Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тақырып. Қылмыстық іс жүргізудегі мүліктік мәселелер. Іс жүргізу мерзімдері





Дәріс мақсаты: Қылмыстық іс жүргізудегі мүліктік мәселелерді ашу. Іс жүргізу мерзімдерін талдау.

Қысқаша мазмұны:

1. Қылмыстық іс жүргізуде қаралатын азаматтық талаптардың пәні, оны ұсынудың негіздері және іс жүргізу тәртіптері. Қылмыстық іс жүргізудегі азаматтық талаптың құқыктық негізі. Азаматтық талапкер ретінде тану. Зиянды өтеудің негіздері, шарттары, мөлшері және тәсілі туралы ережелерді колдану. Азаматтық талап бойынша шешім. Азаматтық талапты қамтамасыз ету.

2. Айыптау және актау үкімдерін тағайындағанда, қылмыстық істі қысқартқан жағдайда азаматтық талапты шешу. Азаматтық талап бөлігінде соттың үкімі мен қаулысын орындау.

3. Қылмыстық іс бойынша өндіріс барысында кеткен шығындарды өтеу мен еңбекке ақы төлеу.

4. Іс жүргізу шығындары: түсінігі, түрлері. Іс жүргізу шығындарын өндіріп алу негіздері мен түрлері. 1с жүргізу шығындарын өтеудің негіздері мен өндіру тәртіптері.

5. Іс жүргізудегі мерзімдерінің ұғымы, маңызы және түрлері. Іс жүргізу мерзімдерін санау тәртібі. Іс жүргізу мерзімдерін ұзарту мен қалпына келтіру тәртібі. Қылмыстық іс жүргізудегі мерзімдерді өткізіп алудың іс жүргізу құқықтық салдары.

 

1. Жеке және занды тұлғалардың қылмыстық іс жүргізу кезінде өз құқықтарын жүзеге асыру амалдарының бірі азаматтық талап қою болып табылады. Бұл мәселеге ҚІЖК-нің 20-тарауы (162—171 баптар) арналған. Соның ішінде 162-бапқа сәйкес, қылмыстық процесте жеке және занды тұлғалардың өздеріне тікелей қылмыспен немесе есі дұрыс емес адамның қоғамға кауіпті әрекетімен келтірілген мүліктік немесе моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ қылмыстың (қоғамға қауіпті әрекеттің) салдарынан өздері жағынан болған шығыстарды өтеу туралы азаматтық талаптары қаралады. Яғни, осы бап бойынша: қылмыстық жауапқа тартылатын адамның әрекетімен байланысты ғана емес, сонымен қатар есі дұрыс емес адамның әрекетімен келтірілген мүліктік және моральдық зиянды, сондай-ақ бұл әрекеттің салдарынан болған шығыстарды өтеу туралы да азаматтық талап қойылуы мүмкін. Соңғы жағдайда азаматтық талап есі дұрыс емес адамның әрекеті үшін жауапты болатын тұлғаға қойылады. Басқа кездерде азаматтық талап айыпталушыға немесе оның қылмыстық әрекеті үшін материалдық жауап беретін жеке немесе занды тұлғаға қойылуы тиіс (ҚІЖК-нің 162-бабының 2-бөлігі).

Қылмыстық іс бойынша қойылатын азаматтық талап өзінің мәнісі бойынша азаматтық істер бойынша қойылатын талап ұғымына сәйкес болып табылады. Ал, азаматтық істер бойынша қойылатын талаптардың мынадай түрлері болады: 1) өндіру туралы талап; 2) құқықтық қатынастарды тану (анықтау) туралы талап; 3) құқықтық қатынастарды өзгерту немесе жою (тоқтату)туралы талап.

Қылмыстық істер бойынша қойылатын азаматтық талаптар негізінен өндіру талабына жатады. Яғни, бұл талаптардың мәні тікелей қылмыспен келтірілген мүліктік зиянды, сондай-ақ қылмыстың салдарынан болған шығыстарды (жерлеуге, зардап шеккен адамды емдеуге кеткен шығыстарды, сақтандыру өтемі, жәрдемақы немесе зейнетақы ретінде төленген, алдын ала тергеу жүргізуге және сотқа қатысуымен байланысты, соның ішінде өкілдікке төленген шығыстарды) өтеттіру болып табылады. Сонымен қатар, зардап шеккен тұлға қылмыспен келтірілген моральдық зиян үшін де өндіру талабын (ақшалай өтемақы төлеу туралы) қоюға құқылы.


Қылмыстың зардабынан болған мүліктік және моральдық зиянды өтеу туралы талап азаматтық іс жүргізу тәртібімен де қаралуы мүмкін. Бірақ, мұндай талапты қылмыстық іспен бірге қараудың азаматтық талапты шешетін сот үшін және іске мүдделі адамдар мен басқа процеске қатысушылар үшін де тиімді екеңдігін айту қажет.

Біріншіден, азаматтық талаптың қылмыстық іспен бірге қаралуы істің мән-жайларын толық және жан-жақты ашуға, соттың үкімінің және азаматтық талап туралы шешімінің дәлелді болуына ықпалын тигізеді. Яғни, қылмыстық іс бойынша дәлелдеу пәніне қылмыспен келтірілген зиянның сипаты мен мөлшерін анықтау жататын болғандықтан, басты сотталқылауы кезінде ондай мән-жайлар айыптау және қорғау (қорғану) тараптарының қатысуымен жан-жақты зерттеліп, сол арқылы азаматтық талаптың негізділігі, оның қанағаттандыруға жататын-жатпайтындығы жөнінде сот анық тұжырымға келе алады. Сонымен қатар, қылмыспен келтірілген зиянның мөлшерін толық зерттеп анықтаудың қылмыстың дұрыс саралануы үшін (қылмыстың түріне қарай), қылмыстық занды дұрыс қолдану үшін де маңызы болады.

Екіншіден, азаматтық талапты қылмыстық іспен бірге қарау — азаматтық талапкер үшін дәлелдеу міндеті тұрғысынан алғанда тиімді болып табылады. Яғни, егер азаматтық іс жүргізуде азаматтық талапкер өзінің талаптарын және сілтеме жасайтын мән-жайларды дәлелдеуге тиіс болса, қылмыстық процесте азаматтық талаптың негіздерін дәлелдеу қылмыстық іс жүргізу заңы бойыиша жүзеге асырылады және сондықтан азаматтық талапкерге дәлелдеу міндеті жүктелмейді. ҚІЖК-нің 24-бабында көрсетілгендей, қылмыстық іс жүргізу органы (сот, прокурор, тергеуші, анықтаушы) істі дұрыс шешуге қажетті және жеткілікті мән-жайларды жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін занда көзделген барлық шараларды қолдануға міндетті1.

Үшіншіден, азаматтық талапты қылмыстық іспен бірге қарау сот ісін жүргізудің қайталанбауын (азаматтық іс жүргізу тәртібімен) және қылмыстан зардап шеккен тұлғаның мүліктік құқықтарын кешіктірусіз қалпына келтіруді көздейді. Мұндай жағдайда айыпталушыны (сотталған немесе ақталған адамды), жәбірленушіні және басқа да процеске қатысушыларды қайталап сотқа шақыру және бір қылмыс бойынша екі рет сот ісін жүргізу қажет болмайды.

Төртіншіден, қылмыстық процесте азаматтық талап қойған тұлға мемлекеттік баж төлеуден босатылады (ҚІЖК 162-бабының 3-бөлігі).







Date: 2015-09-19; view: 1099; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию