Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?

Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Дәріс № 7. Баға жасау әдісін және стратегиясын таңдау мәселесі





Дәріс жоспары:

  1. Баға жасау әдісін таңдау белгілері
  2. Соңғы бағаны анықтау
  3. Баға стратегиясын қалыптастыру мәселесі

 

1. Баға стратегиясын және баға түрін таңдау процесі негізінен жабдықтаушының қысқа мерзімді мүддесіне емес, тұтынушының көзқарасына және оның сұрауларына негізделу керек.

Кейде бәсекенің нәтижесінде нарықта белгілі бір баға стандарты қалыптасады (баға түрі және деңгейі). Бұл баға тұтынушы үшін аса тиімді болмаса да, оған үйреншікті болып кетеді.Бұл жағдайларда кез келген компания маркетингтік тәсілді қолданса, жергілікті жағдайды толығымен зерттеп, сұраулардың ерекшеліктеріне сәйкес тұтынушыға әлдеқайда тиімді баға схемасын ұсынса орасан зор табысқа жетуге мүмкіндік алады. Сондықтан да бәсеке деңгейі өте жоғары болғанда, кәсіпорын тауарының түрлілігі тар болғанда және берілген кәсіпорынның нақты нарықтық күші төмен болса, бұл кәсіпорын нарық белгілеген баға деңгейін ұстануға мәжбүр болады. Ал, өзінің жалпы стратегиясының бір элементі ретінде маркетингтік стратегияны құрастырып, баға құрастыру процесін осы стратегияның негізгі бөлігі ретінде қолданатын компания нарықта үлкен артықшылыққа ие болады.

Баға жасау әдісін таңдау процесінде компания келесі факторларды (белгілерді) есебке алу қажет:

- экономикалық жағдай (тұрақсыздық);

- инфляция деңгейі

- шикізат және қаржы қорлары бағаларының динамикасы;



- бәсеке деңгейі;

- сатып алушылық қабілеттің төмендеуі;

- ұқсас тауарлар өндірісінің дамуы (плагиат, сауда маркаларын қолдану және с.с)

2. Бағалардың белгіленген деңгейлері үш түрлі вариантта болуы мүмкін:

- шығындалмен белгіленген бағаның минимальды деңгейі;

- сұраныспен белгіленген бағаның максимальды деңгейі;

- бағаның оңтайлы мүмкін бағасы.

Бағаны есептеудің үш әдістемесі болады: орташа шығындар + орташа пайда; орташа шығындар + мақсатты пайда; тауардың тұтынушылар үшін құндылығына қарай.

Таңдалған әдістемеге және басқа нарықтық факторларға қарай фирма баға жасау тактикасын ойластырады және баға түрін таңдайды.

Келесі баға жасау түрлері және баға түрлеріне сөздік жасау қажет.

Активті баға жасау, Бағалар қол шатыры, Баға жасаудың бейтарап стратегиясы, Параметрлік баға жасау, Пассивті баға жасау, Баға саясаты, Тіркелген бағалар саясаты, Сыйлықты баға, Баға жасау тактикасы, Базистік баға, Шығынсыздық бағасы, Жалпы баға, Қалпына келтірілген баға, Мемлекеттік баға, Іс жүзіндегі баға, Демпингтік баға, Жалғыз баға, , Соңғы баға, Интервенционды баға, Арыз бағасы (иск), Картельды баға, Каталожды баға, Консалтингтік қызметтер бағасы, Келісімдік баға, Котировкалы баға, Қызыл баға, Жеңілдігі бар баға, Әлемдік баға, Нетто бағасы, Ортақ баға, Оңтайлы баға, Жіберу бағасы, Паушальды баға, Клиринг бойынша баға, Сатып алушы бағасы, Сатып алу бағасы, Толық баға, Шекті баға, Ұсыныс бағасы, Өндірісті тоқтату бағасы, Өндіріс бағасы, Кенеттен түскен баға деңгейі, Резервтеу бағасы, Баға қатары, Кейін тіркелетін баға, «Спот» бағасы, Субвенциальды баға, Тұрақты баға, Тығыз баға, Сауда бағасы, Үштік бағасы, Басқарылатын баға, Саудаласу бағасы, Фабрикалы баға, Фактурлы баға, Таза баға, Тауар құндылығына байланысты баға, «Баға шеңбері».

 








Date: 2015-07-22; view: 1043; Нарушение авторских прав

mydocx.ru - 2015-2021 year. (0.013 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию