Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Азақ поэзиясын сатылай кешенді талдау





1. Авторы: Мұқағали Мақатаев. Шығарма атауы: «Аққулар ұйықтағанда». Автор – (лат. аutor– жаратушы, негізін қалаушы). Қазіргі өнертануда, әдебиеттануда қалыптасқан түсінік бойынша автор– өнер туындысын жасаушы, қаламгер, өз шығармасы арқылы өзінің дара көркемдік танымын әйгілейтін шығармашылық тұлға /, 29/ Доскенов Ғ. Әд.т.рм.сөзд.

2. Тақырыбы: ана махаббаты мен аққу құсына қатысты халықтық наным-сенім, әдемілік пен өзімшілдік. Тақырып – әдеби шығармада сөз болатын басты мәселе, шығарма мазмұнының негізгі арқауы, айтылатын жай-жағдайлардың бағыт-бағдары /, 315/. Ахметов З.Кітапта:әдебиеттану терминдер сөздігі А. Ана тілі, 1998

3. Жанр түрі – поэма. Поэма – оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, кейде жыр-толғау түрінде келетін көлемді шығарма /, 274/ күмісбаев Ө.әд.тер.сөзд

4. Идеясы: киеліні қастерлеу.

5. Шумақ. Алты-сегіз шумақты. Шумақ – өлең-жырларда, дастан-поэмаларда өлең тармақтарының (жолдарының) белгілі ретпен топтасуы. /, 368Ахматов З/

6. Тармақ – қазақ поэзиясында өлең ырғағының негізгі бөлшегі, буын саны тұрақты келетін өлең жолы. Ең жиі қолданылатын тармақтар жеті буынды, жеті-сегіз буынды, он бір буынды.

7. Бунақ. Үш бунақты. Бунақ – қазақ поэзиясында өлең жолының, яғни тармағының ырғақтық жағынан жекеленген бір бөлшегін құрайтын буындар тобы /, 110/ ахм.З. Мысалы:

Өзен де жоқ // сыймаған// aрнасына//,

Жылға да жоқ// даламен //жалғасуға//.

8. Буын. Он бір буынды. Буын саны сөздің құрамындағы дауысты дыбыстардың санына байланысты болады.

9. Ұйқас. Қара өлең ұйқасы. Ұйқас – өлең-жырларда тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтағы сәйкес буындармен үйлесуі. Ең көп кездесетін ұйқастар: қара өлең ұйқасы (ааба); егіз ұйқас (аабб); шалыс ұйқас немесе кезекті ұйқас (абаб); қаусырмалы немесе орама ұйқас (абба) – орыс поэзиясында жиі кездесетін, қазақ поэзиясында сирек кездесетін ұйқас түрі. Мысалы: төмендегі үзінді, яғни М. Мақатаевтың аталған поэмасы қазақтың 11 буынды қара өлең ұйқасымен жазылған.

Канша ғасыр өтті екен, қанша заман? - а

Қанша ұрпак кетті екен, қаншама адам? -а

Қанша шырша есті екен, құлады екен, -б

«Жетім көлге» қараудан шаршамаған? -а

10. Әдеби-теориялық ұғымдар. Троп және оның түрлеріне талдау жасау. Мысалы:

Канша ғасыр өтті екен, қанша заман?

Қанша ұрпак кетті екен, қаншама адам?

Қанша шырша есті екен, құлады екен,

«Жетім көлге» қараудан шаршамаған?

«Жетім көлден» су ішкен қанша марал,

Қанша киік қалды екен сай-салада?

Қанатынан үзіліп ән-самала,

Қаншама аққу кетті екен — ансаған ән?. Бұл – риторикалық сұрау. Риторикалық сұрау – ойды, сезімді әсерлі беру үшін жауабы өзінен өзі-ақ айқын нәрсені әсерлі леппен, сұрау түрінде айту /, 285/.

Кез-келген поэзиялық шығарманы осы үлгіге салып талдау – оқушының әдеби шығарманы жетік түйсінуіне, сонымен қатар өз бетінше шығарма табиғатын талдай білуіне көмектеседі деген ойдамыз.

Технология авторы Н. Оразахынова «Сатылай кешенді талдау – ұлттық құндылығымызды бағалай білуге, оның білім көкжиегінде кең таралуына ықпал етіп күнделікті өмірде қолдану аясын жақсартуға бағыттайтын оқыту», - дейді.

 

 

Date: 2015-07-10; view: 3027; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию