Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс 12. Саяси мәдениет, саяси идеология. Қазақстан Республикасының ұлттық идеясы
Жоспар: 1. Саяси мәдениет ұғымы. 2. Саяси мәдениет түрлері. 3. Саяси идеология, оның түрлері. 4. Ұлттық идея қалыптастыруының мәселелері. 5. Қазіргі замандағы неоконсерватизм, неолиберализм, неомарксизм.
Әдебиеттер тізімі: Нарикбаев М.С. Біздің әділет жолымыз. Астана, 2010. Хан И.Г. Саясаттану – Алматы, 2003 ж. Қуандыков. Саясаттану негіздері. Алматы, 1998 ж. Жамбылов Д.А. Саясаттану негіздері. Алматы, 2000 ж. Василик М.А. Политология. М., 2000 ж. Политология. Курс лекций. Под. ред. Мустафина Т.Т. Алматы, 1993 ж. Панарин А.С. Философия политики. М., 1996 ж. ЕҚЫҰ және аймақтық қауіпсіздік шеңберіндегі демократияландыру үрдістері: конференция материалдары/ Б.К. Султанов, Алматы, 2009.
1. Саяси мәдениет ұғымы. Саясаттану ілімінде бұл тақырыптың маңызы зор. Ол нақтылы саяси жүйенің сипатын, қазіргі саяси тәртіптің мәнін, қоғамдық топтардың саяси санасы мен іс-әрекеттерінің ерекшеліктерін, саяси процестердің даму жолын және бағытын түсінуге жол береді. Саяси мәдениет дегеніміз, қоғамдағы саяси идеялардың, принциптердің, құндылықтардың, саяси дәстүрдің жиынтығы. Ол қоғамдағы кез келген саяси іс-әрекетті бағыттап, бақылай алады. Саяси мәдениеттің бірнеше элементтері бар. Олар: Саяси стереотип (қағида) – саяси билік, саясат туралы қарапайым, эмоционалды сезімге негізделген білімсіз түсінік. Саяси сана – саналы және санасыз, рационалды және иррационалды, нормативті және эмперикалық сезімдер мен түсініктердің жиынтығы. Саяси менталитет – ірі әлеуметтік топтардың әлеуметтік- психологиялық сапалы тұрақты жағдайы. Саяси белгі – саясаттағы коммуникативті қызмет атқарушы. Саяси әлеуметтену – адамның қоршаған ортаның құндылықтарын меңгере отырып, сол ортаға бейімделу процесі. Бұдан басқа саяси мәдениетке идеология, дін және саяси ориентация кіреді. Қоғамның саяси өмірінде дін айтарлықтай орын алады. Бұрынғы Кеңес Одағы кезінде дін қудалауға түсіп, саяси өмірден шететтілуінің, атеистік идеологияның үстемдік етуінің салқыны өз сарқыншағын Қытай қоғамына да қалдырды.
Date: 2015-08-24; view: 1689; Нарушение авторских прав |