Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс №10. Бағаларды жасаудағы тәуекелді бағалау





Жоспар:

1. Қабылданатын шешімдер тәуекелін бағалаудың рөлі.

2. Бағаларды есептеудегі тәуекелді бағалау әдістері.

3. Ақпараттық күтуді бағалау.

 

1. Тәуекел мәні. Тәуекелдің жалпы алғанда екі негізгі теориясы бар. Біріншісі классикалық теория (Миль, Сениор) бойынша кәсіпкерлік пайда екі бөліктен тұрады: салынған капиталға үлес ретінде саналған пайыз; мүмкін тәуекелдің орнын толтыру үшін жасалынатын төлемнен. Сонымен, мұнда тәуекел қандай да бір шешімді іске асырумен байланысты болуы мүмкін жоғалтулар көлемі ретінде қарастырылады. Екінші теория (Найт, Маршалл, Пигу) – неоклассикалық. Бұл теория бойынша кәсіпорын белгісіздік жағдайларында қызмет етеді және кәсіпорын пайдасы құбылмалы шама. Пайда мөлшері екі белгіге тәуелді болады: оның күтілген шамасы мен мүмкін тербелу (ауытқу) шамасымен. Кейін бұл теория Кейнспен толықтырылды. Ол кәсіпкерлік тәуекелдің теорияларын жүйеге келтіріп, түрлеріне сипаттама берді. Бұл теорияны «қанағаттану» факторымен толықтырды.

Экономикалық әдебиетте тәуекелге басқарушылық шешімдерді іске асырудан болуы мүмкін материалдық залал тұрғысынан және шешімдерді қабылдау тұрғысынан көзқарастар бар.

Тәуекел табиғатына екі түрлі және қарама-қарсы көзқарас бар. Біріншіден, тәуекелді шешімді іске асырумен байланысты сәтсіздікпен, залал болу қауіпімен теңестірсе, екіншіден болашақ табыспен, пайда алумен теңестіреді.

Тәуекел – бұл нәтижесі белгісіз және сәтсіздік жағдайда қолайсыз шығынға әкелу мүмкін қызметтің ситуациялық сипаттамасы.



Экономикалық тәуекел деп барлық нәтижелерді (әсіресе қолайсыз) есебке алып белгісіздік жағдайларда шешімдерді қабылдау процесін айтамыз.

Тәуекел жағдайлары – нәтижесі немесе шешімі бірден көп болатын және бірнеше вариантың ішінен біреуін міндетті түрде таңдау қажеттігі бар жағдайлар.

Шаруашылық қызмет процесінде шешімдерді қабылдағанда келесі міндеттерді орындау қажет: 1) қажет нәтижеге жету ықтималдылығының дәрежесін және одан ауытқу ықтималдылығын есебке алу; 2) қолайсыз нәтижелерді болдырмау үшін өз шешімдерінің орындалу мүмкіндіктерін анықтау.

Тәуекелдің екі функциясы бар – ынталандырушы және қорғау

Ынталандырушы функция екі аспектіден тұрады: конструктивті және деконструктивті (авантюризм). Авантюра – қолайсыз жағдайдың болу ықтималдылығы өте мол, бірақ орындайтын адамдар оны толық түсінбетін тәуекел түрі.

Қорғау функциясы екі аспектіден тұрады: тарихи-генетикалық (адамдар қолайсыз нәтижеден қорғану формаларын және құралдарын стихиялық түрде жасайды) және әлеуметтік-құқықтық. (шаруашылық, еңбек және қылмыстық заңдылыққа тәуекелге бару заңдылығы туралы тұжырымдар енгізуге негізделген).

Тәуекелді бағалау. Үш кезеңнен тұрады:

1) мәселені шешудің мүмкін варианттарын анықтау;

2) шешімді іске асырғанда болу мүмкін нәтижелерді (негізінен қолайсыз) анықтау

3) тәуекелдің интегральды жағын сипаттау, яғни сандық және сапалық бағасын беру.

Негізінен сандық бағаның маңызы жоғары деп саналады. Бірақ, шешім сандық баға белгілеріне сәйкес болып, сапалық параметрлерге сәйкес келмесе, мұндай шешімдерді қабылдау мақсатқа сай емес деп саналады. Мұндай көзқарасты технократиялық көзқарас деп атайды.

Тәуекелдің сандық бағасын берудің үш белгісі бар.

А) Тәуекел жағдайларында қабылданатын шешімдер, ең алдымен күтілетін нәтижеге жетудің ықтималдылығын және қойылған мақсаттан ауытқу мүмкіндігін анықтауға бағытталған.

Математикалық тұрғыдан тәуекел қарастырылатын жағдай жөнінде дәл және толық мәлімет бар болғандағы күтілетін нәтиже мен бұл мәліметтер анық емес болғандағы нәтиже арасындағы айырмаға тең. Жалпы ереже бойынша бұл шама 0,5-0,6 жоғары болса, шешімдерді қабылдау мақсатқа сай емес деп бағаланады.



Қаржы тұрғысынан тәуекелдің үш дәрежесі бар: 1) мүмкін тәуекел, шешім іске аспаса күтілген пайда жоғалған жағдайда; 2) шекті тәуекел – табысты немесе түсімді толық алмау мүмкіндігі болса; 3) катастрофиялық тәуекел – фирманың орны жойылу немесе төлем қабілетінен айрылу мүмкіндігі болса.

Б) Берілген жағдайларда қажет нәтижені басқа варианттарға қарағанда ең аз шығынмен қамтамасыз ететін шешім ең дұрыс деп саналады.

В) іске асыру уақыты ең аз болатын шешім ең дұрыс, тиімді деп саналады.

Тәуекел дәрежесі күтілетін залал мен осы залалдың болу ықтималдылығының көбейтіндісіне тең болады. Формуласы:

мұндағы: Ү1, Ү2 – 1 және 2 вариантқа сәйкес шешім іске аспаған жағдайда болатын залалдың абсолютты өлшемдегі мүмкін сомасы.

В1, В2 – 1 және 2 вариант үшін шешімнің іске аспау ықтималдылықтары.

Экономикалық тәуекел екі элементтен тұрады: қате шешімді қабылдау нәтижесінде болатын залалдың мүмкін мөлшерінен және бұл шешімді іске асыруға кеткен шығындардан.

 

2. Бағаларды анықтаудағы тәуекел.

Өнімге бағаны орнату процесі көбінесе тәуекелдің белгілі бір деңгейімен сипатталады. Мұндай тәуекел өндірістік қорлардың бағасын анықтау процесіне де тән. Баға деңгейін анықтағанда кез келген қателік өткізу көлемін азайту мүмкін, ал егер бұл өнімге сұраныс икемді болса, бұл жоғалтулар тіпті өсіп кете алады.

Фирмаға, ең алдымен тәуекел мөлшерін анықтау қажет, одан кейін әртүрлі баламалы варианттардың тәуекел дәрежелерін салыстыру арқылы фирма жетекшілігі қабылдаған тәуекел стратегиясына ең жақын вариантты таңдау қажет. Тәуекел ықтималдылықпен тығыз байланысты болғандықтан оны ықтималдылық теория және математикалық статистика әдістерімен өлшеуге болады.

Шаруашылық қызметтегі тәуекел абсолютты өлшемде (залал және жоғалтулар сомасымен) және тәуекел дәрежесімен (жоспарланған баға деңгейіне жетпеу ықтималдылығы шамасымен) өлшенеді. Сонда біріншісі абсолютты тәуекел болса (теңгемен өлшенеді), екіншісі салыстырмалы тәуекел (процент, коэффициент) деп аталады.

Нарықтық баға өзінің табиғатына қарай кездейсоқ шама ретінде қарастырылады. Тауарды сатқанда, сатып алғанда ол белгілі бір шамаға айналады, бірақ ол алдын ала белгісіз, көптеген факторлың әсеріне тәуелді болады. Барлық факторларды есебке алу мүмкін емес. Осыған байланысты баға өзгермелі көрсеткіш болып, оның нақты шамасы анықсыз, әртүрлі жағдайға тәуелді болады. Бұл жағдайларға ықтималдылықтың бөліну функциясы тән болады. Бұл функцияға қарап тәуекел дәрежесіне баға беруге болады.

Ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда бағаларды анықтағанда ықтималдылықтар бөлінудің қолайлы эмпиритикалық функциясын таңдау өте қиын. Сондықтан да ықтималдылықтар теориясында жиі қолданылатын ықтималдылықтар бөлінудің стандарты функцияларын қолдану мақсатқа сай болады. Мұндай функцияларға келесі жатады:

1) ықтималдылықтардың қалыпты бөлінуі немесе Гаусс бөлінуі;

2) ықтималдылықтардың экпоненциальды (көрнекі) бөлінуі (оны сенімділікті есептеуде жиі қолданады);

3) Пуассон бөлінуі (жаппай қызмет көрсету теориясында жиі қолданады).

Кәсіпкерлік тәуекелді бағалау кезінде келесі сипаттамалар қолданылады:

1) Математикалық күтім - көрсеткіштің мүмкін мәндерінің олардың ықтималдылықтары бойынша орташа өлшенген шама. М(х) =

2) экономикалық көрсеткіштің мүмкін кездейсоқ мәндерінің бұл көрсеткіштің математикалық күтімінен абсолютты ауытқу. Ол осы көрсеткіштің өзгеру амплитудасын көрсетеді.

3) дисперсия ауытқулардың жалпылама бағасын береді және нақты көрсеткіштердің математикалық күтімнен ауытқуларының орташа өлшенген квадраты болып сипатталады.

D(x)=

4) орташа квадраттық ауытқу дисперсиядан алынған квадраттық түбірі болып табылады. Бұл сипаттама нарықтағы өзгерістерге жасалынған көзқарастарға жақынырақ болады, өйткені ықтималды ауытқулар іс жүзіндегі өлшем бірліктерге келтіріледі.

5) кездейсоқ шаманың вариация коэффициенті -V(x) – орташа квадраттық ауытқудың математикалық күтімге пайыз түрінде қатынасы ретінде қарастырылады: V(x) =

Математикалық күтім зерттелетін шамалардың орташа мәнін анықтау үшін қолданылады.

Абсолютты ауытқулар зерттелетін шама мәндерінің абсолютты өзгеру дәрежесін сипаттайды. Мұнда, сонымен қатар, ауытқулар шектерін анықтау дұрыс болады, яғни максимальды және минимальды ауытқулардың айырмасын: R=xmax - xmin

Дисперсия кездейсоқ шама ауытқуларының квадраттарына жалпы сипаттама бере отырып, оң және теріс ауытқулардың айырмашылықтарын жоюға мүмкіндік береді, оны есептегенде үлкен ауытқулардың мәні өсіп, ұсақ ауытқулардың мәні төмендейді. Іс жүзінде әртүрлі мерзімдерде, әртүрлі нарық өрістерінде немесе сегменттерінде нақты біратты көрсеткіштер туралы мәліметтерді өңдегенде дисперсияларын салыстырған қолайлы болады. Орташа квадраттық ауытқу дисперсияға қарағанда кездейсоқ шаманың өлшем бірлігіне сай болады. Сондықтан бұл көрсеткішті жиірек қолданады.

Іс жүзіндегі сенімділік қағидасы. Егер қолайсыз жағдайдың ықтималдылығы төмен болса, онда жоспарланатын іс-әрекет сәтті аяқталуына сеніммен қарауға болады. Бұл қағиданың сандық интервалын орташа квадраттық ауытқу көрсеткіші береді. Мұнда «үш сигма ережесі» қолданылады. Егер кездейсоқ шама қалыпты бөлінгенде, онда оның математикалық күтімнен ауытқудың абсолютты мәні үшке көбейтілген орташа квадраттық ауытқудан аспайды: M(x)+-3σ(x). Бұл теңдеудің орындалу ықтималдылығы 0,9973, орындалмау ықтималдылығы 0,0027. Бұл өте сенімді нәтиже деп айтуға болады. Көбінесе, бұл қағида іс жүзіндегі шаруашылық өмірде қажет болмайды, өйткені фирма өзі жасаған шешімдерді үнемі түзетіп, өзгертіп отырады.

Шаруашылық өмірде мақсатқа сай (мағынасы бар) тәуекел қағидасын ұстану қажет. Бұл қағиданың мәнін цифр түрінде 70:30 деп көрсетуге болады, яғни егер болашақ іс-әрекеттердің сәтті аяқталу ықтималдылығы 70 пайыз, ал 30 пайыз сәтсіздіктің болу ықтималдылығы болса, онда бұл іс-әрекеттерді орындау мақсатқа сай деп саналады. Мұндағы сәтсіздік ықтималдылығы оны азайтуға бағытталған шараларды іздеп жасауға ынталандырғыш фактор ретінде болады. Бұл қағидаға (ықтималдылықтардың қалыпты бөлінуінде) кездейсоқ көрсеткіш (баға) шамаларының орташа квадраттық ауытқу шектерінде математикалық күтімнен ауытқуына тең болатын интервалы (қатары) сәйкес болады, яғни М(х) ±(х).

Экономист ауытқуларды сипаттағанда пайыздар немесе коэффициенттерді жиі қолданады.

Вариация коэффициенті ықтималдылықтардың қалыпты бөліну функциясында нәтижесі ықтималды болатын кездейсоқ шама (баға) ауытқуларының математикалық күтімге пайыздық қатынаспен үштен екі бөлігі «сәтті» және үштен бір бөлігі «сәтсіз» мүмкіндіктерге сәйкес болатын интервалын (қатарын) сипаттайды. Бұл коэффициент тәуекелді анықтағанда бағаларды есептеу үшін белгілі бір (ықтималды болса да) негіз ретінде қолданылады.

 






Date: 2015-07-22; view: 1196; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2019 year. (0.018 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию