Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Арапайым бөлшектердің сипаттамасы





 

Қарапайым бөлшектерді зерттеу қазіргі атомистиканың ең жоғарғы сатысы болып табылады. Қарапайым бөлшектер əлемінің алғашқылары: электрон, протон жəне фотон.

 

Осы микроəлемді зерттеуді үш сатыға бөлуге болады:

 

а) атом құрылысын зерттеу жəне онда болып жатқан құбылыстар мен процестерді анықтау;

б) ядро құрылысын жəне ядро ішіндегі орындалатын процестерді зерттеу;

 

в) атомдардың электрондық қабаттарын, атом ядросын құрайтын бөлшектерді, ядролық реакция барысында түрленулерін зерттеу.

 

Жоғарыда айтылған бірінші жəне екінші сатысы, физиканың жаңа саласындағы құбылыстарды, эксперименттік жолмен зерттеу нəтижесі өте жоғары жетістіктерге жетті, сонымен қатар олар теориялық жолмен де дəлелденілді.

 

Атом құрылысы, атом ядросы, ғарыштық сəулелердегі процестер, үдеткіштерде алынған зарядталған бөлшектердің реакциялары, зерттеулер нəтижесінде көптеген мөлшердегі ұсақ бөлшектер бар екендігін анықтады, оны қарапайым бөлшектер деп атады.

 

Микроəлемді зерттеудің үшінші сатысы қарапайым бөлшектер физикасының меншікті мəндерін түсіндіреді. Атомдардың ядролық, электрондық құрылымын, ғарыштық сəулелердегі орындалатын процестер, зарядталған бөлшектерді мүмкіндігінше үдеткіште үдету, саны жағынан көптеген бөлшектер бар екендігін оларды тіркеу жəне жылдам реакциялар алу осы үшінші сатыда толығынан қарастырылады. Қазіргі кезде осындай бөлшектер тарапына жататындар: электрондар, позитрондар, протондар, антипротондар, нейтрондар мен антинейтрондар, нейтрина жəне антинейтрина, мезондар, гиперондар, фотондар жəне тағы басқа түрленуде пайда болатын бөлшектер. Бұлардың кейбіреулері орнықты өздігінше бөлінбейді, яғни басқа бөлшекке жіктелмейді, ал көпшілік

 

~ 299 ~


қарапайым бөлшектер орнықты емес, олар өздігінше белгілі бір уақыт периодында ыдырап басқа бөлшектерге жіктеледі, онда ол орнықсыз болады. Олай болса, қарапайым бөлшектер дегеніміз - өзі өте ұсақ бөлшектерге жіктеледі деген мағынаны білдіреді.

 

Қарапайым бөлшектің негізгі сипаттамасының бірі, олар бөлшек жəне антибөлшек болып екіге бөлінеді. Яғни, əрбір оң зарядты бөлшектің қарама-қарсы теріс зарядты бөлшегі болады. Ал бейтарап бөлшектердің айырмашылығы оның механикалық жəне магниттік моменттері кері бағдарланады.

Қарапайым бөлшектердің кейбір фундаменталды физикалық қасиеттері оның негізгі сипаттарын анықтайды. Барлық қарапайым бөлшектер белгілі бір шамада массаға, энергияға, импульс моментіне, кейбірі магнит моментіне, электр зарядына тағы басқа қасиеттерге ие болады. Қарапайым бөлшектердегі барлық түрленулер: энергияның, массаның, импульстің, импульс моментінің жəне электр зарядының сақталу заңдары бойынша орындалады.

 

Кейбір сақталу заңдары осы бөлшектердің өздерінің спецификасына байланысты: бариондар зарядының сақталу заңы (нуклондар саны), мезондар зарядының жұптылығының сақталу заңы (күшті əсерлесудегі), изотоптық спин, қыңырлықтың сақталу заңы, кейбіреулерінің жаңа кванттық қасиеттері, т.б. болады.

 

Қарапайым бөлшектердің негізгі сипаттамаларының бірі тыныштық массасы жəне меншікті энергиясы. Қарапайым бөлшектердің кез келген күйде массасы болады. Еркін бөлшектің массасы толық энергияға байланысты болады.

Е 2 c 2 p 2 m 02 c 4 m 2 c 4 (8.1.1)

мұндағы, m0 – тыныштық массасы; р – импульсі p 0; 0; m – қозғалыс массасы m 0; p 0.

 

(8.1.1) теңдеуден бөлшек массасы толық энергияға байланысты. Олай болса, жалпы жағдайда ол тұрақты болмайды. Сондықтан да қарапайым бөлшек тыныштық массамен сипатталады.

Қарапайым бөлшектің ішкі энергиясы тыныштық массасына байланысты:

 

Е 0 m 0 c 2 (8.1.2)

~ 300 ~


Кейбір бөлшектердің энергиясы, оның импульсына

байланысты анықталады:  
Е cp (8.1.3)

 

мұндай бөлшектерге нейтрино жəне фотондар жатады, өйткені олардың тыныштық массасы m 0 0.

 

Электр заряды. Қазіргі кезде белгілі қарапайым бөлшектердің көпшілігінің электр заряды бар екендігі белгілі болды. Олай болса, олардың оң жəне теріс (бөлшек жəне антибөлшек) заряды болады. Электр зарядының абсолют мəні электрон зарядына тең. Зарядталған бөлшектен басқа зарядталмаған (бейтарап) бөлшектер де болады, олар да бөлшек жəне антибөлшектер болып бөлінеді.

 

Спин. Қарапайым бөлшектердің спині бүтін (бозондарда) сандарды 0;1;2;...немесе жартылай бүтін (фермиондарда)

 

сандарды 21; 3 2; 5 2;... қабылдайды. Олай болса қарапайым

бөлшектер фермиондар жəне бозондар болып екі топқа бөлінеді, олардың спині 3-кестеде көрсетілген.

Изотоптық спин. Қарапайым бөлшектерді қарастырғанда, олар бір, екі (немесе одан да көп) бөлшектер топтасып, бірігіп топ түзеді. Мысалы, протон жəне нейтрон - екі бөлшек, немесе бейтарап пи-мезон жəне екі зарядталған пи-мезондар - үшеуі бірігіп топ түзеді. Мұндай топтар бір бөлшек сияқты əртүрлі күйде (немесе əртүрлі энергия деңгейінде) болады. Сондықтан да бұл топта жекеленген күйде бір бөлшек - синглет, бір топта екі бөлшек болса, онда дублет, бір топта үш бөлшек болса, онда триплет құрады.

 

Қарапайым бөлшектердің мультиплеттілігін түсіну үшін кванттық сипаттама ретінде - изотоптық спинді ендіреміз, ол j -

кванттық санмен сипатталады. j 0; 1 2;1... мəндеріне ие

болады.

 

Бұл кванттық санды, бұрынғы спиндік сан деп қарауға болмайды.

Мұнда спин, қарапайым бөлшектердің мультиплеттігін түсіндіру үшін қолданылады.

~ 301 ~


  M к . б . 2 j 1 (8.1.4)
мұндағы, M к. б. - j изотоптық спині бар топтың
мультиплеттігі.    
Заряды электрлік емес қарапайым бөлшектерге:

бариондық, лептондық зарядтар жатады. Қарапайым бөлшектердің түрлену процестері кезіндегі жаңа шаманың сипаты - заряды электрлік емес болып шықты. Ауыр бөлшектер - бариондық зарядқа, жеңіл бөлшектер - электрондық, ал, мю-мезондар - лептондық зарядқа ие болады. Бұл зарядтар өлшемсіз 1 -ге тең сандар болып келеді. Осы шамалар қарапайым бөлшектердің əртүрлі түрленулері кезінде өзгермей сақталып қалады.

 

S-кванттық сан. Зерттеулер нəтижесінде орнықсыз К-мезондар жəне гиперондар өздерінің түрленулері кезінде, осы қарапайым бөлшектерде үлкен аномальдар байқалады, яғни қарапайым бөлшектер жаңа қасиеттерге ие болады, оны қарапайым бөлшектердің қыңырлығы деп атайды. S-кванттық санды анықтайтын осындай қасиетті қыңырлығы деп атаймыз. Ол - 0; 1; 2 мəндерге ие болады.

 

Сақталу заңдары. Қарапайым бөлшектер түрленгенде барлық сақталу заңдары орындалады:

 

а) энергияның сақталу заңы; б) массаның сақталу заңы; в) импульстің сақталу заңы;

 

г) импульс моментінің сақталу заңы; д) электр зарядының сақталу заңы; е) электр емес зарядының сақталу заңы; ж) S-санының сақталу заңы жəне т. б.

 

Date: 2015-07-24; view: 1331; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию