Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ылмыстық iс бойынша iс жүргiзу барысындағы еңбекке ақы төлеу және шығындарды өтеу
Заң көмегiне ақы төлеу 1. Қорғаушының және жәбiрленушiнiң өкiлiнiң заң көмегiне ақы төлеу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргiзiледi. 2. Қылмыстық процестi жүргiзетiн орган, бұған негiз болған жағдайда сезiктiнi, айыпталушыны, жәбiрленушiнi заң көмегiне ақы төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Бұл ретте адвокаттың еңбегiне ақы төлеу бюджет қаражатының есебiнен жүргiзiледi. 3. ҚІЖКтiң 71-бабының үшiншi бөлiгiнде және 80-баптың екiншi бөлiгiнде көзделгендей адвокат анықтауға, алдын ала тергеуге немесе сотқа клиентпен шарт жасамай, тағайындау бойынша қатысқан жағдайларда, адвокаттардың еңбегiне ақы төлеу жөнiндегi шығыстар бюджет қаражатының есебiне жатқызылуы тиiс. Аудармашының, маманның, сарапшының орындаған жұмысы үшiн сыйақы алуы 1. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде тиiстi жұмысты орындайтын аудармашы, маман, сарапшы: 3) егер жұмысты осы тараппен уағдаластық бойынша орындаса - тараппен жасалған шартта белгiленген мөлшерде сыйақы алады. 2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2-тармағында көзделген жағдайда сыйақы қылмыстық процестi жүргiзiп отырған органның аудармашы, маман, сарапшы шотты ұсынғаннан кейiн шығарған қаулысының негiзiнде төленедi. 4. Қылмыстық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен жәбiрленушiнiң, азаматтық талап қоюшының, азаматтық жауапкердiң, олардың заңды өкiлдерiнiң қылмыстық процестi жүргiзушi органның тағайындауы бойынша қорғаушы ретiнде заң көмегiн көрсететiн адвокаттардың немесе жәбiрленушiнiң (жеке айыптаушының) өкiлiнiң ҚІЖКтiң 71-бабының үшiншi бөлiгiнде және 80-баптың екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда, куәнiң, аудармашының, маманның, сарапшының, куәгердiң мынадай шығыстары бюджет қаражатының есебiнен өтелуге жатады: 1) қылмыстық iстi жүргiзу органының шақыртуы бойынша келуге байланысты шығыстар: 2) бұл адамдар үшiн қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша тұрғылықты тұратын жерiнен тысқары жерде тұруы қажет болған кезде және тәулiктiк ақыны ұйым, жұмыс берушi өтемейтiн кездегi - тәулiктiк ақы; 3) олар үшiн орташа жалақысын ұйым, жұмыс берушi сақтайтын жағдайлардан басқа, қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуға кеткен барлық уақыт үшiн орташа жалақы; 4) сол адамның қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша тергеу iсiне немесе басқа да iс жүргiзу әрекетiне қатысуы нәтижесiнде сапасынан айырылған немесе жоғалған мүлiктi қалпына келтiруге немесе сатып алуға арналған шығындары. Мемлекеттiк органдар мен ұйымдар жәбiрленушiнiң, оның заңды өкiлiнiң, куәнiң, аудармашының, маманның, сарапшының, куәгердiң, сотқа шақырылған, бiрақ алқабилер алқасының құрамына iрiктеп алынбаған алқабиге кандидаттың қылмыстық процестi жүргiзушi органның талап етуi бойынша қылмыстық сот iсiн жүргiзуге қатысуға кеткен барлық уақыты iшiндегi орташа жалақысын сақтауға мiндеттi. Маман мен сарапшыға сондай-ақ оларға тиесiлi химиялық реактивтер мен тапсырылған жұмысты орындау кезiнде жұмсалған басқа да шығыс материалдарының құны, сондай-ақ жұмысты орындау үшiн олардың құрал-жабдықтарды пайдаланғаны, коммуналдық қызмет көрсетулер және машина уақытын тұтынғаны үшiн төлеген ақысы өтеледi. Қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде шыққан шығындар осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдардың өтiнiшi бойынша, қылмыстық процестi жүргiзушi органның қаулысының негiзiнде, заңдарда белгiленген мөлшерде өтелуге жатады. Аталған шығыстар сонымен қатар осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көрсетiлген адамдарды тергеу iсiне қатысуға тартқан тараптың есебiнен не ҚІЖКте көзделген басқа жағдайларда өтелуi мүмкiн. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 1, 2 және 4-тармақтарында көзделген шығындар заңдарға сәйкес қылмыстық процестi жүргiзушi органның өз бастамашылығымен өтелуi мүмкiн. Көрсетiлген шығыстарды төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайды. Iс жүргiзу шығындары: 1) куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың өкiлдерiне, сарапшыларға, мамандарға, аудармашыларға, куәгерлерге ҚІЖКтiң 173, 174-баптары тәртiбiмен төленетiн сомалардан; 2) тұрақты жалақысы жоқ куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың өкiлдерiне, куәгерлерге оларды қалыпты жұмыстарынан қол үздiргенi үшiн төленетiн сомалардан; 3) жұмыс iстейтiн және тұрақты жалақысы бар куәларға, жәбiрленушiлерге және олардың заңды өкiлдерiне, куәгерлерге олардың қылмыстық процестi жүргiзушi органға шақыртылуына байланысты кеткен барлық уақыты үшiн толық алмаған жалақысын өтеу үшiн төленетiн сомалардан; 5) қорғаушының заң көмегiн көрсеткенi үшiн төленетiн сомалардан, сезiктi, айыпталушы немесе сотталушы адам оны төлеуден босатылған не адвокат анықтауға, алдын-ала тергеуге немесе сотқа клиентпен келiсiм жасамай, тағайындау бойынша қатысқан жағдайда; 5-1) жәбiрленушiнiң өкiлi (жеке айыптаушы) заң көмегiн көрсеткенi үшiн төленетiн сомалардан, оны төлеуден босатылған жағдайда; 6) заттай дәлелдемелердi сақтау мен жөнелтуге жұмсалған сомалардан; 7) сот сараптамасы органдарында сараптама жүргiзуге жұмсалған сомалардан; 8) тергеуден немесе соттан жасырынған айыпталушыны iздестiруге байланысты жұмсалған сомалардан; 9) айыпталушыны тергеушiге немесе сотқа ол дәлелсiз себептермен келмеген жағдайда алып келуге байланысты, сондай-ақ сотталушының дәлелсiз себептермен келмеуiне не оның сотқа мас болып келуiне байланысты сот қарауын басқа уақытқа қалдыруға байланысты жұмсалған сомалардан; 10) қылмыстық iс бойынша iс жүргiзу кезiнде келтiрiлген өзге шығындардан құралады. Iс жүргiзу шығындарын сот сотталушыға жүктеуi мүмкiн немесе олар мемлекет есебiне жатқызылады. Аудармашыға, төленген сомаларды қоспағанда, сот сотталушыдан iс жүргiзу шығындарын төлеттiруге құқылы. Iс жүргiзу шығындары жазадан босатылған сотталушыға да жүктелуi мүмкiн. ҚІЖКтiң 71-бабының үшiншi бөлiгiнде және 80-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларда күдiктiнiң, айыпталушының, сотталушының қорғаушысы немесе жәбiрленушiнiң (жеке айыптаушының) өкiлi ретiнде заң көмегiн тегiн көрсеткен адвокаттың iске қатысуына байланысты iс жүргiзу шығындары бюджет қаражаты есебiне жатқызылады. Сотталушы ақталған немесе iс ҚІЖКтiң 37-бабының бiрiншi бөлiгiнiң 1, 2-тармақтарына және 269-бабының екiншi бөлiгiне сәйкес қысқартылған жағдайда iс жүргiзу шығындары мемлекет есебiне жатқызылады. Егер сотталушы iшiнара ғана ақталса, сот оны кiнәлi деп танылған айыппен байланысты iс жүргiзу шығындарын төлеуге мiндеттейдi. Iс жүргiзу шығындары оны төлеуге тиiс адам мүлiктiк жағынан дәрменсiз болған жағдайда мемлекет есебiне жатқызылады. Егер iс жүргiзу шығындарын төлеттiру сотталушының асырауындағы адамдардың материалдық жағдайына айтарлықтай әсер ететiн болса, сот сотталушыны iс жүргiзу шығындарын төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы. Iс бойынша бiрнеше сотталушыны кiнәлi деп тани отырып, сот iс жүргiзу шығындары олардың әрқайсысынан қандай мөлшерде төлеттiрiлуге тиiс екенiн белгiлейдi. Бұл ретте сот сотталушы кiнәсiнiң сипатын, қылмыс үшiн жауапкершiлiк дәрежесiн және мүлiктiк жағдайын есепке алады. Кәмелетке толмағандардың қылмыстары туралы iстер бойынша сот iс жүргiзу шығындарын кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе олардың орнындағы адамдарға жүктей алады. Сотталушы жеке айыптау iсi бойынша ақталған кезде сот iс жүргiзу шығындарын шағымы бойынша iс жүргiзу басталған адамға толық немесе iшiнара төлеттiруге құқылы. Тараптардың бiтiмге келуiне байланысты iс қысқарылған кезде iс жүргiзу шығындары бiр немесе екi тараптан да төлеттiрiледi. Айыпталушы қайтыс болған жағдайда оның мұрагерлерi iс жүргiзу шығындарына байланысты мiндеттемелер бойынша жауап бермейдi. Iс жүргiзу шығындарын төлеттiру құқығы соттың тиiстi шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап үш жыл өткен соң ескiруiне байланысты тоқтатылады.
5. Қаралып отырған категорияның неғұрлым кең ұғымын біз Ю.В. Кореневскийден табамыз, ол қылмыстық сот ісін жүргізудегі іс жүргізу мерзімдері - ақиқатты анықтау, іске қатысушы адамдардың құқықтарын қорғау (бөліп көрсеткен - Б.Т.) мақсаттарында қандай да болсын іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру, сот процестерінің тәрбиелеу, алдын алу мүмкіндіктерін арттыру үшін заңда белгіленген уақыт. Іс жүргізу мерзімдеріне сот ісіне қатысушылардың құқықтарын қорғау сияқты белгінің берілуі олардың мәндік жағын едәуір байыта түседі. Іс жүргізу мерзімдерінің мәніне терең түсінік берген А.П. Гуляев, ол былай деп жазады: «Іс жүргізу мерзімдері... кепілдіктер жүйесінің бір бөлігін құрайды. Олардың ерекшелігі қылмыстық іс жүргізу қызметін белгілі бір уақыт аралығын белгілеу жолымен регламенттеу әдісінің өзгешелігінде, сол уақыт аралығында тиісті іс жүргізу әрекеттерінің орьшдалуына жол беріледі. Мерзімдерді есептеудің тәртібі және өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы жалпы ережелер бар заң нормалары іс жүргізу мерзімдерінің нақ осы ерекшелігімен байланысты... Жоғарыда баяндалған ережелер қылмыстық іс жүргізу заңымен белгіленген мерзімдерді кандай да болсын іс жүргізу әрекеттерін орындау уақытын шектейтін іс жүргізушілік кепілдіктерінің бір түрі деп белгілеуге негіз береді». Бұл айқындама М.М. Выдряның пікірімен үйлеседі, ол іс жүргізушілік кепілдіктерінің жалпы саяси маңызын бағалай келіп, былай деп жазды: «Жалпымемлекеттік тұрғыдан алғанда іс жүргізушілік кепілдіктерін сот төрелігінің қалыпты жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін құралдар жүйесі деп санауға болады». Қолданылып жүрген қылмыстық іс жүргізу заңына жасалған талдау іс жүргізу мерзімдері туралы жалпы норма жоқ екенін дәлелдейді. Сонымен бірге ҚІЖК-те мерзімдерді есептеу туралы (54-бап), өткізіп алынған мерзімді қалпына келтіру туралы (45,56-баптар), іс жүргізу мерзімдерін сақтау туралы(55-бап), іс жүргізу мерзімдерін өткізіп алудың құқықтық зардаптары туралы (56-бап), қамауға алудың мерзімдері мен оларды ұзартудың тәртібі туралы (153-бап), алдын ала тергеу мерзімі туралы (196-бап), үкімге шағымдану мерзімдері туралы (399-бап) және т.б. дербес нормалар бар. ҚІЖК-тегі жүзге жуық нормада қылмыстық процесте уақытты регламенттеудің жекелеген элементтері бар. Жалпы мен жалқының осындай аракатынасы жағдайында мерзімдер мәні, орны және маңызды мәселелерінің және оларды бұзудың құқықтық зардаптарының кате түсіндірілуі мүмкін. Соңғысы заңдылықты сақтау тұрғысынан ерекше маңызды. Мәселен, сотталушы кассациялық шағымды берілген он тәуліктік мерзімді бұза отырып жасаған жағдайда оның заңдық күші болмайды және бірінші сатыдағы сот шығарған үкімнің күшін жою және оны өзгерту үшін тіпті нақты негіздер бар болған жағдайдың өзінде, іс жүргізушілік-құқықтық нәтижелер бермейді. Нақ сондықтан іс жүргізушілік мерзімдерді кепілдіктер түріне жатқызу оларға қылмыстық сот ісін жүргізу принциптерінің жүйесін камтамасыз ету тұрғысынан мүлдем ерекше мән береді. Іс жүргізушілік мерзімдерінің қос ұдайылық табиғатына назар аударған Ю.А. Костанов пен В. В. Назаровтың пікірі осы көзқарас тұрғысынан маңызды. Атап айтқанда, олар былай Деп жазды: «Заңда қаңдайда болсьш іс жүргізу әрекеттерін жүзеге асыру немесе іс жүргізу шешімдерін қабылдау мерзімдерін, сот ісін жүргізудің жекелеген сатыларының мерзіңдерін көрсету, бір жағынан, іс бойынша іс жүргізілуін тездетудің құралы болып табылады, ал екінші жағынан, процеске қатысушылар құқықтарына кепілдіктер береді, өйткені, біріншіден, іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларының, сондай-ақ жалпы іс бойынша іс жүргізудің мерзімін шектейді, екінші жағынан, жекелеген іс жүргізушілік құжаттарымен (айыптау қорытындысымен, үкіммен, сот отырысының хаттамасымен) танысу үшін қатысушыларға берілуге тиіс уақытың ең төмен шегін белгілейді1. Келтірілген қолданбалы жай-жапсарлармен қатар іс жүргізу мерзімдерінің жалпы мақсатын белгілеудің маңызы зор. Іс жүргізу мерзімдері — заңды уақытта қолдану нысандарының іс жүргізу міндеттерін реттелетін құқық қатынастарының кеңістікке ғана емес, сондай-ақ уақытқа қатысты мерзімімен өзара байланыста шешуге бағытталған бір түрі. Егер жалпы алғанда біртұтас заң ретінде ҚІЖК қолданылуы ол қабылданған және күшіне енген уақыттан заң тәртібімен күші жойылғанға дейін белгіленетін болса, оның жекелеген ережелері нақты нормалардың қолданылуын өз күшін жоймаған жалпы Кодекс шегінде белгілеген. ҚІЖК қолданылатын уақыт — уақыт категориясының жалпы бағыты, оның жекелеген ережелері қолданылатын уақыт — сол категорияның жеке, қолданбалы көрінісі. Сонымен, заңда іс жүргізу мерзімдерін белгілеудің салалық мақсаты—қандай да болсын іс-әрекеттің дер кезінде орындалуын қамтамасыз ету. Мысалы, ҚІЖК-тің 183-бабында прокурордың, тергеушінің, анықтау органының жасалған немесе әзірленіп жатқан кез келген қылмыс туралы арызды немесе хабарды қабылдауға және солар бойынша шешімдер қабылдауға міндетті екені көзделген. Заң осы бөлігінде қылмыс туралы әрбір хабарды және арызды тиісті органның (өкілетті адамның) қарауын қамтамасыз ету мақсатын көздейді. Одан соң 184-бапта арыздар мен хабарлар қаралуға және шешімдер кабылдануға тиісті шекті мерзім белгіленген. Бұл жердегі мақсат - қылмыстылар туралы арыздар мен хабарлардың дер кезіндеқаралуын камтамасыз ету. Іс жүргізу мерзімдерінің негізгі маңызы мынада: олар: а) процеске қатысушылардың заңды құқықтары мен мүдделерінің сақталуын; ә) сот ісінің тез жүргізілуін; б) пәрменді прокурорлық қадағалауды жүзеге асыру шарттарын қамтамасыз ететін іс жүргізушілік ерекше кепілдіктер береді; - қылмыстық процесте жүйелеу функциясьш орындауға бағытталған құқықтық құрал больш табылады; - сот ісінің жүргізілуіне белгілі бір қаркын беретін ұйымдық құрал болып табылады. Іс жүргізу мерзімдерінің белгілері сот ісін жүргізудегі белгілі бір уақыттың бәрінің бірдей іс жүргізушілік маңызы бола бермейтініне байланысты маңызды. Іс жүргізу мерзімдерін өзге мерзімдерден оқшаулайтын негізгі белгілерге мыналар жатады: - іс жүргізу мерзімдерін белгілі бір құқықтық жағдайларда (мәселен, кассациялық шағым беруге немесе кассациялық наразылық білдіруге бөлінген он тәуліктік мерзімнің өтіп кетуі соттың үкімді жүзеге асыруына себеп болады; сезіктіге бұлтартпау шаралары қолданылған сәттен бастап он тәулік өткенге - заңмен белгіленген мерзімдерді сақтау міндеттілігі (ол мерзімдерді сақтамау сот ісін жүргізудегі заңдылық принципін бұзу деп бағаланады), қажет болған жағдайда мәжбүрлеу қолданылуы мүмкін; - мерзімдерді есептеу мен қалпына келтірудің ерекше тәртібі; - тергеліп жатқан қылмыстық істің категориясына байланысты мерзімдерді заңмен саралау. Іс жүргізу мерзімдері негіздерге байланысты түрлерге бөлінеді. Түрлі авторлар түрлі сараптама береді, бірақ бірқатар сараптама негіздері бір-бірімен үйлеседі. Осы жағдайға сүйене отырып, іс жүргізу мерзімдерінің мына түрлерге бөлінуін мүмкін деп санаймыз: 1. Қылмыстық іс жүргізу қызметін регламенттеу әдісіне байланысты негіздер бойынша мерзімдер мьша түрлерге бөлінеді: а) мерзім-кез; ә) мерзім-кезең. Мерзім-кез әрдайым іс жүргізу мерзімдері белгіленбеген әлдебір іс жүргізу әрекетімен үнемі байланысты. Мерзімдердің бұл түрін іс жүргізілетін уақытты көрсететін ерекше терминология бойынша белгілеуге болады. Сондай терминдердің анықтамалары мыналар «кез» (мысалы, КДЖК-тін, 70-бабына сәйкес, «қорғаушы айып тағылған кезден бастап іске қатысуға жіберіледі» немесе ҚІЖК-тің 69-бабы бойынша «өзінен алғашқы жауап алудың алдындағы кезден бастап қорғаушымен жолыға алады»); «кез келген сәт» (мысалы, ҚІЖК-тің 348-бабынын, 3-бөлігі бойынша «сот сотталушыға нақтылау сұрақтарын жауап алудың кез келген сәтінде қоюы мүмкін»); «дереу» (мысалы, ҚІЖК-тің 142-бабының 1-бөлігі бойынша «айыптау сезіктіге бұлтартпау шарасын қолданған кезден бастап он тәуліктен кешіктірілмей айып тағылмаса, бұлтартпау шарасы дереу тоқтатылады» деп белгіленген; ҚІЖК-тің 150-бабының 6-бөлігі бойынша «прокурордың санкциясы немесе санкция беруден бас тарту туралы белгісі бар қаулы тергеушіге, анықтаушыға, айыпталушыға (сезіктіге) жолданады және жедел атқаруға жатады»; «кідіріссіз» термині өзінің мәні жағынан «дереу» терминіне жақын (мысалы, ЩЖК-тің150-бабының 3-бөлігі бойынша «бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алуды таңдау туралы қаулы материалдары прокуратураға түскен кезден бастап алты сағаттың ішінде прокурордың кідіріссіз қарауына жатады»; «тез арада» терминінің мәні соған ұқсас (мысалы, ҚІЖК-тің 216-бабынын 2-бөлігі бойышпа «корғаушының қатысуын тез арада қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда тергеуші оның қатысуын сезікті ұсталғаннан немесе ол күзетпен қамауға алынғаннан кейінгі жиырма терт сағаттан кешіктірмей қамтамасыз етуге міндетті»; «аяқталғаннан кейін бірден» (мысалы, ҚІЖК-тін, 203-бабының 1-бөлігі бойынша «тергеу іс-әрекетінің хаттамасы тергеу іс-әрекетін жүргізу барысында немесе ол аяқталғаннан кейін бірден жасалады»); әлдебір іс-әрекет басталардың «алдында» (мысалы, ҚІЖК-тің 203-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу іс-әрекетінің хаттамасында ғылыми-техникалық құралдарды колданудың алдында бұл туралы тергеу іс-әрекетін жүргізуге қатысқан адамдардың хабардар етілгені көрсетілуге тиіс»); әлдебір іс-әрекеттең «кейін» (мысалы, ҚІЖК-тің 258-бабынын, 2-бөлігі бойынша «сараптамалық зерттеудің үлгілері сол адамнан, бірақ аталған іздер қалдырылуы мүмкін жағдайлар туралы одан куә (жәбірленуші) ретінде жауап алғаннан кейін ғана алынуы мүмкін»); әлдебір іс-әрекетпен «бір мезгілде» (мысалы, ҚІЖК-тің 206-бабының 2-бөлігі бойынша «тергеуші айыпталушыға айыптағылған күн туралы хабарлаііды және сонымен бір мезгілде оған қорғаушыны шакыру құқығын түсіндіреді»); іс жүргізу «аяқталғаннан кейін» (мысалы, ҚІЖК-тің 213-бабының 4-бөлігі бойынша «еркін баяндау аяқталғаннан кейін жауап альшып отырған адамға айғақтарды нақтылау мен толықтыруға бағытталған сұрақтар қойылуы мумкін»); «тәмамдалғаннан кейін» терминінің мәні «аяқталғаннан кейін» терминіне жақын (мысалы, ҚІЖК-тің 362-бабының 1-бөлігі бойынша «төрағалық етуші дәлелдемелерді зерттеу аяқталғаннан кейін іске қатысушыларға бұдан былайғы іс-қимыл барысын түсіндіреді»); әлдебір іс-әрекетке «дейін» (мысалы, ҚІЖК-тің 214-бабының 1-бөлігі бойынша «тергеуші бір іс бойынша қарастырылған куәлар, жәбірленушілер жауап алу басталғанға дейін өзара сөйлеспейтіндей шаралар қолданады»); уақытпен берлері нақты жағдайда негізге ала отырып белгіленетін қандай да болсын жағдайдың өзара байланысты керсетілетін «уақытында» (мысалы, ҚІЖК-тің 222-бабының 3-бөлігі бойынша «тергеуші уақытында келе алмайтын жағдайда тексеруді анықтаушы немесе арыз немесе хабар келіп түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары қызметкері жүргізеді»); «кешіктірмей» (мысалы, ҚІЖК-тің 235-бабынын. 5-бөлігі бойынша «почта-телеграф жөнелтілімдерін тұтқындаудың күшін бұл шараға қажеттілік жойылған кезде тергеуші немесе прокурор бірақ кез келген жағдайда тергеу аяқталғаннан кейін кешіктірмей жояды»); «анықталғашан кейін» (мысалы, ҚІЖК-тің 354-бабының 5-бөлігі бойынша «төрағалық етуші тараптарға іс үшін мәні бар барлық мән-жайлар анықталғаннан кейін сарашпыға жазбаша түрде сұрак беруді үсынады»). Мерзім-кезеңдерді мынадай терминдермен білдіруге болады: әлдебір іс әрекет жасалған «күні» (мысалы, ҚІЖК-тің 209-бабының 2-бөлігі бойынша «айдап әкелінген айыпталушыға айып айдап әкелінген күні тағылады»); «күндізгі уақытта», «бір күн ішінде» (мысалы, ЩЖК-тің 212-бабының 2-бөлігі бойынша «жауап алу кейінге қалдыруға болмайтын жағдайлардан басқасында күндізгі уақытта жүргізіледі»; ҚІЖК-тің 212-бабының 3-бөлігі бойынша «жауап алудың бір күн ішіндегі жалпы ұзақтығы сегіз сағаттан аспауға тиіс»; «белгілі бір уақыттан аспайтын мерзімде» (мысалы, ҚІЖК-тің 134-бабының 1-бөлігі бойынша «ұсталған адамды анықтау органына немесе алдын ала тергеу органына әкелгеннен кейін үш сағатган аспайтын мерзімде тергеуші немесе анықтаушы хаттама жасайды»); «белгілі бір уақыт ішінде» (мысалы, ҚІЖК-тің 136-бабының 2-бөлігі бойынша «ұсталу көзінен бастап жетпіс екі сағатгың ішінде сезіктіге қатысты ҚІЖКте белгіленген тәртіппен қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы тандалуға тиіс немесе ол босатуға жатады»); «белгілі бір тәулік ішінде» (мысалы, ҚІЖК-тің 222-бабының 13-бөлігі бойынша «тұрғын үйді тексеру тергеушінің қаулысы бойынша жүргізілуі мүмкін, бірақ кейін оның заңды екенін тексеру үшін жүргізілген тексеру туралы бір тәулік мерзімде прокурорға хабарланады»); «белгілі бір тәуліктерден кешіктірілмей» (мысалы, КЩК-тің 142-бабының 1-бөлігі бойынша «айыптау сезіктіге бұлтартпау шарасы қолданылған кезден бастап он тәуліктең кешіктірілмей тағылуға тиіс»); «белгілі бір сағаттарда» (мысалы, ҚІЖК-тің 212-бабының 3-бөлігі бойынша «жауап алуды демалуға арналған кемінде бір сағат үзілістен кейін жалғастыруға жол беріледі»); «белгілі бір мерзімнен аспау» (мысалы, ҚІЖК-тің 153-бабының 5-бөлігі бойынша «қамауға алу мерзімі қылмыстық заңда көзделген бас бостандығынан айырудын ең жоғары мерзімінен аспауға тиіс»); «белгілі бір айлар мерзімінен кешіктірілмей» (мысалы, ҚІЖК-тің 196-бабынын, 1-бөлігі бойынша «қылмыстық істер жөніндегі алдын ала тергеу қылмыстық іс қозғалған күннен бастап екі ай мерзімнен кешіктірілмей аяқталуға тиіс») және т.т. Мерзім-кезеңдер өз тарапынан: а) белгісіз мерзімдерге; ә) ұзақтығы белгілі мерзімдерге бөлінеді. Белгісіз мерзімдер, әдетге, сотісін жүргізудің қандай да болсын іс-әрекет жасалуы қажетті әлдебір кезеңін көрсетеді. Мерзімдердің ең ерте және ең кеш шектері өзара байланысты іс-қимылдар аралығындағы кезеңнің қаншалықты уақытқа созылатынымен айқындалады. Мәселен, ҚІЖК-тің 121-бабына сәйкес заттай дәлелдемелер «үкім немесе істі тоқтату туралы қаулы заңды күшіне енгенге дейін» істе қалады, бұл жағдайда ең ерте мерзім заттай дәлелдемелер іс материалдарына қосылған мерзіммен тұспа-тұс келетіні, ал ең жоғары мерзім үкім заңды күшіне енген уақытпен немесе істі тоқтату уақытымен айқыңдалатыны мегзелген. Ұзақтығы белгілі мерзімдерге (немесе белгілі мерзімдер) мерзім-кезеңдер шегінде іс-қимылдар жасалуы қажетті кезеңнің қаншалықты уақытқа созылатынының дәл атап көрсетілуі тән: сағат, тәулік, апта, ай, жыл. Мерзім белгілеу әдісімен байланысты негіз бойынша іс жүргізу мерзімдері мынадай түрлерге бөлінеді: а) заңмен белгіленген; ә) сот ісін жүргізуші өкілетті адам белгілеген. Заңмен белгіленген мерзімдер заң нұсқамаларын орындаушы нақты өкілетті адамның құқықтық жағдайына карамастан барлық қылмыстық істер бойынша міндетті. Мәселен, ҚІЖК-тін 184-бабына сәйкес қылмыс туралы арыз немесе хабар қабылдаған прокурор, тергеуші, анықтау органы ол түскен күннен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей шешім қабылдауға міндетті. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер алу, құжаттарды немесе өзге материалдарды талап ету, сондай-ақ өзге де іс-әрекеттер жүргізу үшін бұл мерзімнің он тәулікке дейін, ал ерекше жағдайларда — бір айға дейін ұзартылуы мүмкін, ол туралы жиырма төрт сағатгың ішінде прокурорға хабарлануға тиіс. Өкілетті адам белгілеген мерзімдер уақыт жағынан, заңмен белгіленген мерзімдер секілді, шектеусіз емес. Бұл жағдайда іс-әрекеттерді орындау мерзімі туралы шешімді кабылдауға екілетті адам құқылы. Мысалы, ҚІЖК-тін, 153-бабында аудандық (қалалық), облыстық прокурорлар мен оларға теңестірілген прокурорлардың қамауға алуды ұзартудың түрлі құқықтары көзделген: «үш айға дейін», «алты айғадейін». Мұның өзі тиісті прокурор ен, жоғары мерзімнен аса алмайтының бірақ ең жоғары мерзім шегінде одан аспайтын кез келген мерзім белгілей алатынын білдіреді. Іс жүргізушілік кепілдіктер жасалуына байланысты негіз бойынша мерзімдер мынадай түрлерге бөлінеді: а) сот ісінің тез жүргізілуінің кепілдері; ө) процеске қатысушылар құқықтары мен заңды мүдделері сақталуының кепілдіктері; б) пәрменді прокурорлық қадағалаудың жүзеге асырылатынының кепілі'. Сот ісінің тез жүргізілуінің кепілдіктері ретіндегі мерзімдер жалпы іс жүргізушілік маңызы бар бірқатар нормаларда орнықтырылған. Оларға мына мерзімдер жатады: қылмыстық іс қозғау туралы мәселені шешу мерзімі (ҚІЖК-тің 184-бабы), ондағы ең төмен мерзім — жиырма төрт сағат, ең жоғары мерзім — бір ай; анықтау және алдын ала тергеу мерзімі (ҚІЖК-тің 196, 285-бабы); істі апелляциялық немесе кассациялық сатыларда карау мерзімі (ҚІЖК-тің 399-бабы) және т.т. Процеске қатысушылардың құқықтары мен заңды мүдделері сақталуының кепілдіктері ретіндегі мерзімдер, әдетте, адамның сот ісін жүргізудегі құқықтық жағдайының мәселелеріне белгілі бір жағдайда қатысты іс жүргізу әрекеттерін орындауға бағдарланған. Бұл түрге: сезіктіні ұстау және одан жауап алу (ҚІЖК-тің 68-бабы); айыпталушыға айыптау қорытындысыныңкөшірмесін табыс ету (ҚІЖК-тің 284-бабы); процеске қатысушылардың шағындарын қарау (ҚІЖК-тің 399-бабы) мерзімдері мен т.б. мерзімдер жатады ретіндегі мерзімдер қылмыстық процесгі жүргізуге өкілетті органдар мен адамдардың заңдылықты сақтауын қадағалау үшін тиімді жағдайлар жасау мақсатын көздейді. Бұл түрде: анықтау органы бастығының анықтау мерзімін ұзартуы туралы прокурорды хабардар ету (ЩЖК-тің 285-бабы); қылмыстық іс қозғау, істі іс жүргізуге кабылдау, анықтауды тоқтата тұру немесе қысқарту туралы қаулылардың көшірмелерін прокурорға жіберу (ҚІЖК-тің 188, 50, 51-баптары) сияқты және басқа мерзімдер бар. Іс жүргізу мерзімдерінің келтірілген түрлері одан әрі саралауға арналған негіздердің бәрін түгел қамтымайтынын айта кету керек. Одан әрі саралау іс жүргізу мерзімдерінің қылмыстық процестегі орны мен маңызын неғұрлым терең түсіну мен ұғыну үшін алғышарттар жасау үшін қажет. Іс жүргізу мерзімдерін есептеу тәртібі ҚІЖК-тін 54-бабында белгіленген. Мерзімдер сағатгармен, тәуліктермен, айлармен және жылдармен есептеледі.ҚІЖК-тің 54-бабынан мерзімді «есептеу» және мерзімнің «өтуі» мәнінің бірдей емес екенін көреміз. Мерзімнің өтуі іс жүргізу әрекеті жүзеге асырылғаннан кейін белгілі бір уақыт өткенін немесе өтіп жатқанын білдіреді, оны есептеуге болады. Ал мерзімді есептеу ден қойылып отырған уақытқа оны сағаттармен, тәуліктермен, айлармен және жылдармен есептеудің заңда белгіленген ережелерін қолдануға болатынын білдіреді.Іс жүргізу мерзімдерін есептеудің өзіндік ерекшелігі күндер мен тәуліктер арасындағы айырмашылықта. Мұның алдында, мерзім-кезеңдердің маңызына сипаттама берген кезде, біз заң шығарушының «күн», «бір күн ішінде», «келесі күні» сияқты ұғымдарды пайдаланғанын атап көрсеткен болатынбыз (ҚІЖК-тің 209,212-баптары) және т.т. Сонымен бірге ҚІЖК-тің 54-бабының 1-бөлігінде мерзімдер сағаттармен,тәуліктермен, айлармен, жылдармен есептелетіні айқын атап көрсетілген. Бұл бапта мерзімнің күнмен есептелетіні айтылмаған. «Күн» ұғымының мазмұнын, сірә, тәуліктің жергілікті уақыт бойынша сағат жиырма екіден алтыға дейінгі бөлігін құрайтын «түнгі уақыт» ұғымымен қамтылмаған тәуліктің бір бөлігі деп түсіну қажет шығар. Жалпы ереже бойынша мерзімді тәулікпен есептеу кезінде ол соңғы тәуліктегі жиырма терт сағатта бітеді.Мерзімдер есептеу механизмін түсінудің практикалық маңызы бар, әйтпеген жағдайда заң талаптарының өрескел бұзылуы мүмкін. Осыған байланысты мерзімнің өтуі басталатын сағат пен тәулік есепке алынбайтынын, бұған ұстау кезіндегі мерзімдерді есептеудің қатысы жоқ екенін ескеру қажет. Бұл нұсқама мерзімнің етуі іс жүзінде оны есептеуден бұрын басталатынын білдіреді1. Атап айтқаңда, Р.Х.Якупов былай деп атап көрсетеді: «мерзімдерді есептеудің мұндай тәртібш заң шығарушы кездейсоқ белгілемеген. Сағаттармен есептелетін мерзім өте бастайтын уақыт толық емес сағат, ал тәуліктермен және айлармен есептелетін мерзім ете бастайтын уақыт — толык емес тәулік болуы мүмкін. Сондықтан сағаттармен, сондай-ақ тәуліктермен және айлармен есептелетін мерзімнің соңғы сәтін белгілеу мерзім бітетін минуттарды және тіпті секунттарды есептеумен киындатылған болар еді. Қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде осындай дәл есептеулер жасау мүлдем жөнсіз. Мерзімдер есептеудің қабылданған жүйесі есептеуді жеңілдетеді»1.Мерзімдерді дұрыс есептеудің маңызды екенін регламенттелуінде іс-қимыл жасалатын уақыт атап көрсетілген бірқатар нормалар дәлелдейді. Мәселен, қылмыс жасады деген күдік келтірген адамды ұстау хаттамасында ол ұсталған сағат, минут, күн, жыл және ай, хаттама жасалған уақыт көрсетілуі қажет (ҚІЖК-тің 134-бабы). Сағатпен есептелетін мерзімдер. Бұл мерзімдер белгіленген категорияларға жатқызылады, олар: 1 сағат (ҚІЖК-тің 212-бабы); 3 сағат (ҚІЖК-тің 134-бабы); 4сағат (ҚІЖК-тің 212-бабы); 6 сағат (ҚІЖК-тің 150-бабы); 24 сағат (ҚІЖК-тің 232-бабы); 48 сағат (ҚІЖК-тің 496, 497-баптары); 72 сағат (ҚІЖК-тің 136-бабы).Заңда іс жүргізу әрекеттерін жергілікті уақыт бойынша сағат 22-ден 6-ға дейінгі түнгі уақытта (кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларды қоспағанда) жүзеге асырудан тартыну көзделген. Сөйтіп, түнгі уақыттың үзақтығы 8 сағатқа, ал күндізгі уақыттың ұзақтығы 16 сағатқа тең. Демалу және үзіліс жасау уақыты көрсетілген нормаларды орындау кезінде осы жағдайларды ескеру қажет. Мысалы, ҚІЖК-тің 370-бабында былай делінген: «Жұмыс уақыты аяқталған соң, сондай-ақ жұмыс күні ішінде сот (судья) демалу үшін кеңесу бөлмесінен шығып, үзіліс жасауға құқылы». Ондай уақыт деп түнгі уақытты немесе ұзақтығы әдетте 8 сағат болатын жұмыс күні деген ұғымға жатпайтын кез келген уақытты тануға болады. Сонымен бірге соттың қысқа үзіліс жариялауы мүмкін.Сағатпен есептелетін ең көп қолданылатын мерзім 24 сағатқа тең. Бұл мерзім ҚІЖК-тің бірқатар баптарында атап керсетілген. Мысалы, қылмыс туралы арыз бойынша шешім ол берілген күннен бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірмей қабылдануға тиіс. Мәселен, егер арыз 2 сәуірде 12 сағат 20 минутта келіп түскен болса, бұл мерзімнің өтуі 2 сәуірдегі 13 сағаттан басталып, 3 сәуірдегі 13 сағатта аяқталады. Ал мерзімнің өтуі басталатын сағат есепке алынбайды. Бұл жағдаңда ол — 12 сағат.Заңмен 48 және 72 сағаттық іс жүргізу мерзімдері сирек белгіленеді.Белгілі бір іс-әрекеттерді «кідіріссіз», «дереу» немесе «тез арада» орындауды нұсқайтын нормалардағы белгісіз мерзімдер біршама киындыктар туғызады. Мұндай нұсқаулар, мысалы, ҚІЖК-тің 142, 216, 222, 235, 237-баптарында бар. Мәселен, ҚІЖК-тін 216-бабының 2-бөлігінде былай деп атап көрсетілген: «Егер сезікті ұсталған немесе күзетаен қамауға алынған болса, ол өз айғақтарын қорғаушының қатысуымен баяңдауға құқылы. Қорғаушының қатысуын тез арада қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда тергеуші оның қатысуын сезікті ұсталғаннан немесе ол күзетпен камауға алынғаннан кейінгі жиырма төрт сағатган кешіктірмей қамтамасыз етуге міндетті». Қарапайым талдау «кідіріссіз», «тез арада» ұғымдарымен белгіленетін мерзім қалай болғанда да жиырма төрт сағаттан аз уақытты құрайтынын көрсетеді. Сонымен бірге «кідіріссіз», «тез арада», «дереу» сөздерінің тікелей түсінігі бойынша белгілі бір іс-әрекеттерді тікелей құқықтық негіздер пайда болған сәтте орындау керек. Бірак бірқатар жағдайларда ол мүмкін болмайды. Осыған бай-ланысты, А. П. Гуляевтің пікірі бойынша іс-әрекет 24 сағаттан кешіктірілмей орындалуға тиіс1. Сонымен, «дереу» сөзінің әдеттегі ұғымы бұл мерзімнің ҚІЖК-тегі қазіргі ұғымына сәйкес келеді. Тәулікпен және күнмен есептелетін мерзімдер. Бұдан бұрын атап көрсетілгеніндей, мерзім есептеудегі күн 24 сағат деп саналады, мерзім тәулікпен есептелгенде ол соңғы тәуліктердегі 24 сағат ішінде бітеді. Күндер мен тәуліктер есептеудегі негізгі айырмашылық міне, осында. «Күн» мен «тәулік» ұғымдарының үйлеспейтінін бір нормаларда тәуліктік мерзімдердің, өзге нормаларда — күндермен есептелетін мерзімдердің белгіленуі сияқты фактілер дәлелдейді. Мысалы, ҚІЖК-тің 212-бабына сәйкес «жауап алудың бір күн ішіндегі жалпы үзақтығы сегіз сағаттан аспауға тиіс». Жауап алу жалпы ереже бойынша күндізгі уақытта жүргізілетінін ескергенде, күн ұғымына, сірә, жергілікті уақыт бойынша сағат алтыдан жиырма екіге дейінгі уақыт кіруге тиіс болар. Сонымен бірге, кейінге қалдыруға болмайтын жағдай-ларда, жауап алуды түнгі уақытта да жүргізуге болады. Бұл жағдайларда күн ұғымына жауап алу басталған сағаттан кейінгі сағаттан бастап есептелетін 24 сағат кіреді.Мерзімдерді тәуліктермен және күндермен есептеу тәртібіне түсініктер енгізу қажет екенін ҚІЖК-тің әңгіме мерзімкез жайында болған кездегі қатынастарды реттейтін бірсыпыра нормалары дәлелдейді. Мысалы, ҚІЖК-тің 209-бабына сәйкес «айдап әкелінген айыпталушыға айьш айдап әкелінген күні тағылады». Бұдан бұрын қаралған ережедегідей күн жауап алу басталған сағаттан кейінгі сағаттан бастап есептелетін 24 сағатты қамтиды. Күндізгі уақытқа келер болсақ, бұл жерде айыпталушыға тағылған айыптың мәнін мүмкіндігінше ертерек білу құқығын жүзеге асыруға оның мүдделі екенін ескеру керек.Келтірілген мысалдарға орай А.П. Гуляевтің мына бір ескертуі зейін қоярлық: «Заң шығарушьшың бірдей уақыт аралығы үшін «жиырма терт сағат» және «тәуліктік мерзім» деген түрлі терминдер қолдануы, сірә, кездейсоқ болмаса керек. Бірдей уақыт аралығьш белгілеу үшін түрлі терминдер қолдана отырып, заң шығарушы аталған мерзімдерді есептеудің түрлі тәртібін белгілеген. Мұндай тұжырымның дұрыс екенін ұсталған адамды қамауға алуға немесе оны босатуға рұқсат беру туралы мәселені прокурордың шешуі үшін, мысалы, айып тағу ушін көзделгеніңцей екі тәулік емес, ал қырық сегіз сағат белгіленгені де көрсетеді. Сонымен, тәуліктік мерзім, біздің ойымызша, тәуліктермен есешелетін мерзімдердің бір бөлігі болып табылады. Мұның езі тәуліктік мерзімді есептеу кезінде мерзімнің өтуі басталатын тәуліктер есепке алынбайтынын білдіреді»1. Заң шығарушы іс жүзінде «жиырма төрт сағат», «бір кун», «жетпіс екі сағат», «үш тәулік» сияқты және т.б. мерзімдерді бір мезгілде қолданады. Орнына, маңызына және құқықтық салдарына байланысты әр түрлі іс жүргізу әрекеттерін жузеге асыру мерзімдерін саралауға мүмкіндік беретін ерекше мән міне, осында. Айлармен және жылдармен есептелетін мерзімдер. ҚІЖК-тің 54-бабына сәйкес ай мен жыл күнтізбе бойынша есептеледі; мерзімді айлармен немесе жылдармен есептеу кезінде мерзім соңғы айдың тиісті күнінде аяқталады. Ал егер айлар бойыншя есептелген мерзімтиісті күні болмайтындай айға келетін болса, мерзім сол айдың соңғы күні аяқталады. Егер мерзімнің аяқталуы жұмыс күні емес (демалыс, мереке) күнге келсе, одан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің ақырғы күні болып саналады. Бұл ереже ұстау, қамауға алу, үйівдеқамауда ұстау және медициналық немесе арнаулы оку-тәрбие мекемесінде болу оқиғаларына қатысты емес.Қылмыстық іс жүргізу заңында айлармен есептелетін мерзімдер көзделген: 1 ай (мысалы, ҚІЖК-тің 184-бабы), 2 ай (мысалы, ҚІЖК-тің 153-бабының 1-бөлігі), 3 ай (мысалы, ҚІЖК-тің 153-бабының 2-бөлігі), 9 ай (мысалы, ҚІЖК-тің 153-бабының 3-бөлігі). Ұзақтығы 1 жыл іс жүргізу мерзімі К.ІЖК-тің 153-бабының 4-бөлігінде көзделген.Мерзімнің ескіруін белгілеу кезінде іс жүргізу мерзімдерін есептеудің кейбір ерекшеліктері бар. Мәлім болып отырғандай, егер ҚК-те белгіленген ескіру мерзімі өткен болса қылмыстық іс қозғауға болмайды (ҚІЖК 37-бап, 1-бөлік, 4-тармақ), сонымен бірге, ақтау үкімін жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша қайта қарауға тек қылмыстық жауаптылыкка тарту мерзімі ескіруінің заңда белгіленген мерзімдері ішінде және жана мән-жайлар апіылған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей жол беріледі (ҚІЖК-тің 473-бабы). ҚК-тің 69-бабына сәйкес мерзімнің ескіруі жылдармен есептеледі: кішігірім қылмыс жасалған күннен бастап 2 жыл; орташа қылмыс жасалған күннен бастап 5 жыл; ауыр қылмыс жасалған күннен бастап 10 жыл; аса ауыр қылмыс жасалған күннен бастап —15 жыл.Мерзімнің ескіруін ұзу және тоқтата тұру қылмыс үшін заңда көзделген жазаңың сипаты мен мерзімнің материалдық-құқықтық регламенттелуіне байланысты іс жүргізу мерзімі сол қылмыс жасалған күннен бастап есептеледі.Заң шығарушы, егер мерзімнің бітуі жұмыс күні емес күнге келсе, мерзім есептеудің жалпы тәртібін белгілеген. Бұл жерде демалыс немесе мереке күнінен кейінгі бірінші жұмыс күні ақырш күн деп саналады. Демалыс күндері деп тек мереке күндері, сенбі мен жексенбі саналуға тиіс. Бұл жағдай маңызды, өйткені құқық қорғау органдарында «құбылмалы кесте» дейтін пайдаланылады, сол кезде демалыс күні аптадағы кез келген күнге келеді. Сөйтіп, мерзімді есептеу үшін тек жұмыс күні емес деп белгіленген сенбіні, жексенбіні және мереке күндерін ғана есепке алу маңызды.Бұл ережені сағаттармен есептелетін мерзімдерге қолдануға болмайды. Әйтпеген жағдайда, А. П. Гуляевтің әділ атап көрсеткеніндей: «аталған ережені заңда белгіленген барлық мерзімдерге қатысты ету мерзімдерді сағатпен есептеуді қандай да болсын мөннен жиі айырған болар еді»1.Заң шығарушы адамға қамауға алу түріндегі іс жүргізушілік мәжбүрлеу шараларын қолдану кезіндегі мерзімдер есептеу тәртібін арнайы көрсеткен. Мәселен, ҚІЖК-тің 153-бабына сәйкес (11-б) қамауға алудың мерзімі айыпталушы (сезікті) қамауда ұсталған кезден бастап прокурор істі сотқа жолдағанға дейін саналады. Адамды сезікті ретінде ұстау уақыты, соттың шешімі бойынша үйде қамауда ұстау және медициналық мекемеде мәжбүрлі түрде болу уақыты қамауға алу мерзіміне есептеледі. Айыпталушының және оның қорғаушысының қылмыстық істің материалдарымен танысу уақыты қамау мерзімін есептеу кезінде есепке алынбайды. Қамауға мерзімдерін регламенттеу ерекше маңызды, өйткені әңгіменің жеке басына тиіспеушілік, азамат пен адамға әуел бас тиесілі құқықты еркін жүзеге асыру сияқты іс жүргізу әрекет жайында болып отыр. Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі ҚІЖК-тің 56-бабында регламентгелген. Жалпы ереже бойынша дәлелді себептермен өткізіп алынған мерзім мүдделі адамдардың өтініші бойынша, анықтаушының, тергеушінің, прокурордың немесе іс жүргізіп отырған судьяның қаулысымен қалпына келтірілуі мүмкін. Дәлелді себептер жеңу немесе кейінге қалдыру мүмкін емес оқиғалар болуы мүмкін, мысалы, ауыр сыркат, табиғат апаты, жұмыс бастылық және т.т. Осы айтылғанға орай егер шағым немесе өзге құжат мерзім өткенге дейін почтамен, жеделхатпен, ал қамаудағы адамдар үшін — бас бостандығынан айыру орындарының әкімшілігі арқылы жіберілген болса, мерзім өткізіп алынды деп саналмайтыны туралы заң ережесінің зор маңызы бар. Құжаттар жіберілген мерзімді почта штемпелі бойынша анықтауға болады.Кейбір іс жүргізу әрекеттері бойынша бастапқыда көзделген мерзімдер ұзартылуы мүмкін. Ұзарту негіздері ҚІЖК-те жеткілікті түрде толық көрсетілген. Жекелеген мерзімдердің (мысалы, алдын ала тергеудің, адамға қамауға алу шарасын қолданудың) шұғылдыган дәлелдер жинау ерекшелігімен түсіндіруге болады. Мерзімдерді ұзарту механизмінің ерекшелігі – қылмыстық процесті жүргізуші адамдар өкілеттіктерінің тандап алынатындығы. Мәселен, адамға қамауға алу шарасының қолданылуын аудандық, қалалық прокурор, оларға теңестірілген әскери және өзге прокурорлар үш айға дейін ұзарта алады. Мерзімді алты айға дейін ұзартуға облыс прокуроры, оған теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарлары өкілетті (ҚІЖК-тің 153-бабы).Мерзімнін ұзартылуы қаулымен ресімделеді. Бұл жағдайда қаулы алдын ала тергеу мерзімін ұзарту тәртібіне ұқсас қабылданады. Date: 2015-09-19; view: 1048; Нарушение авторских прав |