Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Дәріс № 3 Баға жасау факторлары
Жоспар:
1. Нарықтық экономикада бағаға әсер ететін бірден бір фактор ретінде нарық конъюнктурасы, яғни сұраныс пен ұсыныстың ара-қатысы болады. Сұраныс және ұсыныстың анықтамаларын еске түсіру (маркетинг пәнінен) және олардың баға деңгейіне байланысты мөлшерін өзгерту тәуелділігін сипаттау. Сұраныс пен бағаның тәуелділігін сипаттайтын формула: мұндағы: Рх – Х тауарының бағасы Ру,...Рz – ауыстырғыш (субститут) және толықтырғыш (комплиментарлы) тауарларының бағалары І – сатып алушының табысы W – тұтынушының сатып алушылық қабілеті немесе тұрмыстық жағдайы Tx – сатып алушылардың жеке тағлымдары, көзқарастары Ғ – тұтынушылық күтімдер S – берілген тауар қанағаттандыратын мұқтаждықтың маусымдылығы q – сатып алушылардың саны Рх-тен басқасы бағадан басқа факторларға жатады. Олар сұраныстың өзін (қисығын) өзгерте алады. Ұсыныс пен бағаның тәуелділігін сипаттайтын формула: мұндағы: Рх – Х тауарының бағасы Ру,...Рz – бәсекелес және осы тауармен қоса шығарылатын тауарлардың бағалары К – өндіріс технологиясының деңгейі L – салықтар мен дотациялар N – өндірістік қорлар үшін төлемдер q – сатушылардың саны Икемділік – бір өзгермелі шаманың басқа шаманың өзгерісіне ықпал ету өлшемі. Икемділік коэффициенті Егер Ed<1 – икемсіз сұраныс (бірінші қажеттіліктерді қанағаттандыратын тауарлар: тұрғын үй, электрэнергиясы, т.б., ауыстыратын тауар жоқ өнімдер: сүт, нан, дәрі-дәрмек, медицина қызметтері, шамамен аз тұратын тауарлар: тұз, сіріңке, дефицитті (таңдау мүмкіндігі жоқ) тауарлар), Ed>1 – икемді сұраныс.
2. Бағаның өзгеруіне әсер ететін факторлар: Бағалардың төмендеуіне көмектесетін факторлар: Өндірістің өсуі, техникалық прогресс, өндірістің және айналыстың шығындарын төмендету, еңбек өнімділігін өсіру, бәсеке, салықтарды төмендету, тура байланыстарды кеңейту. Бағалардың өсуін тудыратын факторлар: Өндірістің төмендеуі, экономикалық жағдайдың тұрақсыздығы, кәсіпорынның монополиясы, ажиотажды сұраныс, айналыстағы ақшаның өсімі, салықтардың өсуі, еңбек ақының өсуі, кәсіпорын пайдасының өсуі, тауар сапасының өсуі, модаға сәйкес болу, жұмыс күші құнының өсуі, кәсіпорында барлық қорларды дұрыс (тиімді) қолданбау. Бағаның жасалу процесіне әсер ететін факторлар:
3. Баға жасаудың әртүрлі нарық түрлерінде ерекшеліктері Нарық құрылымы – бұл нарықтың негізгі және ерекше белгілері: фирмалардың саны, өлшемі, әртүрлі фирмалар шығаратын тауарлардың ұқсастығы, айырмашылықтары, нарыққа жаңа сатушыларға кіру немесе жеңілдігі, нарықтық ақпаратты жинау мүмкіндігі. Нарықтың әртүрлі модельдері болуы мүмкін: жалпы алғанда 4 түрі бар: Таза бәсеке, монополиялық бәсеке, олигополия, таза монополия. Біріншісі мен төртіншісі абстрактты болады, өйткені іс жүзінде ондай нарықтар болмайды.
Таза монополист дискриминациялық бағаларды қолдана алады, оның негізгі түрлері: сатып алушылар топтары бойынша, тауарлар, қызметтер варианты бойынша, территория бойынша, уақыт бойынша. Демпинг – бір жерде өз бағамен сатып, екінші бір жерде тауарды өте төмен бағамен сату.
Семинар:
Цены и ценообразование/Учебник/ Под ред. Салимжанова И.К. М.: 1999., 50-73 б. Ценообразование/учебно-практическое пособие/П.Н. Шуляк. М.: 2000. 10-13 б
|