Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақтың ұлы ағартушылары мен ойшылдары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы және т.б





19ғ. Қаз-ң мәдени өміріндегі ағартушы-қ ғасыр деп аталады. Қаз-ға ғалымдар,географтар, саяхатшылар, шығыстанушылар келіп жатты. П.П. Тянь-Шаньский,Н.А. Северцов, И.В. Мушкетов, В.В. Радлов ж/е т.б. өз зерттеулерімен отандық ғылым-ң өркендеуіне зор үлес қосты.и 1847-57ж.ж. Украин ақыны Т.Г. Щевченко Қаз-да айдауда болды. Қаз-н орыс географиялық қоғамы бөлімшелері-ң зерртеу обьектісіне айналды. Мұнда мәдени ағарту мекемелері мен статистикалық комитеттер жұмыс істеді.Қазақ әдебиетiнiң өскелең бағытын айқындауда 19 ғасырдың екiншi жартысында туған демократиялық ағартушылық әдебиеттiң орны ерекше. Бұл әдебиеттiң өкiлдерi Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов ғылым-бiлiм, оқу-өнер арқылы алдыңғы қатарлы елдерге теңелуге, теңдiкке жетуге болатынына сендi.Шоқан Уалиханов (1835-65) Құсмұрын бекінісінде туған.Шоқанның ғыл. көзқарасы, қызметi арқылы қазақ елi iшiнде ағартушылық, демократиялық идеялар тарады. Шоқанға Омбыда болған кезде орыс зиялыларымен байланыста болу көп әсер етті.Шоқанмен кадет корпусында бірге оқыған, кейін Қазан университетін бітірген Капустин былай жазды: «Менің ойымша Шоқан көрікті, аса сымбатты, бет –әлпеті оның қайырымдылығы мен бекзаттылығын танытып тұратын.Шоқан өз кезеңінің жан-жақты,аса терең білімді адамы болды.Әсіресе оның тарихи білімі зор болды ж/е ғылым мен әдебиет сала-да зор білімділігімен ерекшеленетін». 1853ж Шоқан кадет корпусын бітіргеннен кейін Сібірге казак әскеріне қызметке жіберілді.1854ж адьютант болып тағайындалды. Үкімет орындарының заңсыз әрекеттеріне Шоқан қатты күйінді. Өзінің достары –Достоевскийге,Маяковке, Курочкинге,Гудковскийге үкімет орындары-ң озбырлығы жайлы ызалы хаттар жазды. 1856 ж Шоқан Семенов Тянь Шанскиймен танысты. Сол жылы Шоқан Алакөлден Ыстықкөлге, ж\е құлжаға экспедицияға қатысты. Қазақ тарихының қызықты деректерін табу мақсатымен омбы мұрағатында болды. Шоқан 1858 ж Қашғарияға құпия сапарға барды. Марко-Поло мен Гоестен кейін осы онша мәлім емес елге тұңғыш рет барған шоқан «Алтышаһардың н\е Қытайдың Нан Лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жағдайы т\ы» деген атақты еңбегңн жазды. Шоқанның ғылыми мұрасы Қаз-ң ж\е көпұлтты Ресейдің басқа да халықтары проблемаларының өзекті тұстарын қамтыды. Ыбырай Алтынсарин(1841-1889) Қостанай облысында туған. 1850 ж Ыбырай шекааралық комиссия жанынан қазақ балаларына ашылған мектепке түсіп оны алтынмен түсірді. Алтынсарин белгілі шығыс зерттеушісі шекаралық комиссияда қызмет еткен Григорьевпен араласып оның бай кітапханасын пайдаланды.Мектепті бітірген соң, кеңсе қызметкері, одан соң Орынбор басқармасында тілмаш болып қызмет атқарды. 1860ж. Обл-қ басқарма оған Орынбор бекінісінде Қазақ бала-на рналған бастауыш мектеп ашуды тапсырды да, өзін сол мектепте орыс тілі мұғалімі етіп тағайындады.1864 ж. 8қаңтарда мектеп салтанатты түрде ашылды. Оқуға 16 бала жазылып, мектеп жанынан сол балалар жатып оқитын интернат ашылды.Қаз-да қыз балаларға білім беру-ң басталуы да Алтынсарин-ң есімімен байл. 1888 ж. Ол Ырғыз қала-да қазақ қыздарын оқытатын интернаты бар мектеп ашты.1891 ж бастап Торғайда, 1893 ж. Қостанайда,1896 ж. Ақтөбеде интернаты бар қыздар училищелері жұмыс істей бастады. Ы.А. орыс-қазақ мектептері-ң оқушыларына арнап «Қырғыз хрестоматиясы» ж/е «Қырғыз-ға орыс тілін үйретуге алғ. басшылық» атты 2 оқу құралын жазды. Ыбырай әдебиетке деген ұғым, түсiнiктi жаңартып, оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi ұлы күш екенiн көрсеттi. Өзi балаларға арналған әңгiмелер, өлеңдер жазды, аудармалар жасады. Абай Құнанбаев (1845-1904) 10тамызда Семей обл. Шыңғыс тауында туған. Әкесі Құнанбай тобықты руының старшыны болған. Абай алғ-да ауыл молдасынан сабақ алған.Оны кейін әкесі Семейдегі Ахмед-Риза медрессесіне оқуға жібереді.Алайда оқуын бітіртпей, әкесі ел билеу ісіне араластыру мақсатында қайтарып алады. 1886 ж. А-ң өміріне үлкен өзгеріс әкелген жыл болды. Ол алғ рет өлеңіне («Жаз») өз атын қойып, көркем шығармашылыққа толық ден қояды. А. қаламынан өлеңдермен қатар қара сөзбен жазылған ғибраттар «Ескендір», «Масғұт», «Әзім әңгімесі» дастандары дүниеге келді. Абай жас ұрпақы ғылым-білім үйренуге, адамгершілікке, имандылыққа шақырды. Абай: «әуелі құдайға сиынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды» деп жазды. Патша өкіметі-ң отаршылдық саясаты ж/е 19ғ-ң 2 жартысында езгі-ң күшеюі салдарынан халық бұқарасының жағдайы күрт нашарлап, қазақ шаруалар күйзеліске түсті.

Қазақтар-ң көпш. малдан айрылып, кәсіпсіз адамдар тобырын толықтырды.Абай қазақ кедейлеріне тіршілік ету жолын нүсқап, жалпы еңбектің ең прогресшіл нысаны – жалдама еңбектен бойды аулақ салмауға шақырды. Көркем сөз өнерiнiң кемелденуi, өлең сөздiң қоғамдық қызметiн көтеру, сол негiзде жаңа көркемдiк әдiс — реализмдi қалыптастыру ұлы Абайдың үлесiне тидi. ОлЕуропа мен орыстың классикалық әдебиетiн еркiн меңгерiп, көркемдiк таным мен талғамға жаңа талаптар қойды, жаңа сипатты поэзия туғызды. Классикалық әдебиет үлгiлерiн қазақ тiлiне аударып, қазақтың төл әдебиетiмен қатар қойды, Қазақ әдебиетінiң эстетикалық принципi Абай шығармаларында жүзеге асты. 19 ғ. әдебиетi ұлттық таланттардың көптiгiмен және олардың бiр-бiрiне ұқсамайтын сан алуандығымен көзге түседi. Қазақ тiлiндегi алғашқы кiтаптар осы кезде басылды («Өсиет наме» — 1880, «Бала зар» — 1890, «Диуани хикмет» — 1896, т.б.), фольклорлық мұралар жинақталып, жарық көре бастады. Қазақ әдебиетінiң көршi халықтар әдебиеттерiмен байланыстары ұлғайып, жаңа аудармалар пайда болды.

20 ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті ұлы Абайдың ағартушылық, демократиялық дәстүрiн жалғастыра отырып, отаршылдыққа қарсы күрес пен тәуелсiздiктi аңсау идеясын ашық және батыл көтердi. Ахмет Байтұрсынов, Мiржақып Дулатов қазақ халқының тарихи-мәдени дамудан кенже қалып, қараңғылықта отырған күйiн суреттеп, елдi өнер-бiлiмге үгiттедi. Жаңалыққа енжар, ұйқыда жатқан қазақты бiрi «Маса» боп құлағына ызыңдап, бiрi «Оян, қазақ» деп, бар дауыспен жар салды. Ғасыр басында әдебиетке келген ақын-жазушылардың барлығы да осы дүбiрмен оянғандар едi.

Date: 2015-07-27; view: 1385; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию