, демек қылмыс жасаудағы адамның кінәсі де анықталады деген сөз. Date: 2015-09-19; view: 2375; Нарушение авторских прав |