Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Ханымдар мен мырзалар!





Азақстанда тіркелген дипломатиялық корпус өкілдерімен

Кездесуінде сөйлейтін сөзінің тезистері

Астана қ, 2015жылғы 17 ақпан

Рметті Елшілер мен миссия басшылары!

Ханымдар мен мырзалар!

Ең алдымен, биыл бірінші рет кездесіп отырғандықтан, баршаларыңызды келген жаңа жылмен құттықтаймын, бақ-береке тілеймін!

2015 жыл Қазақстан үшін айрықша маңызы бар даталармен ерекшеленеді.

Бірінші, біз биылғы жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойын атап өтеміз. Бұл – Ассамблея негізгі тұтқасы болған елдің бірлігі жылы болып саналады. Өздеріңізге белгілі, біздің елімізде 17 діни конфессия мен 100-ден астам этнос өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Бұл орайда Ассамблеяның қосып отырған үлесі өте зор.

Екінші, қазіргі Қазақстан дамуының басты кепілі болып саналатын бүкілхалықтық референдумда қабылданған Конституциямыздың 20 жылдық тойы.

Үшінші, біз биыл Қазақ хандығының 550 жылдығын атап өтпекпіз. Қазақ хандығы – біздің еліміздің түп-тамыры, тұңғыш рет мемлекеттің болашағын белгілеген үлкен тарихи оқиға.

Төртінші, адамзат тарихындағы ең алапат соғыс – Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 70 жыл толады. Бұл адамзаттық құндылықтарды ұлықтауда, әлемде бейбітшілік орнатуда баршамызға үлкен сабақ болуы тиіс.

Қазақстан тәуелсіздіктің 23 жылында тегеурінді мемлекет болып қалыптасқанын өздеріңіз көріп отырсыздар. Әлемдік нарықтағы күрделі жағдайға қарамастан, өткен жылы еліміздің Ішкі жалпы өнімі 4,3 процентке өсті. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының бірінші бес жылдық бағдарламасын аяқтадық. Бес жылдың ішінде 770 жаңа өндіріс пайда болды, 75 мың жаңа жұмыс орны құрылды, Қазақстанда бұрын болмаған 400 жаңа өнім өндірісі іске қосылды. Бұл бағдарламаның екінші бес жылдық кезеңі шеңберінде тек биылғы жылдың өзінде 75 жоба іске қосылып, 7,5 мың адам тұрақты жұмыс орны ашылады деп отырмыз.

Біз 2014 жылы «Нұрлы жол» атты бағдарлама қабылдадық. Біздің мақсатымыз – еліміздің заманауи көлік инфрақұрылымын қалыптастыру. Осы бағдарламаны жаңа сыртқы экономикалық жағдайға бейімдеу мақсатында өткен аптада кеңейтілген Үкімет отырысы болды. Сол отырыста біз барлығының егжей-тегжейін қарап, қалай жұмыс істейтінімізді айқындадық. Бұл бағдарлама – сыртқы әсерлерге қарсы тұрудың тиімді құралы. Ол сондай-ақ инвестициялар тартып, жаңа өндірістер, жұмыс орындарын ашады. 500 млрд. теңге тек 2015 жылға бөлінетін қаражат. Осындай қаражат 2017 жылға дейін жыл сайын бөлініп отырады.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өнеркәсібін қайта өңдеу, машина жасау, шағын және орта бизнесті қолдау, инфрақұрылымды дамыту, өнеркәсіп кешеніне мемлекеттік қолдауды ұлғайту, нарықты қорғау мәселелері қарастырылғанын өздеріңіз білесіздер. «Қазақстанда жасалған» деген брендпен шығарылатын тауарлар ауқымы ұлғаятын болады. Осы мақсаттарға байланысты Үкімет бюджет шығыстарын оңтайландыру туралы Парламентке ұсыныс енгізетін болады. Дегенмен, мемлекеттің халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелері күшін жоғалтпайды.

Денсаулық сақтау, білім беру салаларын дамыту, адами капиталға ұзақ мерзімді инвестициялар салу – еліміздің болашақ экономикалық өсіміне негіз қалайды деп ойлаймыз. «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес, инфрақұрылымды дамыту Қазақстанның әлемдік экономикалық үрдістерге одан әрі ықпалдастығын қамтамасыз ету болып табылады.

Сарапшылар Еуропа мен Азияның тауар айналымы 2020 жылға қарай 60 проценттен асады деп болжауда. Соған байланысты біз де іс-шаралар жасап отырмыз.

Биыл «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» жобасының Қазақстандағы бөлігінің құрылысы аяқталатын болады. Бұл 2700 шақырым автокөлік жолы. Бұл автокөлік дәлізі Қытайдан Еуропаға жүк тасымалдау мерзімін 45-тен 10 күнге дейін қысқартады.

Қазақстанның теміржол жүйесі Еуразиялық құрлық көпірінің негізгі буынына айналатын болады. Ол Тынық мұхиттан Каспий теңізіне жалғасады. Қытайды, Орталық Азия елдерімен, Батыс Еуропаны байланыстырады. Баршаңыз таяуда «Қазақстан-Түрікменстан-Иран» теміржолын іске қосқанымызға куә болдыңыздар. Осының бәрі Қазақстанды аймақтық көліктік-коммуникациялық, бизнес хабына айналдыруға бағытталған шаруалар.

Биылғы жылы Шетелдік инвесторлар үшін жаңа ынталандыру шаралары туралы заң күшіне енді. Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы, «Нұрлы жол», «ЭКСПО-2017» көрмесі шетелдік әріптестерімізбен бірлескен жобаларды жүзеге асыруға ең тиімді жағдай жасайтын болады. Құрметті ханымдар мен мырзалар, елшілер, осы жұмыстарда сіздер бізге қолдау көрсетеді деп сенемін. Біз сіздердің елдеріңізбен бірлесіп жұмыс істеуге ынталымыз.

 

 

Date: 2015-08-15; view: 539; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию