Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Зоналардың электрондармен толтырылуы
Жоғарыда айтылғандай, қатты денелерді металдар, жартылай өткізгіштер жəне диэлектриктер деп үшке бөлеміз. Олардың кристалдарындағы энергияның мүмкін болатын мəндері зоналарға топталады. Топталған заналар үшке бөлінеді: валеттік
~ 131 ~ зона, рұқсат етілмеген зона жəне өткізгіштер (рұқсат етілген) зонасы.
Қатты денелердің көршілес атомдары бір-біріне өте жақсы келеді де, электрондық қабаттағы электрондар бір-біріне тиісіп қана қоймай біріне-бірі беттесіп кетеді. Олар жақындаған сайын, күшейе түсетін əсер күштер пайда болады. Осының нəтижесінде еркін электрондар қозғалысының сипаты тез өзгереді, яғни белгілі бір энергетикалық деңгейдегі атом, сəйкес келетін басқа атом деңгейіне энергия шығынынсыз-ақ көше алатын мүмкіндікке ие болады да, сол қатты дене ішінде еркін қозғала алады. Барлық атом ішінде бірдей болатын бір деңгейдің орнына өте жақын орналасқан бір-біріне дəл келмейтін бірнеше деңгей пайда болады, олар оңашаланған деңгейге ажыратылады, нəтижесінде энергияның мүмкін болатын мəндері топталып зона түзеді.
Валеттік зона атомның негізгі күйінде, валенттік электрондар орналасқан деңгейлерден пайда болады. Қалыпты жағдайда валенттік зонадағы əрбір деңгейге екі электрон орналасады. Олардың деңгейлерде орналасу тəртібі кристалға байланысты. Температура абсолют нөл болғанда, өткізгіштер зонасы бос болады. Электр өрісінен қосымша энергия беру нəтижесінде электрондар жоғарғы бос деңгейге көшіреді. Кейбір кристалдарда валенттік зона мен өткізгіштер зонасы қабысып, олардың арасындағы рұқсат етілмеген (тыйым салынған) зона жабылады. Энергетикалық деңгейлердің осындай қасиеті бар криссталдар - металдар. Металдар үшін рұқсат етілмеген зона енділігі өте кіші болады да, валенттік зонаның төбесімен өткізгіштер зонасының төменгі деңгейлері беттесіп кетеді. Нəтижесінде электрондар энергия шығынынсыз-ақ өткізгіштер зонасына еркін өте алады. Сонымен металдардың температурасы абсолют нөл болғанның өзінде де өткізгіштер зонасының төменгі деңгейлері электрондармен толықтырылған болады (4.1а-сурет).
~ 132 ~
4.1-сурет
Сондықтан электрондар кристалда өздерінің атомдарымен берік байланыста болады. Егер кристалға электр өрісі əсер етпесе онда валенттік зонаның төменгі деңгейлері екі электронмен толықтырылады да жоғарғы деңгейлер бос болады, яғни электрондар өздеріне ыңғайлы энергетикалық деңгейлерге орналасады. 4.1б-суретте жартылай өткізгіштердің энергетикалық деңгейі көрсетілген. Жартылай өткізгіш кристалдарында рұқсат
етілмеген зона енділігінің энергиясы Еg 2 эВ өте үлкен
болмайды. Жартылай өткізгіштерде, температура абсолют нөлден өзгерсе, онда электрондар алғаш валенттік зонаның жоғарғы бос деңгейлеріне ауысады да, энергиясы рұқсат етілмеген зона энергиясынан артық болғанда, валенттік зонадан өткізгіштер зонасына ауысады. Егер температура абсолют нөл болса, кристалдың электрөткізгіштігі нөлге тең болады. Температураның артуына байланысты электронның өткізгіштер зонасына ауысуы экспо-ненциалды түрде артады да, бос зонадағы еркін электрондар са-ны, ал валенттік зонада кемтіктер саны артады, олай болса жар-тылай өткізгіштің электр өткізгіштігі де артады.
Eg
Электронмен кемтіктің жылулық алмасуы: g 0 e kT
мұндағы, aCcC; а - коэффициент; Сс - өткізгіштер
зонасының түбі, ал Сυ - валенттік зона төбесі. Егер басқа жағынан қарастырсақ, өткізгіштер зонасындағы кейбір еркін электрондар, валенттік зонадағы кемтіктерде бір мезгілде кері процесс орындалса, яғни электронмен кемтіктің арасында рекомбинация құбылысы орындалып, бір еркін электронмен кемтік жойылады.
N рек np n2
~ 133 ~ Егер кристалл осы температурада көп уақыт болса, тепе-
Меншікті жартылай өткізгіштерде, температура абсолют нөл кезінде Ферми деңгейі рұқсат етілмеген зонаның дəл ортасында болады. Температура біртіндеп артқанда, Ферми деңгейі өткізгіштер зонасына қарай көтеріледі.
Егер рұқсат етілмеген зонаның енділігі Eg 2 эВ үлкен
болса, онда жылулық қозғалыс, өткізгіштер зонасына электрондарды жеткізе алмайды. Мұндай кристалдар диэлек-триктер (изоляторлар) деп аталады. Диэлектриктерде электрондардың электр тогына еш қатысы болмайды. Металл жəне жартылай өткізгіштерге қайта оралып, олардағы еркін электрондарын анықтай кетейік.Металдарда еркін электрондар саны өте көп болады. Осы еркін электрондар металл ішінде кез келген температурада, тіпті абсолют нөлде (0К) де сақталады. Олай болса, металдың бірлік көлеміндегі электрон сандары (бөлме температурасында) 1022÷1023-дей болады. Жартылай өткізгіштердің металдан өзгешелігі, бөлме температурасында олардың еркін электрондары металға қарағанда аздау, яғни бірлік көлемінде 1012÷1013-дей болады. Жартылай өткізгіштерде еркін электрондар саны кем болғандықтан, олардың меншікті кедергісі үлкен болады. Жартылай өткізгіштерге кремний (Si), германий (Ge), селен (Se), күкіртті қорғасын, т.б. көптеген заттар қоспасы жатады.
Металл мен жартылай өткізгіштерді тог көзіне жалғап оларды қыздыратын болсақ, онда металл қызған кезде ондағы тог кемиді. Ал жартылай өткізгішті тог көзіне қосқан соң қыздырсақ, ондағы тоқ кенет өскенін көреміз. Олай болса жартылай өткізгіштердің металдардан айырмашылығы – олардың кедергісінің температураға тəуелділігінде. Жартылай өткізгіш
~ 134 ~ қызғанда, оның еркін электрондарының саны тез көбейеді. Жартылай өткізгішті жоғары температураға дейін қыздырсақ, оның меншікті кедергісі металдың меншікті кедергісіне жақындайды. Жартылай өткізгіштердің валенттік зонасындағы деңгейлер түгелдей электронмен толса, ал тыйым салынған аймақ енділігі онша үлкен емес болса, температура артқанда валенттік аймақтағы электрондардың бір бөлігі өткізгіштік зонаға ауысады, ал валенттік аймақтың төменгі босаған орындарға кемтіктер орналасады. Өткізгіштік аймақ мен валенттік аймақтарда электр өрісінің əсерінен электрондар қосымша жылдамдық алады да, электр өткізгіштік туғызады.
Олай болса жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігі температураға байланысты тез өседі де, меншікті кедергісі (ρ) кемиді:
Date: 2015-07-24; view: 1610; Нарушение авторских прав |