Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Адамдардың қауіпсіздігі – азаматтық қоғам үшін ең мәртебелі әлеуметтік ұғым





Құқықтық мемлекетті орнықтыру да адамдардың ежелгі арманы болатын. Құқықтық мемлекетте заң емес, құқық қалай жүзеге асырылатыны арқылы саяси институттар мен олардың әрекеттеріне баға беріледі. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру биліктің ара-жігін ажыратып, оларды даралауға тікелей байланысты болмақ.

Құқықтық мемлекет - адам қоғамының өмір сүру формасының ең жетілген жоғары, биік сатысы. Жаңа тұрпаттағы мұндай сатыға мемлекеттік құрылым өз бетімен келмейді.

Ол көп шарттарға байланысты. Құқық жүйесі – қондырма, базистің өзгеруімен бірге ол да жаңа сипат алады. Заңды адамдар жазады, бірақ бұл олардың ойына келгенін қағазға түсіреді деген сөз емес. Заң қоғамдық құбылыстардың дамуын қамтамасыз ететін шынайы ішкі байланыстарды бейнелейді.

Халық ежелден еркіндікке, бостандыққа ұмтылған. Осы жолда небір тар жол, тайғақ кешулерді бастан кешірген.

 

Азақстандағы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуы: ерекшелігі және экономикалық аспекті.

 

Әлемдік стандарт жолына Қазақстан да бет бұрып, нарықтық экономиканы дамытты. Кеңестік жүйенің жақсылығы да аз болған жоқ: 20-60 жж. Экономиканың, мәдениеттің, қорғаныстың жетістіктері дүние жүзіне белгілі болды. Бірақ Кеңес Одағының жетістіктерінен гөрі кемшіліктері басым болды. Сондықтан Одақ ыдырады.

Демократиялық мемлекет — Қазақстанды алдымен Конституция қабылдап, тікелей басшысын және Парламент сайлауға, өкілетті мерзімі біткен соң, оларды ауыстыруға халықтың құрылтайшылық билігі бар республикалық құрылыстағы мемлекет ретінде танытатын ұғым. Республиканың жоғарғы органдары арқылы көпшілік қазақстандықтардың еркін шынайы анықтауға және мүддесін барынша жүйелі қорғауға қажетті мүмкіндіктер береді. Демократиялық мемлекет әлеуметтік және ұлттық нысандарына қарамастан, азшылық пен жекелеген азаматтардың мүддесін білдіруіне, оның есепке алынуына да мүмкіндіктер береді, мемлекеттік қызметке араласып, қатысуға тең құқықтар беріледі. Демократиялық мемлекет қызметінің түбегейлі принциптерінің бірі — «Қоғамдық татулық пен саяси тұрақтылық» (1-6. 2-т.).

Зайырлы мемлекет — Қазақстан Республикасында діни мекемелер мен дін ұстау мемлекеттен бөлістігін білдіреді және бұл Қазақстандағы ислам мен православиелік тағы басқа нанымдық ағымдарға бірдей қатысты. Діни негізде партия құруға жол берілмейді. Наным немесе атеизм мәселесі-әркімнің жеке басының шаруасы. Елдегі дін ұстау бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысы жөніндегі заңдылықтарды мемлекет белгілеп, бақылайды.

Құқықтық мемлекет — Қазақстанның барлық органдары мен лауазымды адамдарының қызметі құқық нормаларына байланысты, соған бағынышты және соған сәйкес іс-әрекет жасайды. Құқықтың негізгі принцитері: азаматгар үшін — «заңға тыйым салынбағанның бәріне рұқсат етіледі», мемлекеттік органдар мен лауазым иелері үшін — «Заңда нақты не көрсетілсе, соған ғана рұксат». Барлық заң жүйесін жақсартып, әділеттікті жоғары дәрежеге көтеру және азамат құқығы мен бостандығын халықаралық өлшем деңгейіне жеткізу Қазақстан мемлекетінің негізгі міндеті. Құқықтық мемлекетте Заң бір әлеуметтік топтың емес, халықтың шынайы еркін білдіреді. Мұндай мемлекетте заңның рухы үстемдік етеді. Барша адамдар, ең жоғары дәрежедегі лауазым иелерінен қатардағы азаматтарға дейін заңдардың бүкіл халықтың мүддесі, игілігі үшін жасалып, қолданылатынын, заңдар адамдарға қажет қоғамдық тәртіпті орнататынын, адамдарға отбасын құрып, өсіп-өнуге, өзі қалаған жұмыспен шұғылдануға, өздерін еркін сезінуге, қоғам ісіне қатысуға жағдай туғызуы керек екенін түсінуі қажет.


Сонымен Қазақстанда реформаторлық процесс арқылы қоғамның саяси-экономикалық құрылысында көп өзгерістер болды. Қоғамдық ғылымдарда жаңаша ғылыми зерттеулер басталады. Мемлекет пен құқықты дүниежүзілік заң ғылымдар туралы концепциямен бірлестіріп дамытуға мүмкіншілік туды. Отандық кұқықтану, философиялық, экономикалық, саяси ой, сана, пікір құқықтық демократиялық мемлекет туралы ғылымды зерттеуге, дамытуға бет бұрды.

Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамын бес жүйеге бөлуге болады: әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани-мәдени және ақпараттық жүйелер:

Әлеуметтік жүйе — объективтік тұрғыдан қалыптасқан адамдардың бірлестіктері, ұйымдары, одақтары т.б., олардың өзара байланысы бұл жүйеге азаматтық қоғамның ең негізгі ұйымдастырушы жүйе, өзі үш топқа бөлінеді: бірінші тобы — қоғамның үзіліссіз өмір сүру негізін жасаушы, дамытушы топ: отбасы, бала тәрбиелеу, табиғи өмірді жалғастыру; екінші тобы — адамдардың өзара, бір-бірімен байланысы, қатынасы; үшінші тобы — қоғамдық ұйымдардың, таптардың, топтардың, ұлттардың ара қатынастары.

Экономикалық жүйе — қоғамдағы меншіктің түрлері, өндіруші күш пен өндірістік қатынастар, материалдық кірісті әділ бөлуді қалыптастыру. Бұл жүйенің құрылым элементтері: жеке, муниципалдық, акционерлік, кооперативтік, мемлекеттік, фермерлік меншіктер мен шаруашылықтар және қоғамдық кірісті, байлықты әділ бөлу.


Саяси жүйе — мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар, бірлестіктер және жеке адамдар, депутаттар, т.б., олардың ара қатынастары. Оның ішінде ең күрделісі мемлекеттік билікті іске асырудағы қатынастар. Қатынастардың даму процесінде субъектілерге бостандық берілуге тиіс. Күштеу тек заңдылықты, тәртіпті бұзса ғана қолдануы кажет.

Рухани-мәдени жүйесі — осы бағыттағы мемлекеттік, қоғамдық органдар мен ұйымдар, олардың ара қатынастары. Бұл жүйенің негізгі бағыттары: білім, ғылым, мәдениет, рухани сана-сезім, дін, адамдардың денсаулығы.

Ақпараттық жүйе — осы ақпараттық бағыттағы барлық ұйымдар, бірлестіктер, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, олардың жұмыстары мен ара қатынастары. Бұл бағытта іс-әрекеттерге толық бостандық берілуі кажет.

 

Осы көрсетілген азаматтық қоғамның жүйелерінің жақсы, сапалы дамуына зор маңызды үлес қосатын мемлекет пен құкық, қоғамдық ұйымдар мен партиялар және қоғамдағы демократияның жоғарғы дәрежеде болуы.

 

8 дәрістің тақырыбына арналған АРМ(Hand-outs) – белсенді үйлестірмелі материал:

1. Студенттердің өз-өзін тексеруге арналған тесттік сұрақтар.

1. Құқықтық мемлекет ең бастапқы:

- заңға негізденеді

- ел психологиясына сүйенеді

- мораль негіздерін алға алады

- ар алуан билікке негізденеді

2. «Азаматтық қоғам» идеясы туралы көп ілес қосқан:

- И.Кант

- Сократ

- Зенон

- Калликрат

3. «Америкадағы демократия» еңбегінің авторы:

- А.Токвилль

- Сократ

- Платон

- Геродот

- Аристотель

4. Азаматтық қоғам дегеніміз:

- мемлекеттен өзін тәуелсіз сезінетін өндірушілер, игілікті жасаушылар, өздерін өздері басқарып отыратын кәсіпкерлер, кәсіподақтар, партиялар мен қозғалыстар, мәдени бірлестіктер, ғылыми қоғамдар, отбасы және дін ұжымдарының жиынтығы

- Жоғарғы орындарға сайлау мүмкіндігі

- Шағын қала-мемлекеттердің бар болуы


- адамның жан дүниесінің жетілуі

- саяси құбылыстардың әлеуметтік механизмдері

5. Азаматтық қоғамның ең маңызды, бастапқы элементі:

- белсенді тұлға

- қара тобыр

- республика

- тирания

6. Азаматтық қоғамның радикалды концепциясын қалыптастырған:

- Т.Пейн

- И.Кант

- З. Фрейд

- А.Швейцер

7. «Азаматтық қоғам – жеке меншіктілердің бірлестігі» - сөз кімдікі?

- Гегель

- Фома Аквинский

- И.Кант

- Сократ

- Аристотель

8. Тоталитаризмнің негізгі сипаттамасының бірі -

- оппозицияға жол бермеу

- теологиялық позицияға сүйену

- әлеуметтік қозғалыстарды күшейту

- биотехнологиялық салаларға сүйену

9. Томендегі ойшылдардың қайсысы азаматтық қоғам мәселесіне ерекше назар аударған?:

- К.Маркс

- Мусоллини

- Фома Аквинский

- Н.Макиавелли

- Сократ

10. «Капитал», «Саяси экономияны сынау» еңбектерінің авторы:

- Р. Даль

- Мартин Лютер

- К.Маркс

- Жан Боден

- Жан Жак Руссо

 







Date: 2015-08-24; view: 896; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.015 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию