Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Азаматтық талап институтының субъектілері
Қылмыстық іс бойынша азаматтық талаптың қойылуы оған сәйкес кұқыктық қатынастармен қамтылатын қарама-қарсы екі жақтың пайда болуына әкеп соқтырады: талапкердің және жауапкердің. Олардың қылмыстық процеске бірдей қатысулары азаматтық талапқа қатысты істің мән-жайларының неғұрлым толық, объективті және жан-жақты қаралап, қойылған талаптың дұрыс шешілуінің маңызды кепілдігі толып табылады. Қылмыстық іс бойынша азаматтық талапкер ретінде жеке немесе занды тұлға танылуы мүмкін. Ол үшін мынадай шарттардың болуы қажет: 1) оған тікелей қылмыспен мүліктік, сондай-ақ моральдық зиянның келтірілуі немесе қылмыстың зардабынан келтірілген шығыстардың болуы; 2) бұл тұлғаның қылмыстық істі жүргізуші органға жазбаша нысанда берілген талабының болуы. Осы шарттар қатар болған жағдайда қылмыстық істі жүргізуші орган бұл тұлғаны азаматтық талапкер ретінде тану туралы қаулы шығарады. Қаулы шыққан кезден бастап азаматтық талапкер ҚІЖК-нің 77-бабында көрсетілген құқықтарын қолдану арқылы процеске қатысып, заңды мүдделерін қорғауға толық мүмкіндік алады. Негізінен азаматтық талапты қылмыстық іс бойынша жәбірленуші қояды. Егер жәбірленуші азаматтық талап қойған болса, онда ол әрі азаматтық талапкер ретінде танылады. Яғни, мұндай жағдайда тұлға жәбірленушінің де және азаматтық талапкердің де құқықтарына бірдей ие болады. Егер жәбірленуші кәмелетке толмаған немесе оның әрекет қабілеті жоқ деп танылған болса, азаматтық талапты жәбірленушінің занды өкілі қоюға құқылы. Процессуальдық тұлғалар ретінде іске қатысатын жәбірленуші мен азаматтық талапкердің құқықтарының ұқсастықтары бар болғанымен (дәлелдемелер тапсыру, түсініктер беру, өкіл алу, және т.б.), олардың құқықтарының көлемі бірдей еместігіне назар аудару қажет. Яғни, жәбірленушінің құқықтары азаматтық талапкердің құқықтарынан кеңірек болып табылады. Мәселен, жәбірленуші тергеу жүргізу аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, сотта айыптауды қолдауға, соттың үкіміне толық келемде шағымдануға құқылы; ал азаматтық талапкер тергеу жүргізу аяқталғаннан кейін азаматтық талапқа қатысты істің материалдарымен танысуға, азаматтық талапқа қатысты үкімнің бөлігіне шағымдануға құқылы, ол өз талабын қолдауға құқылы болғанымен, сотта айыптаушы ретінде бола алмайды. Қылмыстық іс бойынша азаматтық талапты прокурор қоюы мүмкін. ҚІЖК 62-бабының 2-бөлігінде көрсетілгендей, прокурор мына жағдайларда айыпталушыға немесе оның іс-әрекеттері үшін мүліктік тұрғыдан жауапты тұлғаға азаматтық талап коюға құқылы: 1)егер дәрменсіз күйіне немесе айыпталушыға тәуелді болуына не өзге де себептерге байланысты жәбірленушінің өз еркімен азаматтық талап қою құқығын пайдалануға қабілеті жоқ болса; 2)егер азаматтық талапты қою мемлекеттің мүдделерін қорғау үшін қажет болса. Прокурор өз атынан қылмыстық іс бойынша азаматтық талап қойған жағдайда, оны азаматтық талапкер ретінде тану туралы қаулы шығару қажет болмайды. Азаматтық талап қою — прокурордың заңмен көзделген өкілеттіктерінің біріне жататын болғандықтан, мұндай талапты соттың қылмыстық іспен бірге қарап шешуі міндеті болып табылады. Сонымен қатар, қылмыстық істі сотта қарау кезінде прокурор процеске қатысушы жеке немесе занды түұлға қойған азаматтық талапты қолдауға құқылы. Прокурор өз өкілеттігін қолдану арқылы азаматтық талапкердің құқықтарының жүзеге асырылуына пайдалы ықпалын тигізеді. Азаматтық жауапкер. Азаматтар мен занды тұлғаларға заңсыз іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келтірілген мүліктік және мүліктік емесе зиянды оны келтірген тұлға етеуге тиіс (Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі 917-бабының 1-бөлігі). Яғни, қылмыс жасау қылмыстық жауапқа тартудын негізі болса, қылмыспен мүліктік және мүліктік емес зияннын, келтірілуі азаматтық жауаптылықтың негізі болып табылады. Сондықтан да қылмыспен келтірілген зиянды өтеу туралы азаматтық талап айыпталушының өзіне қойылады. Дегенмен, кейбір реттерде қылмыстың зардабынан болған зиянды өтеу міндеті зиян келтіруші болып табылмайтын тұлғаға жүктелуі мүмкін. Ондай жағдайда айыпталушының әрекеті үшін мүліктік тұрғыдан жауапты тұлға азаматтық жауапкер ретінде танылуға жатады. Азаматтық талап айыпталушыға қойылған жағдайда оны азаматтық жауапкер ретінде тану туралы арнайы қаулы шығару қажет болмайды. Өйткені, айыпталушының құқықтары оған қойылған азаматтық талапқа байланысты өз мүдделерін қорғауға және қылмыстық іс жүргізуге толық көлемде қатысуға мүмкіндік береді. Басқа реттерде қылмыстық істі жүргізуші орган тиісті тұлғаны азаматтық жауапкер ретінде тану туралы қаулы шығарады. Осы кезден бастап азаматтық жауапкер ҚІЖК-нің 78-бабында көрсетілген құқықтарға ие болып, сонын негізінде ол дербес процессуалдық тұлға ретінде іс жүргізуге қатыса алады. Айыпталушының өзінен басқа жеке немесе занды тұлғаны азаматтық жауапкер ретінде танудың жалпыға ортақ құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі баптарының нормаларынан туындайды. Айтап айтқанда: 1.Заңды тұлға немесе азамат өзінің қызметкері еңбек (қызметтік, лауазымдық) міндеттерін атқару кезінде келтірілген зиянды өтейді (921-бап). 2.Жергілікті өзін-өзі басқару органдары өз органдары мен лауазымды адамдары келтірген зиян үшін жауапты болып табылады. Мемлекеттік органдар лауазымды адамдарының әкімшілік басқару саласындағы заңсыз іс-әрекеттерінен (әрекетсіздіктерінен) келтірілген зиян осы органдардың иелігіндегі қаржы есебінен өтеледі (922-бап). 3.Заңсыз соттау, заңсыз қылмыстық жауапқа тарту, бұлтартпау шарасы ретінде заңсыз қамауға алу, үйде қамауда ұстау, ешқайда кетпеу туралы қолхат алуды заңсыз қолдану, қамау немесе еңбекпен түзеу түріндегі әкімшілік жазаны заңсыз қолдану, психиатриялық емдеу мекемесіне немесе басқа емдеу мекемесіне орналастыру салдарынан азаматқа келтірілген зиянды алдын ала тергеу, анықтау, прокуратура және сот органдары лауазымды адамдарының кәнісіне қарамастан заң актілерінде белгіленген тәртіппен толық көлемде мемлекет өтейді (923-бап). 4.Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар өздері келтірген зиян үшін дербес жауап береді. Олардың зиянды өтеу үшін жеткілікті мүлкі немесе өзге кіріс көздері болмаған жағдайда зиянды толық немесе оның жетпей тұрған бөлігін, егер зиянның өздерінің кінәсінен болмағанын дәләлдемесе, ата-аналары (асырап алушылары) немесе қамқоршылары әтеуге тиіс. Ал, он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмаған адам тиісті тәрбиелеу, емдеу мекемесінде немесе заңға орай оның қамқоршысы болып табылатын басқа мекемеде болса, зиянды толық немесе оның жетпей тұрған бөлігін, егер зиян өз кінәсінен болмағанын дәлелдемесе, сол мекеме өтеуге міндетті (926-бап). 5.Қызметі айналасындағылар үшін жоғарғы қауіптілікпен байланысты занды тұлғалар мен азаматтар (келік ұйымдары, өнеркәсіп орындары, құрылыстар, көлік құралдарының иелері және т.б.), егер зиян дүлей күштердің немесе жәбірленушінің қастандығының салдарынан пайда болғанын дәлелдемесе, жоғарғы қауіптілік көздері келтірген зиянды өтеуге міндеіті (931-бап). Азаматтық кодекстің осы айтылған баптарының ережелерін қолдана отырып және істің мән-жайларының негізінде қылмыстық істі жүргізуші орган тиісті жеке немесе занды тұлғаны азаматтық жауапкер ретінде тану туралы қаулы шығарады. Мұндай шешімді қабылдау қылмыстық іс бойынша азаматтық талап қойылған жағдайда ғана қажет болады. Азаматтық кодекстің 933-бабында жеке және заңды тұлғалардың зиян келтірген тұлғаға кері (регрестік) талап қою құқығы көзделген: басқа адамның еңбек (қызметтік, лауазымдық) міндеттерін атқару кезінде келтірген зиянды етеушінің төленген төлем мөлшерінде, егер заң актілерінде өзгеше мөлшер белгіленбесе, ол адамға кері (регрестік) талап қоюға құқығы бар; анықтау, алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдарының лауазымды адамдары келтірген зиянды өтеген мемлекеттің, егер бұл адамдардың кінәсі соттың занды күшіне енген үкімімен анықталған болса, оларға кері талап қоюға құқығы бар. Мұндай регрестік талап азаматтық іс жүргізу тәртібімен қойылуға жатады. Азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердің өкілдері. Қылмыстық іс бойынша өндіріске азаматтық талапкер және азаматтық жауапкер өкілдері арқылы да қатыса алады. Сонымен қатар, азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердің өзінің іске қатысуы оның өкіл алу құқығын жоймайды. Яғни, олар іске өкілдерімен қатар да қатыса алады. Заңды ұйымдар өкілдер арқылы ғана іске қатысады. ҚІЖК-не сәйкес, азаматтық талапкердің және азаматтық жауапкердің өкілдерінің процеске қатысуларының екі жолы бар: 1) занды өкілдердің іске қатысулары; 2) келісім бойынша өкілдердің қатысулары. Бірінші жағдайда өкілдердің іске қатысулары заңның талабы бойынша қамтамасыз етіледі және сондықтан олар заңды өкілдер деп аталады. Екінші жағдайда өкілдердің іске қатысулары азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердің өзінің еркіне байланысты болып табылады. ҚІЖК 79—80-баптарының ережелері бойынша, кәмелетке толмағандардың, сондай-ақ өзінің дене мүшелерінің кемістігіне немесе психикалық жағдайына байланысты өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мүмкіндігі жоқ адамдардың занды өкілдерін іске қатыстыру қамтамасыз етілуге тиіс,ҚІЖК 7-бабының 22-тармағында көрсетілгендей, заңды өкілдер ретінде іске қатыса алатын адамдарға мыналар жатады: сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, азаматтыкқ талапкердің ата-аналары, асырап алушылары, қорғаншылары, қамқоршылары, сондай-ақ сезіктіні, айыпталушыны немесежәбірленушіні қорғап немесе асырап отырған ұйымдар мен адамдардың өкілдері. Бұл тізімде азаматтық жауапкер көрсетілмеген болса да, бірақ ол да осы тұлғалардың қатарына жатады деп карау қажет (бұрын айтылғандай, басым көп жағдайларда айыпталушының өзі әрі азаматтық жауапкер болады). Өкіл ретінде іске қатыса алатын адамдарға адвокат және азаматтық талапкердің немесе азаматтық жауапкердің өзі қалаған басқа да адамдары жатады. Өкілді іске қатысуға тарту туралы қылмыстық істі жүргізуші орган қаулы шығарады (КДЖК-нің 80-81 баптары). Занды өкілдер мен өкілдердің қылмыстық іс жүргізу кезіндегі құқықтары өздері өкілі болып отырған жеке және заңды тұлғалардың құқықтарына сәйкес болып табылады. Олар өздері өкілі болып отырған тұлғалардың мүддесіне қайшы келетін іс-әрекеттер жасауға құқылы емес. Date: 2015-09-19; view: 943; Нарушение авторских прав |