Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі: қорытынды акт. Жаңа Еурпаға арналған Париж хартиясы
Қазақстанның ел бірлігі доктринасы: талқылауға арналған жоба, Астана, 2009.
1. Қазакстан Республикасының сыртқы саясаты
Қазақстан Еуропа мемлекеттерімен де өз байланыстарын жемісті дамытып келеді. 1993 жылдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында дипломатиялық қатынас орнатылды. Қазақстан Республикасы Президенті мен Германия және Франция басшылары арасындағы келіссөздер Қазақстанның сыртқы саясатындағы еуропалық бағытты жандандырды. Мәселен, Герхард Шредер Астанаға келген сапарында: «Қазақстан Орта Азиядағы маңызды ел және Германияның басты әкономикалық әріптесі» деп атап көрсетті. 2003 жылға қарай республикада неміс банкі және ірі компанияларының 145 өкілдігі мен бөлімшелері жұмыс жасады, ал тіркелген Қазақстан-герман біріккен кәсіпорындарының саны 266-ға жетті. Танымал неміс компаниясы «Сименс» пен «Қазақтелеком» арасында байланыс және халықаралық тасымалдаушы «Қазақстан темір жолымен» құрал-жабдық тасымалдау, Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасының бірнеше министрліктері арасында қазақстандық менеджерлердің біліктілігін көтеру және негізгі экономикалық ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Республика Президентінің Германия үкіметінің басшысымен, Франция президентімен жүргізген келіссөздері Қазақстанның Еуропа бағдарындағы сыртқы саяси бағытын жандандыруға елеулі үлес қосты. Қазакстан Республикасы Президентінің Венгрияға сапары барысында екі ел арасындағы саяси және экономикалық тығыз ынтымақтастыққа берік негіз қаланған көптеген келісімдерге қол қойылды. Қазақстан Болгариямен, Чехиямен, Румыниямен екіжақты тиімді қарым-қатынастар орнатты. Қазақстан Республикасы үшін АҚШ-пен ынтымақтастық аса маңызды, олардан республика экономикасына көптеген инвестициялар алынды. АҚШ Қазақстанға мәдениет пен білімді дамыту саласында да үлкен қолдау көрсетті. «Болашақ» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан студенттері АҚШ, Франция, Германия оқу орындарында оқуға мүмкіндік алды. Қазақстан Республикасы мәртебелі халықаралық ұйымдар мен қауымдастық мүшесі. Қазақстан 1992 жылдан бастап беделді халықаралық ұйымдармен (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ) байланыстарын нығайтты. Мәселен, ЮНЕСКО-ның қолдау көрсетуі арқасында Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы тойланды. Орталық Азиядағы осы ұйымның бір ғана өкілдігі Алматыда ашылды. Сонымен, Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алған соң, халықаралық аренада өзін сенімді түрде мәлімдеді. Тиянақты да бейбітшілік сүйгіш саясатының арқасында Қазақстан дүниежүзілік мемлекеттер қауымдастығындағы ірі-ірі халықаралық ұйымдар қатарына қабылданды.
2. Егеменді Қазақстанның әлемде және Орта Азия аумағында қауіпсіздік және бейбітшілікқамтамасыз етуіндегі сыртқы саясаты. Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат — елдің кауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-катынастарда аймақтық, субрегионалдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау. «Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаларына негізделген тату көршілік аймағын құруға мүдделі ірі аймақтык мемлекет ретінде танытты». Бүгінгі әлем күрделі де жан-жақты. Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-қайшылық (социалистік жүйе — капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің экономикалық және саяси беделіне ауысты. 1993 жылдың 13 желтоқсанында Үкімет қаулысына сөйкес, ядросыз мемлекеттер қатарында Қазақстан «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге» қосылды. Республика аумағында бір неше жылдар бойы ядролық қару болып келді. Бірақ оны Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ. Ендігі бірден-бір шешім — ядролық қарудан бас тарту еді. 1994 жылы үш мемлекеттің — Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара достық қарым-қатынастар жөніндегі Будапештте өткен Кеңесінде Қазақстанның қауіпсіздігін сақтауға Ұлыбритания, АҚШ және Ресей мемлекеттері өз кепілдіктерін берді. 1995 жылы оларға Қытай мен Франция қосылды. Сөйтіп, Қазакстанның төуелсіздігі, дербестігі, шекара біртұтастығы мен қауіпсіздігі басты-басты ядролық державалар тарапынан кепілдікке алынды. Ядролық қаруды өз жерінен көшіру үшін республика 84 млм доллар алды. 1995 жылдың 26 мамырында ядролық қарудың соңғы бөлшектері республика аумағынан әкетілді. 1995 жылдың 30 мамырында Семей сынақ алаңында қалған ең сонғы ядролық заряд жойылды. 90-жылдары әлемде бірқатар аса маңызды геосаяси және экономикалық өзгерістер болды. КСРО-ның ыдырауы, бұдан кейінгі Ресей жағдайын анықтау, бірігуге бет алған Еуропа мен реформадан кейінгі Қытайдың күшейе түсуі, бірқатар Азия аумағы мемлекеттерінің пайда болуы, жаңа халықаралық экономикалық жүйенің қалыптасуы, т.б. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан өзінің сыртқы саясатында мына төмендегі аймақтық саяси одақтарға сүйенеді: АӨСШК — Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес — 1992 жылдың қазан айында болды. БҰҰ Бас Ассамблеясында Н.Назарбаев бұл ұйымды қолдап сөз сөйледі. Қазақстанның геостратегиялық басымдылығы үш бірдей әлеуметтік-экономикалық және әлемдік қатынастардың саяси орталығына негізделеді. Олар Солтүстік Америка, бірігу бағытындағы Еуропа және Тынық мұхит аймағы. Орталық Азияда орын тепкен жас мемлекетке дүниежүзілік экономикалық кеңістікке шығу әлдеқайда тиімді. Дүние жүзіндегі көптеген экономикалық және саяси жаһандау үдерістері халықаралық құқықтың басты-басты қағидаларын алға қойып отыр. Қазақстан жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді. Сондықтан да жас мемлекет үшін БҰҰ, ЕҚЫҰ (ОБСЕ) — (Еуропадағы кауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы, Халықаралық Еуропалық даму және қайта құру банктер і, Халыкаралық валюта қоры, ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, т.б. сияқты ірі-ірі халықаралық ұйымдарға мүше болуы аса маңызды жағдай. 1998 жылы 16 қарашада БҰҰ БА-ның 53-сессиясы «Халықаралық ыңтымақтастық және тұрғындарды сауықтыру Қазақстандағы Семей аумағының экологиясы мен экономикалық дамуы мақсатындағы жұмыстарды үйлестіру» деп аталган қарар қабылдады. Қазақстан басқа да халықаралық ұйымдардың белсенді мүшесіне айналды. 1998 жылы республика БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кенесі (ЭӘК) жанындағы комиссия құрамына кірді. Қазақстанның БҰҰ-ның балаларға көмек қорымен (БКҚ) ынтымақтастығы кең түрде даму үстінде. Республикада «Бала мен ана денсаулығы», «Базалық білім беру», «Сумен қамтамасыз ету және санитария ісі» және басқа да бағдарламалар бойынша жұмыстар жүргізілді. 1997 жылы Қазақстан БҰҰ-ның балаларға көмек қорының Атқару Кеңесіне мүше болды. 1996 жылы мамырда ЮНЕСКО (БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет мәселелерімен айналысатын ұйымы) делегациясының Алматыға сапары кезінде үлкел ғаламдық ЮНЕСКО бағдарламаларын («Адам және биосфера», «Халықаралық гидрология») жүзеге асыру жөнінде келісімдерге қол жеткізілді. 1997 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ның Париждегі Бас конференциясында Қазақстан ЮНЕСКО-ның Атқару Кеңесінің мүшелігіне қабылданды. 1994—1995 жылдарда ЕҚЫҰ-ның төмендегідей құрылымдарымен тұрақты ынтымақтастық байланыстар орнады: аз санды ұлттар жөніндегі институты, демократиялық институттар мен адам құқығы бюросы. 1999 жылдың қаңтарынан бастап Алматыда ЕҚЫҰ орталығы тұрақты жұмыс істейді. Қауіпсіздікке кепілдік алуға қол жеткізу үшін Қазақстан бірқатар сыртқы саясат әрекеттерін қарастырды. 1992 жылы Ташкентте Қазакстанның, Қырғызстан, Тәжікстан, Белоруссия, Армения, Әзірбайжан, Грузия мен Өзбекстанның басшылары бас қосып, Ұжымдық қауіпсіздік туралы Келісімге кол қойды. Мемлекет басшылары жөнө ТМД Біріккен Қарулы күш Бас қолбасшыларынан тұратын Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі құрылды. 1999 жылы 14 қыркүйекте Алматыда АӨСШК мүшелері — 15 мемлекеттіц Сыртқы істер министрлерінің кездесуі өтті. 1995 жылы үш республика — Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан басшылары БҰҰ Бас хатшысына БҰҰ қарамағындн Біріккен ортаазиялық бейбітшілік сақтау батальоның (ОртАзБат) құру туралы ұсыныс енгізді. 1997 жылы ОртАзБаттың алғашқы оқу- жаттығулары өткізілді. 1996 жылы бес мемлекет — Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскери салада және шекаралық аудандарда сенім шараларын нығайту туралы Келісімге қол қойды. 1997 жылы шекаралық аудандардағы қарулы күштерді келісімді қысқарту туралы Келісімге қол қойылды. Бұл келісімдер Қытаймен шекара жөніндегі дауды реттеуге негіз болды. 2001 жылғы көктемде бұл Келісімге Өзбекстан қосылып, Шанхай бестігі Шанхай ынтымақ тастық ұйымы (ШЫҰ) болып құрылды. Республика ішінде жүргізіліп жатқан реформаларды қамтамасыз ету жөнінде де бірқатар міндеттердің бар екені белгілі. Оларды атап айтсақ: Қазақстан экономикасы үшін дамыған мемлекеттер және жекелеген қаржы ұйымдары тарапынан қаржы салымын тарту; экономикалық міндеттер, экологиялық мәселелер, дүниежүзілік коммуникацияға шығу үшін қаржы тарту және практикалық көмек көрсету; әр түрлі мәселелер бойынша халықаралық ақпараттармен алмасуға қатысу; Қазақстандық экономиканың, ғылым мен басқарудың әр түрлі салалары үшін шетелдерде мамандар даярлау бағдарламасын жүзеге асыру; шетелдердегі Қазақстан азаматтарының мүддесі мен құқықтарын қорғау; шетелдік серіктестермен еліміздің сауда-экономикалық байланыстарын кеңейту. 2003 жылы Алматыда Бейбітшілік пен өзара келісім жөніндегі халықаралық конференция мен Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің 1 съезі болып өтті. 2006 жылдың қыркүйек айында Астанада Бейбітшілік пен өзара келісім Сарайында Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің II съезі болды. 2009 жылда Астанада Бейбітшілік пен өзара келісім Сарайында Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің III съезі болды 2012 жылдың мамыр айында Астанада Бейбітшілік пен өзара келісім Сарайында Әлемдік және дәстүрлі дін өкілдерінің IV съезі болды.
16 дәрістің тақырыбына арналған АРМ(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал: 1. Тесттік сұрақтар.
1. «Көпвекторлы саясат» деген термин: - «көпжақты, әртарапты және теңдестірілген» саясат деп түсініктеме - дәстүрлі саясат - тек қана Америкалық өмірге сай саясат - ар алуанды саяси пікірлер 2. Геосаясат терминін алғашқы рет енгізген: - Р.Челлен - Ш.Монтескье - К.Маркс - И.Кант 3. Геосаясат – ол: - саяси процесстердің географиялық ортаға тәуелділігі - демография туралы ілім - қоршаған орта туралы ілім - глобализацияның мәселелері 4. Табиғи шекара деген: - табиғаттың күші арқылы пайда болған шекара – теңіз, таулар - табиғи жолда адам қолымен жасалынған шекара - темір жол шекарасы - ауа райының ерекшелігі 5. Геосаясаттың негізгі бағыттарын қалыптастырған, неміс ойшыл: - Фридрих Ратцель - Давид Юм - Ш.Монтескье - К.Маркс - И.Кант 6. Хартленд деген ол: - Евразияның өңірі - Европа елдері - Африка елдері - Американың Атлантикалық жағалауы 7. Адамзаттың құтқарылу жолдары: - техногенді өркениеттен қашу - глобалды мәселелерді шешу - діни нормаларды жаңғырты - космосты мекендеу 8. Биполярды саяси модельден «көпполярлыға» көшу: - кіші және осал мемелекеттердің қауіпсіздігін сақтау - Ядерліқ қаруды жасауға тиім салу - Көптеген мемлекеттердің қауіпсіздігін сақтау - ядерлы державалардың күшін шектеу 9. Макиавелли бойынша, мемлекеттің сыртқы істері дұрыс болса: - ішкі істері де дұрыс болады - сыртқы саудасы өрлейді - экономикасы құлдырайды - экономикасы өркендейді - қауіпсіздігі арттайды. Date: 2015-08-24; view: 833; Нарушение авторских прав |