Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар





Қылмыстық процеске қатысушы өзге де адамдар қатарына куә, сарапшы, маман, аудармашы, куәгер, сот отырысының хатшысы және сот приставы жатады.

Куә. Айғақ беру үшін куә ретінде іс үшін маңызы бар қандай да болсын мән-жай белгілі болуы мүмкін кез келген адам шақырылуы мүмкін және одан жауап алынуы мүмкін (ҚР КІЖК 82-бап).

Куәнің құқықтары:

1) қылмыстық жасалатын әрекет немесе әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін оның өзі, жұбайы (зайыбы) немесе жақын туыстары үшін ізіне түсуге әкеп соқтыратын айғақ беруден бас тартуға;

2) өзінің ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға;

3) одан жауап алуға қатысушы аудармашыға ескерту жасауға;

4) жауап алу хаттамасына айғақтаманы өз қолымен жазуға;

5) анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың іс-әрекетіне шағым жасауға, өз құқықтары мен занды мүдделеріне қатысты өтінішін мәлімдеуге құқығы бар.

Куә егер адвокат қандай да бір басқа сапада іске қатыспаса, өзінің адвокатының қатысуымен айғақ беруге құқылы. Адвокаттың келмеуі тергеуші белгілеген уақытта айғақ болуды жүр-гізуге кедергі келтірмейді.

Куәнің міндеттері:

1) куә аныктаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың шақыруы бойынша келуге; іс бойынша барлық өзіне белгілі жайларды шын хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; егер оған анықтаушы, тергеуші немесе прокурор ескерткен болса, өзіне іс бойынша белгілі мән-жайлар туралы мәліметті жарияламауға міндетті;

2) тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде және сот отырысы кезінде белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті;

3) куә көрсетілген жағдайларды қоспағанда, өлім себептерін, ауыр қылмыс зияндылығын, күдіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің психикалық күйін анықтау қажеттілігіне сәйкес сараптамаға немесе куәландырылуға мәжбүрлеп тартылмайды.

Қасақана жауап бергені үшін және жауап беруден бас тартқаны үшін куә ҚР ҚК-нің 352-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

Айғақтар беруден бас тарту немесе қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша дәлелді себептерсіз келмеу әкімшілік жауапқа тартуға әкеп соғады.

Куә ретінде жауап алуға тыйым салынады:

1) қылмыстық іс бойынша іс жүргізуге қатысуына байланысты, сондай-ақ сот шешімін шығару кезінде туындаған мәселелерді кеңесу бөлмесінде талқылау барысында өздеріне белгілі болған кылмыстық істің мән-жайлары туралы — судья, алқаби;

2) аралық судьяның немесе төрешінің міндеттерін атқаруға байланысты өзіне белгілі болғай мән-жайлар туралы — аралық судья немесе төреші;

3) қылмыстық іс бойынша өзінің міндеттерін орындауына байланысты өзіне белгілі болған жағдайлар туралы — күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы, сонымен бірдей жәбірленушінің, азаматтық талапкердің және азаматтық, жауапкердің өкілі;

4) оған ішкі сырын ашу кезінде белгілі болған мән-жайлар туралы — діни қызметкерлер;

5) өзінің жасының талмауына не психикалық немесе дене кемістіктеріне орай іс үшін маңызы бар мән-жайларды дұрыс түсінуге және олар туралы жауап беруге қабілетсіз куә ретінде жауап алуға жатпайды.


Сарапшы — арнаулы ғылыми білімі бар, сараптама жүргізу үшін сот пен тергеу органдарына тартылған адам. Сараптама анықтаушы, тергеуші және сот қаулысымен тағайыңдалады. Сараптама жүргізілетін іс материалдарын зерттеу нәтижесінде іс үшін маңызы бар мән-жайлар алынуы мүмкін жағдайда тағайындалады. Зерттеу нәтижелері бойынша сарапшы қорытынды жасайды. Сарапшының қорытындысы, оның ауызша түсініктемесі іс бойынша дәлелдемелер деп танылады. Бірақ сарапшының қорытындысы қылмыстық процесті жүргізуші органдар үшін міндетті болып танылмайды (ҚР ҚІЖК 83-бап).

Сарапшының негізгі құқықтары:

1) қылмыстық істің сараптама жүргізуге қатысты материалдармен танысуға құқылы;

2) өзіне қорытынды беру үшін қажетті косымша материалдарды беру туралы өтініш білдіруге;;

3) қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсатымен тергеу әрекеттерін жүргізуге және басқа да іс-жүргізу әрекеттеріне қатысуға және оған қатысушыларға сараптама жүргізуге қатысты сұрақтар қоюға;

4) өзі қатынасқан тергеу немесе өзге де іс жүргізу әрекеттерінің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігінде сот отырысының хаттамасымен танысуға және өзінің әрекеттері мен жауаптарының толық және дұрыс көрсетілуіне қатысты хаттамаға енгізуге жататын ескертулер жасауға;

5) сараптаманы тағайындаған органның (адамның) келісімі бойынша өз құзыреті шегінде тек алдына қойылған мәселелер бойынша ғана емес, сонымен бірге іс үшін маңызы бар және өз бастамашылығымен анықталған өзге мән-жайлар бойынша да корытынды беруге;

6) өзінің арнаулы білімінен тыс мәселелер бойынша, сондай-ақ егер өзіне берілген материалдар қорытыңды беру үшін жеткіліксіз болған жағдайларда қорытынды беруден бас таруға құқылы.

Сарапшының құқығы жоқ:

1) қылмыстық процесті жүргізуші органнан басқа процеске қатысушылармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге құқығы жоқ;

2) өз бетінше зерттеуге арналған материалдар жинауға;

3) егер оған сараптама тағайындалған органның арнаулы рұқсаты болмаса, объектілерді толық немесе ішінара жоюға не олардың сыртқы түрін немесе негізгі қасиеттерін өзгертуге әкеп соқтыратын зерттеулер жүргізуге құқығы жоқ.


Сарапшының міндеттері:

1) қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуге; өз алдына қойылған мәселелер бойынша негізделген және объективті жазбаша қорытынды беруге міндетті;

2) жүргізілген зерттеулер мен берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша жауап беруге; сараптама жүргізуге байланысты өзіне белгілі болған істің жағдайы туралы мәліметтерді және өзге де мәліметтерді жарияламауға; тергеу әрекеттерін жүргізу кезінде және сот отырысы уақытында тәртіп сақтауға міндетті.

Қасакана жалған қорытынды бергені үшін сарапшы ҚР ҚК-нің 352- бабына сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады. Сарапшы сот сараптамасы органының қызметкері болғандықтан, қызметінің тегіне орай, өз құқықтары мен міндеттерімен танысқан және оған қасақана жалған қорытынды бергені үшін қылмыстық жауапқа тартылатыны туралы ескертілген деп саналады.

Маман - техника, медицина, педагогика сияқты әртүрлі ғылыми салаларынан арнаулы ғылыми танымы бар адам.

Маман тергеуге және сот әрекеттеріне іске мүдделі емес, дәлелдерді жинауда, зерттеуде және бағалауда, соңдай-ақ техникалық құралдарды қолдануда жәрдем көрсету үшін шақырылуы мүмкін (ҚР ҚІЖК 84-бап).

Маманның құқықтары:

1) қылмыстық процесті жүргізуші органның рұқсаты мен тергеу және сот әрекетіне қатысушыларға сұрақтар қоюға құқылы;

2) олардың назарын дәлелдемелерді жинауға, зерттеу мен бағалауға көмектесуге және ғылыми-техникалық құралдарды қолдану, істің материалдарын зерттеу, сараптама тағайындау үшін материалдарды дайындау кезінде өзінің іс-әрекетіне байланысты мән-жайларға аударуға құқылы;

3) өзі қатысқан тергеу әрекеттерінің хаттамасымен, сондай-ақ сот отырысы хаттамасының тиісті бөлігімен танысуға және өзінің қатысуымен жүргізілген әрекеттердің барысы мен нәтижелерінің көрсетілуінің толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізуге жататын мәлімдемелер мен ескертпелер жасауға құқылы;


4) қылмыстық процесті жүргізуші органның іс-әрекетіне шағым жасауға; аудармашыдан бас тартуға; өзінің тергеу және сот әрекеттеріне қатысуына байланысты өзіне келтірілген шығындарға өтем және егер іс бойынша іс жүргізу оның қызметтік міндеттеріне кірмейтін болса, орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға кұқылы.

Маманның міндеттері:

1) қылмыстық істі жүргізуші органның шақыртуы бойынша келуге;

2) дәлелдемелерді жинауға, зерттеу мен бағалауға көмек көрсету үшін арнаулы білімін, дағдысын және ғылыми-техникалық құралдарды пайдалана отырып тергеу іс-әрекеттерін жүргізу мен сот талқылауына катысуға міндетті;

Іс жүргізу қатынасында сарапшы мен маманның мынадай ерекшеліктері байқалады: сарапшы процеске тек іс қозғалғаннан кейін, тергеушінің қаулысы шыққаннан кейін ғана қатыса алады; сарапшының қорытындысы дәлелдемелердің негізгі қайнар көзі болып табылады, оның дұрыстығы үшін заңмен (қылмыстық жауаптылықпен) жауап береді.

Маман сот өндірісінің барлық кезендеріне қатыса алады, сондай-ақ іс қозғалғанға кейінгі істерге де қатынасады. Маман- - адады іске тарту барысында тергеу ісінде қатысуын міндеттейтіндігі жөнінде арнаулы қаулы қабылданбайды. Тергеуші оны тек тергеу әрекеттеріне қатысуға ғана қажетті кезде шақыртады.

Сонымен қатар, занда маманның қорытынды беруі көзделмеген және ол өзінің әрекеттері үшін (тергеуші қойған сұрақтарға жауабы, шешімі, қорытындысы) қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Іске катысу үшін оны тек қылмыстық процесті жүргізетін орган ғана шақырады.

Өзінің міндеттерін орындаудан дәлелді себептерсіз бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін маман әкімшілік жауапқа тартылады.

Аудармашы - аударма жасау үшін қажет тілді меңгерген және күдікті, айыпталушы, сотталушы, олардың қорғаушылары не жәбірленуші, азаматтық талапкер, азаматтық жауапкер және де өзге де іске қатысушылар іс бойынша іс жүргізілетін тілді білмеген жағдайда, сонымен бірге жазбаша құжаттарды аудару үшін тергеу және сот іс-әрекеттеріне қатысуға тартылған, іске мүдделі емес адам. (ҚР ҚІЖК 85-бап). Қылмыстық процесті жүргізуші орган адамды аудармашы етіп тағайындау туралы қаулы шығарады.

Аудармашының құқықтары:

1) жүргізуіне өзі қатысқан тергеу немесе өзге де іс жүргізу іс-әрекеттерінің хаттамасымен, сондай-ақ тиісті бөлігіңде сот отырысының хаттамасымен танысуға және аударманың толықтығы мен дұрыстығына қатысты хаттамаға енгізуге жататын ескертпелер жасауға құкылы;

2) егер оның аудару үшін қажетті білімі болмаса, іс бойынша іс жүргізуге қатысудан бас тартуға; қылмыстық процесті жүргізуші органның іс-әрекетіне шағым жасауға; тергеу және өзге де іс жүргізу іс-әрекетіне қатысуына байланысты өзіне келтірілген шығындарға өтем және егер іс бойынша іс жүргізуге қатысу оның қызметтік міндетінің шеңберіне кірмейтін болса, орындалған жұмысы үшін сыйақы алуға құқығы бар.

Аудармашының міндеттері:

1) қылмыстық процесті жүргізуші органның шақыруы бойынша келуге; өзіне тапсырылған аударманы дәл және толық орындауға міндетгі;

2) оның қатысуымен жүргізілген тергеу іс-әрекетінің хаттамасында, сондай-ақ процеске қатысушыларға олардың ана тіліндегі немесе олар білетін тілдегі аудармасында тапсырылған іс жүргізу құжаттарында аударманың дұрыстығын өзінің қолымен куәландыруға міндетті;

3) аудармашы ретінде тартылуына байланысты өзіне белгілі болған істің жағдайы туралы мәліметтерді немесе өзге де деректерді жарияламауға;

4) тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде және сот отырысы уақытында тәртіп сақтауға міндетті.

Аудармашы дәлелді себептерсіз келуден немесе өзінің міндетін орындаудан бас тартқаны үшін немесе жалтарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады.

ҚР ҚІЖК-нің 85-бабында көрсетілген ережелер іс бойынша іс жүргізуге қатысу үшін шақырылған, мылқау немесе саңырау адамдардың белгілерін түсінетін адамдарға қолданылады.

Куәгер — іске мүдделі емес, қылмыстық процесті жүргізуші органның тергеу әрекеттерін толық және дұрыс қабылдауға қабілетті адам. Ол қылмыстық ізге түсу органдарынан тәуелсіз тергеу іс-әрекеттерін жүргізу фактісін, оның барысы мен нәтижелерін куәландыру үшін тартылады. Осы мақсатта кем дегенде екі куәгер іске тартылады.

Куәгердіц құқықтары: (ҚР ҚІЖК 86-бап):

1) тергеу іс-әрекеттерін жүргізуге қатысуға; тергеу іс-әрекеті жөнінде хаттамаға енгізуге жататын мәлімдемелер мен ескертулер жасауға құқылы;

2) өзі қатысқан тергеу іс-әрекеттерінің хаттамасымен танысуға; қылмыстық ізге түсу органының іс-әрекетіне шағым әрекетінің хаттамасымен танысуға; қылмыстық ізге түсу органының іс-әрекетіне шағым жасауға; қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде өзіне келтірілген шығындарға өтем алуға құқығы бар.

Куәгердің міндеттері:

— қылмыстық ізге түсу органының шақыруы бойынша келуге; тергеу іс-әрекетін жүргізуге қатысуға; осы іс-әрекеттің жүргізілу фактісін, оның барысы мен нәтижелерін тергеу іс-әрекеттерінің хаттамасында өзінің қолымен куәландыруға міндетті;

- анықтаушының, тергеушінің, прокурордың рұқсатынсыз алдын ала тергеу материалдарын жарияламауға; тергеу іс-әрекеттерін жүргізу кезінде тәртіп сақтауға міндетті.

Куәгер дәлелді себептерсіз келуден немесе өзінің міндеттерін орындаудан бас тартқаны үшін немесе жалтарғаны үшін әкімшілік жауапқа тартылады.

Сот отырысынын хатшысы — сот отырысының хаттамасын жүргізетін, қылмыстық іске мүдделі емес адам.

Сот отырысы хатшысының міндеттері (ҚР ҚІЖК 87-бап):

1) өзі хаттамалауды қамтамасыз етуі қажетті барлық уақытта сот отырысы залында болуға және сот отырысына төрағалық етушінің рұқсатынсыз кетпеуге міндетті;

2) хаттамада соттың іс-әрекеті мен шешімін, соттың отырысына қатысушы барлық адамдардың өтініштерін, карсылықтарын, жауаптарын, түсініктемелерін, сондай-ақ сот отырысының хаттамасында көрсетуге жататын басқа да жағдайларда толық және дұрыс жазуға міндетті;

3) сот отырысының хаттамасын осы Кодексте белгіленген мерзімде дайындауға міндетті;

4) төрағалық етушінің занды өкіміне бағынуға; жабық сот отырысына қатысуына байланысты өзіне белгілі болған мән-жайлар туралы мәліметтерді жарияламауға міндетті.

Сот отырысының хатшысы сот отырысы хаттамасының толықтығы мен дұрыстығы үшін дербес жауап береді. '

Дұрыс емес немесе шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді сот отырысының хаттамасына қасақана енгізген жағдайда хатшы ҚР ҚК-нің 31-бабы бойынша жауапқа тартылады.

Сот приставы — соттар қызметінің және сот шешімдерін орындаудың белгіленген тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі өзіне заңмен жүктелген міндеттерді орындаушы лауазымды адам (ҚР ҚІЖК 88-бап).

Сот приставына мынадай міндеттер жүктелген:

1) бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардың атқарылуына бақылау жасауды қамтамасыз ету;

2) сот орындаушыларына атқару құжаттарын мәжбүрлеп атқаруда көмек керсету;

3) сот талқылау кезінде заңдағы тәртіпті бақылап отыру;

4) төрағалық етушінің өкімін орындау және соттарда судьяларды, куәларды, басқа да процеске қатысушыларды қорғауды жүзеге асыру, оларды басқаның ықпалынан корғайды;

5) соттың іс жүргізу іс-әрекетін жүргізуіне жәрдемдеседі және сотқа келуден жалтарған адамдарды алып келуді жүзеге асырады, өзіне заңмен жүктелген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

1. Азаматтық талапкер, оның іс жүргізу құқықтары мен міндеттері.

2. Азаматтық жауапкер, оның іс жүргізу кұкықтары мен міндеттері.

3. Азаматтық жауапкер ретінде таныла алатын тұлғалар.

4. Қорғаушы, оның өкілеттіктері және қылмыстық іс жүргізуге қатысуміндеттері.

5. Қорғаушы ретінде қылмыстық сот ісін жүргізуіне қатыса алатын тұлғалар.

6. Қорғаушыны шақыру, тағайындау, ауыстыру, оның еңбегіне ақы төлеу.

7. Қорғаушыдан бас тарту.

8. Қорғаушының қылмыстық іске міндетті түрдеқатысужағдайлары.

9. Кәмелетке толмаған сезіктінің, айыпталушының заңды өкілдері.

10. Жәбірленушінің, азаматтық талапкер мен жеке айыптаушының өкілдері. Азаматтық жауапкердің өкілдері.

11. Қылмыстық іс жүргізудегі басқада тұлғалар: түсінігі, түрлері, маңызы.

12. Куәнің іс жүргізу жағдайы.







Date: 2015-09-19; view: 1187; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.023 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию