Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы адамдардың кауіпсіздігін қамтамасыз ету





Дәріс мақсаты: Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы адамдардың кауіпсіздігін қамтамасыз етуді ашу.

Қысқаша мазмұны:

1. Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. 5 шілде 2000 жылғы "Қылмыстық іс жүргізуге қатысушы тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының заңы. Мемлекеттік қорғауға жататын тұлғалар. Қауіпсіздік шаралардың түрлері.

2. Сот талқылауына катысатын тұлғалардың каіпсіздігін камтамасыз ету. Судьялар, прокурорлар, тергеушілер, анықтаушылар, қорғаушылар, мамандар, сарапшылар, сот приставтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

3. Қылмыстық процеске қатысушы жәбірленушілердің, куәлердің, айыпталушылардың және басқа да тұлғалардың кауіпсіздігін камтамасыз ету шараларын ұйымдастыру. Қауіпсіздік шаралары. Сот талқылауына қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

1. 1994 жылы бекітілген Қазақстан Республикасындағы құқықтық реформаның Мемлекеттік бағдарламасында қылмыстық сот ісін жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің механизмін айқындау мәселесі қойылған еді. Соған сәйкес, 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының ҚІЖК-не алғаш рет қылмыстық процеске қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған 12 тарау (98—101-баптар) енгізілді. Сонымен қатар, 2000 жылғы 5 шілдеде «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» арнайы заң қабылданды. Сондай-ақ, мемлекеттік құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету талабы жөнінде бұл органдардың мәртебесін және құзыретін айқындайтын заң актілерінде айтылған. Мәселен, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» 2000 жылы қабылданған конституциялық заңның 26-бабында былайдеп жазылған: «Судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің қорғауында болады, оның тиісті органдары судьядан немесе оның отбасы мүшелерінен тиісті өтініш түскен жағдайда олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оларға тиесілі мүлікті сақтауға дер кезінде және барлық шараларды қолдануға міндетті».

Бұл айтылып отырғаң заңның талабы қылмыстық сот ісін жүргізу саласынада қойылады. Өйткені, қылмыстық іс жүргізу органдардың қызмет тәжірибесі көрсеткендей, олардың кәсіптік қызметіне байланыстьіі өкілетті лауазымды адамдардың, сондай-ақ басқа процеске қатысушылардың өміріне, денсаулығына, мүлкіне қарсы қылмыстық қиянат жасау, оларды қорқыту, оларға күш қолдану және әр түрлі қысымшылық жасау кездеседі. Ондай әрекеттер жасайтын адамдардың мақсаты қылмыстық іс жүргізу органдарының өз міндеттерін орындауларына, оның ішінде сот төрелігін занды түрде жүзеге асыруға кедергі келтіру болып табылады.

Жоғарыда айтылған зандарда қылмыстық процеске қатысушы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нақты амалдары мен тәртібі белгіленген. Ол зандарға сәйкес, қылмыстық сот ісін жүргізу саласындағы мемлекеттік қорғауға мына адамдар жатады:

1)қылмыстық іс жүргізу органдарының лауазымды адамдары (судья, прокурор, тергеуші, анықтаушы, сондай-ақ жедел-іздестіру қызметін атқаратын лауазымды адамдар);


2)өз мүдделерін қорғайтын және басқа процеске қатысушылардың кұқықтары мен занды мүдделерін қорғайтын адамдар (сезікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және олардың өкілдері);

3)өзге іске қатысушылар (куә, куәгер, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысынын хатшысы, сот приставы);

4)іске қатысушылардың отбасы мүшелері және жақын туыстары.

ҚІЖК 98-бабының 2-бөлігінде көрсетілгендей, бұл аталған адамдарға қатысты мемлекет занда көрсетілген тәртіппен олардың өміріне қауіп төнуден немесе өзге де күш қолданудан қауіпсіздендіру шараларын қолдануды қамтамасыз етеді. Ондай шаралардың түрлері ҚІЖК-нің 100—101-баптарында және «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» занның 7—20-баптарында көрсетілген. Бұл шаралардың оннан артық түрлері бар. Оларідың өзін, қолдану ретіне қарай, екі топқа бөлуге болады:

1)қылмыстық іс жүргізудің басталу кезінен қолдануға болатын қауіпсіздік шаралары;

2)сотта істі қарау кезінде қолданылатын қауіпсіздік шаралары.

Қауіпсіздік шараларының басым көпшілігі бірінші топқа жатады. Олар мыналар:

1. Қылмыстық іс жүргізу органы күш қолдану немесе құқыққа қайшы басқа әрекеттер қаупін, туғызған адамға мұндай әрекеттерді тиюы жөнінде ресми түрде ескерту жасайды және ондай әрекеттерін тыймаған жағдайда ол үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығын ескерітеді. Ескерту ол адамға қолы қойғызылып хабарланады. Ал, егер қауіп туғызған адамның әрекетінде қылмыстық кодекстіні 112-бабымен көзделген қылмыстың (қоркыту) белгілері бар болса, онда бұл адамға қарсы қылмыстық іс қозғалуы тиіс.

2.Қорғалатын адам туралы мәліметтерді білуге шек қою. Ол үшін іс жүргізу хаттамаларында (мәселен, жауап алу хаттамасында) бұл адамның кім екендігі жөнінде деректерді көрсетпей, оның орнына бүркеншік ат (псевдоним) қолдану қажет болады және ол адам жөнінде толық мәліметтер қылмыстық істің негізгі материалдарынан бөлек сақталуы тиіс. Қорғалатын адамға байланысты оқшаландырылған материалдармен (мәліметтермен) танысу бұл істі жүргізуші органға ғана рұқсат етіледі. Басқа процеске қатысушылар ол мәліметтермен оларды жарияламау туралы қолхат бере отырып, қылмыстық іс жүргізу органының рұқсатымен ғана таныса алады. Қорғалатын адамның қатысуы қажет болатын іс-әрекеттер оны тануды болдырмайтың жағдайда жүргізіледі.


3.Іске қатысушы адамға қарсы күш қолдану немесе басқалай қылмыстық әрекеттер жасауды болғызбау мақсатында ондай қауіп туғызған сезіктіге немесе айыпталушыға бұл жағдайда тиімді болатын бұлтартпау шарасын қолдану (мәселен, қамауға алу).

4.Іске қатысушы адамның жеке басын, баспанасын және мүлкін қорғау. Бұл шара — қылмыстық іс жүргізу органының қаулысы бойынша ішкі істер органының қатысуымен жүзеге асырылады. Яғни, мұндай жағдайда ішкі істер органының арнайы бөлінген қызметкерлері жеке адамның, оның үйжайының және мүлкінің қорғалуын қамтамасыз етуге міндетеледі. Осыған байланысты қорғалатын адамның үй-жайында сигнализация құралдарын қою, оның телефон және көлік құралдарының нөмірлерін өзгерту қажет болуы мүмкін.

5.Процеске қатысушы адамды қажеггі жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету. Яғии, кажет болған жағдайда бүл адам-ға қару немесе басқа арнайы жеке қорғану құралы беріледі. Мұндай шара қолданылатын болса, қару қолдану туралы заңның талаптары ескеріледі және оған қорғалатын адамның келісімі болуы шарт. Қорғалатын адам қаруды күтіп ұстау, оны алып жүру және қолдану ережелерін қатаң сақтауға міндеттеледі.

6.Процеске қатысушы адамды қауіпсіз жерге уақытша тұруға орналастыру. Бұл шараның мәні қорғалатын адамның келісімі бойынша белгілі бір мерзімге онын басқа жерде тұруына қажетті жағдай жасау болып табылады (мысалы: жасырын түрде мейманханада немесе демалыс үйінде уақытша тұруға орналастыру).

7.Қорғалатын адам жөнінде мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз ету. Бұл шараның мәні қорғалатын адамның жеке басына және отбасына байланысты мәліметтерді кімнің болса да жалпыға бірдей қызмет көрсету мекемелерінен сұратып білуіне кедергі қою болып табылады (қылмыстық іске маңызы бар занды жолмен анықталуға тиісті мәліметтерді қоспағанда). Ол үшін қылмыстық іс жүргізу органының дәлелді қаулысы бойынша анықтама және құжаттар беретін мекемелердің, жол полициясының қорғалатын адам жөнінде (оның кім екендігі, отбасы жағдайы, тұратын жері, жұмыс немесе оқу орыны және т.б.) мәліметтер берулеріне тыйым салынады.


8.Қорғалатын адамның құжаттарын ауыстыру. Бұл адамның арызы немесе келісімі бойынша оның өз басына қажетті құжаттар, оған өзгертілген деректер жазылып, жаңадан беріледі. Өзгертілген деректер қорғалатын адамның өзінің келісімі бойынша тандалып, жаңа құжаттарға жазылады.

9.Қорғалатын адамды басқа жерге тұрақты немесе уақытша тұруға көшіру, жұмыс немесе оқу орнын ауыстыру. Ол үшін қорғалатын адамның өзінің арызы немесе келісімі болуы тиіс. Бұл шара жергілікті атқару органдарының көмегімен жүзеге асырылады. Яғни, қоныс аударатын адамды жаңа баспанамен және тұрмыстық мүлікпен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс немесе оқу орнына орналастыру қажет болады.

10.Қорғалатын адамның бет-әлпетін өзгерту. Мұндай амал өте ерекше, баска қауіпсіздік шаралары тиімді болмайтын жағдайларда ғана қолданылуы мүмкін және оған қорғалатын адамның келісімі болуы шарт.

 

2. Қауіпсіздік шараларының келесі тобы сотта істі қарау кезінде қолданылатын шаралар болып табылады. Ол шаралардың түрлері және қолдану тәртібі ҚІЖК-нің 101 бабымен реттелген:

1)сот отырысын жабық өткізу (толық немесе жартылай);

2)қауіп туғызатын немесе онымен байланысты адамдарды сот отырысының залынан шығару;

3)куәдан жауап алғанда: онын жеке басы туралы деректерді жарияламау немесе оны басқа іске қатысушылардың кезіне көрсетпеу және басқалары тани алмайтын жағдай жасау.

Мұндай шараларды қолдану қылмыстық істі қарайтын соттың дәлелді қаулы шығаруы арқылы рәсімделеді.

Ал, қауіпсіздік шараларын қолданудың жалпы тәртібі ҚІЖК-нің 99—101 баптарымен және «Қылмыстық процеске катысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» заңның 21-28 баптарымен реттелген. Осы баптардың нормаларын қолдана отырып, қауіпсіздік шараларын қолданудың мына кезендерін білу қажет:

1)қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдау;

2)бұл шараларды жүзеге асыру;

3)қауіпсіздік шараларын қолдануды тоқтату. Қауіпсіздік шарасын қолдану туралы шешім қабылдау үшін алдымен себеп пен негіздің болулары қажет. Себеп ретінде процеске қатысушы адамның өзіне немесе жақындарына қарсы туған қауіп жөнінде арызы болады. Ондай арыз ауызша немесе жазбаша берілуі мүмкін. Қауіпсіздік шарасын қолданудың негізі ретінде іске қатысушы адамның немесе оның отбасы мүшесінің, не басқа жақын адамының өміріне немесе мүлкіне тиетін қауіптің бар екендігін көрсететін нақты деректер болып табылады. Себеп пен негіз бар болған жағдайда қылмыстық іс жүргізу органы қажетті қауіпсіздік шарасын қолдану туралы қаулы шығарып, бұл жөнінде қорғалатын адамға хабарлауы тиіс.

Занда көрсетілгендей, қылмыстық іс жүргізу органы процеске қатысушы адамның арызын жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қарап, тиісті шешім шығаруға міндетті. Мүдделі адамның арызы қанағаттандырылмаған болса, ол адам прокурорға немесе сотқа шағымдануға құқылы. Сонымен қатар, қауіпсіздік шарасын қолдануға негіз бар болған жағдайда қылмыстық іс жүргізу органы өз бастамашылығымен ондай шараны қолдану туралы қаулы шығаруға құқылы (ҚІЖК-нің 99-ба-бының 2-бөлігі). Мұндай жағдайда қауіпсіздік шарасын қолдануға себеп оның қажеттілігін қылмыстық іс жүргізу органының тікелей өзінің анықтауы болып табылады.

3. Қауіпсіздік шарасын қолдану туралы қаулы шығарылғаннан соң кейінгі мәселе ол шараны жүзеге асырудың жолымен байланысты болып келеді. Ондай шараларды жүзеге асырудың екі жолы бар: 1) қаулы шығарған қылмыстық іс жүргізу органының өзінің жүзеге асыруы; 2) басқа мекемелердің, ұйымдардың және лауазымды адамдардың қатысуымен жүзеге асыру. Мәселен, қауіп туғызған адамға ресми ескерту жасау кажет болған жағдайда, тергеуші бұл шараны тікелей өзі жүзеге асырады. Сол сиякты, сотта істі қарау кезінде куәдан жауап алғанда оның жеке басы жөнінде деректерді жарияламау кажет болса, мұндай шараны судьяның өзі жүзеге асыра алады. Бірақ, қауіпсіздік шаралары түрлерінің көпшілігін жүзеге асыру бас-қа мекемелерді және лауазымды адамдарды қатыстыруды қажет етеді (мысалы: процеске қатысушы адамның баспанасын және мүлкін қорғау немесе оны басқа жерде тұруға көшіру, жұмыс орнын ауыстыру). Осыған байланысты, «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» заңньщ 24-бабында былай деп жазылған: қауіпсіздік шарасын қолдану туралы өкілетті органның шешімін орындау атқару органдарының, мекемелердің және ұйымдардың лауазымды адамдары үшін міндетті.

Қауіпсіздік шараларын қолданудың тиімді болуы қорғалатын адамның өз мінез-құлқына да байланысты. Сондықтан бұл адамның өзіне тиісті міндеттер жүктеледі. Мәселен, «Қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау туралы» заңның 26-бабында көрсетілгендей, қорғалатын адамға мынадай міндеттер жүктеледі: қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органның нұсқаулары мен занды талаптарын орындау; өзіне қарсы қауіп төндіру немесе басқалай құқыкқа қайшы келетін әрекеттер жасалған болса, ол жөнінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін органға дереу хабарлау; қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында өзіне берілген мүлікті ұқыпты түрде сақтау; өзіне қатысты қолданылған қауіпсіздік шаралары жөнінде мәліметтерді жарияламау; қажет болған жағдайда қару және жеке қорғану құралдарын қолдануға үйрену үшін тиісті оқудаң өту.

Қорғалатын адамның құқықтары да сақталуға тиіс. Оған мынадай құқықтар берілген: өзіне қатысты қандай қауіпсіздік шаралары қолданылатындығын білу; өзіне қатысты қауіпсіздік шараларының нақты түрін қолдану немесе қолданбау жөнінде өтінішін айту; қауіпсіздік шараларын жүзеге асыратын лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттері мен шешімдерін жоғары тұрған органға, прокурорға немесе сотқа шағымдау.

Қауіпсіздік шарасын қолданудың қажеттілігі жойылған кезде оны тоқтату туралы қылмыстық іс жүргізу органы қаулы шығарып, ол жөнінде мүдделі адамға хабарлайды.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Сот талқылауына катысатын тұлғалардың кауіпсіздігін камтамасыз ету.

2. Судьялар, прокурорлар, тергеушілер, анықтаушылар, қорғаушылар, мамандар, сарапшылар, сот приставтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

3. Қылмыстық процеске қытысушы жәбірленушілердің, куәлердің, айыпталушылардың және басқа да тұлғалардың кауіпсіздігін камтамасыз ету шараларын ұйымдастыру.

4. Қауіпсіздік шаралары.

5. Сот талқылауына қатысушы тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Тақырып. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысу мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайлар. Қарсылық білдіру және өтініш жасау.

Дәріс мақсаты: Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысу мүмкіндігін жоққа шығаратын жағдайларды сипаттау. Қарсылық білдіру және өтініш жасауды ашу.

Қысқаша мазмұны:

1. Қылмыстық іс жүргізуге қатысудын шеттеуге өтініш жасау және қарсылық білдіру. Қылмыстық іс жүргізуге қатысудан босату. Судьяға қарсылық білдіру. Прокурорга қарсылық білдіру. Тергеуші мен аныктаушыға қарсылық білдіру. Куәгерге қарсылық білдіру. Сот отырысы хатшысы мен сот приставына қарсылық білдіру. Аудармашы мен маманға қарсылық білдіру. Сарапшыға қарсылық білдіру.

2. Қорғаушыны, жәбірленушінің өкілін, азаматтық талапкерді немесе азаматтық жауапкерді қылмыстық іс бойынша өндіріске қатысудан шеттету.

3. Қылмыстық іс жүргізу қатысушы ретінде тану құқығы, құқықтары мен міндеттерін түсіндіру және олардың мүмкіндіктерін қылмыстық іс жүргізуді жүзеге асыратын органдардың қамтамасыз етуі.

4. Өтініш. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырушы мемлекеттік органдарының және лауазымды тұлғалардың шешімдеріне, әрекеттеріне шағындану. Ұсталған немесе камауға алынған тұлғалардың шағым беру тәртібі.

5. Шағым берудің мерзімдері. Шешімдерді орындауды шағым берілуіне байланысты тоқтата тұру. Прокурор шешіміне шағымды сотта қарау тәртібі.

 

1. Судья, прокурор, тергеушi, анықтаушы, қорғаушы, жәбiрленушiнiң (жеке айыптаушының), азаматтық талапкердiң, азаматтық жауапкердiң өкiлi, куәгер, сот отырысының хатшысы, сот приставы, аудармашы, сарапшы, маман қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге өздерiнiң қатысуын жоққа шығаратын мән-жайлар болған кезде қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысудан шеттетiлуге мiндеттi не оларға қылмыстық процеске қатысушылар қарсылық бiлдiретiнiн мәлiмдеуi тиiс.

Қылмыстық процестi жүргiзушi орган өз құзыретiнiң шегiнде iс бойынша iс жүргiзуден шеттету туралы мәлiмделген қарсылық бiлдiрулер мен өтiнiштердi шешуге немесе бұл адамның қылмыстық процеске қатысуын жоққа шығаратын мән-жайлар анықталған кезде тиiстi қаулы шығару арқылы өз бастамашылығы бойынша оны iс жүргiзуге қатысудан шеттетуге құқылы. Егер басқа процеске қатысушыларға қатысты қарсылық бiлдiрулердi шешуге уәкiлеттi адамға қарсылық бiлдiрумен бiр уақытта процеске өзге де қатысушыларға қарсылық бiлдiру мәлiмделсе, онда бiрiншi кезекте осы адамға қарсылық бiлдiру туралы мәселе шешiледi.

Егер қылмыстық сот iсiн жүргiзуге бiр мезгiлде бiрнеше адамның қатысуы олардың туыстық қатынастарына немесе жеке байланыстың басқа да қатынастарына байланысты жоққа шығарылатын жағдайда қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуден процеске қатысушы жағдайына басқалардан кейiнiрек ие болған адам шеттетiлуi тиiс. Егер туыстық немесе жеке байланыстың басқа да қатынастарымен байланысты адам соттың құрамында болса, қылмыстық iс бойынша іс жүргiзуден шеттетiлуге төрағалық етушi таңдаған адам жатады.

Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзуге қатысуы осы Кодексте көзделген қандай да болсын жағдайлармен жоққа шығарылмайтын сот отырысының хатшысын, сот приставын, аудармашыны, маманды, сарапшыны олардың сұрауы бойынша олардың өз iс жүргiзу функцияларын орындауына кедергі келтiретiн дәлелдi себептерiнiң болуына орай мұндай қатысудан қылмыстық процестi жүргiзушi орган босатады.







Date: 2015-09-19; view: 1382; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.016 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию