Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Маневрлерді орындау кезіндегі қызметкерлерге қойылатын талаптар
11.17. ТПЕ-нің 15.23-тармағына сәйкес маневрлерді басқарушы ке-лесі әрекеттерді орындауға міндетті: маневрлік жұмысқа қатысты тапсырмаларды анық және дер кезін-де орындауға; маневрлерге қатысатын барлық қызметкерлердің оларды алдағы маневрлік жұмыстардың орындалу жоспары мен әдістерімен та-ныстыру арқылы іс-әрекеттерінің дұрыс үлестірілуі мен келісілуін қамтамасыз етуге; поездарды Техникалық пайдалану ережелері мен «ҚТЖ»¥К»АҚ басшылығының тиісті нұсқаулықтары мен нұсқауларының талапта-рын толықтай сәйкес түрде құрастыруға; Маневрлік жұмысты қозғалыс қауіпсіздігі, маневрлерге қатысатын қызметкерлердің жеке басының қауіпсіздігі, жылжымалы құрам мен жүктің сақтанымдылығы қамтамасыз етілетіндей түрде ұйымдастыруға. Адамдары бар, габариттен тыс және 1 (жарылғыш заттары) бар вагон-дармен маневрлер ерекше сақтықпен орындалады. Кезекшілікке кіріскен құрастырушы (бас кондуктор) өз ауданының жолдарында жылжымалы құрамның болуы мен оның орналасуымен таны-сып, оның сенімді бекітілгенін тексеріп шығуы, ауданға арнап орнатылған бекіту құралдарының бар екендігіне көз жеткізп шығуы тиіс. Тексерудің қорытындылары туралы станция кезекшісіне баяндауы тиіс. 11.18. Жұмыс жетекшісі маневрлік жұмыс басталмас бұрын төмендегі әрекеттерді орындап шығуға міндетті: а) маневрлерге қатысатын қызметкерлердің барлығы, соның ішінде локо-мотивтік бригада толық құрамда өз орындарында болғанына көз жеткізуге; б) маневрлерге қатысатын машинист пен станция қызметкерлерін алдағы маневрлердің жоспары мен оны орындау тәртібімен таныстырып шығуға; в) вагондардың қозғалысына кедергілердің (мысалы, доңғалақтарының астында тежегіш табандықтардың және т.б.) бар-жоғын тексеріп шығуға. 11.19. Стрелкалық қосын кезекшісіне немесе орталықтандыру қосынының операторына сол не өзге жолға маневрлік маршрутты әзірлеу жөніндегі тап-сырманы маневрлердің жетекшісі көзбе-көз түрде, радиобаланыс, екі жақты парктік байланыс арқылы, локомотивтың ысқырықтарымен, қол ысқырығымен немесе станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленген тәртіппен станцияның техникалық жарақтандырылуына қарай өзге құралдармен беруі мүмкін. 11.20. Жұмыс барысында маневрлерді басқарушы келесі әрекеттерді орындауға міндетті: а) маневрлік қозғалыстарға қатысты сигналдар мен нұсқауларды анық және дер кезінде беруге; б) стрелкалардың маневрлік жылжытуларға арнап дер кезінде әзірленуін, орталықтандыру қосындары операторларының, стрелкалық қосын кезекшілері мен локомотив машинисінің сигналдарды дер кезінде және дұрыс беріп отыруын қадағалап отыруға; в) өзінен сигналдар, маневрлерді орындап жатқан құрам мең оның жыл-жу маршруты жақсы көрінетін жерде болуға; локомотив машинисімен ра-диобайланыс болмаған жағдайда (ол ақаулы болғанда немесе локомотивтың маневрлік радиобайланыспен жабдықталмауы себебінен) өзінен машинист і іемесе оның көмекшісі беретін қол сигаалдарының көрінуі қамтамасыз еті-летін жерде болуға; г) станциялық жолдар бойынша вагондарын алдыға қаратып қозғалған кезде, әдетте, қозғалыс бағыты бойынша алғашқы арнайы баспалдақта (отпелі алаңшада, тамбурда) тұруға, ал олай ету мүмкін болмаған жағдайда - шегіндірілетін вагондардың алдында жол аралығы немесе жолдың ше-гімен жүріп отыруға, маневрлік бағдаршамдардың көрсетулерін, беріліп жатқан сигналдарды, маршрут бойынша стрелкалардың қалпын, жол-да кедергілердің және адамдардың болмауын бақылауға; қажет болған жағдайда - маневрлік құрамды тоқтатуға арналған шаралар қабылдауға. Ра-диобайланыс болмаған кезде қажет болған жағдайда сигналдарды беру үшін орталықтандыру қосындарының операторларын, стрелкалық қосындардың кезекшілерін және станцияның өзге қызметкерлерін қатыстыруға; д) маневрлерді үлкен құрамдармен жолдың қисық бөліктерінде немесе корінім нашар болған жағдайларда (тұман, қарлы боран, қар жабу және т.б.) жүргізген кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған қосымша шаралар-ды қабылдауға - жиі жағдайда машиниске сигналдар мен нұсқауларды ра-диобайланыс немесе екі жақтық парктік байланыс арқылы беріп отыруға; е) жылжымалы құрамның кесілген стрелка арқылы соңғысын тексеріп жоі ідегенше өткізілуіне жол бермеуге; ж) құрамға жақындамас бұрын қоршау сигналдарының жоқ екендігіне көз жеткізіп алу; з) вагондардың бекітілусіз немесе өздерінің алдағы тұрақтау уақытының моліперіне байланыссыз станцияның техникалық-жарлық актісінде белгі-/ігнген нормаға жеткіліксіз түрде бекітілген жағдайда қалдырылуына жол бермеуге; и) вагондардың түгелдей бір-бірімен және локомотивпен тіркелгеніне көз жеткізіп алмай, маневрлік құрамдардың қозғалысына (локомотивын алдыға қаратып немесе вагондарын алдыға қаратып) жол бермеуге; к) итеру маневрлері кезінде тіркестердің кері бағытта қозғалуын неме-се вагондардың жолдың қарсы ұшындағы шекті бағаншадан шығып кетуін болдырмайтын шараларды дер кезінде қабылдауға; л) егер итеру маневрлері кезінде немесе құрамдарды дөңеске ите-ру кезінде ажырату иінтіректері жұмыс жағдайлары бойынша «буферге» қалпына орнатылса, тіркесті құрамнан ағытқаннан кейін иінтіректерді де-реу түрде қалыпты жағдайға келтіруге; м) маневрлік локомотив (жалғыз немесе вагондары бар) вагондарын ажырату немесе өзге вагондарды өзіне тіркеу үшін вагондар тұрған сол не өзге жолға шыққан кезде, сондай-ақ вагондарды ажырату үшін оларды қысу кезінде маневрлік локомотивке қарсы жақтағы вагондардың сенімді түрде бекітілгеніне көз жеткізіп алмай аталмыш әрекеттердің орындалуына жол бермеуге; н) егер де сол не өзге жолда тұрған вагондар тобына, соның ішінде бекі-тілген норма бойынша бекітілген вагондар тобына қосымша түрде вагондар тіркелетін болса, соның нәтижесінде осыған дейін қойылған табандықтардың орны ауыспағандығын, сондай-ақ сол табандықтардың саны саны өсіп кет-кен вагондарға жеткілікті бола ма соны тексеруге міндетті; о) маневрлік құрамды жүктерді тиеу және түсіру орындарында қозғамас бұрын қозғалыс үшін кедергінің жоқ екендігіне көз жеткізіп алуға; п) өздеріне жүктерді тиеу және түсіру жұмыстары аяқталмаған вагон-дармен маневрлерді тиеу-түсіру әрекеттерін басқаратын қызметкермен ке-лісіп алғаннан кейін ғана рұқсат етіледі; р) маневрлерді орындау кезінде құрастырушы және кондукторлық бригадалардың қызметкерлеріне тізбесін жергілікті еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулық белгілейтін габариттен тыс және қауіпті жерлерде вагонның ар-найы баспалдағында тұруға тыйым салынады. 11.21. Маневрлерді басқарушы аталмыш жұмыстарды жылжы-малы құрамның жолдардың қарсы ұшындағы шекті бағаншықтардан (оқшаулаушы түйіспелер немесе бағдаршамдар) асып шығып кетуіне жол берілмейтіндей түрде ұйымдастыруы тиіс. Маневрлік жұмыстарды басқарушының жоғарыда аталған талаптың орындалуын қамтамасыз ететін парктың (жолдың) қарсы ұшындағы қызметкерлермен өз әрекеттерін келісу тәртібі станцияның техникалық-жарлық актісінде белгіленеді. 11.22. Станция кезекшісі, маневрлік диспетчер немесе дөңес кезекшісі адамдары бар немесе 1 класты (жарылғыш материалдар) жүктер, сондай-ақ тасымалдау құжаттарында «Дөңестен түсірілмесін» және «Дөңестен абай-лап түсірілсін» деген мөрқалыптар соғылған өзге топтағы қауіпті жүктер ти-елген вагондармен маневрлерді жүргізу қажет болған жағдайда бұл туралы поездарды құрастырушыны, ал соңғысы - өзінің көмекшісін және маневрлік локомотивтың машинисін хабардар етуі тиіс. 11.23. Маневрлерді өтпелерді кесіп өтумен жөндеу бригадалары (жол, СОБ бригадалары) жұмыс жүргізіп жатқан жерлерде, жолаушылар платформаларының жанында, жүк қоймаларының, жүк аудандарының, отын қоймаларының, вагондық және локомотивтік деполардың жолдарын-да, заводтардың, шеберханалардың аумағында және т.б. орындау кезінде құрастырушыжәнелокомотивтікбригадаларерекшесақтықтанытуы,құрам жолдың жанында немесе платформаларда тұрған адамдарға жақындаған кезде дыбыс сигналдарын дер кезінде беріп отыруға, сондай-ақ тиеу, түсіру, жолдың, вагондардың жөндеуінде немесе басқа әрекеттерде жұмыс істеп жатқан адамдарды құрамның қозғалатыны туралы ескертуі тиіс. > 11.24. ТПЕ-нің 15.24-тармағына сәйкес локомотивтік бригада ма-неврлерді орындау кезінде келесі әрекеттерді орындауға міндетті: маневрлік жұмысқа қатысты тапсырмаларды анық және дер кезін-де орындауға; беріліп жатқан сигналдарды мұқият түрде бақылап отыруға, жылжулар туралы сигналдар мен нұсқауларды нақты және дер кезінде орындап отыруға; жолдарда жүрген адамдарды, стрелкалардың қалпы мен жылжы-малы құрамның орналасуын мұқият түрде бақылап отыруға; Date: 2015-09-02; view: 684; Нарушение авторских прав |