Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Торпақ шоқжұлдызындағы жұлдыздар
Торпақ (лат. Taurus) – 12 зодиактік шоқжұлдыздардың бірі. Торпақ аспанның Солтүстік жарты шарында Персей, Тоқты, Кит, Эридан, Таразы, Егіздер, Жетекші шоқжұлдыздарының аралығында орналасқан (қ. Жұлдыздық аспан картасы). Ең жарық жұлдыздары – Сұлусары (Альдебаран), Нат, Альциона. Бұлар 0,8; 1,6 және 2,9-көрінерлік жұлдыздық шамада жалтырап көрінеді. Торпақ қараша – желтоқсан айларында жақсы көрінеді. Торпақ шоқшұлдызында екі шашыраңқы жұлдыздардың шоғыры орналасқан, олар Гиад пен Үркер. ҮРКЕР– (астрономиялық аталуы М45, Інжілмен мен Тәураттағы атауы Хима) Торпақ шоқжұлдызындағы галактикалық шашыранды жұлдыз шоғыры. Шоғырында шамамен 3000 жұлдыз бар екені анықталған. Үркердің жай көзбен 14 жарық жұлдызын ғана көруге болады. Шарль Мессье шашыранды жұлдыз шоғырының орнын анықтады және өзінің 1771 ж. шығарған каталогына M45 деген аталыммен енгізді. Үркердің ең жарық жұлдызы — Альциона. Үркердің басқа жарық жұлдыздары сияқты Альциона да В спектрлік класындағы ыстық жұлдыздардың қатарына жатады. Ұзақ уақыт түсірілген суреттерден Үркердің жарық жұлдыздарының төңірегінде үлкен тозаң тұмандықтың бір бөлігі жақсы көрінеді. Үркердің диаметрі шамамен 12 жарық жылы. Жерге дейінгі ара қашықтығы 440 жарық жылы немесе 135 парсектен көбірек. Жұлдыз шоғырындағы барлық жұлдыздар кеңістікте параллель траекториямен қозғалады. Бұдан да жақынырақ бізде Гиад шашыраңқы жұлдыз шоғыры орналасқан. Онда 132сі 9m нан жоғары және 259і сәл азырақ. Гиадтың сол жағында Альдебаран жұлдызы орналасқан. Ол аспандағы 14 жарық жұлдыздардың бірі болып ьабылады. Оның жарқырауы 0.78-0.93 жұлдыздық шама аралығында өзгереді. Жерден Альдебаранға дейін қашықтық 65.1 жарық жылына тең, оның жарықтылығы күндікінен 150 есе үлкен. Альдебаран K5 III спектрлік классына жатады. осыған орай оның түсі сарғылт және ол алыпьарға жатады. Шаян тектес тұмандық (М1) Құс жолында орналасқан, Торпвақ шоқжұлдызынан 1 ° солтүстік батысқа қараай, оның көрінетін жұлдыыздық шамасы 8,4. Ол бізден 6300 жарық жыл қашықтықта орналасқан. Диаметрі 6 жарық жылына тең, және де күніне 80 млн.кмге үлкейе береді. Ол радио және рентген сәулеленуінің мықты көзі болып табылады.Шаян тектес тұмандық ортасында көгілдір, жұлд.шамасы 16m болатын пульсар жұлдызы орналасқан. Date: 2015-07-27; view: 2379; Нарушение авторских прав |