Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Топтардың жұмыс ережелерін («келісімдерін») қабылдауы





Тренинг-сабағының басынан бастап қатысушылар өз оқуының жауапкершілігін сезінуі, тиісті жұмыс атмосферасын құруы, өзара сыйластық пен сенімге кіруі, сондай-ақ материалды меңгеру тиімділігін арттыруы үшін сабаққа мінез-құлық ережесін – тренинг немесе «келісім» қабылдау ұсынылады.

«Келісім» пункттерін парақ қағазға немесе тақтаға жазу қажет. Әрбір пунктті бірігіп талқылағаннан кейін, көпшілік дауыспен қабылданады және көрнекті орынға ілінеді. Тренинигке қатысушылардың назарын дауыс берілгеннен кейін олардың әрқайсысы аталған «келісімнің» орындалуы үшін жауап беретіндігіне аудару қажет.

Келісімнің» үлгісі

* кешікпейміз;

* білуге және көбірек есте сақтауға тырысамыз;

* «қол көтеру» ережесін қадағалаймыз;

* ашық айтамыз;

* бір-бірлеп сөйлейміз;

* мәселенің мәні бойынша сөйлейміз;

* бір-бірімізді тыңдаймыз;

* бір-бірімізді ұғынуға тырысамыз;

* өзгелердің сезімін сыйлаймыз;

* құпиялылықты қадағалаймыз;

* уақытша шекараны қадағалаймыз;

* бір-бірімізге сый көрсетеміз (сөзбен, шапалақпен) және т.б.

 

В.А.Сухомлинский, кім өзінің оқытушы екенін ұмытса, сол жақсы оқытушы деген. Оқытушыға тәлімгерлік үнді тастап, негізгі ынталануын көрсетсе, өзінің «жоғарыда» тұрғанын ұмытып, «қасында тұрса», оқушылар ретінде үн шығарып, қарым-қатынас жасаудың шынайы қызығушылығын танытса, сол жақсы ұстаз.

 

«Өз позицияңды ұстан» әдісінде қандай да бір көзқарас, ұйғарым оқылады, содан кейін оқушылар «ия» немесе «жоқ» деген аймаққа бөлінген тақтаға (плакатқа) барады. Мүмкіндігінше олар өз позицияларын түсіндірулері керек. Мұғалім мен оқушының интерактиктік шығармашлығы шектелдейді. Оны қойылған мақсатқа дұрыс бағыттай білудің маңызы зор.

Көзі тірі ақындармен кездесулер ұйымдастыру немесе ақынның ұрпақтарымен, зерттеушілерімен, шәкірттерімен кездесулерді студенттердің өздеріне ұйымдастырту, соған ұйытқы болу.

Шығармашылық тұлға қалыптастыру. Ұстаздық тәжірибемізде байқалғандай, шәкірттердің ойын, танымдық көкжиегін дамытып, тілін ұстартып, сауатты жазуға дағдыландыратын сабақтың бір түрі – ойтолғау жаздырту. Шағын ойтолғаулар қатарына «Хат жаздым, қалам алып», «Өзіңе ғана арнадым», «Мен кіммін осы?», «Құлдыраған бауырым, өзіме ғана жүгірген», «Бәрі де, ана, бір өзіңнен басталды», «Замандастарымның рухани келбеті», «Дат, тақсыр!», «Мен не деймін, домбырам не дейді?», «Балалық шаққа саяхат» сияқты тақырыптарды жатқызуға болады. Аталған ойтолғаулар жеке сабақта жазылуы шарт емес, өтілген тақырыпқа байланысты, сабақтың идеясын түйіндеу мақсатында кейде ауызша да беруге болады.

Кей сәттерде «Арнаймын сізге сөзімді» деген тақырыпта оқушының өз пікірлері, толғандырып жүрген проблемалеры, айта алмай жүрген қиын сырлары болса, ол мұғалімге жазбаша табысталады, ол ой толғау ешкімге жария етілмей, құпия түрде сақталады.

Оқушылар әртүрлі жанрдағы шығарма жазуға дағдылануы қажет. Мұндай ұсақ жанрдағы шығармаға: қолжазба-күнделік, репортаж, интервью, рецензия, газет-журналға мақала беру, эссе, т.б. жатады. Оқушылар күрделі шығарма жазудан бұрын осы сатылардан өтіп алғаны жөн.

Әсіресе, шығарма жазуға алдын-ала ойтүрткі (мотивация) жасай білу көп жағдайда оқушы толғанысына себепші болады. Ол үшін шығармашылық ситуациялар тудыра білу керек. Оқушылардың ой дербестігін дамыту үшін «Тақырып, мен өзіңді таңдаймын» деген атпен шығарма жұмысын беруге болады. Кейде қарапайым нәрседен ой қозғау да шығарма жазудың арқауына айналып кетеді. Ой қозғауға арналған материалдарға: қарама-қарсы пікір айту, қиялға еру, ішкі түйсікке ерік беру, оны өзге заттармен салыстыру, іштегі пікірді түрлі әдіспен бейнелеу, көзге елестету, ол туралы өзіндік пікір қозғау, қорытынды айту, өз шешімін білдіруі.

 

Оқушыларды шығарма жазуға жүйелі түрде үйретудің тағы бір тәсілі – сурет арқылы қиялда ой туғызу. Сурет арқылы қиялда ой туғызу жұмысына мысал келтірейік. «Тағы да екілік» суреті (Ф.П. Решетникова) арқылы кінәлі болып тұрған баланың ішік монологын беру кезінде оқушылар қиялынан тала дүниелер туған еді. Соның бірі «Д» шығармасы. «Басым салбырап, тағы да әке-шешемнің алдында кінәлі болып қалдым. «2» алам деп ойламаған едім, қалай алғанымды байқамай қалдым. Мені нашар бағаны әдейі алады деп ойлайсыздар ма? Маған оны С. Апай әдейі қойды. Жеңілтек мінезім ғой баяғы, ананы түрттім, мынаны түрттім, сөйтіп отырып көзге түстім. Басқаларға керемет таң қалам; сабақта қалай тыныш отырады? Әке, мені бір рет кешіріңізші, енді қайталамаймын деп, уәде беремін. Осыны айтайын деп, аузымды аша беріп, өткенде де осылай айтқаным есіме түсіп, аузымды жаба қойдым...».Бұл жерде суретке тіл бітіріп тұрған оқушының ішкі монологы.

 

Date: 2015-07-10; view: 1809; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию