Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Сынып жетекшісі жоғарыда аталған міндетіне сай 5 қызметті атқаруы тиіс
1. Ата–аналарды сыныптағы оқу тәрбие процесінің мазмұнымен және әдістемесімен таныстыру. Сынып жетекшісі ата – аналар жиналысының бірінші отырысында осы мәселеге қатысты өзінің ұстанымы мен педагогикалық қөзқарасын баяндайды. Оның мақсаты және міндеттерімен, соған сай әрекет ету бағдарламасы және тәсілімен тәрбие жоспарымен таныстырады. Ата–аналармен бірлесіп оны жүзеге асыру жолдары қарастырады. Осындай отырысқа сол сыныпта сабақ беретін пән мұғалімдерін және мектеп әкімшілігінде шақыру мүмкіншілігі қарастырылады. Мұғалімдер өздері жүргізетін пәндердің ерекшеліктері, мазмұнымен әдістемесі және оқушылардың үй тапсырмасын орындау жұмыстарынан қатысты мәселелерімен ата–аналарды таныстырады. 2. Ата–аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарын ұйымдастыру. Сынып жетекшісі бұл бағытты ата–аналардың педагогикалық және психологиялық білімдер жүйесін меңгеруіне, балалар әлеументтік ортадағы мінез – құлқын жақсы білуіне сай, оларға ағартушылық қызмет жүктейді. Қазіргі мектеп жағдайында ата – аналардың жалпы білім деңгейі сөзсіз артуда бұл олардың педагогикалық көзқарастарында қателіктің болмауынан сенімін орнықтырады. Дегенменде педагогикалық және психологиялық зерттеу нәтижесі ата – аналардың психологиялық педагогикалық мәдени деңгейлерінің төмендігіне үнемі назар аударады. Сол үшін, бүгінгі таңда қоғамның және ата-аналардың оған деген сұранысы күннен-күнге артуда. Осы орайда, әрбір сынып жетекшісінің алдында тұрған міндет ата-аналар және мектеп жағдайына тура келетін жұмыс істеу формаларын таңдау. Сондықтан, мұнда мектеп тәжірибесінде ата-аналармен педагогикалық және психологиялық ағарту жұмыстарына қатысты өзін-өзі ақтаған кейбір дәстүрлі формаларды атаймыз. 3. Ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстыру. Мұнда тәрбиелеу ортасын кеңейту, оқушы тұлғасының дамуына ықпал ету өрісін арттыру, сабақтан тыс тәрбие әрекетін ұйымдастыру, осы әрекеттер барысында мұғалімдер, ата-аналар мен балалардың өзара қарым-қатынасын жақсарутды көздейді. Мектеп тәжірибесінде ата-аналарды балалармен бірге әрекетке қатыстырудың әр түрлі формаларын қолданады: - сабақтан тыс әр түрлі тәрбиелік шараларға қатыстыру (мәдени жорық, саяхат, кеш, спорттық жарыстар, т.с.с.; - жалпы мектеп көлемінде өткізілетін дәстүрлі шараларға қатыстыру (мектеп бітірушілермен кездесу, соңғы қоңырау, жаңа жыл шыршасы, халықаралық әйелдер мейрамы, наурыз, оқушылардың жазғы демалысы өткізу т.б.); - балалардың сабақтарына, олимпиада, кештерге, апталықтарға, ата-аналардың ашық есік күніне т.б.; - мектептің кәсіптік бағдар жұмыстарына қатысу (еңбек адамдарымен кездесу, өндіріске саяхат, кәсіби бағдар бөлмесін жабдықтау жұмыстары); - өздерінің мамандықтарына сай факультативтік және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру; - балалардың аула клубтарын құруға; - мектептің немесе сыныптың жөндеу жұмыстарына, ауланы көгалдандыру қатысу, кітапхана қорын молайтуға, көрмелер ұйымдастыруға; - мектептің немесе сыныптың әртүрлі шараларын ұйымдастыру және оларды өткізуге өндіріс және фирмалар арқылы материалдық көмек сұрау т.б. 4. Отбасы тәрбиесіне қатысты ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру. Бұл бағытта кейбір отбасында бала тәрбиесіне қатысты туындап отырған мәселеге байланысты көмек көрсету, ақыл-кеңес беру. 5. Ата-аналар белсенділерімен жұмыс және ата-аналардың әртүрлі қоғамдық ұйымдарымен, жұртшылықпен өзара әрекеттесуі. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы жұмыстары ата-аналардың комитетін құрып, оның мүшелеріне белгілі бір бағытта тапсырмалар беру, олардың жұмыстарын ұйымдастыруға кеңес беру, қолқабыс көрсетуден басталады. Кейбір ата-ана өз балаларының сыныпта атқарып жүрген қоғамдық жұмыстарына барынша қолдау көрсетеді. Мысалы,баласы спорттық шараға, мәдени жорыққа жауапкер болса, оның ата-анасы да өз мүмкіндігінше баласына қолдау көрсетіп, оған қажетті материалдарды табуға көмектесіп отырады. Мұндай ата-аналарды сынып өміріне араластырып отыру да сынып жетекшісінің осы бағыттағы жұмысына жатады. Сонымен бірге сынып жетекшісі бұл бағытта ата-аналардың жалпы мектеп көлеміндегі және аумағындағы қоғамдық ұйымдарымен де мектепке қатысты жалпы мәселелерді ортақтаса шешуде бірлесе жұмыс жүргізеді (ата-аналар комитеті, кеңесі, құқық қорғау мекемелері т.б.). Сынып жетекшісінің ата-аналармен жүргізетін жұмысының формалары мен әдістері Ата-аналардың өз балаларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелік орта тудыру үшін, бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс. Сол үшін де мектептің, сынып жетекшісі ата – аналар педагогикалық жұмыс жүргізуі, оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттеледі. Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде «Ата-аналарды тәрбиелеу» деген ұғым пайда болды. Ондағы көзделген мақсат ата–аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогикалық кеңес, оқуды ұйымдастыру, соған сәйкес олардың педагогикалық білімдерін жетілдіры отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде сай ата – аналар балаларын тәрбиелеу барысында айтулы қиыншылықтарға кездеседі. Сондықтанда олар мұғалімдердің ақыл – кеңестерін, практикалық көмектерін аса қажет етеді. Олардың ұйымдастыруындағы ақыл – кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата–аналарға ғана қажет емес. Сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата–аналарға да керек. Себебі: қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда. Сондықтан, ата–аналарға бала тәрбиесінде, біріншіден, педагогикалық білімдерді жинақтауға, екіншіден, олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді. Егерде мектеп пен ата–аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірлікте ұйымдастырса, бұл шешімін табатын міндеттер. Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердің ата–аналармен кездесуін, ата–аналар жиналысын ұйымдастыру, ата–аналар комитетін құру, ата–аналар белсенділерімен жұмыс істеу, ата–аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру, конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.
Date: 2015-07-22; view: 1058; Нарушение авторских прав |