Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тербелмелі контур. Актив кедергісі жоқ контурдағы еркін тербеліс
Индуктивтігі мен сыйымдылығы бар тізбекте электр тербелісі пайда бола алады. Мұндай тізбек тербелмелі контур деп аталады. 3.2-суретте идеалды актив кедергісіз контурдағы (тербелмелі контурдағы) тербелмелі процестің жүйелі сатылары көрсетілген. 3.2-сурет. Тербелмелі контурдағы тербеліс процесінің жүйелі сатылары.
Конденсатордың астарына бастапқыда қандай да бір заряд беріп немесе катушкада ток тудырып (мысалы катушканың орамдарын қиып өтетін сыртқы магнит өрісін қосу арқылы) контурда электр тербелісін тудыруға болады. Бірінші әдісті пайдаланайық. Катушкадан ажыраған конденсаторды ток көзіне (кернеу көзіне) қосайық. Бұл кезде конденсатордың астарлары әраттас +q және -q зарядтармен зарядталады (3.2-сурет). Астарлардың арасында энергиясы q2/2С электр өрісі пайда болады. Енді ток көзінен (кернеу көзінен) ажыратып катушкаға қоссақ, конденсатор разрядталады да, контурдан ток жүреді. Бұл кезде катушка арқылы өтетін токтың себебінен электр өрісінің энергиясы азайып, магнит өрісінің энергиясы арта бастайды (LІ2/2). Бұл жерде контурда актив кедергі болмағандықтан, электр мен магнит өрістерінен тұратын толық энергия сымдарды қыздыруға шығындалмай, тұрақты болып қалады. Конденсатордағы заряд таусылғанда, яғни конденсатор энергиясы нөл болғанда катушкадағы магнит өрісінің энергиясы мен тізбектегі ток ең үлкен мәніне жетеді (2 саты осы мезеттен бастап ток өздік электр қозғаушы күштің есебінен ағады). Енді процесс кері қарай қайталанады (4 және 5 саты), осыдан кейін жүйе бастапқы күйге келеді (5 саты) және барлық цикл қайтадан басталады. Процесс барысында конденсатор астарларындағы зарядтар, конденсаторлардағы кернеулер және индуктивтілік арқылы өтетін ток периодтты түрде өзгереді (яғни тербеледі). Тербеліс электр және магнит өрістерінің бір-біріне айналуы арқылы өтеді.Тербелмелі контурда электр зарядтары тербеледі. Актив кедергісі жоқ контурдағы тербеліс теңдеуінің түрі мынадай (конденсаторды оң токпен зарядтадық деп есептейік): . (3.32) Біртекті емес тізбек бөлігі үшін Ом заңының өрнегін жазайық: . (3.33) Берілген жағдай үшін R=0, j1-j2=-q/C, e12=eS=-L(dl/dt), бұл мәндерді (3.33)-ке қойып, алатынымыз: 0 = -q/C – L(dІ/dt), (3.34)
ақырында -ны деп белгілеп, (3.35) өрнегін аламыз. Егер (3.36) деп белгілеп алсақ, онда гармониялық тербеліс теңдеуін аламыз: . Бұл теңдеудің шешімі: q=qmcos(wt+a). (3.37) Конденсатордың астарларындағы зарядтар гармониялық заңмен өзгереді, циклдік жиілік (3.36)теңдеумен анықталады. Бұл жиілік контурдың меншікті циклдік жиілігі деп аталады. Тербелістің периоды Томсон формуласынан анықталады: . (3.38) (3.37)теңдеуін дифференциялдап ток күшінің өрнегін табамыз: І=-w0qm×sіn(wt+a)=Іm×cos(wt+a+p/2). (3.39) Конденсатордағы кернеу зарядтан 1/С көбейткішке өзгеше U=qm/C×cos(wt+a)=Um×cos(wt+a). (3.40) Бұл жерден байқайтынымыз - конденсатордағы ток кернеуден p/2 фазаға озып отырады. (3.37) және (3.40) өрнектерін (3.37) формуласымен салыстырсақ, көретініміз - ток ең үлкен мәнге жеткенде заряд пен кернеу нөлге тең болады және керісінше. (3.39) және (3.40) формулалардан Um=qm/C, Іm=w0qm шамаларының амплитудаларының қатынасын алып w0-ді (3.26) формуламен ауыстырсақ, алатынымыз: . (3.41) (3.40)формуласын электр өрісінің ең үлкен мәні магнит өрісінің ең үлкен мәніне тең болуы керек деп алуға болады. Date: 2015-07-22; view: 2155; Нарушение авторских прав |