Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Кіріспе. Курстың мақсаты халықаралық қатынастар жүйесіндегі әлемдік шаруашылық байланыстар сипатындағы
Курстың мақсаты халықаралық қатынастар жүйесіндегі әлемдік шаруашылық байланыстар сипатындағы, әтрүрлі саяси-экономикалық жүйелердің, қоғам мен табиғаттың өзарақатынастарындағы жаңа тенденцияларды қарастыру болып табылады. Тұтастай алғанда мақсат – кез келген аймақ пен әлемді тұтастай алғандағы күрделі саяси құбылыс ретіндегі қазіргі халықаралық қатынастардағы аймақтар мәселелерінің типологиясын, мәнін анықтау. Мұнда қазіргі халықаралық процестердің үнемі қозғалыста болатындығын, сондай-ақ аймақтардағы оқиғалардың үнемі айтуға тіл жетпейтіндігін де ескеру қажет. Халықаралық қатынастардың алдыңғы білімдері белгілі бір халықаралық процестердің бағыттарын шамамен айтуға мүмкіндік береді. «Халықаралық қатынастардағы аймақтардың қазіргі мәселелері» курсын оқытудың негізгі міндеттері экономикалық, әлеуметтік-мәдени, идеологиялық қатынастардың заңдылығын түсінумен байланысты мәселелерге еларалық, комплексті анализ жасау; шетелдердің әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының, халықаралық қатынастардың көкейтесті мәселелерін, қазіргі кезеңнің жаһандық мәселелерін ашу; фактілік материалда бағытталуға қабілетті, теориялық және қолданбалы зерттеу дағдыларын игерген, саяси-экономикалық ситуацияларды болжай алатын және модельдей алатын мамандарды даярлау; курсты оқыту процесінде белсенді азаматтық позиция үшін қажетті идеялық-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болып табылады. Курсты оқудың нәтижесінде студент: - қазіргі саяси жағдайды және халықаралық мәселелердің қазіргі жағдайын аймақтар шегінде саралай алатындай болуға, халықаралық қатынастардың негізгі саяси теорияларын білуге, халықаралық қатынастардың даму заңдылығын және оның аймақтарға ықпалын түсіне алатындай болуға тиісті; - аймақтардағы саяси-экономикалық жағдайларды болжай алатын және модельдей алуға тиіс, қажетті категориялық аппаратты иеленуі керек; - қазіргі ғылыми әдебиетті, деректерді талдай білуге, жеке жұмыс жасай білу дағдыларын бекітуге тиіс; Пререквизиттер: Бұл курсты оқу «Европа және Америка елдерінің тарихы», «Азия және Африка елдерінің тарихы»,«Аймақтану», «Халықаралық ұйымдар» сияқты курстарды оқу процесінде алынған білімдерге негізделеді. Постреквизиттер: «Халықаралық қатынастар жүйесіндегі аймақтардың қазіргі мәселелері» пәнінен алған білімдерін студенттер кейін «Интеграциялық процестер», «Саяси жүйелер» пәндерінде қолданады. Оқыту әдістемесі:Сабақты оқыту дәріс және практикалық сабақ, өзіндік жұмыс түрінде жүргізіледі. Дәрісте оқу материалының негізгі мазмұны беріліп, алынған білім практикалық сабақта бекітіліп толықтырылады. Студенттердің білімін тексеру ауызша сұрау, коллоквиум, жазбаша бақылау, микроемтихан қаблдау мен тест тапсырмаларын, жеке тапсырмаларды орындау және оларды қорғау арқылы жүзеге асырылады. Студенттерге қойылатын талаптар: Курс бойынша жоғары балл алу үшін әрдайым жұмыстану қажет. Себебі пән бойынша баға жалпы семестр бойы жинақталады. Саабаққа белсенді қатысып,барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда студентке жоғары баға қойылады. Студент әрбір кредит сағат бойынша жинаған балдарын есептеп жүру қажет. Date: 2015-07-27; view: 692; Нарушение авторских прав |