Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Жылғы Қазақстан мен Орта Азиядағы ұлттық территориялық межелеу . 3 page





Бұл оқиға Қазақ халқының тәуелсіздікке ұмтылуына жол ашты;Бүкіл Кеңес Одағына еніп келе жатқан жас демократия үшін күрестің басы болды.

82.ҚР Егемендігінің қалыптасу кезеңдері. Қазақ КСР нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Заң. Қазақ зиялылары «егемендік алдымен тілге берілсін» деген ұсыныс тастады.Филология ғылымдарының докторлары Бабаш Әбілқасымов, Сапарғали Омарбеков «Социолистік Қазақстан» газетінің 1990 жылғы 3 қазанындағы санында Қазақ КСР нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларацияның жобасы тіл туралы заңға қайшы келіп тұрғанын айтты.Тіл туралы заңда орыс тілі-Қазақстан жерінде ұлтаралық қарым қатынас тілі деп жарияланған болатын. Декларация жобасын жасаушылар оны ресми тіл деп өзгертіп жібергені сынға алынды.Ғалымдар орыс тлін Қазақ КСРінде ресми тіл деп жариялау қазақ тілінің мемлекеттік статусын жоққа шығарумен парапар екенін,озі көктеп,өркен жайған туған топырағында қазақ тілінің ресми тіл болуға да әбден құқығы бар екенін дәлелдеді.Декларация жобасы қызу талқылынды. 1990 жылдың 15 қазанында Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінен екінші сессиясында егемендік туралы Декларацияның жобасы жөнінде талас пікір болды. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы Е,Асанбаев тарапынан «Демократиялық Қазақстан» жобасы өте кеш ұсынылды. Жоғарғы кеңеске мәлім етілмей, баспасөзге жариялады.Декларацияның негізгі жобасына толықтырулар мен өзгерістер енгізу үшін құрылған комиссия мүшесі депутат Сұлтан Сартаев «Демократиялық Қазақстан» тобындағы депутаттардың «ұлттық республика дегенді жойып, азаматтық қоғам құрайық» деген пікіріне қарсылық білдірді.Депутат С.Сартаев әлемдік тәжірибеге сүйене отырып: «Ұлттық мемлект азаматтық қоғамда, яғни құқықтық мемлекетке қайшы келмиді.Мәснелен, Англия құқықтық мемлекет.Алайда ол ағылшындардың ұлттық мемлекеті.Декларациядағы қазақ деген сөзден қорқатын ештене жоқ.Қазақ ұлты сонау ерте дәуірден тілі,діні қалыптасқан,кіндік қаны тамған өз атамекені бар халық қой.Енді келіп оны мүлдем сызып тастау мүмкін емес»-деген түсінік берді.Жоғарғы Кеңес «Мемлекеттік егемендік туралы Декларацияны» 1990 жылы 25 қазанда 18 сағат 55 минутта қабылдады.Аумағына,табиғи ресурстарына, суына республика ерекше меншік құқығын жариялады.Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері көрсетілді.Халықаралық қатынаста республ.ың дербестік танытатыны айқындалды.Декларацияда аса маңызды мәселе,респуб.ның өз бюджетін қалыптастыратындығы айқындалды.Бұл заңның тарихи маңызы-республиканы толық тәуелсіздікке бастап апаратын шынайы қадам болды.Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация-еліміз Конституцияның негізіне айналған республиканың тұңғыш заң актісі.Бұл құжатта «халқаралық қатынастардың дербес субьектісі болуға, сыртқы саясатты өз мүдделеріне сай белгілеуге,халықаралық ұйымдардың қызметіне қатысуға құқығы бар» егемен мемлекет деп жарияланды.Декларация алғаш рет табиғи ресурстардың, экономикалық және ғылыми техникалық әлеуетінің Қазақстан меншігінде болуының ерекше құқығын баянды етті.Егер егемендік қағидаттарына қайшы келетін болса, Қазақстан аумағында КСРО заңдарын тоқтату құқығын белгіледі.

83.Қазақстанның мемлекеттік рәміздері. Н.Назарбаев 1992 жылы 4 маусымда «ҚР Мемлекеттік туы туралы», «ҚР елтаңбасы туралы» және «ҚР Мемлекеттік әнұранның музыкалық редакциясы туралы» Заңға қол қойды.Сол күні Президент Резиденциясы мен ҚР Жоғарғы Кеңесінің алдына Мемлекеттік ту тігіліп, елтаңба ілінді. 1992 жылдың 11 желтоқсанында Мемлекеттік әнұранның мәтіні бекітілді.Соңынан мемлекеттік рәміздер туралы ереже 1996 жылғы 24 қаңтардағы «ҚР мемлекеттік рәміздері туралы» арнайы конституциялық заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығымен айқындалды. ҚР Мемлекеттік Елтаңбасы - дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу - алтын түстес.ҚР Мемлекеттік Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шоты Уәлиханов. ҚР Мемлекеттік Туы - ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы - 1:2.ҚРеспубликасының Мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков.Геральдика (гербтану) тiлiнде — көк түс және оның түрлi реңкi адалдық, сенiмдiлiк, үмiт сияқты адамгершiлiк қасиеттерге сай келедi. Ежелгi түркi тiлiнде “көк” сөзi аспан деген ұғымды бiлдiредi. Көк түс түркi халықтары үшiн қасиеттi ұғым.Түркi және әлемнiң өзге де халықтарындағы көк түстiң мәдени-семиотик. тарихына сүйене отырып, мемлекеттік тудағы көгiлдiр түс Қазақстан халқының жаңа мемлекеттiлiкке ұмтылған ниет-тiлегiнiң тазалығын, асқақтығын көрсетедi деп қорытуға болады.Нұрға малынған алтын күн тыныштық пен байлықты бейнелейдi. Күн — қозғалыс, даму, өсiп-өркендеудiң және өмiрдiң белгiсi. Күн — уақыт, замана бейнесi.Қанатын жайған қыран құс — бар нәрсенiң бастауындай, билiк, айбындылық бейнесi.Ұлан-байтақ кеңiстiкте қалықтаған қыран ҚР-ның еркiндiк сүйгiш асқақ рухын, қазақ халқының жан-дүниесiнiң кеңдiгiн паш етедi.ҚР мемлекеттік рәміздерінің бірі әнұран,мемлекеттік ту мен мемлекеттік елтаңбаның поэтикалық музыкалық баламасы. Мемлекеттік рәміздер жөніндегі үкіметтік комиссияның шешімімен ақындар: М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев,Т.Молдағалиев, Ж.Дәрібаева шығарған өлең сөзі бекітілді. Әуен кеңестік кезеңде М.Төлебаев, Е.Брусиловский,Л.Хамиди жазған бұрынғы мемлекеттік әнұран болып белгіленді. 2006 жылдың 6 қаңтарыында жаңа әнұран қабылдау туралы айтылды.Жаңа әнұранның авторлары Ж.Нәжмеденовпен Н.Ә.Назарбаев.Ал әні бұрынғы қалпында қалды.Алғаш рет әнұран ресми түрде 11қаңтарда, Ақмолада Президенттің Н.Ә.Назарбаевтың кезекті президенттік сайлауда жеңіске жетуіне байланысты ұлықтау рәсімінде орындалды.

84.Тәуелсіз Қазақстанның 1993-1995 жылғы Конституциясы. 1992 ж ҚР Жоғарғы Кеңесі жаңа Конституцияның жобасын әзірлеу үшін конституциялық комиссия құру туралы қаулы қаблдады.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың өзінің басшылық ететін Конституциялық комиссия кемінде екі аптада бір рет үзбей бас қосып отырды.1993 жылдың 28 қаңтарында мақұлданып, заңдық күшіне ие болды. Конституцияның бірінші бөлімінде ҚР тәуелсіз, құқықтық мемлекет екендігі негізделді. Ол 4 бөлім 21 тараудан тұрды. Қазақстан алағш рет әлемдік қауымдастықтың ажырамас бір бөлігі ретінде жарияланды.Конституция елдегі ұлтаралық келісімді сақтауға негізделіп жасалды. Конституция бойынша Қазақ тілі мемлекеттік тіл болып беітілді, ал орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі мәртебесіне ие болды. Дамыту барысында Конституциядағы кемшіліктер мен оның шындықтан алыс жатқандығы байқала бастады. Қазақстан демократиялық мемлекет деп жарияланды. Бұл уақытта президент және прламенттік республ.екенуінің де белгілері бар еді. Конс. Бойынша Президент мемлекет басшысы және атқарушы биліктің біріңғай жүйесі мәртебесіне қарай атқарушы биліктің қызметін атқармайды. Конс. бойынша Үкімет басшысын, соның орынбасарларын, министірлер жәнге ведмствалардың басшыларын Жоғарғы Кеңестің келісімімен Президент бекітетін. Жоғарғы кеңес туралы тарау Президент туралы тараудың алдында тұрды. «Мемлекет және оның органдары мен институттары» атты ережеде Қазақстан халқының атынан сойлеу құқығы тек қана Жоғарғы Кеңес пен Президентке тән деп көрсетілген. Экон.лық салада жерді жеке меншікке беру тиым салынған. Кеңестік және тәуелсіз Қазақстанның құқықтық жүйелерінің арасында сабақтастық болды. Ол заңды еді. Себебі тәуелсіздіктің бастапқы кезеңінде Қазақстанға кеңестік құқықтық жүйе мұра болып қалды. Конст. ҚР мемлекеттік тәуелсіздігін заңды түрде рәсімдеді, халықаралық қауымдастыққа Қазақстанды институттарды қоғамдық,саяси және құқықтық салаларда бекітті.Бірақ 1993 жылғы Негізгі заңда атқарушы және заң шығарушы биліктердің арасындағы келіспеушіліктерді шешетін тетіктер болмады. Мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы қайшылық күшие түсті. Үкімет биліктен кетуімен жалғасқан парламенттік дағдарыс, атқарушы биліктің дәрменсіздігін күшейтіп, мемлекеттік биліктің тұрақтылығына, мемлекетті басқарудың мүдделеріне қауіп төндірді.Осы себептерге байланысты 1993 жылғы Конституцияны қайта қарау туындады. 1995 жылғы 30 тамызда жүргізілген референдумның нәтижесінде бұрынғы мемлекеттік құрылыстың кемшіліктерін жойған ҚР жаңа Конституциясы қабылданды. Конституция жобасының 99 бабының 55-і елеулі өзгерістерге ұшырады.1995 жылғы 30 тамызда референдумға қатысқан халықтың 81,9 проценті жаңа Негізгі Заңды қабылдауды жақтады. Негізгі Заң адамның жоғары құндылықтары ретінде оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын бекітті.Мемлекеттік билікті бөлудің принциптері оның бірлігіне қайшы келмейді, оның тармақтарының келісілген өзара іс-қимылын, бүкіл биліктің олардың біреуінде толық шоғырлану мүмкіндігі болмауын көздейді. Қазақстанды президенттік республика деп жариялаған 1995 жылғы Конституция, сондай-ақ «ҚР Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы», «Сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңдар биліктің әрбір тармағының мәртебесі мен функциясын реттеді.1995 жылғы ҚР Конс.нда Парламенттің заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың жоғары өкілді органы.Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенаттан және Мәжiлiстен тұрады.1995 ж 30 тамызда жалпы халықтық референдумда қабылданған ҚР Конс.нда «Парламент» ұғымы алғаш рет ресми түрде бекітілді.

85. Қ.Р. ғы қазіргі саяси партиялар,қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар. Менің ойымша, қазақстандық саяси партиялардың ерекшелiгi отарлау саясатына күрес нәтижесiнде пайда болуында деп бiлем.Менің бұл ұстанымымды «Алаш» партиясының бағдарламасы да дәлелдей түседі, онда қазақ жерiнде завод-фабрика аздығына байланысты, жұмысшылар санының аздығы туралы айтылуы бекер емес. Сондықтан елімізде тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында дүниеге келген жүздеген саяси партиялар мен қоғамдық-саяси қозғалыстар ұлттық идея төңірегінде топтасты. Олардың қатарында: азаматтық демократиялық «Азат» қозғалысы, «Желтоқсан» қоғамдық қозғалысы, 1991 жылы Қазақстан халық конгресі және 1992 жылы - Қазақстан халқының бірлігі одағы дүниеге келді. Бірақ партиялардың көбі ұйымдық тұрғыдан әлсіз, бағдарламасы бұлыңғыр, қолдаушы тобы аз болатын. 2006 жылы 4 шілде де кезектен тыс өткен IХ съезде «Отан» партиясы «Асар», кейін «Азаматтық» партияларымен бірікті. Осы өзгерістердің нәтижесінде партия аты да «Нұр Отан» болып өзгертілді. Сонымен қатар, қазіргі Қазақстанның «Азат» демократиялық партиясы «Нағыз Ақ жол» партиясы ретінде Қазақстанның Демократиялық партиясынан бөліну нәтижесінде 2005 жылдың 29 сәуірде дүниеге келді. 2009 жылдың 1 шілдесінде ҚР Әділет министрлігінен ресми тіркеуден өткен он саяси партия қызмет жасауда. Олар «Қазақстанның «Азат» Демократиялық партиясы», «Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы», Қазақстанның социал-демократиялық «Ауыл» партиясы, «Әділет» Демократиялық партиясы, «Жалпы ұлттық социал-демократиялық партиясы», «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы, «Руханият» партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы, Қаз.ның коммунистік халық партиясы, Қазақстанның патриоттар партиясы.1989 жылдың көктемінде Қазақстанда алғашқы болып «Невада - Семей» экологиялық қозғалысы құрылды. Бұл қозғалыстың лидері ақын О.Сулейменов болды. Қозғалыстың мақсаты – республика жеріндегі Семей және басқа полигон дарды жабу, полигон зардабын шеккен халыққа көмек көрсету. 1989 жылы «Әділет» коғамы құрылды. Қоғамның негізгі мақсаты ұжымдастыру кезіндегі ашаршылық, сталиндік репрессия шындығын ашу болды. Бұдан басқа Қазақстанда «Азамат», «Ақиқат», «Қазақ тілі», «Мұсылман әйелдер лигасы» сияқты қоғамдық саяси қозғалыстар құрылды. 1990 жылы «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Басты мақсаты Қазақстанның мемлекеттік егемендігін алу болды. 1991 жылы «Азат» азаматтық қозғалысының партиясы құрылды. Жастар өздерінің саяси қозғалысы «Алаш» партиясын құрды. 1991 жыл Қазақстан социал-демократиялық партиясы құрылды.1990 жылы Қаз.да 100-ден аса қоғамдық-саяси қозғалыс болды. Алматы да ғана 40-қа жуық саяси қозғалыс жұмыс істеді. «Невада – Се мей», «Қазақ тілі» сияқты қоғамдық қозғалыстар біршама мықты, көптеген мүше лері мен белгілі дәрежедегі қаржылық қорлары бар ірі қозғалыстар болды. 1990 жылдың аяғына қарай қатарында 800 мыңға жуық коммунист болған Қаз.тан ком мунистік партиясы сан жағынан неғұрлым көп саяси күш болды. Дегенмен, бүкіл елімізде компартияға деген халықтың сенімсіздігі күшейді. Бұл жағдай компартия беделінің түсуіне айтарлықтай әсер етті. 1990 жылы компартия мүше лерінің 42%-ы өз еркімен партия қатарынан шықты. Осы жылы партия мүше лерінің қатары 49000-ға кеміді. 90-жылдардың басына қарай Қазақстанда бұрын патша үкіметінің жазалаушы күші болған қазақтар ұйымы пайда болды.

86. Әлеуметтік реформалар және әлеуметтік модернизация. Қазақстанда нарықтық экономикаға көшудің алғашқы кезде үш кезеңі белгіленді. Бірінші кезең — 1991—1992 жылдар, екінші кезең — 1993—1995 жылдар аралығы болып, осы мерзімде жүргізілетін іс бағдарламасы Жоғарғы Кеңестің сессиясында мақүлданып, Президенттің Жарлығымен бекіді. Ал үшінші кезең — 1996—1998 жылдарды қамтуға тиіс болды. Осыған байланысты көптеген жаңа заңдар, реформаны жүзеге асыруға қажет басқа да құжаттар қабылданды. Нарықтық экономикаға көшу мәселелерімен айналысатын жаңа мемлекеттік басқару органдары құрылды. Олар: Мүлік жөніндегі, Монополияға қарсы саясат жөніндегі комитеттер, Салық инспекциясы, Кеден жэне т.б. Сондай-ақ нарықтық экономикаға тэн инфрақұрылымның кейбір түрлері: биржалар, коммерциялық банктер, сауда үйлері, жекеменшіктік кәсіпорындар мен шаруашылықтар, жеке меншік пен мемлекет меншігі аралас ірі корпорациялар, акционерлік қоғамдар, холдингтік компаниялар өмірге келді. Сөйтіп, нарықтық экономикаға қарай, меншіктің түрін өзгертуде, аралас экономика құруда біршама жұмыстар атқарылды. Алайда, нарықтық экономикаға көшуде бірсыпыра қателіктерге жол берілді. Біріншіден, реформаны бастауда мемлекеттің мақсаты да, мүдделері де, оларға жетер жолы да, әдіс-тәсілдері де толық анықталмады. Екіншіден, барлық елдерге бірдей сай келетін экономикалық реформаның моделі болмайды. Әр елдің өзіне тән, оның ұлттық бітіміне, тарихына, дәстүріне, нақтылы сая- си, әлеуметтік, экономикалық қалыптасқан жағдайына сәйкес өз моделі, өз жолы болуы керек. Оны әлемдік тәжірибе де көрсеткен. “Жапондық”, “Немістік” тағы басқадай әр елдің өз даму жолы болғаны белгілі. Қазақстан көп елде жақсы нәтиже бермеген, Халықаралық Валюталық Қоры ұсынған “есеңгіретіп емдеу” деп аталатын жолына түсті, Ресейдің соңынан ерді. Үшіншіден, экономикалық реформа бірінен кейін бірі және өзіндік ретімен жасалуы арқылы жүзеге асуға тиіс. Ал Қазақстанда қажетті заң жүйесі жасалып бітпей, жекеменшікке негізделген кәсіпорындардың үлесі өсіп, бәсеке ортасы қалыптаспай түрып, ең әуелі бағаны ырықтандырудан бастау қате болды, өйткені бағаны ырықтандыру — үкімет тарапынан мезгіл-мезгіл оны өсіріп отыру болып шықты. Төртіншіден, қабылданған заңдар көп жағдайда жүзеге аспай қалды, себебі ол заңдардың жүзеге асатын механизмдері жасалмағанды. Бесіншіден, инфляцияны ауыздықтамаса ешбір істе береке болмайтыны белгілі. Бірақ осыған қарамастан мемлекеттегі қаржы, несие, ақша жүйесі ретке келмеді. Ұлттық банк ақша жүйесін, ақша айналымын, оның ішкі және сыртқы қозғалысын қатаң бақылауға алудың орнына, ақша-несие ресурстарын бей-берекет жұмсап, аса жоғары процентпен сатып, пайда табумен әуестенді. Алтыншыдан, қылмыс, жемқорлық, заңды бұзушылық көбейді. Оған жаппай тәртіпсіздік, жауапсыздық қосылды. Міне, бұлар реформаны жүргізуде, эконо- миканы дамытуда өздерінің зиянын тигізді. Жетіншіден, мемлекет басшылары экономикалық дағдарыс кезінде өмір сүріп, жұмыс істеп көрмегендіктен, оның қыр-сырын, бүге-шігесін, одан шығу жолдарын білмеді. Экономикалық дағдарысты дүрыстап бағалай алмады. Елді дағдарыстан тез арада шығару саясаты жүргізілді, бірақ ол ешқандай нәтиже бермеді.

Сондықтан мемлекет дағдарыстан шығудың жолдарын қарастыра бастады. Оның ең бастысы — бағаны ырықтандыруды белгілі бір жүйеге келтіру еді. Қазақстанда ырықтандыру 1992 ж. мұнайдың, мұнайдан шығатын өнімдердің, басқа да энергия көздерінің бағасы әлемдік бағаға дейін жоғарылауы керек деген ұранмен жүргізілді. Осының нәтижесінде әр кәсіпкер, әр кәсіпорын ең жоғары таза пайда алғысы келді. Сөйтіп баға шарықтап өсті, елдің экономикасы бағаның шарықтап өсу кесірінен төмен түсіп кетті. Бағаны ырықтандырудан кейінгі екінші атқарылған іс — жекешелендіру. Мемлекеттік меншікті жекешелендірусіз нарыққа нақты көшу мүмкін емес еді. Бұл қадам нарық субъектілерін құру тұрғысынан ғана емес, сонымен бірге халықтың бойында меншік иесі психологиясын қалыптастыру тұрғысыпап да маңызды. Сондықтан да республикада ауқымды жекешелендіру жүргізілді. Бүгінде оны өткізудің 4 кезеңін даралап айтуға болады. Алғашқы үшеуі мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ерекшелігімен байланысты болса, төртінші кезең мемлекеттік меншікті басқаруды жетілдіруге екпін түсуімен сипатталады. Біз шағын жекешелендіруден бастадық. Алғашқы кезеңнің барысында 1991—1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелен-дірілді, олардың қатарында ұжымдық меншікке берілген 470-тен астам кеңшар болды. Екінші кезең “Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993—1995 жылдарға арналған ¥лттық бағдарламасы” негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын және орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме-сауда буынын қоса алғанда бұрынғы кеңестік сауда жүйесін өзгерту басталды. Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайда болды. Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар “Жекешелендіру туралы” Жарлықпен басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатымен жүзеге асырылды. 1999 жылдан кейін бірінші кезекке мемлекеттік мүлікті басқаруды жетілдіру мәселелері шықты. Төртінші кезеңде мемлекеттік меншікті басқару және онымен айналысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар арасындагы өкілеттіктерді бөлуге жаңа көзқарас қолданыла бастады. Республикалық мемлекеттік және коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды оңтайландыру басталды. Елдің экономикалық қауіпсіздігін анықтайтын экономиканың стратегиялық маңызды секторларына мемлекеттің ықпалы мен ондағы үлесі ұлттық компаниялар арқылы сақталды.

87.Астана – Қазақстан Республикасының астанасы. 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін астананы елдің оңтүстік-шығысынан республиканың орталығы бөлігіне көшіру мәселесі көтерілді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша мемлекеттің жаңа астанасын орналастыруға оңтайлы қаланы анықтау мақсатымен республиканың бүкіл аумағы мұқият зерттелді. Талдау қорытындылары барлық нұсқалардың ішінен ең қолайлысы Ақмола қаласы екендігін көрсетті. Бұл қаланың орналасқан орны сәулетшілік тұрғысынан кез келген жобаны жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның үстіне Қазақстанның географиялық орталығы ғана емес, қала елдің аса маңызды шаруашылық аймақтарына таяу, ірі көлік жолдарының торабында орналасқан. Мамандардың бағалауы бойынша Ақмолада тұрғын үйлер мен әкімш., іскерлік ғимараттарын салу бағасы Алматымен салыстырғанда едәуір арзанға түседі, бұл – шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Республиканың Жоғарғы Кеңесі ел Президентінің айқын дәлелдерімен келісіп, оның астананы Ақмолаға көшіру туралы ұсынысын мақұлдады. 1995 жылы 15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың “Қазақстан Республикасының астанасы туралы” Заң күші бар Жарлығы жарияланды. Осы уақыттан бастап Республиканың Президенті резиденциясының тұратын жері Ақмола және Алматы қалалары болып белгіленді. Жоғары мемлекеттік органдарды Ақмола қаласында орналастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасының мемлекетік комиссиясы құрылып, оған орталық және жергілікті атқарушы органдардың бұл мақсаттағы атқаратын қызметін үйлестіру құқығы берілді. Президент Жарлығы бойынша Республика үкіметі Ақмола қаласын абаттандыру жөніндегі бюджеттен тыс қаражатты жинақтау мақсатында “Жаңа астана” қорын ашты. 1997 жылы 20 қазанда Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жаңа астанасы Ақмола қаласы болғанын ресми түрде жариялады. 1997 жылы 8 қарашада Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері мен Президент байрағын Алматыдан Ақмола қаласына шығарып салудың салтанатты рәсімі өтті. 1997 жылы 3 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің кеңсесі Ақмолаға көшті. Сол жылғы 9 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмолаға ресми түрде аттанды. 1998 жылы 6 мамыр күні Президент Жарлығымен Ақмола қаласының аты Астана болып аталды. Қаланың Қазақстан Республикасының астанасы ретіндегі ресми тұсаукесері 1998 жылы 10 маусымда болып өтті.

Date: 2015-07-27; view: 1173; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию