Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақстан 1917ж. Ақпан революциясынан кейінгі Қазақстан.Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдері





Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда да қоғамдық саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси партиялары әсіресе олардың жергілікті ұйымдары мен топтары өз әсерін тигізді.Тарихта «Алаш» партиясының саяси ұйым болып құрылуының бастауын 1917 ж. 21-28 шілде аралығында өткен I Бүкіл қазақ съезі айқындап берді. Съезд жұмысына сол кезде Қазақ даласының алты облысын Ақмола, Семей,Торғай Орал, Жетісу, Ферғана, Бөкей ордасынан делегаттар қатысты.Съезде 14 мәселе күн тәртібіне қойылды: Мемлекеттік басқару жүйесі, Қазақ облының автономиялылығы туралы, жер мәселесі, халық милициясын ұйымдастыру, земства туралы, халық ағарту ісі сот ісі, дін мәселесі,әйелдер мәселесі, қазақтар обд.да құрылтай жиналысына делегаттар сайлау, мұсылман съезі туралы, қазақ саяси партиясын құру туралы, т.б.Осылардың ішінде саяси мазмұны жағынан ұлттық автономия, жер мәсімен Құрылтай жиналысына дайындық мәселелері бірінше кезекте, өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды. Съезд Қазақстанның барлық аймақтары мен бұхара, Ферғана, Хиуадағы қазақтар қауымдастығынан Құрылтай жиынына ұсынылған 81 кандидаттың 78-ін депутат етіп сайлады.Олардың арасында «Қазақ» газетінің жетекшілері, қазақ ұлттық либералдық қозғалысының көсемдері Ә.Бөкейханов,А.Байтұрсынов,аймақтардан А.Ермеков, Х.Ғаббасов,Ж.Х. Асфендияров болды. Съезде қаралған барлық мәселелер талқыланып, шешімдер қабылдану барысында қазақ ұлт зиялыларының ықпалы басым болып отырды. Сонымен съездің қарарында «Қазақ обл.ы аумақтық ұлттық автономия құқығын алуы тиіс» деп жазды. Бірінші бүкілқазақтық съезд 1917 ж 21-26 шілдеде Орынбор қаласында өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстары мен Бөкей мекендеген аудандарының өкілдері қатысты. Съезде Байтұрсынов пен Дулатов «автономиялы тәуелсіз қазақ мемлекетін құру» идеясын ұсынды, ал Бөкейханов «демократиялық, федеративтік және парламенттік Россия республикасының құрамындағы» қазақтың ұлттық - территориялық автономиясы болуын қолдады. Съезде құрылтай жиналысына сайлау туралы мәселені талқылап, оның депутаттығына кандидаттыққа әр облыстан ұсынылған 81 адамның тізімін бекітті және съезд қарарларында Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары мен Закаспий облысын мекендейтін қазақтар үшін жеке муфтиат құру қажеттілігі айтылды. Бірінші жалпықазақ съезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды мәселелердің бірі - қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған Құрылтай жиналысына айналды.Партияның ұйытқысы болған қайраткерлер қазақ елінің Алаш Автономиясы атанған ұлттық мемлекетінің өмірге келгенін жария еткен Екінші Жалпықазақ съезін (1917,желтоқсан)дайындап өткізді.Осы съезде Алашорда-ұлттық кеңес үкіметі өмірге келгені мәлім.Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін «Алаш» партиясының мүшесі санағаны күмән тудырмады.Сонымен бірге Дулатовтың 1917ж желтоқсанда болып өткен Екінші Жалпықазақ съезінде Алашорда үкіметі құрылған соң, «Алаш» партиясы екінші дәрежеде қалып қойды деген пікірінде де тарихи шындықтың табы бар екені даусыз. Алашорда үкіметінің өмірге келуіне тікелей себепші болған жағдай Уақытша үкіметінің басқада шет аймақтардағыдай Қазақстанда да ең өзекті ұлт өміріне қатысты мәселелерді шеше алмаған әлжуаз, тұрақсыз саяси билікке айналуы оның арты бүкіл империяны қамтыған анархия,зорлық пен зомбылыққа ұласуы еді.

59.Алаш партиясының құрылуы және оның бағдарламасы. Саяси партия құру үшін қажетті алғышарттар тек 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін ғана қалыптасты. Алғашқы жалпықазақ съезін өткізу үшін «Қазақ» газеті жанынан құрылған ұйымдастыру бюросы күн тәртібіне «Қазақ саяси партиясын жасау мәселесін» ұсынып, оған мынадай негіз келтірді: «Ресейде осы күнде түрлі саяси партиялар бар. Олардың көздеген мақсаттары бағдарламасында жазылған. Оны білетін адамдарға мағлұм: қай партияның да болса бағдарламасы түп-түгел қазақ мақсаттарына үйлеспейді. Сондықтан біздің қазақ мақсаттарын түгел көздейтін өз алдына партия жасалмайынша болмайды».«Қазақ» газеті өзінің бас мақаласында партияның атын «Алаш» қойып, оған тілектестерді Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидаттар тізімін осы партияның атынан жасауға шақырды. Сонымен бір мезгілде «Қазақ» басқармасынан барлық облыстардағы Қазақ комитеттеріне қазақ саяси партиясының атын «Алаш» деп қою туралы жеделхаттар жіберілді.Алаш партиясы жарияланған бағдарламасында Ресей мемлекетінің демократиялық, федеративтік республика болғандығын жақтады. Бағдарлама бойынша шашыраңқы қазақ облыстары өз билігі өзінде тұтас бір мемлекетке бірігіп, автономиялық негізде Ресей Федерациясының құрамына еңбек. Бағдарламаның антифеодалдық сипаты «негізгі құқық», «ғылым-білім үйрету» сияқты тарауларынан байқалады. «Ресей республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей, адам баласы тең. Жиылыс жасауға, қауым ашуға, жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап басуға еркіншілік», заң орындарының рұксатынсыз жеке адамдардың табалдырығынан аттап, ешкім тінту жүргізе алмайды, сот сұрап, билік айтылмай ешкім тұтқынға алынбайды, т.б.«Алаш» партиясының бағдарламасы:
- Басқару түрі;
- Автономия;
- Азаматтың негізгі құқықтары;
- Дін ұстану туралы мәселе;
- Соттар туралы;
- Қорғаныс;
- Салық;
- Жұмысшы мәселесі;
- Халық ағарту;
- Жер мәселесі.Бағдарламадағы ең негізгі мәселе — жер мәселесі. Қазак жері, оның асты-үсті байлығы қазақ елінің меншігі болуға тиіс.1917 жылдың соңына карай ұйымдық тұрғыдан қалыптасқан Алаш партиясының жергілікті ұйымдары облыстық, уездік Қазак комитеттері, ал жергілікті сауатты, партиялық ниеттегі зиялылар партияның активі, тірегі болды. Алаш партиясы күрделі үш ірі мәселені шешуге үлкен үлес қосты. Біріншіден, партия мүшелері халық арасында, қазақ зиялылары ішінде, ең алдымен, шешілуге тиіс жалпыұлттық зәру мәселелерді талқылауға мұрындық болып, сол мәселелер бойынша ортақ тұжырымдарға келуде басты рөл аткарды. Бұл тұжырымдар партия бағдарламасының жобасында берілді. Екіншіден партияның ұйытқысы болған қайраткерлер 1917 жылы желтоқсанда қазак елінің Алаш автономиясы атанған ұлттық мемлекеттігі өмірге келгенін жария етті. Осы съезде өмірге Алашорда — ұлттық Кеңесі үкіметі келгені мәлім. Оның мүшелері түгелдей дерлік өздерін Алаш партиясының мүшесі санағандығы күмән тудырмайды. Үшіншіден, осы жылғы қарашада болып өткен Бүкілресейлік Құрылтайға депутаттар сайлауында барлық қазақ қайраткерлері Алаш партиясының атынан тіркелді және оның атынан депутат болып сайланды. Осы құрылтайға депутаттар сайлау барысында барлық қазақ облыстарында Алаш партиясы ең көп дауыс алған партия болды.

60. Әлихан Бөкейханов. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан (1866—1937) — XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы қазақ зиялыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ұлт-азаттык және Алаш қозғалысының жетекшісі, Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, публицист, ғалым, аудармашы Бөкейхан Әлихан Нұрмұхамедұлы 1866 жылы 25 наурызда бүрынғы Семей облысы, Қаркалы уезі, Тоқырауын болысының 7- ауылында дүниеге келген. Әлихан Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы.Ол қазақ халқынын бірегей ел болуын армандайды,біракта ұлтшыл деген жала жабылып жазага кесіледі..Ә. Бөкейхановтың Жаза кесім:Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтеді. Бірақ ол үміті ақталмайды. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа аутономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір аутономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ аутономиясы құрылмақ болады.Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 ж. желтоқсанында бүкіл қазақтардың құрылтайында Алаш аутономиясы жарияланып, Ә. Бөкейханов сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады. Ә. Бөкейхановтың қуғын-сүргін кезеңінен 2 жыл алдындағы мен ату жазасының күніндегісі.1919 ж. большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейханов қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист, жадағай белсенділердің көрсетуімен ол 1926 ж. екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Ә. Бөкейханов Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 67 жасында Мәскеуде ату жазасына жазасына кеседі.1989 жылы мамырдың 14 КСРО Жоғарғы сотының қаулысы бойынша әрекетінде қылмыс құрамы жоқ болғандықтан, ақталды.Ә. Бөкейханов — ғұлама ғалым ормантанушы, экономист, мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қоюшы, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі публицист ретінде қазақ халқының саяси әлеуметтік, мәдени рухани тарихында өшпестей із қалдырған ұлы тұлға.

61. Байтұрсынұлы Ахмет (5 қыркүйек1872 жыл, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданыСарытүбек ауылы – 8 желтоқсан1937, Алматы қаласы) — қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.[1] Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы,ағартушы, Алаш-Орда өкіметінің мүшесі.А.Байтұрсынов елдегі жагдайларды халыкка жеткізу жолында 1937 жылы 8 тамыза тағы да қамауға алынып, екі айдан соң, яғни 8 желтоқсанда атылды. Тұтас буынның төл басы болған Байтұрсыновтың алғашқы кітабы – «Қырық мысал»1909 жылы жарық көрді. Ол бұл еңбегінде Ресей отаршыларының зорлық-зомбылығын, елдің тұралаған халін жұмбақтап, тұспалдап жеткізді. Байтұрсынұлы мысал жанрының қызықты формасы, ұғымды идеясы, уытты тілі арқылы әлеум. сананың оянуына ықпал етті. Ақынның азаматтық арман-мақсаты, ой-толғамдары кестеленген өлеңдері «Маса» деген атпен жеке кітап болып жарық көрді (1911). «Масаның» негізгі идеялық қазығы – жұртшылықты оқуға, өнер-білімге шақыру, мәдениетті уағыздау, еңбек етуге үндеу. Ақын халықты қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды. Абайдың ағартушылық, сыншылдық дәстүрін жаңарта отырып, Байтұрсынұлы 20 ғ. басындағы қазақ әдебиетін төңкерісшіл-демократтық дәрежеге көтерді. Сондай-ақ Байтұрсынұлы қазақ тіліне А.С.Пушкин, М.Ю.Лермонтов, Ф.Вольтер, С.Я.Надсон өлеңдерін аударды. Бұл аудармалар Байтұрсыновтың тақырыпты, идеялық-көркемдік деңгейі жоғары туындылар. Ел тағдырының келешегіне алаңдаулы ақын көп қырлы ісімен, даналық саясатымен қазақ жастарының рухани көсемі болды.

62. 1917 ж. Қазан төңкерісі, Қаз-да Кеңес өкіметінің орнатылуы. 1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық, екінші – саяси дағдарыс.Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды.Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917ж. ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкетісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды.Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевик- тер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкі- мет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды.Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады.Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқаев тағайындалды.Әулиеатада Тұрар Рысқұлов «Қазақ» жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Олар «Қазақ» газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917ж. 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқ- санда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі – ұлт Кеңесі құрылды. 1917ж. 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. 1917ж. қазаннан 1918ж. наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.Кеңес өкіметінің орнаған алғашқы жері Перовск (Қызылорда) қаласы болды. Мұнда жұмысшылар мен солдаттар өкімет билігін 1917ж. 30 қазанда өз қолына алды. Перовскіде үлкен әскери гарнизон орналасқан еді және темір жол станцясы болатын. 1917ж. қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша – желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада (Тараз), Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде және Сырдария облысы- ның басқа да ірі елді мекендерінде қан төгізсіз бейбіт жылмен орнады. Петропавл қаласында жаңа өкімет 10 қарашада орнады.1917ж. желтоқсан – 1918ж. наурыз аралығында Кеңес өкіметі Торғай облысының орталығы және Қостанай, Ақтөбе қалалары мен басқа да ірі елді мекендерде орнады. Семейде өкімет билігі жергілікті Кеңестің қолына 1918ж. ақпанның орта кезінде көшті.Жетісуда Кеңес өкіметін орнату жылындағы күрес 1918ж. көктеміне дейін соғылды. Себебі мұнда төңкеріс қарсыластары күштері басым болды. Верный қаласы Жетісу қазақ-орыс әскерлерінің орталығы болды, ал қазақтар патшаның тірегі болғаны белгілі.Кеңес өкіметі 1917ж. наурыз айында Жаркентас, Сергиопльда (Аягөз), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.Кеңес өкіметінің ең соңғы орнаған ауданы – Орал қаласы болды, онда жаңа өкіметтің билігі наурыз айында жұмысшылардың қолына көшті.Сөйтіп, 1917 жылдың қазан айынан бастап 1918ж. наурыз айына дейін Кеңес өкіметі. Қазақстанның көп жерінде жеңіске жетті.Сонымен Қазан төңкерісін қолдайтын күштер басым болған жерлерде жергілікті билік кеңестер жағына түгелдей шықты. Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. 1918ж. Көктемде Түркістан автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы құрылды. Оның құрамында Қазақстанның оңтүстігіндегі Жетісу, Сырдария облыстары кірді. Ақмола, Семей облыстары орталығы Омбы қаласы болған Батыс Сібір өлкесіне, Торғай, Орал облыстары Орынбор губерниясына, Бөкей Ордасы Астрахань губерниясы қарамағына кірді.Қазан төңкерісінен кейін көп уақыт өтпей-ақ елде азамат соғысы мен шетел басқыншылығының жорығы басталды. Себебі төңкерістің жеңісі құлатылған қанаушы тап өкілдерінің қарсылығын тудырды.1918ж. 23 наурызда Орал казак-орыстары Гурьевте бүлік шығарды. Сол жылдың 28-29 наурызында ақ казактар алашордашылармен бірігіп Орал қаласында төңкеріс жасады.

63.Түркістан (Қоқан) автономиясының құрылуы және Мұстафа Шоқай Түркістан Автономиясы, Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей Федеративтік мемлекеті құрамында құрылған автономиялық мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісіжеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесініңқұрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар "Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі" 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұратын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік "еуропалық" ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітгі. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі басқару құқығын баянды ету бас-ты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.

1918 жылдың 11 ақпанында Кеңес өкіметі жұмсаған әскер күштері Қоқан қаласына басып кіріп, Түркістан автономиясы үкіметін күшпен таратып жіберді. Қаланың өзі талан-таражға түсті.

Қоқанда жарияланған Түркістан автономиясы мен Түркістан Уақытша үкіметі өлке үшін ең негізгі мәселе — жергілікті халықтардың өзін-өзі билеу құқығын мойындауда ескі империялық түсінік шеңберінде қалып қойған Ташкенттегі жаңа билікке балама есебінде өмірге келген жалпыөлкелік саяси құрылымдар еді. Жергілікті халықтарға түсінікті әрі жакын, сондықтан да болашағы зор мұндай саяси құрылымдардың өмірге келуі басында В.И.Ленин тұрған ұлыдержавалық күштердің зәресін алды. Түркістан мемлекетіне жол ашатын Түркістан автономиясы идеясын тезірек бесігінде тұншықтыру оларға тиімді көрінді.

Date: 2015-07-27; view: 1631; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию