Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Азақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдастырылуы: эволюциясы, конституция негіздері
Қазақстан — 1995 жылғы 30 тамыздағы республикалық референдумда қабылданған Конституция бойынша – өзін демократиялы, зайырлы, құқықтық және әлеумметті мемлекет ретінде орнықтырды. Қазақстан Республикасы – президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет. Республиканың ең жоғарғы өкілді органы – Парламент. Ол республиканың заң шығару қызметін жүзеге асырады. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенатқа әр облыстан және респ. маңызы бар 2 қаладан екі адамнан сайланады. Сенаттың 15 депутатын Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс республиканың әкімш.-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылған, сайлаушылар саны шамамен тең болатын бір мандатты аумақтық сайлау округтары бойынша сайланатын алпыс жеті депутаттан және партиялық тізім бойынша сайланатын 10 депутаттан тұрады. Президент Үкіметті Конституцияда белгіленген тәртіппен құрады. Тағайындалғаннан кейінгі он күн мерзім ішінде Премьер-Министр Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы республика Президентіне ұсыныс енгізеді. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жеті мүшеден тұрады, олардың өкілеттігі алты жылға созылады. Конституциялық Кеңестің төрағасын республика Президенті тағайындайды. Қазақстан Республикасының Үкіметі — Қазақстандағы жоғары атқарушы билік органы. 1917—19 жж. Алаш Орда 1920—24 жж. Қырғыз (қазақ) АКСР Халық Комиссарлары Советі (Халкомсов), 1925—36 жж. Қазақ АКСР Халкомсов, 1936—46 жж. Қазақ КСР Халкомсов, 1946—91 жж. ҚазКСР Министрлер Кабинеті деп аталды. Қазақстан Республикасының Үкіметі — мемлекеттік биліктің ерекше тармағы ретінде министрліктерден, агенттіктерден, комитеттерден тұратын орталық атқарушы органдар, облыстық, аудандық және қалалық әкімшіліктерден тұратын жергілікті атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды. Оның құқықтық мәртебесінің негіздері Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген (64-бап). Үкіметтің құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызметінің тәртібі ҚР Конституциясына сәйкес 1995 ж. 18 желтоқсанда қабылданған “Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы” (1999 ж. 6 мамырда өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) ҚР-ның конституц. Заңымен белгіленген. Үкімет ҚР Конституциясының, аталған конституц. заңның, ҚР-ның заңдары мен өзге де нормативтік актілерінің негізінде және оларды орындау үшін іс-қимыл жасайды. Үкіметті Республика Президенті ҚР-ның Конституциясында көзделген тәртіппен құрады. Премьер-Министр Үкімет басшысы болып табылады. Премьер-Министрді Парламенттің келісімімен Президент қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. ҚР-ның Премьер-Министрі өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы ҚР Президентіне ұсыныс енгізеді. Президент Премьер-Министрдің ұсынысы бойынша үкімет құрылымын анықтайды, оның мүшелерін қызметке тағайындайды және оларды қызметтен босатады, орт. атқарушы органдарды құрады, таратады, қайта құрады. ҚР Үкіметінің құрылымын министрліктер мен өзге де орт. атқарушы органдар құрайды. Қазақстан Үкіметі — алқалы орган. Оның құрамына Үкімет мүшелері — республиканың Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, министрлер, өзге де лауазымды адамдар кіреді. Премьер-Министр мен Үкімет мүшелері қызметке кірісер алдында Қазақстан халқына және елбасына ҚР Үкіметі туралы конституциялық заңда белгіленген тәртіппен ант береді. Премьер-Министрге ерекше мәртебе берілген. Ол Президентке Үкімет құрамына кірмейтін министрліктерді, орталық атқарушы органдарды құру, қайта құру және тарату туралы, министр қызметіне кандидатуралар жөнінде, министрді қызметтен босату туралы ұсыныстар енгізеді, Үкіметтің қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды және оның жұмысы үшін дербес жауап береді. Date: 2015-08-24; view: 748; Нарушение авторских прав |