Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәні және дәлелдеу пәніне кіретін мән-жайлар





ҚІЖК-нің 117-бабында әрбір қылмыс бойынша іс кезінде дәлелденуге тиісті мән-жайлар аталып көрсетіл мән-жайларды білудің маңызы олар қылмыстық іс алдын ала тергеуді және сотта іс қарауды қай бағыттажүргізу. Ол бойынша «жүргізуқажеттілігін білдіреді. Сол мән-жайларды анықтау арқылы ғанақылмыстық іс жүргізу (органы ақиқатқа жету мақсатын орындай алады. Сондықтан ол мән-жайлар қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәнін құрайды деп қаралады. Яғни, қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәні деп әрбір қылмыстық істідұрыс шешу үшін маңызы бар және сондықтан анықталуға тиісті мән-жайлардың жиынтығын айтамыз. Бұл мән-жайларды анықтау және дәлелдеу қылмыстық іс жүргізу органдарының міндетіне жатады. Тергеуші, анықтаушы, прокурор және сотта істі қарау кезінде тараптар осы мән-жайларды анықтауға күш салады.

Дәлелдеу пәнінің мәні мен маңызын толық түсіну үшін оған кіретін мән-жайлардың әрқайсысына жекелеп тоқталу қажет. Яғни, ҚІЖК-нің 117-бабында көрсетілген ол мән-жайларға мыналар жатады:

1.Қылмыстың оқиғасы, жасалу уақыты, болған жері, тәсілі және басқа да мән-жайлары. Бұл мән-жайлар алдымен қылмыстың объектісі мен объективтік жақтарын анықтау қажеттігін көрсетеді. Сол мән-жайлардың негізінде қоғамға қауіпті әрекеттің (әрекетсіздіктің) болғандығына көз жеткізу және оны қылмыстық заңының бабы бойынша саралау мүмкін болады. Яғни, қылмыстың жасалған уақытын, жерін, тәсілін және басқа да жағдайларын анықтаудын бұл әрекетті (әрекетсіздікті) нақты түрде талдап қарастыру үшін маңызы бар. Мәселен, мүлікті ұрлау жеке адам тұрғын үйге жасарын кіріп немесе адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша жасалған болуы мүмкін. Осыған сәйкес, жасалған ұрлықтың қылмыстық заң бойынша саралануы және оны жасаған адамдардың жауаптылық дәрежелері де бірдей болмайды.

2.Қылмысты кім жасағандығы, қылмыс жасаған адамның кінәлілігі, кінәсінің нысаны, қыдмыстың қандай ниетпен жасалғандығы. Яғни, бұл топқа жататын мән-жайлар қылмыстың субъектісі мен субъективтік жақтарын қамтиды. Бұл мән-жайлар бұрын айтылған қылмыстың объективтік жақтарымен байланысты болғандықтан, олардың бірінің анықталуы істің басқа мән-жайларын ашуды жеңілдетеді. Мәселен пара алу фактісіғана жағдайда (қылмыстың оқиғасы), пара алушының кім екендігі де де осы кезде белгілі болады.

Қылмыстың субъектісін анықтау барысында оған бірнеше адамдардың қатысқандығы ашылған болса, олардың әрқайсы-қылмыс жасаудағы рөлін және қандай түрде қатысқан-(ұйымдастырушы, орындаушы, айдап салушы немесекөмектесуші) анықтау қажет. Ал, қылмыстың кейбір түрлері бойынша арнайы суъбектінің белгілері бар болғанда ғана ол адам қылмыстық жауапқа тартылады (мысалы, қызмет жағдайын пайдаланып жасалатын қылмыстар). Ондай қылмыстар қызмет атқару міндеттерін және қызмет жағдайын пайдалану арқылы жасалатын болғандықтан, оған сәйкес келетін қызмет жағдайы жоқ адамдар бұл қылмыстардың субъектісі бола алмайды.


Қылмыстың субъективтік жақтарын ашу үшін де өзара байланысты болып келетін әр түрлі мән-жайларды анықтау және дәлелдеу қажет болады: айыпталушының кінәлілігін, кінәсінің нысанын (тікелей немесе жанамалы кінәлілік, абайсызда жасалған қылмыс), қылмыстың қандай ниетпен және мақсатпен жасалғандығын. Бұл мән-жайлар қылмысты субъективтік жа-ғынан сипаттап, олар қылмыс жасаған адамньщ жауаптылығына әсерін тигізеді. Соның ішінде, қылмыстық занда көрсетілген жағдайларда ниет пен мақсат қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар ретінде қаралды (мысалы, қажетті қорғану шегінен шығу жағдайында қылмыс жасау жауаптылықты жеңілдететін болса, басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау жауаптылықты ауырлататын мән-жайларға жатады).

3. Айыпталушының жауаптылығының дәрежесімен сипатына әсер ететін мән-жайлар. Бұл топқа жататын мән-жайлар Қылмыстық кодексте көзделген жауаптылықты жеңілдететін және оны ауырлататын жағдайларға сәйкес қарастырылады. Мәселен, Қылмыстық кодекстің 53-бабына сәйкес жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылады: жағдайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау; айыпталушының кәмелетке толмауы; айыпталушының жас балалары болуы; қылмыстық жауапқа тартылған әйел адамның жүктілігі; қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету; қылмыстың салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру; қылмыспен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де пайдалы іс-әрекеттер жасау және т.б. Ал, Қылмыстық кодекстің 54-бабына сәйкес, жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайларға жатады: қылмыстарды әлденеше рет жасау; қылмыспен ауыр зардаптар келтіру; алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау; қылмыс жасағанда айрықша белсенді роль атқару және т.б.

Айыпталушының жауаптылығына Қылмыстық кодекстің 53 және 54-баптарында аталып көрсетілмеген басқа да жағдайлар әсеретеді. Мәселен, Қылмыстық кодекстің 53-бабы 2-бөлігінде айтылғандай, жаза қолдану кезінде осы бапта көзделмеген жағдайлар да жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде ескерілуі мүмкін. Ал, Қылмыстық кодекстің 26-бабы 3-4 бөліктерінде былай деп көрсетілген: қылмысты ұйымдастырушы мен қылмысқа айдап салушы, егер бұл адамдар мемлекеттік органдарға хабарлау немесе өзге де шаралар арқылы орындаушының қылмысты ақырына дейін жеткізуіне жол бермесе, қылмыстық жауапқа тартылмауға тиіс; егер қылмысты ұйымдастырушының немесе қылмысқа айдап салушының жоғарыда аталған іс-әрекеті қылмыстың орындалуын болдырмауға әкелмеген болса, олардың қолданған шаралары жаза тағайындау кезінде жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде қаралуы мүмкін.


4. Айыпталушының жеке басын сипаттайтын мән-жайлар. Бұл мән-жайлардың айыпталушының қоғамға қауіптілігі дәрежесін анықтау, оған әділ жаза немесе заңмен көзделген өзге ықпал ету шарасын қолдану және осыған байланысты қылмыстық істі соттың дұрыс шешуі үшін үлкен маңызы бар. Сондықтан, заң бойынша тергеу жүргізу барысында және басты сот талқылауында айыпталушының жағымды-жағымсыз жақтарын қамтитын деректердің барлығын анықтау талап етілді (жасы, денсаулығы, отбасы жағдайы, кәсібі, тұрмыстағы мінез-құлқы, мемлекеттік наградалары, бұрын сотталған ба және т.б.) Егер айыпталушының дене мүшелерінің немесе психикалық кемістіктері жөнінде мәліметтер бар болса, қылмыстық іс жүргізу органы ол деректерді ертерек анықтап, сол кезден бастап іске міндетті түрде қорғаушыны қатыстыру қамтамасыз етілуге тиіс. Айыпталушының есі дұрыстығын жоққа шығармайтын психикалық ауыруы бар немесе бұрын ол маскүнем не нашақор деп танылған болса, оған соттың шешімі бойынша қылмыстық жазамен қатар медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шарасын қолдану мүмкін (емханалық мәжбүрлеп қадағалау және психиатрда емдеу).

Айыпталушының жеке басын сипаттауға оның қылмыс жасағаннан кейінгі мінез-құлқын және өзі жасаған қылмыстықәрекетке қалай қарайтындығын білудіңде маңызы бар. Сондықтан айыпталушының шын жүректен өкініш білдіруі, айыбын мойындап келуі, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшекерелеуге белсенді жәрдемдесуі болған жағдайларда, ондай деректер айыптау қорытындысында, сондай-ақ соттың үкімінде бағаланып көрсетілуге жатады. Ал, айыпталушының бұрын қылмыстық жауапқа тартылып сотталғандығына байланысты оның әрекеті қылмыстың қауіпті немесе аса қауіпті қайталануы деп танылатын болса, оған негіз болатын нақты деректерді айыптау қорытындысында және үкімде көрсету міндетті болып табылады. Қорыта айтқанда, айыпталушының жеке басын сипаттауға жататын аталған және басқа да жағдайларды анықтау істің мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті зерттеу принципінен туындайтындығын ескеру қажет.


5.Қылмыстың зардаптары, қылмыспен келтірілген зиянның сипатымен мөлшері. Қылмыстың зардаптары онымен келтірілген зиянның түрімен және мөлшерімен анықталады. Сондықтан зиянның үш түрге (моральдық, дене және мүліктік) бөлінетіндігіне сәйкес оның қандай түрі немесе түрлері келтірілгендігін, зиянның мөлшерін және қылмыстық әрекетпен (әрекетсіз-дікпен) зиянның арасындағы себепті байланыстың бар екендігін анықтап дәлелдеу қажет етілді. Мәселен, меншікке қарсы қылмыстар бойынша қылмыспен келтірілген мүліктік зиянның мөлшерін толық анықтау қылмысты дұрыс саралаудың маңызды шарты болып табылады. Сондықтан ондай қылмыстар бойынша зиянның мелшерін анықтамай тұрып, қылмыстың құрамын да анықтау мүмкін емес. Жеке адамға қарсы қылмыстар бойынша жәбірленушіге келтірілген дене жарақаттары ауырлығының дәрежесі және оның денсаулығына зақым келтіруден туындаған шығындар (емделуге, оны бағып-күтуге және т.б.) анықталуға жатады. Егер жәбірленушінің дәлелі бойынша оған қылмыспен моральдық зиян келтірілген болса, ондай зиянның болуына байланысты мән-жайларды да анықтау дәлелдеу пәнімен қамтылады. Ондай жағдайда, мәселен, жәбірленушінің ар-намысына тиетін, абыройын төмендететін мән-жайлардың болғандығын немесе жәбірленушіні, оның жақын туысқандырын ұайымға салуға соқтырған мән-жайлардың болғандығын анықтау талап етілді.

6.Әрекеттің қылмыстылығын жоққа шығаратын мән-жайлар.Ондай мән-жайлар Қылмыстық кодекстің 32-37-баптары негізінде қаралады. Осы баптарға сәйкес:

-қажетті қорғану жағдайында басқа адамға зиян келтіру, егер бұл орайда қажетті қорғану шегінен асып кетушілікке жол берілмеген болса, қылмыс болып табылмайды (32-бап);

-қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттік органға жеткізу және оның жаңа қылмыс жасау мүмкіндігін тыю үшін үстау кезінде зиян келтіру, егер бұл адамды өзге амалдармен ұстау мүмкін болмаса және бұл орайда қажетті шаралар шегінен шығуға жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды (33-бап);

-аса қажеттілік жағдайында зиян келтіру, яғни басқа адамдардың өміріне, денсаулығына, құқықтары мен занды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің мүдделеріне тікелей қатер төндірген қауіпті жою үшін зиян келтіру, егер бұл қауіпті басқа амалдармен жою мүмкін болмаса және аса қажеттілік шегінен шығып кетушілікке жол берілмесе, қылмыс болып табылмайды (34-бап);

-уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерлерінің не осы органның тапсырмасы бойынша өзге адамның жедел-іздестіру шараларын орындау кезінде заңмен қоргалатын мүдделерге зиян келтірген әрекеті, егер бұл әрекет қылмыстарды болғызбау немесе ашу, тергеу мақсатымен, сондай-ақ қылмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеу өзге тәсілмен жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда жасалған болса, қылмыс болып табылмайды (34-1 бап);

-қоғамға пайдалы мақсатқа қол жеткізу үшін орынды тәуекел еткен ретте зиян келтіру қылмыс болып табылмайды (35-бап);

-егер күштеп мәжбүрлеудің салдарынан адам өзінің іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) ие бола алмаса, ондай жағдайда қорғалатын мүдделерге зиян келтіру қылмыс болып табылмайды (36-бап);

-өзі үшін міндетті бұйрықты немесе өкімді орындау жөнінде іс-әрекет жасаған адамның қорғалатын мүдделерге зиян келтіруі қылмыс болып табылмайды, мұндай зиян келтіргені үшін заңсыз бұйрық немесе өкім берген адам қылмыстық жауапқа тартылады (37-бап).

7. Қылмыстың жауаптылық пен жазадан босатуға әкеп соқтыратын мән-жайлар. Ондай мән-жайлар Қылмыстық кодекстің65-69-баптарын қолдана отырып анықталуға жатады. Атап айтқанда:

—65-бапқа сәйкес, қылмыстық жауапқа тартылған адамның шын өкінуіне байланысты (бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтығы қылмыс жасаған болса) ол қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін; сондай-ақ қылмыс жасаған адам (жеке адамға қарсы ауыр немесе аса ауыр қылмыстарды қоспағанда) ұйымдасқан не сыбайластықтоп (қылмысты ұйым) жасауға дайындаған қылмыстарды болғызбауға, олар жасаған қылмыстарды ашуға, басқа да қатысушыларды анықтауға белсенді түрде жәрдемдессе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін;

—66-бапқа сәйкес, қажетті корғану шегінен асқан адамды сот істің мән-жайын ескере отырып қылмыстық жауаптан босатуы мүмкін;

—67-бапқа сәйкес, қылмыс жасаған адамның жәбірленушімен татуласуына байланысты ол қылмыстық жауаптылықтан басатылуы мүмкін;

—68-бапқа сәйкес, қылмыс жасаған адамды; егер істі сотта қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін; сондай-ақ бірінші рет кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер Ол кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты сотта іс қаралған уақытта қоғамға қауіпті емес деп танылса, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін;

—69-бапқа сәйкес, қылмыстық жауапқа тартудың мерзімі өткен болса, тиісті адам қылмыстық жауаптылықтан босатылады.

Бұл аталған жағдайларда қылмыстық жауыптылықтан босатудың тәртібі жөнінде ҚІЖК 38-бабының 1-бөлігінде былай деп көрсетілген: сот, прокурор, сондай-ақ прокурордың келуімен тергеуші немесе анықтау органы тиісті жағдайаттар бойынша адамды қылмыстық жауаптылықтан босата отырып, қылмыстық істі қысқартуға құқылы; сондай-ақ сот қылмыстық жауапты-лықтан босата отырып, айыптау үкімін шығаруға да құқылы.

Жоғарыда қарастырылған мән-жайларды анықтау барлық қылмыстық істер үшін ортақ бола тұрып, сонымен қатар қылмыстық істердің топтық немесе жекелеген ерекшеліктеріие байланысты басқа да мән-жайларды істі жүргізу кезінде дәлелдеуқажет болатындығы ескерілуте тиіс. Соның бір көрінісі, мәселен, кәмелетке толмағандардың жасаған қылмыстары бойынша дәлелденуге жататын қосымша мән-жайлар болып табылады. Бұл жөнінде ҚІЖК 117-бабының 2-бөлігінде ҚІЖКтің 481-бабына сілтеме жасалған. Мұнда кәмелетке толмағандардың істері бойынша алдын ала тергеу және сот талқылауын жүргізу кезінде арнайы анықталуға тиісті мән-жайлар аталған: кәмелетке толмағанның жасы (туған күні, айы, жылы), оның тұрмысы мен тәрбие жағдайы жәнет.б.

ҚІЖК 117-бабының 3-бөлігіне сәйкес, дәлелдеу пәніне қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайлар да жатады. Ол мән-жайлар бұрын қарастырылған қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарымен байланысты болып келеді және солардың негізінде анықталады. Мәселен, мүлікті ұрлауға ықпал еткен мән-жайлардың бірі күзетшінің өз қызметін атқаруға салқын қарағандығы болуы мүмкін. Оны анықтау қылмыстың объективтік жақтарын ашумен байланысты болып табылады. Қылмыс жасауға ықпал еткен мән-жайлар анықталған жағдайда тергеуші (анықтаушы) тиісті мемлекеттік органдарға, ұйымдарға немесе оларды басқару қызметін атқаратын лауазымды адамдарға ондай мән-жайларды жою үшін қажетті шаралар қолдану туралы ұсыныс енгізуге құқылы (ҚІЖК-нің 204-бабына сәйкес) ал сотта істі қарау кезінде сот бұл туралы жеке қаулы шығаруға құқылы (ҚІЖК-нің 387-бабына сәйкес).

Дәлрлдеусіз анықталатын мән-жайлар. ҚІЖК-нің 118-бабында дәлілдеусіз анықталатын мән-жайлар туралы айтылған. Бұл бапқа сәйкес, егер тиісті құқықтық тәртіппен керісінше дәлелденбесре, мына мән-жайлар дәлелдеусіз анықталған болып саналады: жалпыға бірдей белгілі фактілер, занды күшіне енген соттың шешімімен айқындалған мән-жайлар, адамның занды білуі, адамның өзінің қызметтік және кәсіби міндеттерін білуі және т.б.

Дәлелдеу шектері. Қылмыстық іс жүргізу құқықтағы іс бойынша дәлелдеу процесінде анықталған мән-жайлардың барлық жиынтығы үшін «дәлелдеу шектері» ұғымы қолданылады.

Дәлелдеу шегі деп іс үшін маңызды болып табылатын мән-жайды анықтау үшін қажетті және жеткілікті дәлелдемелер жиынтығы түсініледі.

Дәлелдеу заты дәлелдеу мақсатын айқындайды, ал дәлелдеу шектері — оған қол жеткізу құралдары.

Сонымен дәлелдеу шектері дәлелдеуге жататын мән-жайлардың дәлелдеу деңгейі дегенді білдіреді. Дәлелдеу шектері бұл дәлелдеу субъектілері негіздеген шешім қабылдау үшін негіз болып табылатын дәлелдемелердің жеткілікті жиынтығы және олар көп реттерде субъективті сипатқа ие.

 

4. Заң талаптарының сақталуы жағдайында алынған жедел iздестiру қызметiнiң нәтижелерi дәлелдемелердi жинауды, зерттеудi және бағалауды реттейтiн ҚІЖКтiң ережелерiне сәйкес ҚІЖКтiң 53-бабында және 21-тарауында, сондай-ақ "Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптар сақтала отырып, қылмыстық iстер бойынша дәлелдеуге пайдаланыла алады.

Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы орган қызметкерi жедел-iздестiру шараларын жүргiзу кезiнде тiкелей қабылдаған нақты деректер аталған қызметкерден куә ретiнде жауап алынғаннан кейiн дәлелдемелер ретiнде пайдаланылуы мүмкiн. Жедел-iздестiру қызметiн жүзеге асырушы органға жасырын негiзде көмек көрсетушi адам тiкелей қабылдаған нақты деректер аталған адамнан куә, жәбiрленушi, сезiктi (айыпталушы) ретiнде жауап алынғаннан кейiн дәлелдемелер ретiнде пайдаланылуы мүмкiн.
Жедел-iздестiру iс-шаралары нәтижесiнде анықталған iстiң мән-жайларын қылмыстық процестi жүргiзушi адам тiкелей қабылдауы қажет және мүмкiн болған кезде iстiң бұл мән-жайлары ҚІЖКте көзделген ережелер бойынша жүргiзiлетiн тергеу не сот iс-әрекеттерiнiң хаттамаларында көрсетiледi. Жедел-iздестiру қызметi барысында алынған заттар мен құжаттарды заттай айғақтар және құжаттар ретiнде пайдалану тиiсiнше ҚІЖКтiң 121 және 123-баптарында көзделген ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Жедел-iздестiру қызметi материалдарын заттай айғақтар мен құжаттар ретiнде iске қосу олардың пайда болуы туралы анық деректер болған ретте ғана ҚІЖКтiң 53 және 100-баптарының талаптары сақтала отырып жүргiзiледi. Анықтау органының бастығы қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша не өз бастамасы бойынша жедел-iздестiру қызметi материалдарын табыс ету туралы шешiм қабылдай отырып, ҚІЖКтiң 202-бабының ережелерiне сәйкес тиiстi қаулы шығарады. Қаулыда: талап етуi бойынша жедел-iздестiру қызметiнiң нәтижелерi табыс етiлiп отырған, қылмыстық процестi жүргiзушi орган; қандай жедел-iздестiру шарасының қандай нәтижелерi және қандай көлемде табыс етiлетiнi; аталған нәтижелердi алу үшiн пайдаланылған техникалық құралдар; адамдардың қауiпсiздiгiн, сондай-ақ мемлекеттiк құпияларды қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi ұсынылатын шаралар көрсетiледi. Анықтау органының бастығы қылмыстық процестi жүргiзушi органға жедел-iздестiру материалдарын өз бастамасымен табыс еткен жағдайда, қаулыда жедел-iздестiру қызметi нәтижелерiн қылмыстық iс бойынша дәлелдеуде пайдалану қажеттiгiне негiздеме де келтiрiледi. Жедел-iздестiру қызметiнiң материалдары олардағы нақты деректердi олардың тергелiп (қаралып) жатқан қылмысты iске қатыстылығы, пайдалануға болатындығы және дұрыстығы тұрғысынан бағалауға мүмкiндiк беретiн көлем мен нысанда табыс етiлуге тиiс.

 

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Таным теориясы – дәлелдемелер теориясының негізі. Қылмыстық іс бойынша ақиқаттың түсінігі, мазмұны және сипаты.

2. Қылмыстық іс бойынша ақиқатты аныктаудың іс жүргізу кепілдері.

3. Дәлелдеудегі практиканың түсінігі мен маңызы.

4. Дәлелдемелердің қайнар көздері.

5. Дәлелдемелердің жіктелуі, оның теориялық және практикалық маңызы. Дәлелдемелердің қасиеттері.

6. Дәлелдемелердің қатыстылығы, іске жіберілуі және растығы.

7. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеудің пәні: түсінігі, мазмұны және маңызы. Қылмыстық іс бойынша дәлелдеу шегінің түсінігі мен маңызы.

8. Дәлелдеусіз анықталатын мән жайлар.

9. Дәлелдемелердің жіктелуі.

10. Дәлелдеу пәні мен шектері.







Date: 2015-09-19; view: 2281; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.018 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию