Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық территориялық межелеу . 1 page





1924 жылғы ұлттық территориялық межелеуден кейін ҚазАКСР – ның құрамына қандай қазақ жерлері кірді. Ұлттық және территориялық межелеу нәтижесінде Түркістан АКСР – інің бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының біраз болігі Қазақ АКСР – інің құрамына өтті. 1924 жылғы қарашадан бастап осы облыстарды басқаруды ҚАКСР – інің өкіметі құр ған. 1924 жылдың соңы мен 1925 жылдың басы аралығында Қазақ АКСР – іне қосылған жекелеген уездер мен болыстардың шекаралырын нақтылау одан әрі жүргізілді. Қарақалпақ автономиялық облысы кеңестерінің 1925 жылығы ақпанда Төркүде өткен бірінші Құрылтай съезінде Қарақалпақ автономиялық облысының құрылғаны және оның Қазақ АКСР құрамына енгізілгені заңды түрде рәсімделді. Межелеу барысында Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкен уездері, Әулиеата уезінің үлкен бөлігі, бұрынғы Сырдария облысының Ташкент жіне Мырзашөл уездерінің бір бөлігі Қазақстанға өтті. Сонымен қатар ҚАКСР –іне Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Пішпек уезнің Гиоргиев, Шу, қаранөкіс болыстыры қосылды. 1921 жылы 4-10 қазанда Қазақ АКСР Кеңестерінің екінші съезі болып өтті.Онда республика өмір сүрген алғашқы жыл ішіндегі мемлекеттік және шаруашылық құрылыстың қортындылыары шығарылды.Сонымен бірге жергілікті жерлерде кеңестерді нығайтудың жолдары белгіленді.1922 жылы Кеңестер сайлауы өтті.Олардын құрамын жергіліктендіру іске асырылды.Бөкей,Орал,Ақтөбе,Семей губернияларында болытық атқару комитетері сайлануынын кейін,деппутатардың жартысынан астамы қазақтар болды.Бұқара арасында саяси жұмыс жүргізу мақсатында Қызыл керуен және жылжымалы қызыл отау сияқты жұмыстың жаңа түрлері пайдаланылды.ҚАКСР Орталық Атқару комитетінің тұңғыш қызыл керуені 1922 жылы Ә.Жанкелдиннің басқаруымен ел аралауға шықты.9 мамырдан 12 маусымға дейін керуен Орынбор мен Семей аралығындағы 26 болыстың 37ауылында,сондай-ақ Екібастұз бен Спасск зауытында болды.126 жиын, 420 әнгіме өткізді.Керуен Кеңестердің іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізуді жолға қойды.Мұнның озі ұлттық мемлекеттік нығайтуға ықпал етті.Орта Азия Кеңес республикаларын ұлттық –мемлекеттік жағынан 1924 ж жүргізілген межелеу респулика өміріндегі маңызды оқиға еді. Ұлттық жерлердің межеленуі нәтижесінде Түркістан АКСРнің құрамындағы бұрынғы Жетісу және Сырдария облыстарының жерлері ҚазақАКСРіне қарайтын болды.Соның нәтижесінде Қазақстан жері 700 мың шақырымға, ал халқы 1 млн 468724 мың адамға өсті.Тұрғындары негізінен орыстар болып келетін Орынбор губерниясы Қазақстаннан бөлінді.Республика астанасы Қызылордаға (Ақмешітке) көшті.Қазақ жері мен халқын біртұтас қлт тық мемлекетке біріктірудің республика үшін зор әлеуметтік және экономикалық маңызы болды.1925 жылы ақпанда жаңа өазақ жерлерінің бірігуіне байланысты Қазақстан облыстық партия комитеті өлкелік болып қайта құрылды.

69. Ірі бай шаруашылықтарын тәркілеу: саяси және экономикалық салдары. 1928ж 27 тамыз – «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декрет жарияланды. Декретте бай – феодалдар өз\ң мүліктік ж\е қоғ\қ ықпалымен ауылды кеңестендіруге кедергі жасайды деген ұстаным негізге алынды. 657 бай жер аударылып, 145 мыңы тәркіленіп, олардың ауыл шаруашылық құралдары – 877 колхозға, 24 491 жеке шаруашылықққа бөлініп берілді. Тәркілеу заңды бұзу арқылы жүзеге асырылды: Орташалар байлар қатарына жатқызылды,Тәркілеуге жататын нормаға дейін жеткізу үшін жекелеген отбасы шар\ы әдейі біріктірілді,Қанаушы элементтермен қатар дәулетті ж\е орташа шар\р да тәркіленді. Сөйтіп, бай – кулактар қатарына темір шатырлы үйі н\е 2 аты болғандар да енгізілді. А.ш\н жаппай ұжымдастыру (коллективизация) бағыты көзделіп, бай – кулакт\ы тап ретінде жою міндеті алға қойылды. Ұжымдастыру бай – кулак\ды тәркілеуден басталды.Әсіресе көшпелі аудандарда шаруа қожалықтарына ұлтшылдық басым болды.барлығы 696 «бай феодал» тәркіленді.Алдын ала дайындалған жоспар бойынша үкімет бай/н 223972 бас мал аламыз деп үміттенді.бірақ 144474 бас мал ғана тәрк/ді, бұл 64% ғана еді. Тәрекілеген малдардың 10,2% отырықшы, 83,3% жарт көшп,6,5%көшп ауд/н жиналды. 74,3% жеке шар/ға,25,7%колхоз/ға таратылды.жаңадан 292 колхоз құрылды. 1931–1932 жж. Шұбартау ауданында барлық малдың 80 % - ын мемл\ке етке өткізілді. 173 мың малы бар Балқаш ауданына 297 мың малға салғырт салынды. Торғай ауданында 1 млн. мал басынан салғырт сал\н 98 мыңы қалды. Торғайлық\р «асыра сілтеу болмысын, аша тұяқ қалмасын!» ұранын көтерді. Еріктілік принципі мен қарапайым заңдылықтың бұзылуы әуел бастан – ақ барлық жерге тән сипат алды. Сайлау құқықтарынан айыру, тұрып жатқан жерінен басқа ауданға жер аудару, ұзақ уақыт қамауда ұстаумен қорқыту сияқты күштеу тәсіл\і мейлінше дағдылы ж\е кең таралған тәсіл\ге айналды. Колхозға кіргісі келмеген кедей\р мен орташалар «бай – кулактар» қатарына жатқызылып, қатал жазаланды. 1929ж 56 498 шаруа жауапқа тартылып, 34 мыңы сотталды. 1931ж 5500 отбасы жер аударылды. 1929 – 1933 ж ОГПУ (біріккен мемлекеттік саяси басқарма) үштігі – 9805 іс қарап, оның ішінде: ату жазасына – 3386 адам, 3–10 жылға концентрациялық лагерьге қамауға – 13151 адамға үкім шығарды.

70.Қазақстандағы социолистік индустрияландырудың ерекшеліктері,нәтижелері және олқылықтары. Қазақстанды индустрияландырудың өзіндік ерекшеліктері болды,қиындықтарды жеңу өзгешеліктермен,сондай-ақ табиғи,экономикалық-техникалық қорлар деңгейімен де сипатталады.Бұл ерекшеліктер республиканың бүкіл индустриялық болмыс-келбетінде өз ісін қалдырды,өнеркәсіпті құрылысты және транспортты дамытудың 20-жылдардың екінші жартысындағы және 30-жылдардағы ғана емес,сонымен бірге Қазақстанның кеңестік дәуірдегі тарихының кейінгі кезеңдеріндегі де бағыттарын айқындауға ықпал етті.Қазақстанның индустриялық дамуының зерттеліп отырған кезеңіндегі кейбір ерекшеліктерін қарастырайық. 1.)Ол ең алдымен Қазақстанның индустриялық дамуының КСРО бойынша,сондай-ақ көптегенБасқа республикаларды жеке- жеке алғанлағы тиісті көрсеткіштерді салыстырғанда байқалатын көтеріңкі қарқыны.Егер кеңес одағы бойынша өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 1940 жылы 1913 жылғы деңгейге қарағанда 7,7 есе болса Қазақстан бойынша 7,8 есеге жетті. 2.)Индустрияландыру жағдайында Қазақстанның өнеркәсіптік дамуы негшізінен жаңа құрылыстардың,қайта құрылған Риддер мен Қарсақбайды қоспағанда тақыр жнрде кәсіпорындар тұрғызу есебінен жүзеге асырылды.Қазақстанда жағдайдың мұндай болу себебі,Мәскеудегі,Ленинградтағы,Донбастағы,Харьковтағы немесе Днепр жағалауларындағы сияқты бүкіл елді индустрияландырудың құралына немесе тірек базасына айналған өнеркәсіпті аудандар мұнда болған жоқ. 3.)Аса ірі өнеркәсіптер-өз заманының соңғы жетістіктері техникасымен жарақтандырылған,шикізат пен электр қуатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін,өндірістік процестерді мамандандыру және ірілендіру негізінде өзара байланысты комбинаттар жаңа өнеркәсіптік құрылысқа тән сипатта қалыптасты.Өнім көлемі мен жұмыс күшінің құрамы бойынша сондай-ақ белгілі бір аймақтағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени маңызы жағынан да ерекшеленетін осы комбинаттар қалалардың пайда болуына ықпал етіп,сол жердегі өнеркәсіп ошақтарының орталықтарына айналды.4.)Индустрияландыру жағдайларында Қазақстанда ауыр өнеркәсіп,ең алдымен оның көмір мұнай және түсті металдар өндіретін салалары басым дамыды.Бұл салалар одақтық көлемдеБасты мамандандыру арқауына айналып,бұдан кейінгі кезде де жалпы республика индустриясының үлес салмағын айқындайтын болды. 5.)Жоспарланған жол желілері түгел салынбағанмен, 1928-1940 жылдары республиканың теміржол торабы 50% дерлік өсіп,ұзындығы 6581 км-ге жетті.

71.Қазақстанда ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру және оның нәтижелері мен салдары. 1930ж 5 қаңтарда БК(б)П ОК-ті «Ұжым/у қарқыны ж/е мемл.ң колхоз құрылысына көмек шара/ы туралы» қаулы қаб.ды. Қаулыда ОК жаппай ұжым.ды жүзеге асыру үшін елдің аудан/н 3топқа бөлді: 1-топқа осы ұжым.ға белгілі мөлшерде даяр деп есептелінген таза астықты аудан/ жатты. Оларға Орта ж/е төменгі Волга, Солт Кавказ аудан/ы кірді. Ол аудан/да шаруа қожалық/н соц.к жолмен қайта құруды 1931ж көктемінде аяқтау белг.ді; 2-топқа елдің Украина, Орт. қара топырақты обл/, Сібір, Орал, Қаз.ң астықты аудан/ы жатты. Бұл аудан/да ұжым.ды аяқтау мерзімі 1жылға ұзартылды, яғни шаруа қожалық/н ұжым.ды 1932ж көктемінде аяқтау к.к болды; Елдің бүкіл басқа өлке/і мен обл/ы 3-топқа енді. Бұл жер/де шаруа қожалық/н ұжым.ды 1933ж көктемінде, яғни 1-бесжылдықтың аяғына қарай аяқтау жосп.ды. Көшпелі қазақ ауыл/ы осы 3-топқа жатқ.ды. Голощекин Жер халық комиссариатының комиссары Яковлевке ж/е РКФСР ХКК төрағасының орынбасары Т. Рысқұловқа жіберген жеделхатында 1929-1930ж респ.да ұжым.ды күшейту үшін жоспардың қайта қаралғанын, 1930ж күзіне қарай ұжым.мен 350 мың шару.ң қамтылатынын көрсетті. Қаз.да 1928ж шаруа қожалық/ң тек 2 %-ті ғана ұжым.са, 1930ж 50%-ті, 1931ж қазанында 65%-ті ұжым.ды, яғни ұжым.у қарқыны жеделдетілді. Шаруа қожалық/н ұжым.ң жеделдетілген қарқыны күштеп жүзеге асырылды. Ұжым.ды жүзеге асыру барысында еріктілік, қоғамдастыру принцип/і толық бұрмаланды. Ұжым.ға байл.ты жүргізілген шара/да кімнің осы шараға қарсы екенін айқындау 1-орынға қойылды. Кімде-кім қарсы болса, ол тіптен кедей шаруа болса да, тап жауы қатарына жатқ.ды. Күштеп ұжым.шы/ қазақ қоғамындағы дәстүрлі мал шару.ң ерекш.н мүлде ескермеді. “Асыра сілтеу болмасын, аша тұяқ қалмасын”, “Қайдан тапсаң онан тап, қаптың түбін қақ”, “Социализмде сотқа тартылмаған адам болмайды” деген ұр да жық ұран/ елдің түбіне жетті.

Күштеп ұжым.у науқаны кезінде ауылда әлеуметтік жіктеу саясаты өте жоғары қарқынмен жүргізілді.

КСРО ОАК мен ХКК-нің 1930ж 1 ақпанда қабылдаған “Жаппай ұжымдастыру аудан/ғы ауыл шаруа.н соц.к қайта құруды нығайту ж/е кулак/мен күрес шара/ы туралы” қаулысы нег.де ауқатты шаруа қожалық/на қарсы ашық террор басталды. Күштеп ұжым.у саясаты халықтың нараз.н тудырды. Өлке басшы/ң Сталинге жазған хат/ы қазақ даласында осы наразылықтың өте зор көлем алғанын, Алтайдан Маңғыстауға дейінгі аймақты түгел қамтығанын, бұл туралы Кеңес өк.і басшы/ң хабардар болғанын көрсетеді. 1929-31ж өлкеде барлығы 372 көтеріліс болып, оларға 80 мыңдай адам қатысты. Большевик/ бұл наразылық/ң нег.гі себебін бай/ мен дін басы/ң кеңес өк.не қарсы халықты ұйымдастыруынан деп көрсетті. Кеңес өк.ті бұл көтеріліс/ді әскери күшпен басып жаншыды. Ұжым.у мен отырықшыландыру кезінде дәстүрлі мал шару.ң ерекшелігі есепке алынбай, түгел қауымдастырылған мал шығынға ұшырады. Малдың көп бөлігі өк.тің ет салығын орындауға жұмсалды. Нәт.де 1929ж Қаз.да 40 млн. бас малдан 1933ж 4 млн. мал қалған. Күшпен ұжым.ған ж/е материалдық жағынан өте әлсіз шаруашылық/ күйзеліске ұшырап, нәт/де 1932-33ж халық аштыққа ұшырады. Аштық жайлаған аудан/да халық баудай түсіп қырылған. Аштықтың сал/нан адам етін жеу факті/і де өте көп болған. Аштыққа ұшыраған қазақ/ босқын болып, елден шет аймақ/ға үдере көшті. Қазақ/ң аштықтан қырылуы ж/е шет аймақ/ға үдере көшуі нәт.де халық саны күрт азайды, яғни демографиялық апатқа әкелді. Кеңес өк.ң ауыл шару.н соц.к жолмен қайта құру жолында жүргізген шара/ы тиімді нәтиже бермеді. Керісінше, бұл реформа/ шаруа/ң еңбекке деген жолмен алға қарай дамыту мақсатында ылғи әртүрлі жаңа шара/ жүргізіп отырды,ынтасын жойды.

72.1929-1931 жж күштеп ұжымдастыруға қарсы көтерілістер. Ресми құжаттарға қарағанда 1929-31 жылдар аралығында Қазақстанда 372 шаруалар көтерілісі болған. Бұл көтерілістерге 80 мыңдай адам қатысқан.ОГПУ-дің саяси құпия бөлімінің 19жылы 1 желтоқсанда берген статистикалық мәліметіне қарағанда 1929ж 54, 1930ж 77, 1931ж болған көтерілістердің барлығын қосқанда 372 көтеріліс болған. Көтерілістірге 1921ж 3 топ, 351адам, 1930ж 85 топ, 1925 адам, 1931ж 80 топ,3192 адам қатысқан. Барлығы үш жылдың ішінде 196 көтерілістер жасаған. Аталған жылдары көтерілістерге барлығы 5468 адам қатысса керек. Кеңес үкіметіне қарсы 460 рет қастандық әрекеттері, колхоз және совхоз құруға қарсы 127 рет зиян келтіру оқиғасы ресми тіркелген.

Ұжымдастыру саясатына қарсы шаруалар толқуы. 1929 – 1931 жж Қазақстан жерінде шаруалардың ұжымдастыру саясатына қарсы ұйымдастырылған қарулы қозғалысы болды. Семей округі — халық наразылығының ірі ошағы болды. 1930 ж ақпан – мамыр аралығында Зырянов, Өскемен, Самар, Шемонайха, Катонқарағай аудандарында толқулар болып өтті. Батпаққара көтерілісі бандиттік – басмашы қозғалысының көрінісі деп бағаланды. Оңтүстік, Орталық, Батыс Қазақстанның 5000 шаруалары біріккен Қарақұм аймағы – көтерілісшілер – заңсыз тәркіленген шаруаларды айдаудан босату және мал – мүлкін қайтару, дін бостандығы, шаруаларға үдемелі табыс салығын салу, еріктілік ұстанымын сақтау, дербес ауылдар ұйымдастыруға мүмкіндік сияқты талаптар қойды. Қарақұм көтерілісі Орынбордағы 8 – дивизия күшімен талқандалып, 75 адамды атуға, 172 адамды 2-10 жылға соттауға, көбін Шығыс Сібірге жер аударуға үкім шығарды. Созақ көтерілісі табандылығымен және шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді (басшысы Жақыпов). Көтерілісшілер Созақ ауданының орталығын алып, аудан басшыларын өлтірді. Көтеріліс Орта Азия әскери округі бөлімдерінің күшімен жанышталды.Күштеу әдісі мен жаппай ұжымдастыруға қарсы Сарысу, Ырғыз, Балқаш, Қастек, Қордай, Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау ауданының шаруалары көтеріліске шықты. Жазалау шараларының салдары:
1) 1929 – 1931 жж 5551 адам жауапқа тартылып, 883- і атылды.
2) Барлығы 100 мыңнан астам адам жазаланды. Ұжымдастыру зардаптарына қарсы күрес. Коммунистік партия (XX ВКП(б) Орталық Комитеті 1932 ж. 17 қыркүйек – «Қазақстан ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығы туралы» арнаулы қаулы алды. Онда колхоз құрылысында болған асыра сілтеушілік қатты айыпталды. Ф. И. Голощекин, І. Құрамысов қызметтерінен босатылды) кеш болса да, ұжымдастыру саясатының зардаптарын жоюға кірісті.
1. Күшпен жасалған «жасанды колхоздар» таратылды.
2. Астықты аудандарда коммуналар орнына, артельдер ұйымдастырылды.
3. Күштеп қоғамдастырылған мал – мүліктер иелеріне қайтарылды.
4. Отырықшы аудандарға Кеңес үкіметі 2 млн. пұт астық және 30 млн. сом ақша бөлінді.
5. 1935 жылдан ауыл шаруашылық артелінің жаңа үлгісі бекітіліп, жүзеге асырыла бастады.
6. Малсыз шаруашылықтарына мал алуына көмек көрсетілді.
7. Совхоздардың біраз малын колхозшылардың жеке пайдалануына берілді.
8. Ф. И. Голощекин қызметінен (1933 ж.) босатылды.Қолданылған шаралар нәтижесінде 2-бесжылдық жылдарында колхоз, совхоздар нығая түсті. Респ. егістіктерінде техника көбейді. 1-бесжылдықта – 9 мың трактор, 2-бесжылдықта – 24 мың трактор, 8 мың комбайн жұмыс істеді. Екінші бесжылдық соңында (1933–1937 жж.) –200-ге жуық совхоз құрылды. Екінші бесжылдық соңында – отырықшы аудандарға 40 млн. сом қаржы бөлінді. Жалпы, феодалдақ қалдықтарды жою тұрғысынан ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ісіне оң баға берілсе, көшпенді халық мүддесінің ескерілмеуі ірі апаттарға әкелді.

73. 1931-1933 жж аштықтың себептері, экономикалық және демографиялық салдары. 1980ж аяғы-1990ж басындағы тарихи-демографиялық мазмұндағы еңбектерде Қазақстан халқының нәубет жылдарындағы шығыны, оның себеп-салдары туралы мәселелер көтерілді. Бұлардың қатарына М.Қ.Қозыбаев, М.Х.Асылбеков, Ж.Б.Абылхожин, М.Б. Тәтімов, М.Н.Сдыков, В.В.Козина, А.Н.Алексеенконың еңбектерін жатқызуға болады.

1931-1933 жж ашаршылық, күштеп ұжымдастыру және оның демографиялық дамуға тигізген кері салдары М.Б.Тәтімов, Ж.Б.Абылхожин, М.Қ.Қозыбаевтардың бірігіп жазған мақаласында көтеріледі. Сол сияқты 1930-жылдардың басындағы нәубет барысында азайған халық саны туралы мәліметті алғашқылардың бірі болып М.Тәтімов өз еңбектерінің бірінде көрсетеді. Автор 1926 және 1939 жж санақ мәліметтерін салыстыра отырып, байырғы халықтың шығыны 2 млн. 635 мың адам деп көрсетеді. А.Н.Алексеенконың еңбектерінде ХХ ғасырдың 20-90 жж. республикадағы халықтың сандық өсімі мен ұлттық құрамы, қала мен ауыл халқының орналасуы, табиғи өсім және т.б. мәселелер жан-жақты көтеріледі. Ал М.Х.Асылбеков пен В.В.Козинаның еңбектерінде 1980ж аяғы мен 1990ж басындағы республика халқы санының өзгерісі, ұлттық, жыныстық-жастық құрамы туралы мәселелер талданады.

1931–1933 жылдардағы аштық. Тұрар Рысқұловтың Сталинге жазған хаты. Аштық жылдарындағы халық шығыны:1930 ж аштықтан 313 мың адам,1931 ж аштықтан 755 мың адам,1932 ж аштықтан 769 мың адам өлді. Ауыл халқының 40%-ын жоғалтты(1 млн750 мың адам).1 млн астам адам шетелге көшіп кетті. Оның 616 мыңы қайтқан жоқ.1931–1933 жылдары аштықтан 6,2 млн адамның 2,1 млн өлді. 1929 ж Қазақстандағы 40,5 млн малдан 1933 ж 4,5 млн ғана қалды.1932 жылғы аштық, оның себептері туралы мемлекет қайраткерлері Ғ.Мүсірепов, Қ.Қуанышев, М.Ғатауллин, Е.Алтынбеков, М.Дәулетқалиев Ф.И.Голощекинге хат жазды. Бұл хат «Бесеудің хаты» деп аталды. 1933 ж мемлекет қайраткері,сол кезде РКФСР Халық Комиссарлар Кеңесі төрағасының орынбасары қызметін атқарған Т.Рысқұлов Қазақстандағы ұжымдастырудың зардаптары, елді жайлаған аштықтың себептері, халықтың тартып отырған қасіреті жайлы И.В.Сталинге ашық хат жазды.1930 – 1933 жж аштықтан 6,2 млн. адамның 2,1 миллионы өлді. Қазақтардың осы жылдардағы саны 40 жылдан кейін, 1969ж ғана қалпына келді.Зұлмат ауқымның зор болғаны сонша, 1930 – 1932 жылдардағы аштық тарихқа «ұлы жұт», қазақ халқының аса зор қасіретті жылдары ретінде енді.

74.ХХ ғ.20-30 жылдардағы мәдени революцияның қайшылықтары мен салдары. ХХ ғ.20-30 жж мәдени революцияның мазмұнды қайшылықтары - большевиктік тұжырымдамалардың үстемдік алуының салдары. Мектептен тыс білім алу жоқтың қасы болып келген Қазақстанда большевиктердің халықты мәдени байлықтың барлық түрімен етене жақындастыру жәрдеміне дайын екендері туралы мәлімдемесі аса қызу қолдау тапты. Жергілікті интеллегенция күштері мен қарапайым адамдар мәдени ағарту мекемелерін құруға шынайы ынта жігермен қызу кірісті. 1917 ж 27 желтоқсанда Ақтөбе уезінің Мартөк кентінде интеллигенция мен шаруалардың күш жігерінің арқасында мәдени ағарту үйірмесі жұмыс істей бастады. 1918 ж 1 қаңтарда үйірме мүшелерінің саны 30 адамға жетті. Олар екі секцияға бірікті: 1) оқу ағарту; 2)мәдени ойын сауық секциясы. Үйірме кітапханалар ашып, спектакльдер қойды. 1920 ж Қостанай уезі оқу ағарту қызметкерлерінің съезі «әр мектептің жанынан оқу үйлерін ашуды қажет» деп тапты. Отырықшы емес халықтардың-қазақтардың арасында мәдени көпшілік және идеологиялық жұмыстар жүргізу үшін қызыл отаулар, жылжымылыкітапханалар, кино қондырғылармен «қызыл керуендер» кеңінен пайдала-нылды. Олар ауылдан ауылға көшіп жүріп, мәдени саяси іс шараларды халыққа мед-қ қызмет көрсетумен, орталық және респ-қ биліктердің түрлі шешімдерін орындауларын тексерумен ұштастырып отырды. Мәдени саяси ағарту жүйесінің қызметі әрқашан идеологияланды-рылған сипатта болды. 20 жж орта шеніне дейін шығармашылық еркіндік ойын ашық айтудың кейбір көріністері байқалды. Мәселен,1921 ж респ-ның көптеген аймақтарын ашаршылық жайлаған кезде мәдениет ошақтары өздерінің шамалары мен мүмкіндіктеріне қарай аш адамдарды құтқару үшін күресті. Атап айтқанда Бас саяси ағарту кеңесінің күш жігерімен «аштық» көрмелері ұйымдасты-рылды. Көрмелер Ташкент теміржол желісі бойынша жасалған Қыррост суреттерінен құрастырылды. Көркем плакаттар ашаршылық ауқымын кеңінен бейнеледі. Бір көрме ІХ Бүкілресейлік Кеңесте (желтоқсан, 1921ж) Мәскеуде көрсетіліп, ол ең толық және сәтті шыққан деп атап өтілді,съезден кейін Германияға жіберілді. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында ғылыми-зерттеу жұмыстарын мемл-тік реттеуді және ғылым кадрларын бір орталық-қа топтастыруды Қаз КСР-інің Қырревкомы мен Халық ағарту комиссариаты жүзеге асырып келді. Мәселен 1919 ж Орынбор РГО бөлімінде жұмыс тәжі-рибесін қалыптастырған өлкетанушылардың бір тобы Қазақ әскери комисса-риаты штабы тарихи-статистикалық бөлімінің жанынан тарих,этнография ж/е жаратылыстану-география секцияларын ұйымдастырды.

75.1937-1938жж Казакстандағы жаппай репрессиялау шаралары және оның салдары. 30жж КСРО-да социалистік қатынастар орнығып болды. Мемл-тік меншік нығайып, өндірістік құрал- жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетіліп қалды. 1936ж КСРО конституциясы қабылданды. Бұл конституция әміршіл- әкімшіл жүйені нығайтты. Елде тоталитарлық жүйе, казармалық социализм орнады. Жеке адамның құқығы ескерілмеді. Қазақстанда жазалау шаралары (репрессия) басталды. Балама пікір айтқан адам халық жауы қатарына жатқызылды.Одақтың Ішкі істер халық комиссариаты құрамында жазалау шараларын қолдану: жер аудару, еңбекпен түзеу лагерьлеріне қамау, ату жазасы, КСРО- дан тыс жерлерге қудалау үшін ерекше комиссия құрылды.Қаз-да, ең алдымен, жазаға ұлттық демократиялық зиялылар, Алаш қозғалысының қайраткерлері, қазақ елінің біртуар ұлдары– Ә.Ермеков, Ә. Бөкейханов, Ж. Аймауытов, Ж. Досмұхамедов т.б. ұшырады. Жергілікті зиялыларды қудалауда өлкелік партия комитеті ұйымдастырушы–нұсқаушылық бөлімнің меңгерушісі Н. Ежов асқан қатыгездік, белсенділік танытты. Атап айтсақ, 1927–1929 жылдары мемлекет қайраткерлері Т. Рысқұлов, Н. Нұрмақов, С. Қожанов, М. Мырзағалиев республикадан аластатылды. Ж. Мыңбаев – Қазақстан Орталық Атқару Комитетінің төрағасы қызметінен, С. Садуақасов–Ағарту ісінің Халық комиссары қызметінен, Ж.Сұлтанбеков – Жер ісінің Халық Комиссары қызметінен алынды.1937 – 1938 жж мемлекеттік террор жаппай сипат алды. Осы жж репрессияға ұшырағандар:
-Кеңес үкіметін орнатуға ат салысқандар – Т. Рысқұлов, С. Шәріпов, Ә. Әйтиев, Н.Төреқұлов, Б. Алманов, С. Мендешев, С. Арғыншаев, А. Асылбеков т. б.
- Партия, қоғамдық ұйым қайраткерлері– О. Жандосов, Т. Жүргенов, К. Тәштитов, Н.Нұрмақов, А. Досов, О. Исаев, Ұ. Құлымбетов т. б.
- Революция жеңісін қорғап, ақ гвардияшыларға қарсы күрескендер – Т. Әлиев, С.Жақыпов т. б.
- Қазақ әдебиеті мен ғылымының белгілі өкілдері – Б. Майлин, І. Жансүгіров, С.Асфендияров, К. Жұбанов, М. Төлепов т. б.
- Орталықтан Қазақстанға жіберілген қызметкерлер – Л. Мирзоян, К. Рафальский, В. Андроников т. б. Бұлардың барлығы «халық жауы» ретінде жендеттердің қолынан жазықсыз қаза тапты.Қазақстан жерінде жазықсыз жазаға ұшырағандарға арналған лагерьлер пайда болды. Олар: Карлаг, Степлаг, ЧСИР (Отанға опасыздық жасағандар отбасыларының мүшеле-ріне арналған лагерь. Кейінннен ол «Алжир» – халық жаулары әйелдерінің Ақмола лагері. «Алжирде» репрессия құрбандарының әйелдері, аналары, қыздары азап шекті. Қарағанды облысының Осакаров ауданы аумағындағы 25 кент-обсервацияда «халық жауы» ретінде жазалағандар орналастырылды. 30-40 жж мен 50-жж контреволюциялық қылмыскерлер туралы істерді негізінен сот органдары емес, ОГПУ алқасы «үштіктер», «ерекше кеңестер» шешті. 101 мың қазақ ГУЛАГ-қа жабы-лып, 27 мыңы атылды. Тәуел-сіздік жж сол «халық жауларының» 40 мыңы ақталды. Сталиншілдік қылмысы: 1) әміршіл- әкімшіл жүйені қолдану, 2) лагерьлер жүйесін құру, 3) халықтарды күштеп көшіру, 4) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын бұзу. Сталиндік зорлық-зомбылық заманында қазақ халқының бастан кешірген қасіреттерін еске алу мақсатымен 31 мамыр – Ұлттық аза тұту күні болып белгіленді.

Date: 2015-07-27; view: 2995; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию