Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ата-аналар университеттері
Ата-аналарға, жұртшылыққа жүйелі педагогикалық білім беретін ата-аналар университеттері және халық университеттерінің жанынан педагогикалық факультеттер ұйымдастырылады. Университеттерде оқу мерзімі екі жыл. Оқу сабақ кестесі бойынша жүргізіледі. Университетке түсетін адамдар мектеп жанындағы ата-аналар комитеті арқылы қабылданады. Университетке түскендер педагогика, балалар психологиясы, жас ерекшелік физиологиясы, мектеп гигиенасы мәселелерінен және халықаралық жағдайдан, өнер, медицина, құқық және заң тақырыптарынан дәрістер тыңдайды, семинарларға қатысады, рефераттар жазады. Университетті тыңдаушылар бірінші оқу жылының аяғында сынақтар, ал екінші оқу жылының соңында емтихан тапсырады. Университетті бітіргендерге куәлік беріледі. Мектеп тәжірибесінде озық ойлы шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер ата-аналармен жұмыс істеу барысында жоғарыда аталған дәстүрлі формалардан басқа бейдәстүр формаларында қолданады. Дегенмен де мектеп пен отбасының өзара қарым-қатынасының нәтижелі болуы көбінесе педагогикалық тұрғыдан дұрыс таңдалған қарым-қатынас пен өзара әрекет формасына байланысты. Олардың негізіне міндетті түрде 5 жағдайды ескеру қажет:
Ата-аналар семинары біз барған № 1 А.Байтұрсынов атындағы, М.Әбенова атындағы мектептерде үнемі болып тұратыны анық. Осындай «ата-аналар семинары» туралы «Егеменді Қазақстан» газеті 7 наурыз 2003 жылы былай деп жазды: «АТА-АНАЛАР СЕМИНАРЫ ӨТТІ». Қызылорда облысының Шиелі ауданындағы №127 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі, тәжірибиелі ұстаздарымыздың бірі З.Жаппасованың ұйымдастыруымен жақында ата-аналар мен мұғалімдердің бірлескен семинары болып өтті. Семинарға қатысушылар теориялық сабақтан соң «Мен анамның қолқанатымын», «Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» әдеби – музыкалық көріністі тамашалады. Семинарға қатысушылар З.Жаппасованың ұстаздық шеберлігіне ризашылық білдірді. [46] Ұлы чех ғалымы «Ұлы дидактика» - атты педагогикалық шығарманың авторы Я.А.Коменский «Тәртібі жоқ орта, сусыз диірменмен тең» деген болатын. Шынында тәртіп болмаған жерде балаға еш нәрсені айтып түсіндіруге де, жұмыс істеуге де, одан тиянақты нәтиже шығаруға да мүмкіндік болмайды. Сондықтан оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу бүгінгі мектеп тәжірибиесінің ең негізгі түйінді мәселелерінің бірі болып табылады. Өйткені, саналы тәртіп – ұйымшылдықтың, іскерліктің, ілтипаттылықтың, сыйластықтың, өнегеліліктің ұйтқысы. Негізінде оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеу ісі – оқыту процесімен бірлікте жүргізіледі. Мұны атақты педагог К.Д.Ушинскийдің «Кім жақсы оқыта білсе, ол тәртіпке де бағындыра біледі» деген ұлағатты сөзінен аңғаруға болады. Демек, оқушылардың сабаққа белсене қатысуы, оған ынта-назарын салуы, мұғалімдердің әртүрлі педагогикалық методикалық әдістерді дұрыс қолдана білуіне байланысты. Егер сыныптағы сабақтың мазмұны өте жеңіл, не түсініксіз ауыр болса, оның үстіне мұғалім еркін түсіндіре алмаса, онда сыныпта сөз жоқ тәртіп өзінен-өзі бұзылады. Болмаса, сабақ үстінде оқушылардың ешбір жұмыссыз қарап отырып қалуы оларды жалқаулыққа, бей-жайлыққа ұшыратады. Сондықтан мұғалімнің сабақ түсіндіруі айқын, анық, дәлелді, ұғымды болуы керек. Бүгінгі өмірмен, тұрмыспен, тәжірибиемен дәлелді, ұғымды астасып түсіндірілген сабақ ұғынықты, әрі қызықты болатыны белгілі. Орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сағаты деп аталады. Соның негізінде оқушылардың қоршаған өмірге жүйелі қатынасын қалыптастырады, арнаулы ұйымдастырылған тәрбиелік әрекеттерге қатыстырады. Олай болса, мұғалімдермен, сынып жетекшісі және ата-аналардың өзара жағымды қарым-қатынасын ұйымдастыруға сай жоғарыда аталған бес жағдайдың межеге айналуы, бала тәрбиесіндегі олардың өзара тәрбиелік-ұйымдастырушылық әрекетін біртіндеп жоғары деңгейде нәтижелі болуға септігін тигізеді. [47] ІІІ ҚОРЫТЫНДЫ
Сөйтіп «Оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігі» тақырыбындағы жүргізілген зерттеу жұмыстары төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді: 1. оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігі теориялық тұрғыдан негізделді; 2. Оқылып, зерделенген ғылыми-әдістемелік әдебиеттермен педагогикалық зерттеулердің нәтижесі «оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігі» ұғымының мәні ашылды; 3. оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлігінің мүмкіндіктері айқындалды; 4. оқушыларды жан-жақты дамытуда мектеп пен жанұяның бірлескен жұмысын ұйымдастырудың практикада қолданыстағы тиімді жолдары белгіленді; Біз өзіміздің бұл еңбегімізде төмендегі педагогикалық мәселелерді зерттеуге мұрындық болар деген мақсат пен пікірдеміз. Тәрбие мазмұнының мәніне арналған төмендегі пікірлерімді ұсынамын:
2. Мемлекттік тіл – қазақ тілін жан-жақты терең игеретін жаңа тәрбие мазмұнының бағдарламасын нақтылау қажеттілігі; 3. Халқымыздың педагогикалық ойлары мен педагогика тарихының келелі мәселелері белгілі бір жүйеге келсе және мұны қарауға мұғалімдер ата-аналардың да өмірлік тәжірибелерін зерттеп жүйелей отырса; 4. Қандай халықтың болмасын өзіне тән ана-тілі, жаратылыс болмысы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, мәдениеті, өнері бар. Осы педагогикалық мәнді құбылыстарды ата-аналар арасында насихаттау мұғалімдердің оқытушылық қызметінің құрамдас бөліміне айналса педагогикалық жұмыс нәтижесін беретіндігіне ешбір күмән жоқ. 5. Болашақ мұғалімдерді дайындау барысында тек ғана жеке пәндерді оқытумен оның әдістемелерін үйретумен жүктелмей педагогика кафедрасы ата-аналарының педагогикалық әдістемелік шеберлігін арттыруға арналған арнайы пәндік оқу енгізсе өте дұрыс болар еді. Ата-аналармен ұйымдастырылатын педагогикалық жұмыс мазмұнының тиімділігі төмендегідей міндеттерді шешеуге байланысты демекпіз:
Date: 2015-07-22; view: 1855; Нарушение авторских прав |