Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мектептің ата-аналармен жүргізетін жұмыстарының формалары мен әдістемелері
Сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің ата-аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған. Оқушылардың отбасына бару, ата-аналарды мектепке шақыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі. Ата-аналармен әңгімелесудің барысында баланың мінез-құлқы, ынтасы мен қабілеті, қызығушылығы мен бейімділігі, отбасы мүшелерімен, жолдастарымен қарым-қатынасы жайлы түсінік алады. Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата-аналарды балаларының үлгерімі, қоғамдық жұмысқа белсенділігі, кейбір қылықтары туралы мәліметтермен таныстырады. Оқушылардың күн режімі, оларды еңбекке баулу, үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата-аналарға педагогикалық кеңес береді. Ата-аналарды мектепке шақырып сөйлесудің де маңызы өте зор. Ата-аналармен әңгімелесу мазмұны әртүрлі тақырыптарға байланысты. Мәселен, бала жақсы оқыды, тәртібі де жаман емес, бірақ қоғамдық пайдалы жұмысқа қатысуға ынтасы жоқ. Бұл жөнінде ата-аналарды күн бұрын ескерту, оларға дұрыс кеңес беру өте қажет. Ғылымның кейбір салаларында баланың дарындылығын дамыту мәселесі жайлы, ал кейде ата-аналарды баланың өрескел қылықтары үшін де шақыруға тура келеді. Міне, осы жағдайларға ата-аналармен кездесіп, оларға педагогикалық кеңес беру сынып жетекшілерінің, мұғалімдердің, мектеп басшыларының борышы, нақты көмегі. Мектепте кездесу үшін ата-аналар күні белгіленеді. Осы күні олар мектепке келіп, тәрбие оқу мәселелері жайлы пікір алысады, қажетті педагогикалық кеңестер алады. [39]
Ата-аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет, сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі. Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізуге ата-аналар комитеті мен ата-аналар белсенділері және мектеп басшылары сынып жетекшілерімен бірдей жауап береді. Ата-аналар жиналыстарында оқу-тәрбие жұмысы қаралады, оның сапасын жақсартудың негізгі жолдары белгіленеді. Кейбір ата-аналар отбасылық тәрбие жайлы есеп береді. Жиналыстарда сынып жетекшілері ата-аналарды сынып ұжымының оқу-тәрбие жоспарымен, ал мектеп басшылары оқушылар және ата-аналар комитетінің іс-жоспарымен таныстырады. Мектеп өмірінде тақырыптық ата-аналар жиналыстарын өткізіп отырудың зор тәрбиелік мәні бар. Мұндай жиналыстардың мақсаты – ата-аналарды психологиялық-педагогикалық білім мен тәжірибе жаңалықтарымен таныстыру, ой қорыту. Селолық жерлерде ата-аналардың жұмыс жағдайын, жер шалғайлығын ескеріп, жиналысты сол жерге барып өткізуге де болады. Ол үшін, мектеп ұжымы алыстағы мал шаруашылығы отарында қызмет істейтін оқушылардың ата-аналарымен өткізілетін жиналыстарды жыл басында жоспарға енгізеді. Жоспар бойынша сынып жетекшілері, мұғалімдер оқу-тәрбие мәселелері жайлы, педагогикалық тақырыптарға, халықаралық жағдай туралы дәрістер оқиды, әңгімелер өткізеді. Мұндай жиналыстар ата-аналармен кең пікір алысу дәрежесінде өткізілуі тиіс. Мұғалімдердің басшылығымен оқушылар – көркем-өнерпаздар үйірмесінің мүшелері ата-аналар алдында өнер көрсетеді. [40]
Ата-аналар жұртшылығының тұрақты органы – ата-аналар комитеті. Ол мектеп ұжымымен бірге жұртшылықтың көмегін пайдалана отырып, оқу-тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудың шараларын жасайды, оларды іске асырудың барлық мүмкіншіліктерін қарастырады. Ата-аналар комитеті айналысатын басты мәселелер: мектеп және сыныптар бойынша ата-аналар жиналыстарын, конференцияларын, семинарларын өткізуге көмектесу; университетке ата-аналарды тарту, қатысуларын бақылау; үлгермейтін және «қиын» балаларды шефке алу, сынып жетекшілеріне көмектесу, үйірме жұмыстарын басқару; балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру; экскурсияларды, жорықтарды, ұйымдастыруға қатысу; мектеп үйін жөндеу т.б. Ата-аналар комитеті мүшелерінен және ата-аналар белсенділерінен тұрақты комиссиялар құрылып, олар мектеп жұмысының кейбір түрлерін педагогикалық ұжым мүшелерімен одақтасып бірге басқарады. Мысалы, оларға оқу-тәрбие жұмысы, педагогикалық насихат, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбек, мәдени көпшілік жұмысы т.б. жатады.
Белсенділер мектептің барлық жұмысына қатысады, ата-аналармен қарым-қатынас жасайды, пікір алысады, оларға көмек көрсетеді, ата-аналар конференциясын және жиналыстарын, оқушылардың үйірме жұмыстарын өткізуге көмектеседі, еңбек тәрбиесін, қоғамдық пайдалы жұмысты және өнімді еңбекті ұйымдастыруда өз үлесін қосады. Мектеп үйін, спорт алаңын жөндеу жұмысына қатысады. Жеке отбасымен жұмыс істейді, бала тәрбиесіне салқын және жауапсыз қарайтын ата-аналарға ықпал жасайды, кейбір, әсіресе қиын балаларды шефке алады, оларға қажетті көмек көрсетеді. Ата-аналар белсенділері мұғалімдер ұжымының үлкен тірегі. Сондықтан, мектеп басшылары, ата-аналар белсенділерімен арнайы жұмыстар жүргізеді.Олар үшін семинарлар, коллоквиумдер ұйымдастырып, тәрбие үрдісі мен ұстанымдары, әдістері мен тәсілдері, баланың жасына қарай дене және психикалық даму ерекшеліктері жайлы теориялық және практикалық біліммен белсенділер мүшелерін қаруландырады. [41]
Педагогикалық және психологиялық тақырыптарға сай ата-аналарға түрлі әңгімелер және дәрістер өткізіледі. Олардың мазмұны ата-аналардың білім дәрежесіне, тілектері мен мүдделеріне сай болуы тиіс. Әсіресе, мектеп жайлы газет және журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелер мен дәрістерде үлкен мән беріліп, оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі ата-аналар арасында дұрыс насихатталуы керек. Әңгімелер мен дәрістердің мазмұны балалардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай баяндалуы қажет. Жоғары сынып оқушыларымен өткізілетін тәрбие жұмысы мазмұнының өзіндік ерекшеліктері бар. Оқушылар ғылым негіздерін игереді, адамгершілік, еңбек тәжірибесінің барысында, олардың көзқарастары қалыптасады, қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке тікелей қатысады, өзінің сүйген мамандығын таңдау үшін мамандардан тұжырымды кеңестер алады. Демек, өмірге, еңбекке өзін-өзі даярлауға бет бұрады. Тәрбие жұмыстарының осындай басты мәселелерін еске алып, мектеп мұғалімдері, ауыл шаруашылық мамандары, инженерлер, дәрігерлер, заң қызметкерлері балалардың ата-аналарымен әңгімелер өткізеді, дәрістер оқиды. Ата-аналар үшін мұндай ағартушылық жұмыс алдын ала белгіленген бағдарлама бойынша, негізінде әрбір ата-аналар жиналысының бастапқы бөлімінде белгілі бір мамандарды немесе озық тәжірибелі мұғалімдерді шақыру барысында жүргізіледі. [42]
Әдетте конференцияны мектеп басшыларының біреуі немесе ата-аналар комитетінің төрағасы я болмаса озат мұғалім ашады. Содан кейін баяндамалар талқыланып кең түрде пікір алысу болады. Конференция өз жұмысын қысқа әдістемелік кепілдеме қабылдаумен аяқтайды. Конференция кезінде көрме ұйымдастырылып, отбасылық тәрбие тақырыптарына түрлі экспонаттарды көрсетуге болады. Олар ата-аналардың үлгі істері, отбасылық тәрбие жайлы педагогикалық әдебиеттер, олардың тізімі, оқушылырдың отбасындағы күн режімі, отбасы тәрбиесі туралы жасалған баяндамалардың мәтіні, теле және кинофильмдердің тізімі т.б. Конференция соңында бала тәрбиесіне байланысты фильм көрсету т.б. [43]
Бұлар мектептердің, балалар бақшаларының, мәдени сарайлары мен үйлерінің жанынан ұйымдастырылады. Лекторий жұмысы бір немесе екі жылға жоспарланып, онда арнаулы бағдарлама бойынша ата-аналар үшін дәрістер оқылады. Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттары мен облыстық педагогикалық білім қоғамы лекторийлердің бағдарламасын жасап, өздерінің біріккен кеңесінің мәжілісінде бекітеді. Мысалы, мынадай тақырыптарды ұсынуға болады:
Date: 2015-07-22; view: 1895; Нарушение авторских прав |