Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азіргі заманның демографиялық мәселелері





Демографиялық саясат - [ көне грекше: demos - халық, көне грекше: graphio - жазу] - елдегі және аймақтағы халық санын реттеуге бағытталған мемлекеттің ішкі саясатының бір саласы. Халық саны - кез келген елдің дамуының аса маңызды факторы. Сондықтан мемлекет бұл саладағы мәселелерге көз жұмып, елемей қоя алмайды. Ол әлде халық санының өсуіне жағдай тудырады немесе оны қандай да бір жолдармен шектейді, әлде бұл мәселеге нақтылы араласпай, оның табиғи жолмен реттелуін бақылайды. Нақтылы негізделген Демографиялық саясат жүргізу үшін, әдетте, жүйелі түрде халық санағы жүргізіліп отырады. Демографиялық саясат шеңберінде халық құрамы мен құрылымы, өсуі мен өлімі, оның жұмысбастылығы, көші-қон мәселелері шешіледі. Белсенді Демографиялық саясат жүргізу дамыған және дамушы елдерге бірдей өзекті әрі маңызды болып табылады. Көптеген дамушы, әсіресе, халық саны көп елдерде қазіргі адамдардың өмір сүру деңгейі одан әрі құлдырап кетпеуі үшін адамның табиғи өсімін шектеуі, ал, дамыған елдерде керісінше, бала тууға ынталандыру шаралары жүзеге асырылады.

Демографиялық саясат әртүрлі кешенді шараларды қолданады:

· экономикалық (ақысы төленетін демалыс және бала туылған кезден әртүрлі жәрдемақылар, баланың санына, жасына, отбасы жағдайына қарамай жәрдемақылар тағайындау; қарыздар, несиелер, салықтық және тұрмыс, үй жеңілдіктерін беру және т.б.);

· әкімшілік-құқықтық (заңнамалық актілер, реттелетін некелер, ажырасу, отбасындағы балалардың жағдайы, алименттік төлем міндеттері, ана мен бала денсаулығын сақтау, жасанды түсік және бала көтеруден сақтану құралдарын қолдану, жұмысқа жарамсыздарды әлеуметтік қамтамасыз ету, жұмысбастылық жағдайлары, жұмыс істейтін әйел-аналардың еңбек тәртібі, ішкі және сыртқы көші-қон және т.б.);

· қоғамдағы нақтылы демографиялық климатты қалыптастыруға, демографиялық мінез-құлықтың қоғамдық пікірді, ережелерді, стандарттарды қалыптастыруға бағытталған тәрбиелік және насихаттық шаралары.

14 дәрістің тақырыбына арналған АРМ(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:

1. Тесттік сұрақтар.

 

1. «Көпвекторлы саясат» деген термин:

- «көпжақты, әртарапты және теңдестірілген» саясат деп түсініктеме

- дәстүрлі саясат

- тек қана Америкалық өмірге сай саясат

- ар алуанды саяси пікірлер

2. Геосаясат терминін алғашқы рет енгізген:

- Р.Челлен

- Ш.Монтескье

- К.Маркс

- И.Кант

3. Демография – ол:

- халық санын реттеуге арналған саясаттың бір бөлінісі

- саяси процесстердің географиялық ортаға тәуелділігі

- демография туралы ілім

- қоршаған орта туралы ілім

- глобализацияның мәселелері

4. Табиғи шекара деген:

- табиғаттың күші арқылы пайда болған шекара – теңіз, таулар

- табиғи жолда адам қолымен жасалынған шекара

- темір жол шекарасы

- ауа райының ерекшелігі

5. Геосаясаттың негізгі бағыттарын қалыптастырған, неміс ойшыл:

- Фридрих Ратцель

- Давид Юм

- Ш.Монтескье

- К.Маркс

- И.Кант

6. Хартленд деген ол:

- Евразияның өңірі

- Европа елдері

- Африка елдері

- Американың Атлантикалық жағалауы

7. Адамзаттың құтқарылу жолдары:

- техногенді өркениеттен қашу

- глобалды мәселелерді шешу

- діни нормаларды жаңғырты

- космосты мекендеу

8. Биполярды саяси модельден «көпполярлыға» көшу:

- кіші және осал мемелекеттердің қауіпсіздігін сақтау

- Ядерліқ қаруды жасауға тиім салу

- Көптеген мемлекеттердің қауіпсіздігін сақтау

- ядерлы державалардың күшін шектеу

9. Макиавелли бойынша, мемлекеттің сыртқы істері дұрыс болса:

- ішкі істері де дұрыс болады

- сыртқы саудасы өрлейді

- экономикасы құлдырайды

- экономикасы өркендейді

- қауіпсіздігі арттайды.

 

 

 

 

Date: 2015-08-24; view: 972; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию