Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырып: «Бүйректердегі тасымалдау үрдістеріне әсер ететін дәрілік препараттар⇐ ПредыдущаяСтр 11 из 11
Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі синдромының фармакотерапиясы»
Құрастырушы: Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының доценті, м.ғ.к., __________________Сеилханов С.К.
Қазақ тіліне аударған: Жалпы және клиникалық фармакология кафедрасының оқытушысы__________________ Қожекенова Л. Ғ.
Семей – 2009 ж. 1.ТАҚЫРЫП: «Бүйректердегі тасымалдау үрдістеріне әсер ететін дәрілік препараттар. Созылмалы бүйрек жетіспеушілігі синдромының фармакотерапиясы» 2.МАҚСАТЫ: Үйрету: · тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың әртүрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу · тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың дәрілік формасын және қолдану әдісін таңда · оқытылатын препараттардың әсерін олардың әсер ету механизмі мен локализациясы, фармакологиялық қасиеттердің жиынтығы негізінде сараптау. · оқытылатын дәрілік заттарды организмнің мүшелері мен жүйелерінің қызметін белгілі бір бағытта өзгерту үшін таңдау · сырқаттар мен синдромдарды білу, науқастың жеке ерекшеліктерін есепке алу, дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық сипаттамаларын білу негізінде препараттарды таңдау · патологиялық синдромға сәйкес оқылатын препараттарды тиімді қолданудың қағидалары және ережелерімен (мөлшерлеу реті) таныстыру 3. ОҚЫТУДЫҢ МІНДЕТТЕРІ: Студент білуі тиіс: · оқытылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары · оқытылатын дәрілік заттардың жіктелуі · оқытылатын дәрілік заттардың әсер ету механизмдері · оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз және жанама әсерлері, олардың алдын алу және пайда болғанда жою Студент істей алуы тиіс: · оқытылатын дәрілік заттардың әр түрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу: (бүйректік артериялық гипертензияда қолданылатын – фуросемид, дихлотиазид, спиронолактон, эуфиллин, жалпы және жергілікті ісіну синдромдарында – маннитол, фуросемид, этакрин қышқылы, дихлотиазид, триамтерен, диакарб). · дәрілік заттарды тиімді таңдау мен дұрыс мөлшерлеу · оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу · оқытылатын препараттардың енгізілу жолдарын таңдау · оқытылатын препараттардың жағымсыз әсерлерін түзету қағидаларын білу және олрды улануларлы емдеуде қолдана білу · жеке препараттардың жағымды әсерлерін күшейту не жағымсыз жақтарын жою үшін дәрілерді тиімді үйлестіру · ғылыми әдебиетті пайдалану және фармакологияның аталған бөлімі бойынша өз бетімен білім алу дағдыларын меңгеру · алынған білімді келешек кәсіби қызметте пайдалану
4. ТАҚЫРЫПТЫҢ НЕГІЗГІ СҰРАҚТАРЫ: 1.Зәр айдайтын заттардың жіктелуі. Бүйрек түтікшелерінің эпителийінің қызметіне әсер ететін зәр айдайтын заттардың әсер ету механизмі. 2.Әсерінің жылдамдығы мен ұзақтығы, белсенділігі, иондардың бөлінуі мен қышқыл-сілті тепе-теңдігіне әсері бойынша препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. 3.Иондар мен судың реабсорбциясын тежеу механизмдері және осымен байланысты әр түрлі диуретиктердің жанама әсерлері. 4.Альдостеронның антагонисттері, иондық балансқа әсері. Осмостық диуретиктердің әсер ету қағидасы. Карбоангидраза ингибиторы (диакарб).
5.Зәр айдайтын заттардың қолданылуы. Жанама әсерлері. Препараттарды үйлестіру қағидалары.
5.САБАҚ БЕРУ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ: · зәр шығару жүйесінің зақымдануының кең тараған синдромдарын емдеуде қолданылатын препараттарға рецептер жазу · зәр шығару жүйесінің зақымдануы синдромдарын тиімді емдеу жолын таңдау бойынша жағдайлық есептерді шешу · дискуссия ־ ауызша талдау · тест тапсырмаларын орындау · кіші топтарда жұмыс істеу · РЛЗФ Д.А. Харкевич 2005 ж. бойынша тапсырмаларды орындау · Фармакотерапиялық алгоритмдерді құру: Date: 2015-07-01; view: 687; Нарушение авторских прав |