Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сөзжұмбақ





Тақтаға келесідей сөздер жазылады: «Бірлік, бекінген, күш, төрткүл, әбестік, қалтырау, жетіген, қонақ, келу, жүзім, жымыңдаған

Сұрақ: Бұл сөздерді қандай жәйт біріктіреді?

Жауабы: Келтірілген сөздердің барлығында сан есімдер жасырылған: «Бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, он, елу, жүз, мың».

«Өзіңе тілегенді – басқаларға тіле!» әр оқушыға 10-15 секунд уақыт аралығында ішінен өзіне бір немесе бірнеше ізгі тідек тілеу тапсырылады. Содан кейін қатысушылар жұпқа бөлініп, бір-бірінің қолынан алып, жаңағы өзіне тілегенді жұптасына айту керек. Мұғалімнің де бұл іске қатынасқаны дұрыс.

Сөздерден әңгіме құрастыру. Оқушылардың әрқайсысына қандай да болмасын бір-бір сөз ойлауды тапсырып, бірнеше секундтан кейін ол сөздерді (жалпы саны 15-20 сөздей) тақтаға жазып, оқушыларға осы сөздерді қолданып, өз өмірлерін суреттейтін әңгіме құрастыруды ұсыну керек. Әңгімеде оқушылар мен мұғалімнің есімдері міндетті түрде аталуы керек /әлімов А, 124/.

Яғни, интербелсенді оқуда білім алушылар келесідей білім, білік, дағды, құзырлық, машықтарға үйренеді:

- терең ойлануға;

- ақпаратты өздігімен түсініп, оны таразылап, екшеп, оның ішінен керектісін таңдап алуға;

- ақпаратты жан-жақты талдауға;

- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыруға;

- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеуге;

- басқа да балама пікірлерді ескеруге;

- шешім қабылдауға және қиын мәселелерді шешуге;

- жауапкершілікке (өз біліміне, өміріне);

- басқалармен тиімді қарым-қатынас құруға.

Инновациялық технологиялар төмендегідей жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асырылады:

- бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның),

- жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары,

- ситуативтік және рөлдік ойындар,

- ақпараттың әртүрлі көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, Интернет, құжаттар, мұражай, басқа адамдар: мамандар, т.б.),

- шығармашылық жұмыстар, т.б.

Өз кезегінде бірлескен жұмыс әдістері өзін-өзі мен басқа адамдарды танудың құралы болып табылады, олар дүниетаным қалыптастырып, тұлғаның өзіндік дамуы мен басқалардың іс-әрекеттері мен олардың себептерін түсінуге ықпал жасайды.

Date: 2015-07-10; view: 2575; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию