Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сутегі тəріздес атомдардың спектрлік сериясы
Сутегіден басқа элементтердің атомдарының спектрлік сызығының толқындық санын да екі термнің айырмасы түрінде өрнектеуге болады. Бұл Ридберг – Ритцтің комбинациялық принципі деп аталады. Осы термдердің физикалық мағынасы, комбинациялық принциптің мəн-жайы Бор теориясынан кейін ғана шешілді.
Сілтілік металдар: литий (Li), натрий (Na), калий (K), рубидий (Rb), цезий (Cs) элементтерінің спектрлеріндегі бірнеше сериялардың сыртқы көрінісі сутегі атомының спектріндегі серияларға ұқсас болып келеді. Бұлардың спектрлік сызықтары да сутегі атомының спектрлері сияқты спектрдің қысқа толқынды шетіне қарай спектр сызықтарының арасы жақындай түседі де ақыры, олар бірігіп, тұтасып кетеді жəне сызықтардың интенсивтігі кеми береді.
1.7-сурет
1.7-суретте көрсетілген сызықтар натрийдің бас сериясы деп аталады. Бұл серияның бесінші сызығынан бастап қысқа толқынды сызықтары басталады. Натрийдің бас серия сызықтары жұтылу жəне сəуле шығару спектрлерінде де байқалады. Басқа сілтілік металдарда да бас серия болады. Бірақ оларды Бальмер формуласымен есептеуге болмайды. Олардың толқындық санын белгілі ереже бойынша, спектрлік терм айырмасы түрінде көрсетуге болады, бұлардың біріншісі тұрақты, ал екіншісі айнымалы терм болады.
Сілтілік металдардың сəуле шығару спектрінде бас сериядан басқа, бірінші – екінші қосымша жəне негізгі сериялар бар. Бірінші жəне екінші қосымша серияның сызықтары айқынырақ, болады. Негізгі серия сызықтары спектрдің инфрақызыл
~ 26 ~ бөлігінде орналасады. Бірінші жəне екінші қосымша сериялардың шегі бірдей, ал бас серия шегінен өзгеше болады. Осы айтылған серияларды мынадай түрде өрнектейміз:
сызықтар дублет (қос) сызықтар деп аталады. Спектрлік сызықтардың осындай күрделі мультиплеттік құрылысы термдердің күрделілігін көрсетеді.
Date: 2015-07-24; view: 1290; Нарушение авторских прав |